Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Инструкция по движению поездов.doc
Скачиваний:
85
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Поездарды қабылдау және жөнелту

4.9. Станция кезекшісі поезд келер алдында оны қабылдап алу үшін маршрутты алдын ала даярлап, кіру сигналын ашады. Поезд станцияға ке- ліп жеткеннен кейін бұздыған станция кезекшісіне тапсырылады, ол поездың толық құрамда келіп жеткеніне көз жеткізіп және бұздығанның сол аралықтың иелігіне жататынын тексеріп, поездар қозғалысының журналына бұздығанның нөмірін жазады, бұздығанды бұздығандық аппаратқа салып, телефон арқылы жөнелту станциясына поездың келгені жөнінде хабарлайды.

Бұздығандық аппараттар стрелкалық қосындардың панажайларында орнатылған станцияларда келіп жеткен поездың бұздығаны стрелкалық қосынның кезекшісіне тапсырылады, ол поездың толық құрамда келіп жеткеніне көз жеткізіп, және бұздығанның сол аралықтың иелігіне жата-тынын тексеріп, оны аппаратқа салады және станция кезекшісіне поездар қозғалысының журналына жазуы үшін оның нөмірін хабарлайды.

4.10. Поезд итермелеуші локомотивпен келіп жеткен жағдайда станция кезекшісі бұздығанның бірінші бөлігін поездық локомотивтың машинисі- нен және екінші бөлігін итермелеуші локомотивтың машинисінен алып, екі бөлігін біріктіріп бұрауға, соңынан бұздығанды бұздығандық аппаратқа салуға міндетті.

4.11. Станция кезекшісі поезды жөнелту үшін поезд жөнелтілетін станцияның кезекшісінен телефон арқылы төмендегі нысандағы келісімін сұрайды:

«Менің № ... поезын жөнедтуіме бола ма?»

Станция кезекшісі, егер поезды қабылдауға кедергілер болмаса телефон арқылы төмендегі нысандағы келісімді сұрайды:

«№... поезын күтудемін».

және бұздығанды алуға рұқсат етеді.

Бұздығанды аппараттан шығарып алып, жөнелту станциясының кезек-шісі оның нөмірін поездар қозғалысының журналына жазып жөнелтілетін поездың машинисіне тапсыруға міндетті.

Бұздығандық аппараттар стрелкалық қосындарға шығарылған станция-ларда, стрелкалық қосын кезекшісі алынған бұздығанның номірін станция кезекшісіне хабарлайды.

47

Егер станция кезекшілері қарсы бағыттағы поезды келіп жеткен поездың бұздығанымен, бұздығанды аппараттан өткізусіз жөнелтуді келіс-се, поездар қозғалысының журналдарында (екі станцияның) осы поездың нөмірінің қарсы жағына төмендегі белгі жасалуы тиіс:

«№... поездың бұздығаны бойынша жөнелту келісілді, станция ке-зекшісі (ДСП) ...»•

4.12. Поезды шығу бағдаршамы бар жолдан электрбұздығандық жүйемен жабдықталған аралыққа жөнелту кезінде, бұздыған болған кездегі осы бағдаршамның қызыл шамы сөніп, ақ-айлы шамы жанып тұрған кезде өтуге рұқсат етіледі.

Егер де ақ-айлы шамын жағу мүмкін болмаса, поезд бұздыған бой-ынша жөнелтіледі. Бұл жағдайда станция кезекшісі машиниске (жеке өзі, стрелкалық қосын кезекшісі немесе сигнал беруші арқылы, радиобайла-ныс арқылы) ақ-айлы шамын жағу мүмкін еместігін және поезды жөнелту маршруты дайын болғандығы туралы хабарлауы тиіс.

Поезды шығу семафоры бар жолдан жөнелту кезінде бұздыған бір уақытта шығу семафорының тыйым салу көрсетуін өтуге құқық болып табылады.

4.13. Егер поезды жөнелту үшін бұздыған алынғаннан кейін поезд небір себептермен жөнелтілмеген болса, станция кезекшісі бұздығанды аппаратқа салып, ол жөнінде іргелес станцияның кезешісіне хабарлап, по- ездар қозалысының журналында белгі қоюға міндетті:

«№... поезд тоқтатылды».

4.14. Поезды аралықтан жөнелту станциясына қайтуымен жөнелту ке- зінде бұздыған локомотивтің машинисіне әрекеттегі тәртіп бойынша бері- леді. Іргелес станцияның кезекшісі поездың аралыққа жөнелтілуі туралы да, аралықтан қайтқаны туралы да хабардар етіледі.

4.15. Поезды бүкіл аралыққа жүретін итермелеуші локомотивпен жөнелткен кезде жетекші локомотивтің машинисіне бұздығанның «Би- лет» деген жазуы бар бөлігі тапсырылады, ал итермелеушінің машинисіне бұздығанның «Бүздыған» деген жазуы бар екінші бөлігі тапсырылады.

Жөнелту станциясының кезекшісі жолды сұратқанда іргелес станцияның кезекшісіне ол жаққа итермелеуші локомотиві бар поезының бара жатқаны туралы хабарлайды .

Итермелеуші локомотив бүкіл аралық бойынша поезд құрамына тір-келген түрде жүрсе, бұздыған тек қана жетекші локомотивтың машинисіне тапсырылады.

4.16. Егер бұздығандық аппаратар бұрап алынатын бұздығандармен жабдықталмаған болса, поезды бүкіл аралықпен жүретін құрамға бекітіл* меген итермелеуші локомотивпен жөнелту қажеттігі туса, бұздығандық жүйенің жұмысы мен поездардың қозғалысы телефондық байланыс арқылы жүзеге асырылады.

48

4.17. Поездарды аралықтан жөнелту станциясына қайтатын итермелеуші локомотивпен жөнелткен кезде жетекші локомотивтың машинисіне бұздыған, ал итермелеуші локомотивтың машинисіне - бұздыған-кілт тапсырылады.

Бұздыған-кілттер сонымен қатар аралықтарда жанасатын кірме жолдарға вагондардың берілуін (алынуын) ұйымдастыру үшін, және жөнелтілген поездың соңынан артынша жөнелту станциясына қайтумен шаруашылық поездары қозғалған кезде «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгі-лейтін қауіпсіздік талаптарын орындаумен қолданылуы мүмкін.

4.18. Егер бұздығандық аппараттар бұздыған-кілттермен жабдықталмаса поезды аралықтан жөнелту станциясына қайтатын итер- мелеуші локомотивпен жөнелту қажеттігі туғанда, бұздығандық жүйенің жұмысы тоқтатылып, поездардың қозғалысы телефондық байланыс бойын- ша жүзеге асырылады.

Аралықта жанасулар болған жағдайдағы поездар қозғалысы

  1. Аралықта қосалқы қосын күтімге алмайтын жанасу болған жағдайда жанасу стрелкасының жағдайын бақылау ісі бұздығанмен неме-се бұздыған-кілтпен қосылатын жанасу стрелкасының бақылау құлпының кілтінің көмегімен жүзеге асырылады.

  2. Вагондарды қосалқы қосынмен күтімге алынбайтын жанасуға локомотивтың жөнелту станциясына қайта қайтуымен немесе ары қарай іргелес станцияға дейін жөнелуімен жеткізу (берілуі) (алыну) қажеттігі туындаған жағдайда машиниске жанасу стрелкасы бақылау құлпының кілті-мен қоса бұздыған тапсырылады. Іргелес станцияның кезекшісі вагондарды жанасу станциясына жеткізу (алу) үшін локомотивтың жөнелтілуі жөнінде де станцияға қайтуы жөнінде де хабардар етіледі. *

4.21. Аралықта, қосалқы қосын күтімге алатын жанасу болған жағдайда, аталмыш қосын аралықтың станцияларының бірімен қосымша бұздығандық байланыспен қосылады.

Қосымша байланыс аппараттары мен бұздығандарының және аралықтағы аппараттардың сериясы мен жазбалары бірдей болуы тиіс.

Аралықтың станцияларын байланыстыратын аппараттар жұбында, аралықта поездар жоқ кезде бұздығандардың жұп саны, ал станцияны қосынмен байланыстыратын аппараттарда - тақ саны болуы тиіс.

Қосалқы қосын тікелей станциялардың арасында жүретін поездардың қозғалысына қатыспайды. Жанасу стрелкалары төмендегілерді орындауға жол бермейтін тиісті тәуелділікпен жабдықталады:

қосын кезекшісінде шешіліп алынған бұздыған болмаған кезде стрел-каларды бұруға;

басты жол бойынша жанасу стрелкасын қалыпты жағдайға қойғанша бұздығанды қосында орнатылған аппаратқа салуға.

4.22. Поезды, қосалқы қосын күтімге алатын жанасуға жөнелту кезін- де, станция кезекшісі қосынмен оған поездың жөнелтілуін келісіп, іргелес станцияны шақыртуы тиіс, осы станция кезекшісінің келісуімен бұздығанды

49

шешіп алуы тиіс, аталмыш бұздыған жанасуға жөнелтілетін поездың маши-нисіне тапсырылады. Поездың жөнелтілгені жөнінде телфон арқылы қосын мен іргелес станцияның кезекшілеріне хабарланады.

  1. Поезд қосалқы қосынға келгеннен кейін және оны жанасуға алғаннан кейін стрелка қалыпты жағдайға қойылады, қосын кезекшісі келіп жеткен поездың бұздығанын аппаратқа салып екі станцияның кезекшілеріне поездың келіп жету және басты жолдың босаған уақытын хабарлайды. Ар-тынша қосын мен бұздығандық байланыс арқылы жалғанған станциясының кезекшісіне қосымша аппараттан негізгі аппаратқа ауыстырып салу үшін бұздығанды шешіп алуға рұқсат етеді.

  2. Поезды қосыннан станциялардың біріне жөнелту ісі қосынмен бұздығандық байланыс арқылы жалғанған станция кезекшісінің рұқсаты бойынша алынған бұздыған арқылы орындалады.

Осы станцияның кезекшісі іргелес станцияның кезекшісімен жөнелтудің мүмкіндігін келіседі, бұздығанды шешіп алып оны негізгісінен қосалқы аппаратқа ауыстырып салады.

4.25. Өткізу қабілеттілігін арттыру үшін жол қосындары ашылатын аралықтар бойынша поездардың бұздығандық жүйе негізіндегі қозғалуы «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бекіткен нұсқаулықта белгіленетін тәртіп бой- ынша жүзеге асырылады.