Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРМ практика.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
370.69 Кб
Скачать

Өзін өзі тексеру сұрақтары

1.Жұмыссыздық, оның мәні және типтері

2.Жұмыссыздықтың түрлері

3.Оукен заңы

4.Инфляция және оның түрлері

5.Филлипстің қисық сызығы

ТЕСТ

Товар өндiрiсiнiң қоғамдық қалыпты жағдайы деген не:

А) осы товар төрiнiң басым бөлiгi өндiрiлетiн жағдай.

В) сапалы товар шығарылатын жағдай.

С) ең арзан товар өндiрiлетiн жағдай.

D) орташа жағдай.

Е) өндiрiстiң ең нашар жағдайы.

Ақша экономикалық категория ретiнде не болады.

А) бұл жалпылама эквивалент қызметiн атқаратын товар.

В) бұл өз құнын басқа товарға сәйкес анықтайтын товар.

С) алтын мен өлшенген товар құны.

D) бұл алтын және күмiс.

Е) бұл товардың қасиетi.

Ақшаның қандай қызметi баға ұғымын бiлдiредi:

А) құн өлшемi.

В) айналым құралы.

С) қор жинау құралы.

D) төлем құралы.

Е) әлемдiк ақша.

Келтiрiлген қызметтердiң қайсысын алтын ақша ғана атқара алады:

А) асыл қазына жинау құралы.

В) айналым құралы.

С) төлем құралы.

D) құн өлшемi.

Е) әлемдiк ақша.

Глоссарий

Безработица

Жұмыссыздық

Unemployment

Безработица фрикционная

Уақытша жұмыссыздық

Frictional unemployment

Безработица структурная

Құрылымдық жұмыссыздық

Structural unemployment

Инфляция

Құнсыздану

Inflation

Қолданатын әдебиеттер:

І.Экономикалық теория негіздері. Оқулык- Алматы. Қазақ

университеті.2010.

2.Экономикалық теория.Оқулық.Алматы. Қазақ университеті.2000.

З.Р.Дорнбуш.,С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы.

ҚазМБА. 2007.

4.Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу қүралы. Алматы.

Қаз.университеті. 2004.

5.Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу қүралы.

Алматы, 2006,б.

6.Мөдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы.

Алматы. Экономика, 2006.

7.В.П.Самуэльсон, С.Нордхаус. Экономикс. Оқу қүралы.

Алматы. 2006.

8..Экономичсская теория (политэкономия). Учебник. Под

общ. Ред. Акад. В.Н.Видяпина, Г.П.Журавлевой.;ИНФРА,

2009.

Экономика баскару академиясы

Пән: Экономикалық теория негіздері

2 кредит

3-4 семестр 2012-13 оқу жылы

Тәжірибе № 13: Ақшалай - несиелік жүйе.

. Суанбаева У.Н.

Дүние жүзінде әр елдің өз ақша айналымының жүйелері бар және олар сол елдің өз заңымен бекітілген. Ақша айналымының басты компоненттері мыналар:

1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, иен сом және т.б.) – бұл арқылы тауарлар бағалары белгіленеді.

2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі – бұлар қолма-қол айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.

3. Ақша эмиссиясы жүйесі – яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде бекітілген тәртібі.

4. Ақша айналымын реттеп отыртатын мемлекеттік органдар.

Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:

1) Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметін атқарады.

2) Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтынның өзін айналымнан ығыстырады.

Қазіргі кеөде қағаз әжне несие ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей өз билігіне алды.

Ақша массасы дегеніміз не?

Ақша массасы – халық шаруашылығндағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарды кәсіпорындармен, бірлестіктермен көрсететін ақша құралдары, ал пассивті бөлігіне ақша қорларының есепшоттағы қалғандары жатады, соңғысы есеп айырысу құралдары ролін атқарады.

Ақша массасының құрылымы едәуір күрделі және ол қатардағы тұтынушының ойлағанындай тек қолдағы қағаз ақша мен айырбас монетасы емес. Шындығында қағаз ақшаның ақша массасының үлесі өте төмен (25%-тен). Ал басқа кәсіпорындар мен ұйымдар арасында дамыған рыноктық экономикада бөлшек ссудалық өзі де банктік есепшот арқылы жүреді.

Қазіргі рыноктық экономикада банктік ақша дәуірі басталады. Банктік ақшаға чектер, несие карточкаларыжәне т.б. жатады. Аталған есеп айырысу құралдары банктік депозиттерді де бөлмейді. Тауар мен қызметті сатып алушы чек пен несие карточкасы арқылы банктерге өз депозитнен қажетті соманы сатушының есепшотына аудартады немесе қолма-қол беруді бұйырады.Ақша массасының құрамына тікелей сатып алу немесе төлем құралы ретінде пайдаланылмайтын компонеттер де кіреді. Олар коммерциялық банктердегі мерзімді есепшоттағы жинақ салымдары, басқа да несие-қаржы ұйымдарының қаржылары, депозиттік сертификаттар, инвестициялық қорлардағы акциялар. Ақша айналымының аталған компонеттері «квази – ақша» деп аталады. Ақша айналымының ең қолайлысы да және ең тез өсетіні осы квази-ақшалар. Профессор Г. Самуэльсон квази-ақшаларды өтімді активтер деп атайды. Қандай болмасын мүліктік немесе активтің өтімділігі дегенде оның оңай сатылуы және құнын жоғалтпай ақша түріне айналуы мүмкіндігін айтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]