Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Толерантты

.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
58.2 Кб
Скачать

Толеранттық — қазақтың қанында бар қасиет

Толеранттылық – Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын сипаттайтын төрт тағанның бiрi. Елбасы осынау ұғым туралы былай деген-дi: «Бiз кейiнгi онжылдықтардағы толеранттылық жөнiндегi саясатты iлгерiлете отырып, ортақ құжат қабылдауымыз қажет деп есептеймiн. Мен оны әзiрше «ЕҚЫҰ: жаңа онжылдықтағы толеранттылыққа бастау» атар едiм. Бiз бұл мәселенi таяуда өтетiн ЕҚЫҰ саммитiнiң күн тәртiбiне енгiзудi жоспарлап отырмыз». 

Толеранттық - [ лат. tolerencia - төзімділік] - айырмашылықтарды мойындау, сыйлау; өзінен өзге сенімдегі, көзқарастағы, мінез-құлықтағы басқаның құқын мойындау арқылы қақтығыстардың шешімін табу мүмкіндігін іздестіруге апаратын адамның күнделікті тұрмыста басшылыққа алып отыратын өнегелік жүріс-тұрыс ережесі. Көбіне толеранттық ретінде өзгелердің кемшілігіне кешіріммен қарау, төзе білу, басқаны қабылдай білу түсініледі. Толеранттық жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың басқа адамдармен немесе әлеуметтік топтармен қарым-қатынасынан көрініс табатын психологиялық немесе әлеуметтік- психологиялық мінез-құлқы ретінде; қазіргі қоғамның аса маңызды құндылықтарының бірі ретінде; тәуелсіздікке, дербестікке, идеяларды зорлықпен таңуға жол бермеу ретінде; адам еркіндігін шынжырлайтын діни, этникалық, нәсілдік нанымдарды жоққа шығарушы ретінде қарастырылады. Басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық көрсету. 1995 ж. ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы бекіткен толеранттықтың принциптер Декларациясында толеранттылық былай қарастырылады: 1) әлемнің бай мәдениеттерін, өзін-өзі көрсетуін, жеке адамның қасиеттерінің көрініс табуын дұрыс түсініп, қабылдап, құрметтеу; 2) наным-сенімдерден, ақиқатты шексіздендіруден бас тарту және халықаралық құқықтық актілерде бекітілген адам құқы саласындағы ережелерді бекіту. Қазақ түсінігіндегі "қонақжайлық" ұғымы осы толеранттық ұғымымен мағыналас келеді.

«Толеранттық» деген атауы халықаралық термин сөз болғанымен, мазмұн-мағынасы қазақтың төл сөзі — кәдімгі төзімділік дегеннің баламасы. Ол қарапайым тұрмыста көршінің көршіге деген төзімділігінен бастап, кең ауқымда мәдениеттер арасындағы, діни конфессиялар арасындағы, ұлттар, ұлыстар, тілдер арасындағы өзара төзімділікті, ымыраласуды білдіреді.

Ең бастысы — ұлттық мүдде

Қазақтың төзімділігінде шек жоқ екенін ешкім жоққа шығара алмас. Етінен ет кесіп жатса да, бір былқ етпейтін қанға сіңді қасиетіміз бар. Осы төзімділіктің жағымды жақтары көп, бірақ, кесірі тиетін кездер де аз емес. Әсіресе, ұлттық мүддені қорғауға келгенде құлықсызбыз. Ел болған соң, өзіңді де сыйлата білуің, өзіңнің де сыйлай білуің маңызды. Өкінішке орай, біздің елдік мұраттарды ұлықтау жолында өрлігімізден ынжықтығымыз басым. Көршінің көңіліне келіп қалар деп үйдей пәледен үндемей құтылғымыз келеді. Өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамда ана тілінің шетқақпай болуы, ұлттық менталитетіміздің жат әдет-қылықтармен арамдануы, ағайын арасында елде жоқ мінездің шығуы, тек деген қасиеттің тәрк етілуі, түрлі діни ағымдар мен кесапатты оқулардың көбеюі — сөз жоқ шамадан тыс кеңқолтық дарақы мінездің кесірі. Сіз қалаңыз-қаламаңыз, біз бүгінде бір-біріне үстемдік жасағысы келетін мәдениеттер, ақпараттар, идеологиялар қақтығысы заманында, бір-біріне тосырқап қарайтын әлеуметтік-мәдени ортада өмір сүріп жатырмыз. Ал, мұндай жағдайда ұлттық, мемлекеттік мұраттарды қорғай алмау түбі құрдымға апаратынын неге жасыруға тиіспіз?..

Батысқа басымызды бұрмай-ақ…

Толеранттықтың екінші атауы — демократия. Біз демократия дегенде Батысқа қарап, басқаға қарап емінеміз. Бірақ, осы демократияның туған топырағы, атамекен жұрты — Қазақстан десем, келісер ме едіңіздер? Оның озық үлгісі далалық сипатында десем, қалай қарайсыздар? Мәселен, демократияның басты мақсаты — халықтың өзін-өзі басқару принципінде. Дәстүрлі қазақ қоғамында, билер институты кезінде осы жүйе мүлтіксіз жұмыс істеп тұрды. Елді басқарудың мұндай жетік үлгісі басқа халықтарда болған жоқ. Өйткені, биді хан да, сұлтан да, басқа да тағайындамайтын, әділдігімен қара қылды қақ жарған, көсемдігімен-шешендігімен аты шыққан, сөйтіп, халықтың көңіліне жаққан адам би атанатын, дұрысында, бірте-бірте дараланып барып би болып танылатын. Би болатын адам көп жылғы сүзгіден, сыннан өтіп барып қана мойындалатын. Ал, билік айтудың мұраты айыптасушы екі жақтың да сот төрелігін мойындап тарқасуында жатыр. Патшалық Ресейдің басқару жылдарында далалық демократияның осы үлгісі жойылды. Бірақ, қазақтың қанында ата-бабадан қалған жөн сөзге тоқтау, әділдіктен аттамау, обал-сауап деген ұғымдар жойылған жоқ.

Әлбетте, демократияның да өз жөні бар. Оны көрінген жерге бүктемей тыға беруге болмайды. Әсіресе, алпауыт елдер мемлекеттік мүдде жүрген жерде демократияны екінші кезекке ысырып тастайтынына көз куә. Әйтпесе, АҚШ-тың Ауғанстан мен Ирактағы, Ресейдің Қапқаздағы басқыншылық саясатын демократияның қай түріне жатқызуға болады? Көрдіңіз бе, толеранттық пен демократияны айтқанда да көрпеге қарай көсілу керек.

Скинхедтердің сойылын соғып…

Біздегі толеранттылықты әлемдегі, ТМД елдеріндегі саяси жағдаймен салыстырып көрсек, көп нәрсеге көз жеткізе түсеміз. Құдайға шүкір, Қазақстан көршілерге қарағанда қай жағынан алсаң да көш ілгері. Діни, ұлттық, мәдени, т.б. сипатына қарап біреуді біреу кемсіту деген бізде жоқ. Әрине, тұрмыстық деңгейдегі түрлі дүрдараздықтар орын алып жатады, бірақ, кеңқолтық қазақ соның бәріне төзіммен қарап, кеңшілік жасап келеді. Жалпы, қазақтың қанында өзге бір ұлттарды кемсітушілік деген кесірлік мінез жоқ. Ал, кеше ғана бір Одақтың құрамында болған жақын көршілеріміз туралы да осыны айта аламыз ба? Әсіресе, мына терістіктегі орыс көршіні қараңыз: Ресей федеративтік мемлекет бола тұра, барлық автономиялық республикаларға өктемдік саясатын жүргізіп отыр. Олардағы ұлттық сипатты толықтай жойып, орыстандыру саясатына біржолата ашық кіріскен. Ресейде бір ғана президент бар, ол — Медведев деп өзеуреуі де содан. Ресейде үлкен саясаттан басқа күнделікті өмірде кездесетін тұрмыстық деңгейдегі төзбеушілік, кемсітушілік әрекеттері қаншама? Ал, Кремльде ашық-жасырын қолдаушылары отырған скинхедтер қозғалысының озбырлығы тіпті керемет.

Мұндай ұйымдар жер-жердің бәрінде құрылып, оларға қаржылық, ұйымдастырушылық, әдістемелік көмек көрсетіп отырған, идеологиялық тұрғыдан бағыттап отырған әлеуетті топтар үкіметінде де, Думасында да, жергілікті атқарушы органдарда да аз емес. Мәселен, Ресейде қапқаздықтарды «Қапқаз ұлтының өкілі», азиялықтарды «оңтүстіктік» деп мазақтайды. Бұл кемсітушіліктің «мәдениетті» түрі, одан сорақылары да бар. Кем-сітушілік тіпті кино мен өнер саласына дендеп еніп кеткен. Кейінгі орыс киноларын көріп отырсаңыз «қаракө..ен» деген теңеуді жиі кездестіресіз. Мұндай сөзді лауазымды тұлға да, қатардағы зауыт жұмысшысы да, тіпті, көшеде арақ ішіп құлап жатқан мас орыс та емін-еркін айта береді. Тұрғылықты халықтың оған еті үйреніп алғаны соншалық, мұнысын біреуді кемсітіп жатырмын деп есепке де алмайтын сияқты. Ресми деректерге қарағанда, орыс халқының 60 пайызы скинхедтер қозғалысын жақтайтын көрінеді. Кей өңірлерде оларды тіпті ұлттық батырлар қатарына қосып қоюшылар да табылады. Ал, енді посткеңестік мемлекеттердің көпшілігінде орыс шовинизіміне деген қарсылықты реакция басым. Мұны да жасырып қалуға болмас.

Қазақстандық феномен

Міне, осындай алақұйын ортада орналасқан Қазақстанда 140-қа тарта ұлыс тату-тәтті тұрмыс құрып, айрандай ұйып отыр. Осы жарастық халықаралық деңгейде «қазақстандық феномен» деген жаңа терминді туғызды. Әрине, бұл — сөз жоқ, Елбасының кемеңгер саясаты мен халқымыздың кеңпейіл мінезінің арқасында қол жеткізіп отырған бақыт. Н.Назарбаевтың: «Толеранттық — ұран емес, ол біздің өмір салтымыз!» деуінің өзі толеранттық біз үшін саммит алдында бөтен елдерге көз қылып арзан ұпай жинау емес, қазақтың қанына сіңіп кеткен өмір дағдысы екенін айғақтап тұр. Оған осы Тәуелсіздік 19 жылында өзге ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүрген уақыт куә. Бұдан артық дәлелдің де керегі жоқ.

Ал, енді толеранттық мәселесін өзгеше қырдан қарастырған «Нұр» мешітінің имамы Серік Құрманов мырзаның сөзі тыңдаушыларына ой салса керек. Дін өкілі «толеранттықтың да толеранттығы бар, бізге батыстық үлгінің бәрін зерделеусіз қабылдай бермеуге болмайды» деді. Толеранттық деп түрлі діни секталарға есігімізді айқара ашып жібердік, қазір соның зардаптарын көріп жатырмыз. Оларға мемлекеттік қатаң тыйым қойылмаса, көрер көрешегіміз әлі алда. Мәселен, Голландияда заң бойынша бір жынысты некеге рұқсат етілген. Еркек пен еркек, әйел мен әйел үйлене береді. Ал, дәріханаларынан кез-келген адам наша сатып алып, еркін шегіп тұрады. Батыста мұны демократияның озық үлгісіне балайды. Сонда біз демократия екен деп, елімізде қазаққа жат мұндай әрекеттердің таралуына да төзімділік көрсетуіміз керек пе? Имамның жан-жүрегінен шыққан осы жанайқайынан әр нәрсенің де ұлттық қасиет, елдік мүдде тұрғысынан қаралуы керек екенін ұқтық.

ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ — САН АЛУАН ТҰРҒЫДАҒЫ БОСТАНДЫҚ

 Осыған орай  толеранттылық және Қазақстандағы достық пен өзара сенім қатынастары туралы мақаланы назарға ұсынып отырмыз. Көктемнің осынау шуақты күндері православиелік хрис тиан дар Пасха мерекесін тойлап жатқан шақта бүгінгі дүниені текетіреске түсірген қақтығыстардың себептерін қай кездегіге қарағанда да те реңірек түсінуге ұмтылатының бар. Ал енді осындай қақты ғыс тарға ұрынбау мүмкін бе? Келіспеушілікті еңсеру жолын қалай және қайдан іздеу керек? Бұл сұрақтар түрлі қоғамдық қатынастарға тартылған адам дарға, біздің дүние бүгін және ертең қандай болатыны тікелей байланысты адамдарға арнал ған­дықтан да айрықша маңызды болып отыр.

Бұл сұрақтарға жауап іздеу барысында Қазақстан халқы ның тарихи тәжірибесіне, сандаған ғасырлар бойы бейбіт қатар өмір сүру тәжірибесіне қайы рылудан артық ақылды ше шім бола қоймас. Осынау ықы ластылық мысалдарына бай тәжірибе көп ретте қазақ хал қының тамаша қасиеттері – басқа ұлт, наным мен мәдениет адамдарына деген құрметтің арқасында мүмкін болды. Әсіресе ХХ ғасыр қазақтардың тамаша рухани және жоғары адамгершілік қасиеттерін айқын танытты. Өздері қандай қиын жағдайда болса да өзде рінің атамекенінде тарихтың қатал қолымен қуғынға түскен көптеген ұлт өкілдерін лайық ты қарсы алып, оларға ұлттық төлтумалығын, тілін, дәстүрін, мәдениеті мен дінін сақтауға мүмкіндік туғызды. Өз кезегін де осындай жақсылыққа сай Қазақстанда өзінің екінші отанын тапқан басқа ұлт өкілдері қазақтар ұсынған мәртебелі рухани заңды бір шаңырақ астында өмір сүрудің өзекті заңы ретінде қабылдады.

Осы айтылғандардың бәрі бүгінде біз Қазақстан халқы деп атайтын тұтас халықтың жанды тәжірибесі болып табы лады. Ал саясаттану ғылымы ның қасаң тілі оны толерант тылық деп атайды. ЮНЕСКО-ға мүше 185 мемлекет 1995 жылғы 16 қарашада Парижде қол қойған Толеранттылық қағидаттарының деклара циясында оған мынандай анық тама берілген: “біздің әлем мәдениеттерінің бай сан алуандылығын, біздің өзін-өзі таныту формалары мен адам дық дербестік көріністері­нің әдістерін құрметтеу, қабыл дау және дұрыс түсіну. Оған білушілік, ашықтық, араласу және ой, ар-ождан мен сенім бостандығы жағдай жасайды. Толеранттылық – бұл сан алуан тұрғыдағы бостандық. Бұл моральдық парыз ғана емес, сонымен бірге саяси және құқықтық қажеттілік. Толеранттылық – бұл бейбіт шілікке қол жетуін мүмкін етіп, соғыс мәдениетін бейбіт шілік мәдениетімен алмас тыруға жәрдемдесетін жарыл қаушы”.

  Демек толеранттылықты мәдениеттерде, діндерде, ұлт тық тұрпаттарда көрінетін дүниенің сан алуандылығына деген сүйіспеншілік деп қабылдасақ болады. Алайда мұнда бір шектеудің бар екенін естен шығармаған жөн: бұл сан алуандылық адамзаттық орта ның жалпы мойындалған нор маларының шегінен шықпауы тиіс. Толеранттылық қағидат сыздық дегенді емес, мәмілеге келуді көздейді. Мұнда қайы­рымды Августиннің: “басты мәселеде – бірлік, даулы мәселеде – еркіндік, барлық мәселеде – сүйіспеншілік” деген сөздерін еске алу артық болмайды.

  Былай алып қарағанда, бәрі де қарапайым – өзің өмір сүр және басқалардың өмір сүруіне мүмкіндік бер. Өз өмір салтың болсын, нанымың болсын, өз дүниетанымыңды жекелей де көптің алдында да білдір, сонымен бірге басқалардың да дәл осыларға деген құқығын мойында, сонда бәрі де жақсы болады.

Алайда біздің осы тақы рыпқа қайта-қайта оралуымыз дың себебі не? Жауап түсінікті болар – толеранттылық дегені міз бір рет қол жеткеннен кейін мәңгілікке қалатын жағдай емес. Толеранттылық – үдеріс, қоғамның даму арнасы. Оның тамырлары тарихи және рухани тәжірибеде жатқаны мен, оны нақты жүзеге асыру біздің бәрімізге байланысты. Мұнда біздің еліміз үшін дәстүрлі болып табылатын діни қауымдастықтардың өкілдеріне айрықша жауапкершілік жүк тел ген. Сонымен бірге қоғам ның рухани келісімін жолға қою ісінде мемлекеттік билік тің рөлі зор. Өз азаматтарының құқықтары мен бостан дықта рының кепілі болып табылатын нақ осы билік “толерант тылық” терминімен сипаттала тын ахуалды туғыза алады.

  Толеранттылық диалог және пікірлер мен ұстанымдар дың сан алуандылығы арқылы ақиқатқа қарай жүруге қабілетті күшті де дана халықтың артық шылығы. Бақытымызға қарай, біз осындай құлшыныс пен ұм тылысты осы заманғы Қазақ станның саяси өмірінен кездес тіріп отырмыз. Мысал ретінде егемендіктің елең-алаңында Президент Н.Ә.Назарбаевтың жеке бастамасы бойынша белгіленген, жыл сайын атап өтілетін Рухани келісім күнін айтуға болады. Тағы бір мысал ретінде алғаш рет 2003 жылы Мемлекет басшысының баста масы бойынша өткізілген Әлем дік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін атап көр сеткен жөн. Съездің жұмысы жемісті болып, әлемдік ауқым да үлкен мәнге ие болғаны сондайлық, биылғы жылғы қыркүйекте ІІ съезд өткізуге әзірленіп жатырмыз.

 Бүгінгі дүниеде адамды алаңдататын сынақтар мен қатерлер аз емес. Сондықтан да адамдарды татуластыру жолын іздеу, адамдар арасындағы өзара түсіністікті іздеу, қайы рымдылыққа және жақыныңа көмектесуге шақыру өте маңызды деп білеміз.

Жоспары:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

  1. Толеранттылыққа жалпы шолу

  1. Ұлттық мүдде

  1. Толеранттылықтың қазақ халқында алатын орны

ІІІ.Қорытынды

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007

  1. Қазақ энциклопедиясы, 9 том

  1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет

  1. Ғаламтор көздерінен

Қорытынды:

Сонымен «Толеранттық» деген атауы халықаралық термин сөз болғанымен, мазмұн-мағынасы қазақтың төл сөзі — кәдімгі төзімділік дегеннің баламасы. Ол қарапайым тұрмыста көршінің көршіге деген төзімділігінен бастап, кең ауқымда мәдениеттер арасындағы, діни конфессиялар арасындағы, ұлттар, ұлыстар, тілдер арасындағы өзара төзімділікті, ымыраласуды білдіреді.

«Толеранттық — ұран емес, ол біздің өмір салтымыз!» деуінің өзі толеранттық біз үшін саммит алдында бөтен елдерге көз қылып арзан ұпай жинау емес, қазақтың қанына сіңіп кеткен өмір дағдысы екенін айғақтап тұр. Оған осы Тәуелсіздік 19 жылында өзге ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүрген уақыт куә. Бұдан артық дәлелдің де керегі жоқ.

Ал, енді толеранттық мәселесін өзгеше қырдан қарастырған «Нұр» мешітінің имамы Серік Құрманов мырзаның сөзі тыңдаушыларына ой салса керек. Дін өкілі «толеранттықтың да толеранттығы бар, бізге батыстық үлгінің бәрін зерделеусіз қабылдай бермеуге болмайды» деді. Толеранттық деп түрлі діни секталарға есігімізді айқара ашып жібердік, қазір соның зардаптарын көріп жатырмыз. Оларға мемлекеттік қатаң тыйым қойылмаса, көрер көрешегіміз әлі алда. Мәселен, Голландияда заң бойынша бір жынысты некеге рұқсат етілген. Еркек пен еркек, әйел мен әйел үйлене береді. Ал, дәріханаларынан кез-келген адам наша сатып алып, еркін шегіп тұрады. Батыста мұны демократияның озық үлгісіне балайды. Сонда біз демократия екен деп, елімізде қазаққа жат мұндай әрекеттердің таралуына да төзімділік көрсетуіміз керек пе? Имамның жан-жүрегінен шыққан осы жанайқайынан әр нәрсенің де ұлттық қасиет, елдік мүдде тұрғысынан қаралуы керек екенін ұқтық.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Реферат

Тақырыбы: Толеранттық-қазақтың қанында бар қасиет

Орындаған: Калиольдинова М.

КРО ІІ курс

Тексерген: ___________________

____________________________

Алматы 2012 ж.