Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Инструкция по движению поездов.doc
Скачиваний:
85
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Кездегі поездардың қозғалу тәртібі

6.1. ТПЕ 16.29-тармағына сәйкес барлық сигнал беру мен байла-ныс құралдарының жұмысы тоқтаған кездегі дара жолды телімдердегі поездардың қозғалуы жазбаша хабарландырулардың көмегімен, ал қос жолды телімдерде - поезға станциялардың арасындағы аралықтан жүріп өтуіне қажетті уақытты шектеумен орындалады.

Поездардың жазбаша хабарландырулардың көмегімен немесе поездың аралықтан жүріп өтуіне қажетті уақытты шектеумен қозғалуы аралықты шектейтін станция кезекшілерінің өзара поездар қозгалысы жөніндегі келіссөздерді олардың қолында бар байланыс түрлерінің бірі арқылы да жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайларда белгіленеді.

6.2. Барлық сигнал беру мен байланыс құралдарының қызметі тоқтаған кездегі поездың аралықты басып тұруына құқығы ретінде станция кезекшісінің машиниске беретін қиғашынан қызыл түсті екі жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат қызмет етеді (ДУ-56 нысанындағы бланк 70-бетте келтірілген).

Егер бұл ретте бұрын жөнелтілген поездың іргелес станцияға келіп жеткені жөнінде мәліметтер болмаса, машинист аралық арқылы ерекше сақтықпен және кенеттен тоқтауға дайын түрде жүруі тиіс, себебі бұрын жөнелтілген поездың соңы қоршалмаған болып шығуы мүмкін.

6.3. Барлық сигнал беру мен байланыс құралдарының қызметі тоқтаған кезде төмендегі поездарды жөнелтуге тыйым салынады:

а) 1-класты (ЖМ) қауіпті жүктері, габариті шектен тыс болып келетін жүктері бар, жалғанған, салмағы мен ұзындығы тым үлкен, сонымен қатар бір машинист жүргізетін;

б) қалпына келтіруші, өрт сөндіруші және қосалқы локомотивтерді есепке алмағанда, жұмыс істеу үшін аралыққа тоқтауымен;

в) аралықтағы жанасуға бара жатқан.

Итермелеуші локомотивтер бүкіл аралық бойынша іргелес станцияға дейін жүруі тиіс.

Дара жолды аралықтарда поездардың қозғалу тәртібі

6.4. Барлық сигнал беру мен байланыс құралдарының жұмысында үзіліс болып, өзара байланыс үзілген станциялармен шектелген аралыққа, иоездардың жазбаша хабарландырулар бойынша қозғалысын белгілегенше, д.іра жолды аралықтар үшін басым болып табылатын тақ бағыттағы поезд і.ша жөнелтілуі мүмкін. Төмендегілерді есепке алмағанда, басым бағытқа қарсы бағыттағы поездардың бірде бірін жазбаша хабарландырулар бойын-иііі қозғалуды белгілемей тұрып аралыққа жөнелту мүмкін болмайды.

а) өзін жөнелтуге рұқсат басым бағыттағы станциядан байланыс үзілмей іүрып алынған поезд (жартылай автоматты блоктау кезінде келісімнің

63

блок-сигналы, телефондық байланыс құралдары кезінде поездық телефо-нограмма, электрбұздығандық жүйе кезінде аралықтың шешіліп алынған бұздығаны). Бұл айрықшалық екі жақты автоблоктауы бар дара жолды аралықтарға тарамайды;

б) аралықтан алынған көмек жіберу жөніндегі талап ету бойынша қалпына келтіру, өрт сөндіру поезы мен қосалқы локомотивты.

Басым бағыттағы, сол сияқты басым бағытқа қарсы бағыттағы станция кезекшісі аралықтан көмек көрсету жөніндегі талап етуді алғаннан кей-ін осы Нұсқаулықтың 7-бөліміндегі талаптарға сәйкес машиниске қиғаш түскен қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазын тапсыра оты-рып қалпына келтіру, өрт сөндіру поезын немесе қосалқы локомотивты жөнелтуді ұйымдастырады.

Қос жолды аралықтарда, егер жолдардың бірі байланыс үзілгенге дейін жабық болған болса жазбаша хабарландырулар бойынша қозғалуды бел-гілегенге дейін алғашқы болып тек қалған әрекеттегі жол үшін қос жолды қозғалыс кезінде дұрыс болып саналатын бағыттағы поезд ғана жөнелтілуі мүмкін.

6.5. Егер де аралық екі жақты автоблоктаумен жабдықталмаса, басым бағыттағы алғашқы поезды жөнелту үшін іргелес станция кезекшісінің рұқсаты қажет болмайды.

Екі жақты автоматты блоктаумен жабдықталған дара жолды аралықта басым бағыттағы алғашқы поезд тек станция кезекшісі бүкіл аралықтың бос болуын орналасқан жерінде тексеруін іргелес станцияның кезекшісіне поездардың, ары қарайғы қозғалу тәртібі жөніндегі жазбаша хабарландыру-ды бір мезгілде беруімен қамтамасыз етумен жөнелтілуі мүмкін. Аралықтың бостығын тексеру жөніндегі поездар қозғалысы журналында тексеру тәсілі мен тексеруді жүргеізген қызметкердің тегін көрсете отырып жазба жаса-лады.

6.6. Қалпына келтіру поезын (арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды), өрт сөндіру поезын немесе қосалқы локомотивты барлық сигнал беру және байланыс құралдарының қызметі тоқтаған жағдайда аралыққа басым бағытта, сондай-ақ соған қарсы бағытта, алайда аралықта тоқтап тұрған поездың машинисіне немесе жол, сигнал беру және байланыс, элек-трмен жабдықтау қызметкерлерінен тиісті талап етуді алғаннан кейін ғана жөнелтуге рұқсат етіледі. Бұл ретте егер аралық автоматты блоктаумен жабдықталған болса, станция кезекшісі көмек көрсету жөнінде талап ету-ді алғаннан кейін қалпына келтіру поезын немесе локомотивты жөнелтпес бұрын станция мен көмек жіберілетін жердің арасында өзге поездардың жоқ екендігіне көз жеткізуге міндетті.

6.7. Станциялардың өзара жазбаша хабарландырулармен алма-суы барлық сигнал беру мен байланыс құралдарының жұмысы тоқтаған жағдайда аралыққа жөнелтілетін алғашқы поезбен басталады.

Бұл ретте жетекші локомотивтың машинисіне аралықты басып тұру құқығын беретін қиғаш түскен екі қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат беріледі. Сонымен қатар осы поездың машинисімен іргелес станцияға

64

төменде келтірілген нысандардың бірі бойынша толтырылған поездардың ара қарайғы қозғалу тәртібі жөніндегі ақ түсті арнайы бланкідегі жазбаша хабарландыру (ДУ-55 нысанындағы бланк 69-бетте келтірілген) жіберіледі.

А-нысаны. «Сіздерге... сағ... мин №... поезын жөнелттім. Ол келіп жеткеннен кейін Сізден поезды күтемін. Станция кезекшісі (ДСП)...».

Б-нысаны. «Сіздерге... саг... мин №... поезын жөнелттім, соңынан ... сағ... мин №... тағы бір поезын жөнелтемін. (ДСП)...».

6.8. Егер де сигнал беру және байланыс құраддарының жұмысы тоқтаған сәтіне станция өзара байланысы үзілмеген станциялармен шектел-ген аралыққа жөнелтуге арналған тақ поездары болмаса (тұрмаса), алғашқы поезды жөнелту құқығына ие станция кезекшісі, егер іргелес станциядан аталмыш аралыққа жөнелтуге арналған поездың бар болғандығы жөнінде оған мәлім болса, осы станцияға төмендегі нысан бойынша толтырылған ха-барландыруды жібереді:

В-нысаны. «Сіздерден поезды күтудемін. ДСП ...».

Екі жақты автоблоктаумен жабдықталмаған аралықтарда Б-нысанын-дағы жазбаша хабарландыруларды жөнелту үшін алынбалы емес дрезина-ларды, жекелеген локомотивтерді, сонымен қатар өзге көліктік құралдарды қолдануға рұқсат етіледі.

6.9. Станция кезекшісі А, Б және В-нысандары бойынша хабарландыру алғаннан кейін поездардың жазбаша хабарландырулар бойынша қозғалысы белгіленді деп есептеледі.

6.10. Бір бағытта қозғалатын поездардың жөнелтілуі бұрын жөнелтілген поезд бүкіл станцияаралық аралықтан өтуіне қажетті уақыт ұстамынан кей-ін сол уақытқа 3 минут қосумен орындалуы тиіс.

Байланыс үзілгенге дейін бөлек пунктілер ретінде қызмет еткен жол қосындары поездар қозғалысына қатыспайды.

Егер де барлық белгіленген сигнал беру және байланыс құралдарының қызметі тоқтағанға дейін станциядан аралықтағы жанасуға басым бағыттағы поезд жөнелтіліп, ал қосалқы қосын кезекшісінен поездың келіп жеткені мен оның жанасуға алынғаны жөніндегі хабарландыру алынбаған болса, поезға қосалқы қосынға жүріп өтуіне және оның жанасуға алынуына қажетті уақыт бойы сол уақытқа 3 минут қосумен аралық бос емес деп саналады.

Қосалқы қосын кезекшісі поезд жанасуға алынғаннан кейін жана-су стрелкасын қалыпты жағдайға (басты жол бойынша) қойып іргелес станциялардың кезекшілерімен байланысты қалпына келтіргенге дейін жылжымалы құрамның басты жолға шығуына жол бермеуге міндетті.

6.11. Барлық сигнал беру және байланыс құралдарының қызметі тоқтаған уақытта поездар қиғашынан екі қызыл жолағы бар ақ түсті бланкі-дегі рұқсат-қағаздары бойынша жөнелтіледі.

Станциялардың кезекшілері бір-бірімен байланысын үзбеу үшін құрылғылардың қалыпты жұмысын қалпына келтіргенге дейін бір және озге бағыттарда әрбір поездың жетекші локомотивының машинисі арқылы і юездардың бұдан әрі жөнелтілуі жөніндегі А және Б-нысанындағы жазба-ша хабарландырулар жіберуге міндетті.

65

Екі станцияда да А,Б және В-нысандарындағы хабарландырулар поездық телефонограммалар журналына жазылып отырады.

Поездардың жазбаша хабарландырулардың көмегімен қозғалуына ауы-су ісі поездық телефонограммалар журналына төмендегі нысандағы жазба арқылы ресімделеді:

«Датасы..............,... сағ ... мин ........... аралығында барлық сигнал

беру және байланыс құралдары қызметінің тоқтағанымен байланысты поездардың жазбаша хабарландырулардың көмегімен қозғалуы белгіленді.

(ДСП)... (станцияның атауы мен қолы)».

6.12. Егер де барлық сигнал беру және байланыс құралдарының жұмысы үзілгенге дейін, байланыс үзілген уақыттан бастап поездарды басымдылық түрде жөнелту құқығына ие болатын станция кезекшісі өзара байланысы үзілген станциялармен шектелген аралыққа басым емес бағыттағы (тақ) по-езын жөнелтуге өзінің келісімін берсе, аталмыш поезд келіп жеткенше не-месе іргелес станциядан (қосыннан) поездың жөнелтілмейтін болғандығы жөнінде хабарландыру алғанша аралық бос емес ретінде саналады.

Егер де жанасу қосынына жұп поезын жөнелтуге келісім берілсе, қосыннан поездың келіп жеткені және оның жанасуға алынғандығы жөнінде хабарландыру келгенге дейін аралық бос емес деп саналады.

6.13. Егер де барлық сигнал беру және байланыс құралдарының жұмысы тоқтағанға дейін қосал қы қосын кезекшісіне жанасудан тақ бағыттағы поезын жөнелту рұқсаты беріліп және қосын кезекшісінен осы поездың жөнелтілгені жөніндегі хабарландыру келсе, байланыс үзілгеннен кейін аралыққа басым бағыттағы поезын жөнелтетін станция кезекшісіне осы бағыттағы алғашқы поезды іргелес станцияға, жөнелтілген поезд аралықтың қосыннан станцияға дейінгі бөлігінен жүріп өтуіне қажетті уақыт аралығынан кейін сол уақытқа 3 минут қосумен жөнелтуге рұқсат етіледі.

Егер жанасу қосынынан тақ бағыттағы поезын жөнелту жөніндегі хабар-ландыру алынбаған болса, қосын кезекшісінен поездың жөнелтілгені және басты жолда жанасу стрелкасын орнату жөнінде немесе поезды жөнелтуді кідірту жөніндегі хабарландыру алғанға дейін аралық бос емес деп саналады.

Қосыннан тиісті хабарландыруды алғанша поезды аралыққа соны-мен қатар байланыстың үзілгеніне дейін жанасудан поезды жанасуға кері қайтуымен жөнелту ісі келісілген жағдайларда да жөнелтуге тыйым салы-нады.

6.14. Егер байланыс үзілген уақыттан бастап басым бағыттағы алғашқы поезды жөнелту құқығына ие болатын станция кезекшісі поезды жөнелту жөніндегі рұқсатты байланыс үзілмей тұрып алса, поезды осы рұқсат-қағаз бойынша жөнелте отырып, ол бір уақытта іргелес станцияның кезекшісімен жазбаша байланыс орнатуға міндетті.

6.15. Сигнал беру мен байланыс құралдары диспетчерлік байланыстың бұрын қалпына келтірілген болса, басым бағыттағы поездарды жөнелту

66

құқығын пайдаланатын станция кезекшісі іргелес станцияға төмендегі теле-фонограмманы береді:

«... станциялары арасындағы аралықта поездардың ... байланыс бойынша қозғалысы белгіленеді.

Сіздерден соңғы болып № ... поезы келіп жетті. Сіздерге № ... по-езы жөнелтілді.

(ДСП)...................». і

Іргелес станцияның кезекшісі аралықтың бос болуына көз жеткізіп төмендегідей жауап береді:

«Сіздерден соңғы болып № ... поезы келіп жетті. Сіздерге № ... по-езы жөнелтілді, аралық бос. (ДСП)..............».

екі станцияның кезекшілері осы телефонограммалармен алмасқаннан кейін поездардың қозғалысын негізгі сигнал беру мен байланыс құралдарының көмегімен басқару ісіне көшеді. -

Қос жолды аралықтардағы поездардың қозғалу тәртібі

6.17. Қос жолды аралықтарда барлық сигнал беру мен байланыс құралдарының жұмысы үзілген жағдайда поездар дұрыс жол бойынша, поезға кесте бойынша аралықтан жүріп өтуіне қажетті уақытқа 3 минут қосумен араларын аша отырып жөнелтіледі, егер байланыстың үзілу сәтіне блоктау тиісті бағытта орнатылған болса.

Егер станция кезекшісі барл ық сигна л беру мен байланыс құралдарының жұмысы үзілгенге дейін поезды іргелес станциядан теріс жол бойынша жөнелтуге өз келісімін берген болса, аталмыш поезд станцияға келіп жет-кеннен кейін, алғашқы поезды дұрыс жол бойынша жөнелтпес бұрын стан-ция кезекшісі аралықтың қарсы бағыттағы поездардан бос екендігіне көз жеткізуі тиіс.

6.18. Станциялардың арасында байланыстың үзілуіне дейін аралықтың болек пунктілері ретінде қызмет еткен жол қосындары болған жағдайда, аталмыш қосындар байланыс үзілгеннің өзінде әрекет етуші болып қала бе-реді.

Бұл жағдайда поезд жөнелтілген кезде станция кезекшісі кесте бой-ілнша бұрын жөнелтілген поездың жол қосынына келіп жетуіне қажетті уақытқа 3 минут қосумен күтеді, және поездың тек қана алғашқы жолшы-бай жол қосынына дейін жүруіне рұқсат береді.

6.19. Қалпына келтіру өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды, орт сендірушы поезы немесе қосалқы локомотивты женелту жөніндегі та-лап етуді алғаннан кейін, оны теріс жол арқылы жөнелту қажет болса, стан-ңия кезекшісі аталмыш жолдың (станциядан көмекті жөнелтуге қажет жер-IV дейін) поездардан бос болуына кез жеткізуге міндетті.

67

6.20. Тиісті сигнал беру және байланыс құралдары қалпына келтіріл-геннен кейін поездардың байланыстың осы түрлері бойынша қозғалысы поезд диспетчерінің бұйрығы бойынша қалпына келтіріледі, ал диспетчер-лік байланыс болмаған кезде - өзі үшін дұрыс деп саналатын жол бойынша әрбір станциямен.

6.21. Аралықтың бос болуын анықтау үшін осы Нұсқаулықтың 6.5, 6.6, 6.8, 6.17, 6.19-тармақтарында ескерілген жағдайларда станция кезекшісіне кез келген мүмкіндікті (іргелес станцияның кезекшісімен қалалық байланыс, радиобайланыс арқылы келіссөздер жүргізу, автокөлік құралдары, алынба-лы автодрезиналар және т.б.), ал 6.8-тармағында ескерілген жағдайларда жеке локомотивтерді де пайдалануға рұқсат етіледі.

68

ДУ-55 нысанындағы бланк

_____ №______ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУДЫҢ ҚАБЫРШАҒЫ

Станция (мөрқалып) Станция (мөрқалып)

«—»-----------------.-----20—ж. «—»-----------------------20—ж.

Барлық сигнал беру мен байланыс Барлық сигаал беру мен байланыс

құралдарының жұмысы тоқтаған құралдарының жұмысы тоқтаған

кездегі дара жолды аралықтардағы кездегі дара жолды аралықтардағы

поездардың қозгалысы жөнінде поездардың қозғалысы жөнінде

станциясының кезекшісше станциясының кезекшісіне

Станция кезекшісі Станция кезекшісі

69

ДУ-56 нысанындағы бланк

______ №_____РҮҚСАТ-ҚАҒАЗЫ

РҮҚСАТ-ҚАҒАЗЫНЫҢ ҚАБЫРШАҒЫ

Станция (мөрқалып) Станция (мөрқалып)

«...»-----------------------20—ж. «—»-----------------------20-ж.

№----поезына берілді № —поезына станциядан/қосыннан

жөнелуге және — станциясының/ Станция/қосын кезекшісі қосынының кіру сигналына дейін

жабық тұрған шығу (өту) сигналы кезінде жүріп өтуіне рұқсат етемін. Барлық сигнал беру мен байланыс

құралдарының жұмысы тоқтады.

ЕСКЕРТПЕ

Бұрын жөнелтілген поездың ірге-лес станцияға келіп жеткені туралы мәліметтер бар (жоқ).

Станция/қосын кезекшісі

(керек емесін сызып тастау)

(қиғашынан екі қызыл жолағы бар ақ түсті)

70

7-тарау Қалпына кедтіруші, өрт сөндіруші поездарының, өздігінен жүретін

арнайы жылжымалы құрам мен қосалқы локомотивтердің қозғалуы

7.1. Қалпына келтіруші поездар, өрт сөндіруші поездар мен қосалқы ло-комотивтер жолда тоқтап тұрып қалған поездың жетекші локомотивының машинисінен (машинистің көмекшісінен) алынған көмек көрсету туралы та-лап етудің (жазбаша, телефон немесе радиобайланыс арқылы берілген) не-гізінде, сонымен қатар жол шаруашылығының, электрмен жабдықтаудың, сигнал беру мен байланыстың басқарушы қызметкерлерінің талап етулері бойынша белгіленеді.

Қалпына келтіруші және өрт сөндіруші поездарын шақырту ісі атал-мыш поездар жөніндегі қолданыстағы ережелерге сәйкес орындалады. Қалпына келтіруші, өрт сөндіруші поездарын, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам мен қосалқы локомотивтерді тиісті жеріне жөнелту мен өту ісі поезд диспетчерінің бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.

7.2. Көмек.талап етілген жағдайда аралықта тоқтап тұрып қалған поездың машинисі (машинистің көмекшісі) станция кезекшісіне немесе по-езд диспетчеріне поездың басы қай километрде және бекетте орналасқанына, көмектің немен байланысты қажет болғандығы жөнінде және оны талап ету уақытын хабарлауға міндетті. Айрықша жағдайларда станция кезекшісімен немесе поезд диспетчерімен телефондық және радиобайланыс болмаған жағдайда станцияға жазбаша талап етуді жеткізу үшін поездық локомо-тив қолданылуы мүмкін. Локомотивты құрамнан вагон доңғалақтарының астына тежегіш табандықтарды қоюмен және қол тежегіштерін іске қосу арқылы вагондарды ығысудан бекіткеннен кейін ғана ағытуға рұқсат етіле-ді. Локомотивты құрамнан ағытпас бұрын сонымен қатар қалдырылатын иагондардың автотежегіштері де (аяққы кранды толығымен ашумен) іске қосылуы тиіс. Жолаушы поезының локомотивын талап етуді станцияға жет-кізу мақсатында қолдануға рұқсат етілмейді.

Тоқтап тұрып қалған поездың құрамы орналасқан жол пішінінің жағдайлары бойынша вагондарды бекітуге арналған қолда бар құралдар жеткіліксіз болған жағдайда локомотивты құрамнан ағытуға тыйым салы-нады. Қажет болған жағдайда қос жолды аралықтарда станция кезекшісіне комек жөнінде жазбаша талап етуді жеткізу үшін қарсы бағыттағы поездың локомотивтік бригадасын қолдануға рұқсат етіледі.

7.3. Қалпына келтіруші, өрт сөндіруші поезын, өздігінен жүретін ар-найы жылжымалы құрамды немесе қосалқы локомотивты жіберу жөніндегі талап етуді алғаннан кейін станция кезекшісі бұл жөнінде дереу түрде поезд диспетчеріне баяндайды. Телефон немесе радиобайланыс арқылы алынған галап ету поездар қозғалысының журналына жазылады.

7.4. Көмек көрсету туралы талап етуді алғаннан кейін поезд диспет-чі*рі бұл жөнінде дереу түрде тасымалдау бөлімшесінің кезекшісіне баян-дайды. Тасымалдау бөлімшесінің кезекшісі мен поезд диспетчері бірлесе о'і і.ірып аралықты шектейтін станциялардың қайсысынан көмек көрсетілуі

71

тиіс екендігі жөнінде және қажет болған жағдайда вагондар қай станцияға шығарылатындығын белгілейді.

Поездық радиобайланыс болған жағдайда поезд диспетчері көмек көрсетудің көзделген тәртібін (тікелей немесе станция кезекшісі арқылы) тоқтап тұрып қалған поездың машинисіне хабарлауы тиіс.

Поезд диспетчері қалпына келтіруші, өрт сөндіруші және қосалқы локомотивтердің тездеп қозғалуын қамтамасыз етуге міндетті және тиісті мәліметтер болған жағдайда қалпына келтіруші (өртсөндіруші) поездпрдың бастықтарын поездарды жұмысқа даярлауы үшін оқиға болған жердегі жағдай жөнінде хабардар етуге міндетті.

7.5. Қалпына келтіруші, өрт сөндіруші поездары, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам және қосалқы локомотивтер қалған барлық поездар үшін жабылатын аралыққа барлық жағдайда осы Нұсқаулықтың 10.10-тармағында ескерілген тәртіп бойынша жөнелтіледі. Локомотивтың машинисіне қиғашынан қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазы (ДУ-64 нысанындағы бланк 81-бетте келтірілген) беріледі. Онда талап ету негізінде және көмек қай жағынан (басынан ба соңынан ба) көрсетілуіне байланысты қалпына келтіруші, өрт сөндіруші поезы немесе қосалқы локо-мотив жүріп баруы тиіс жері (километрі) көрсетілуі тиіс.

Егер көмек поездың соңынан көрсетілсе, көмек көрсету жөніндегі талап етуде көрсетілген километр поезд ұзындығының есебімен өзгертіледі.

Қиғаш түскен қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазы ма-шиниске аралықтағы поездар қозғалысына кедергі болатын жердің жанынан уақытша қосын ашылған жағдайда да тапсырылады. Бұл ретте қалпына кел-тіруші, өрт сөндіруші поездары мен қосалқы локомотивтердің қозғалысы аралықты шектейтін станциялардың кезекшілерінің қосын кезекшілерімен алдын ала келісуі бойынша орындалады.

Қосалқы локомотивтерді диспетчерлік орталықтандырумен жабдық-талған телімдерге жөнелту тәртібі осы Нұсқаулықтың 2.8-тармағында еске-рілген.

7.6. Көмек көрсету үшін аралыққа жөнелтілетін қалпына келтіру, өрт сөндіруші поездарының, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның ма-шинисі қиғаш түскен қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазында көрсетілген жерден екі километр бұрын жылдамдықты азайтуға бағытталған шараларды қолданып, ары қарай айрықша абайлықпен және кедергі кездесе қалған жағдайда дереу түрде тоқтауға дайын түрде жүруге міндетті.

Көмек талап етілген поезға немесе қозғалысты қалпына келтіру жұмыстарын орындау қажет (өртті сөндіру, құлаған жерді тазалау және т.б.) болған жерге дейін жетпей тұрып машинист поезды тоқтатып, ары қарай қалыпты түрдегі қозғалысты қалпына келтіруді басқаратын тұлғаның нұсқауымен әрекет етуі тиіс. Қосалқы локомотивтің машинисі тиісті жеріне келіп жеткеннен кейін өзінің әрекеттерін тоқтап тұрып қалған поездың ма-шинисімен келіседі.

7.7. Қалпына келтіру, өрт сөндіру поезының немесе қосалқы локомотивінің, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның аралыққа

72

жөнелу уақыты, сонымен қатар аралықтан қайту уақытын станция кезек-шісі поездар қозғалысы журналында белгілеп, аралықты шектейтін іргелес станцияның кезекшісіне және поезд диспетчеріне дереу түрде хабарлауға міндетті.

7.8. Аралық немесе тиісті жол поездардың қозғалысында пайда болған кедергілерді жоюға қатысты жұмыстарға қатысқан жол шаруашылығының аға қызметкерінің (лауазымы бойынша жол шеберінен төмен емес) аралық бойынша поездар қозғалысын қалпына келтіру мүмкіндігі жөніндегі хабарландыруының (жазбаша, телефон немесе радиобайланыс арқылы бе-рілген) негізінде поезд диспетчерінің бұйрығы бойынша ашылады.

Түйіспелі тораптың зақымдануларының жойылғандығы жөніндегі ха-барландыруды энергодиспетчер қалпына келтіру жұмыстарын басқарған электрмен жабдықтау дистанциясы қызметкерінің хабарламасы негізінде береді.

Автоблоктаумен жабдықталған аралықтарда, егер оның құрылғылары зақымдалған болса, поездардың автоматты блоктау бойынша қозғалуын ашу үшін поезд-диспетчері СОБ электрмеханигінен тиісті хабарландыру алуы тиіс.

Егер жылжымалы құрамның рельстен шығуы мен қайсыбір құрылғылардың зақымданулары болмаса, қосалқы локомотив машинисінің немесе көмек көрсету жұмысын басқарған қызметкердің жылжымалы құрамды шығару және аралықтың бос болғандығы жөніндегі баяндамасы-нан кейін қозғалыс ашылады.

Автоблоктаумен жабдықталған қос жолды аралықтарда аралықтың ти-істі жолы қосалқы локомотив машинисінің радилобайланыс арқылы тоқтап тұрып қалған поездың құрамының дұрыс жол бойынша шығарыла бастауы жөніндегі хабарландыруын алғаннан кейін ашылуы мүмкін.

7.9. Аралықта поезды ажыратқан жағдайда машинист төмендегілерді орындауға міндетті:

орын алған жағдай туралы радиобайланыс арқылы аралық бой-ынша жүретін поездардың машинистеріне, және аралықты шектейтін станциялардың кезекшілеріне дереу түрде хабарлауға, соңғылары бұл жөнінде дереу түрде поезд дисптечеріне баяндауға міндетті. Радиобайла-ныс болмаған жағдайда хабарландыру Техникалық пайдалану ережелерінің 16.43-тармағында белгіленген тәртіп бойынша, өзге байланыс түрлері бой-ынша беріледі,

машинистің көмекшісі арқылы құрамның жағдайы мен ажыратылған нпгондардың тіркемелі аспаптарының жағдайын тексеріп, және олар жа-рпмды болған жағдайда поездың құрамын тіркеуге міндетті. Құрамның .іжырап қалған бөліктерін бір-бірімен тіркеу үшін аса абайлықпен, вагон-/Хіір соғылысқан кезде жылдамдығы сағатына 3 км-ден аспайтындай шегін-діру керек;

зақымдалған тежегіш жеңдерін қосалқылармен немесе локомотивтың гоңғы вагоннан және алдыңғы біреуінен шешіліп алынғандарымен аимастыруға.

73

Поезд құрамының ажыратылған бөліктерін біріктіру жөніндегі әрекеттер 20 мин. одан да көп минут ішінде орындалмайтын болған барлық жағдайларда, локомотивтің машинисі поездың локомотивсіз қалған бөлігін тежегіш табандықтармен және қол тежегіштерімен бекітуге бағытталған шараларды қабылдауға міндетті.

Ажыратылған бөліктерін тіркестіргеннен кейін машинистің көмекшісі соңғы вагонның нөмірі мен онда поездың сигналы болуына орай құрамның толықтығына көз жеткізуі тиіс. Қозғалысты қалпына келтіру алдында қол те-жегіштері тежелген жағдайдан шығарылып, автотежегіштерді қысқартыл ған сынақтан өткізу жүргізіліп, вагондардың астынан тежегіш табандықтары алынуы тиіс.

7.10. Төмендегі жағдайлар орын алған жағдайда аралықта поездардың бөліктерін біріктіруге тыйым салынады:

а) тұман болғанда, боран соққанда және сигналдар дұрыс көрінбейтін өзге де қолайсыз жағдайларда;

б) егер ажыратылған бөлік 0,0025-тен төмен еңістікте орналасып тірке-ген кезде поезд қозғалысының бағытына қарама-қарсы бағытта кетуі мүмкін болса.

Айрықша жағдайларда құрамның ажыратылған бөлігімен тіркесу үшін соңында келе жатқан поездың локомотивы осы Нұсқаулықтың 7.22-тармағында ескерілген тәртіп бойынша қолданылуы мүмкін.

7.11. Егер поезды тіркеу мүмкін болмаса машинист өтінімінде поездың ажыратылған бөліктері арасындағы шамамен алынған арақашықтықты қосымша көрсете отырып осы Нұсқаулықтың 7.2-тармағында ескерілген тәртіп бойынша қалпына келтіруші поезын немесе қосалқы локомотивты талап етуі тиіс.

осы Нұсқаулықтың 7.2-тармағында ескерілген айрықша жағдайларда көмек көрсету жөніндегі жазбаша талап етуді станцияға жеткізу үшін поездық локомотив (вагондарымен немесе оларсыз) қолданылуы мүмкін. Аталмыш-темір жолдарындағы сигнал беру жөніндегі нұсқаулықтың 7.5-тармағында ескерілген тәртіп бойынша белгіленуі тиіс.

Адамдары бар және 1-класты (жарылғыш материалдар) қауіпті жүктер тиелген вагондары бар құрамдарды аралықта күзетусіз қалдыруға тыйым салынады.

7.12. Көмек көрсету туралы талап етумен станцияға бара жатқан локомотивтың машинисі төмендегілерді орындауға міндетті:

автоблоктаумен жабдықталған аралықтарға жол бағдаршамдарының көрсетулерін басшылыққа алуға;

жол қосындары (блок-қосындары) бар жартылай автоматты блоктау-мен жабдықталған аралықтардан жөнелу жолы бойындағы алғашқы блок-қосынға тоқтап, орын алған оқиға жөнінде поезд диспетчеріне хабарлауға. Блок-қосынның кезекшісі аталмыш локомотивты өту сигналының рұқсат етуші көрсетуі бойынша жөнелтеді, алайда жүріп өту жөніндегі блоктау сигналын бермейді. Аралықтағы қалған блок-қосындардың кезекшілері осы Нұсқаулықтың 3.17-тармағында ескерілген тәртіп бойынша әрекет етеді.

74

Электрбұздығандық жүйемен жабдықталған аралықтарда поезд құрамы қалдырылған аралықтың бұздығанын көмек көрсету туралы талап ету-мен станцияға келіп жеткен машинист станция кезекшісіне береді. Стан-ция кезекшісі аралық босап, қалыпты қозғалысты қалпына келтіргенше бұздығанды аппаратқа салынбаған күйінде сақтауы тиіс.

7.13. Аралықты жабу мен аралықта тоқтап тұрып қалған поезға көмек көрсету үшін локомотивты немесе поезды жөнелту ісі осы Нұсқаулықтың 7.5- тармағында ескерілген тәртіп бойынша орындалады. Көмекті поездың соңынан көрсеткен кезде, егер соңғы бөлігінің орналасқан жері белгісіз болса, қосалқы локомотивтың (қалпына келтіруші поездың) машинисіне қиғашынан түскен қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат қағазынан басқа, төмендегі ескерту беріледі:

«Аралықта ажыратылған вагондардың орналасқан жері белгісіз».

Аталмыш ескерту болған жағдайда көмек көрсететін локомотивтың ма-шинисі аралық бойынша аса абайлықпен және кедергі алдында дер кезінде тоқтауын қамтамасыз ететіндей жылдамдықпен жүруі тиіс.

Поезды аралықтан жөнелту станциясына қайтару

7.14. Егер поезд аралыққа тоқтағаннан кейін ілгері қарай қозғалуын жалғастыра алмайтын болып оны жөнелту станциясына қайтару қажет болса, машинист жеке өзі бас кондуктор немесе локомотивтік бригаданың қызметкері арқылы бұл жөнінде (жазбаша түрде, телефон немесе радио-байланыс арқылы) станция кезекшісіне немесе поезд диспетчеріне хабар-лауы тиіс.

Аталмыш хабарландыруды алып поезд диспетчері аралықты (аралықтың тиісті жолын) жабады және поезды станцияға қайтару тәртібін белгілейді.

7.15. Әдетте, поездың аралықтан қайтуы қосалқы локомотивпен орын-далуы тиіс.

Айрықша жағдайларда тоқтап тұрып қалған поезд станцияның кіру сиг-налына дейін немесе «Станцияның шекарасы» деген сигналдық белгіге дейін шегіндірілген болуы тиіс. Поезды шегіндіру поезд диспетчерінің бұйрығымен аралықты (немесе жолды) барлық поездардың қозғалысы үшін жапқаннан кейін және тоқтап тұрып қалған поездың машинисіне станция кезекшісінің төмендегі нысандағы тіркелетін бұйрығын тапсырғаннан кейін орындалады:

«... аралығы (немесе аралықтың жолы) барлық поездардың қозғалысы үшін жабық. № ... поезын кіру сигналына дейін (немесе «Станция шекарасы сигналдық белгісіне дейін) шегіндіруге рұқсат еті-леді).

Станция кезекшісі (ДСП)... (станцияның атауы мен қолы)».

Радиобайланыс немесе телефондық байланыс болмаған жағдайда по-езд диспетчерінің аралықты жабу жөніндегі бұйрығынан кейін поезды ше-

75

гіндіру ісі тоқтап тұрып қалған поездың машинисіне қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазын тапсырғаннан кейін орындалады.

Автоблоктаумен жабдықталған аралықтарда поезды шегіндіру жөніндегі бұйрық немесе қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазды тоқтап тұрып қалған поездың машинисіне тоқтап тұрып қалған поезд бен станцияның кіру сигналының (немесе «Станция шекара-сы» белгісінің) арасындағы жол телімі өзге поездардан бос болған жағдайда ғана берілуі мүмкін.

Егер де автоблоктаумен жабдықталған аралықта жөнелтілген поезд алғашқы блок-телімді босатпай жатып тоқтап қалса, кіру сигналына дей-ін немесе «Станция шекарасы» сигналдық белгісіне дейін поезды шегіндіру станция кезекшісінің төмендегі рұқсат-қағазы бойынша аралықты жабусыз орындалуы мүмкін.

«№... поезының машинисіне поезды кіру сигналына дейін («Стан« ция шекарасы» сигналдық белгісіне дейін) шегіндіруге рұқсат етемін. (ДСП... станцияның атауы мен қолы)».

7.16. Аралықта тоқтап тұрып қалған поезды жөнелту станциясының кіру сигналына дейін (немесе «Станция шекарасы» сигналдық белгісі-не дейін) шегіндіру жылдамдығы сағатына 5 км-ден аспауы тиіс. Аралық бойынша шегіндірілетін поездың алдында (ауысу алаңшасында немесе вагонның арнайы баспалдағында) локомотивтік бригаданың қызметкері, кондуктор немесе машинистің нұсқауы бойынша өзге қызметкер болуы

тиіс.

Аралықтан моторвагондық поездарда, өздігінен жүретін арнайы жыл-жымалы құрамды және жекелеген локомотивтерді шегіндіру ісі сигналдар мен жылжымалы құрамның көрінуі шектерінде тоқтауын қамтамасыз ете-тіндей жылдамдықпен орындалады, моторвагондық поездың машинисі өзге шегіндіру бағыты бойынша басқы басқару кабинасына ауысады.

Егер де жөнелтілген поездың соңы әлі де станцияның шегінен шықпаған болса, қажет болған жағдайда аталмыш поезды шегіндіру ісі маневрлік тәртіп бойынша станция кезекшісінің ауызша нұсқауы бойынша сағатына 5 км-ден аспайтын жылдамдықпен орындалады. Шегіндірілетін поездың жүру бағыты бойынша алғашқы вагонның ауысу алаңшасында немесе ар-найы баспалдағында локомотивтік бригаданың қызметкері немесе кондук-тор, станция кезекшісінің нұсқауы бойынша өзге қызметкер тұруы тиіс.

7.17. Аралықтан қайтарылып жатқан поездардың станцияға қабылдануы ашық тұрған кіру бағдаршамы немесе бағдаршамның тыйым салуды көрсетуі кезінде осы Нұсқаулықтың 9.30-тармағында белгіленген тәртіппен орындалады.

Маршрут шегіндірілген поезды станцияға қабылдау дайын болған жағдайда осы Нұсқаулықтың 7.15- тармағында ескерілген аралық бойынша шегінідіруге рұқсат поезды станцияға қабылдау жөніндегі бұйрығымен бі-ріктірілуі мүмкін. Бұл жағдайда кіру бағдаршамының болу мен қабылдау

76

жағдайларына байланысты шегіндіруге рұқсаттық мәтіні төмендегі сөздермен толықтырылады: «және ... жолына жүруге рұқсат етемін. Кіру бағдаршамы ашық»; «және ... жолына кіру бағдаршамының тыйым салу көрсетуі кезінде жүруге рұқсат етемін. Қабылдау маршруты дайын» және... жолына жүруге рұқсат етемін. Қабылдау маршруты дайын».

Аралықта тоқтап тұрып қалған поезға соңынан келе жатқан поездың локомотивымен көмек көрсету

7.18. Автоблоктаумен, поездық радиобайланыспен жабдықталған те-лімдерде аралыққа тоқтап тұрып қалған поезға көмек көрсету үшін көрінім жақсы болған жағдайда төмендегілерді пайдалануға болады.

аралық арқылы тоқтап тұрып қалған поездың соңынан келе жатқан жеке локомотивты;

аралық бойынша тоқтап тұрып қалған поездың соңынан келе жатқан жүк поезының құрамынан ағытылған локомотивты;

соңынан келе жатқан жүк поезын өзінен жетекші локомотивты ағытусыз пайдалануға.

Көмек көрсетудің бір немесе өзге әдісі поезд диспетчерінің оның жағдайды жан-жақты бағалауынан кейін екі локомотивтің машинисіне бе-рілетін тіркелетін бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.

Көмек көрсету үшін локомотивты адамдары бар поездан және 1 (ЖМ)-класты қауіпті жүктер тиелген вагоны бар поездан ажыратуға тыйым салы-нады. Аталмыш поездарды сонымен қатар локомотивты құрамнан ағытпай көмек көрсетуге болмайды.

7.19. Егер де көмекті аралық бойынша тоқтап тұрып қалған поездың соңынан келе жатқан жеке локомотив көрсетсе, бұйрық төмендегі нысан бойынша беріледі:

«№... поезы локомотивінің машинисіне. Алдыңызда тоқтап тұрған № ... поезына көмек көрсетіңіз.

Поезд диспетчері (ДНЦ)..................».

Көмекті соңында келе жатқан поездың құрамынан ағытылатын локо-мотив көрсетсе, бұйрық төмендегі нысандағы бұйрық бойынша беріледі:

«№ ... поездың машинисіне. Поездың құрамын бекітіңіз, одан ағытылыңыз және алдыңызда тоқтап тұрып қалған №... поезына көмек көрсетіңіз. Поезд диспетчері (ДНЦ)................».

Аталмыш бұйрықты бермес бұрын поезд диспетчері өзінен локомотив-ты ағыту қажет болған поезд құрамының қолайлы нысанда орналасқанына, оны осы Нұсқаулықтың 72-тармағында ескерілген тәртіппен бекітуге болаты-мыпа көз жеткізуге міндетті. Локомотивтің машинисіне вагондарды ығысуға қарсы бекітіп алмай локомотивты құрамнан ағытуға рұқсат етілмейді.

77

7.20. Көмек көрсету үшін пайдаланылатын локомотивтердің маши-нистеріне поезд диспетчерінің бұйрығын алғаннан кейін блок-телімді ба-сып өтіп, алдыда тұрған поездың жанына тоқтауын қамтамасыз ететіндей жылдамдықпен машинист осы поездың құрамына жетпей тоқтауы, өзі соңғы вагонның автотіркесін қарап шығуы, локомотивтың автотіркесін «буферде» жағдайында бекітуі және тек содан кейін ғана абайлап құрамға жақындауы тиіс. Итеру алғашқы поездың машинисі беретін сигналы (нұсқауы) бойынша басталады, ал ары қарай екі локомотивтың машини-сі де бір-бірімен радио арқылы байланысын сақтап, өздерінің әрекеттерін келісуге міндетті. Көмек көрсету қажеттігі өткеннен кейін екінші локомо-тив жетекші локомотивтен берілетін сигнал (нұсқауы) бойынша итермеле-уді тоқтатады. Егер де көмекті тоқтап тұрып қалған поездың артынан келе жатқан жеке локомотив көрсетсе, итермелеуді тоқтатқаннан кейін, ол авто-блоктау сигналдарын өз бетінше басшылыққа ала отырып өзінің қозғалысын жалғастырады.

Көмекті соңында келе жатқан поездан ағытылып алынған локомотив көрсеткең жағдайда, аталмыш локомотив итермелеуді тоқтатқанан кейін қалдырылған құрамға қайтады, егер де бұл локомотив көмек көрсету ба-рысында поезбен бірге келіп жетсе, оны аралықта қалдырылған құрамға қайтару ісі станция кезекшісінің нұсқауы бойынша аралықты басып тұруға қосымша рұқсатсыз орындалады. Қалдырылған құрамға жетпей тұрып, машинист локомотивты тоқтатып, жеке өзі автотіркестің тіркеуге дайын болғандығына көз жеткізеді. Өзін құрамға тіркеу үшін локомотивтың ары қарайғы қозғалысы ерекше абайлықпен орындалады.

Локомотивты тіркеп, тежегіш ауа магистралін белгілі қысымға дейін за-рядтау үшін автотежегешітер қысқа түрдегі сынақтан өткізіледі, ал соңынан локомотивтік бригада қызметкерлері немесе бас кондуктор вагондардың доңғалақтарының астындағы тежегіш табандықтарды шешіп алып, қол те-жегіштерін тежелген жағдайдан шығарады.

7.21. Аралықта тоқтап тұрып қалған поезға артында келе жатқан поездың өзінен жетекші локомотивты ағытусыз көмек көрсетуі айрықша жағдайларда тек «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілеген телімдерде, және көмек көрсету үшін пайдаланылатын поездың салмағы мен ұзындығы белгі-ленген нормалардан аспаған жағдайда ғана орындалады. Көмек көрсетудің аталмыш әдісін қолдануға рұқсат етілетін телімдер мен аралықтарды бел-гілеумен бір уақытта «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы аталмыш әректті орындау кезіндегі қызметкерлердің (поезд диспетчерінің, поездық локомотивтердің машинистерінің, станция кезекшілері мен т.б.) әрекеттерінің тәртібін белгі-лейді.

7.22. Аралықтағы жүк поезының ағытылып кеткен құрамының бөліктерінжалғауүшінкөмеккөрсетуісіосыНұсқаулықтың7.10-тармағында ескерілген жағдайларда, тек айырылысу болған құрам машинисінінің өтінуі бойынша орындалады. Көмекті ағытылып кеткен поездың артынан келе жатқан жеке локомотив немесе соның артынан келе жатқан жүк поезы, одан жетекші локомотивты ағытусыз көрсетуі мүмкін.

78

Диспетчердің көмек көрсету жөніндегі бұйрығы бұл жағдайларда төмендегі нысан бойынша беріледі:

«№ ... поезы локомотивының машинисіне. Алдыңызда тоқтап тұрған №... поезынан ағытылып кеткен соңғы вагондармен қосылыңыз және осы вагондарды құрамның басты бөлігімен жалғауға көмек көрсетіңіз. Поезд диспетчері (ДНЦ).............».

Көмекті жекелеген локомотив немесе локомотив соңында келе жатқан поездың құрамымен бірге көрсетуіне байланыссыз, көмек көрсететін ло-комотив поездың ағтылып кеткен бөлігінің соңғы вагонымен тіркесуі тиіс. Ары қарайғы әрекеттер алғашқы поезд локомотивы машинисінің нұсқауы бойынша, оның осы Нұсқаулықтың 7.9-тармағында ескерілген талаптарды орындауынан кейін орындалады, бұл ретте ағытылып кеткен вагондардың арақашықтығына, құрамның басқы және ағытылып кеткен бөліктеріндегі вагондардың санына, жолдың пішініне және т.б. байланысты қосылу (жалғау) не алғашқы поезДың басқы бөлігін шегіндіру жолымен, не ағытылып кеткен вагондарды өздерін алғашқы поездың басқы бөлігімен жалғағанша итерме-леу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Ағытылған бөліктерін жалғағаннан кейін екінші поезд машинисінің көмекшісі локомотивты соңғы вагоннан ағытады және екі поезд өз бетінше автоблоктау сигналдарын басшылыққа ала отырып өзінің қозғалуын жалғастырады.

7.23. Автоблоктаумен жабдықталған аралыққа жекелеген локо-мотив немесе алынбалы емес типтегі дрезина тоқтап қалған жағдайда, олар өз бетінше ары қарай қозғала алмайтын кезде оларды аралықтан жақын жердегі станцияға дейін әкету ісін артынан келе жатқан поездың көмегімен локомотивты осы поездың құрамынан ағытусыз орындалуы мүмкін. Бұл сонымен қатар поезд диспетчерінің екі локомотивтың ма-шинистері мен алдыда орналасқан станция кезекшісіне беретін бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тоқтап тұрып қалған локомо-тив (дрезина) мен соңынан келе жатқан локомотивпен қосылады. Жақын жердегі станцияға дейін ары қарай қозғалу жылдамдығы сағатына 25 км-ден аспауы тиіс.

Аталмыш тәртіпті телімдерде қолдану мүмкіндігін жолдың жоспары мен пішініне байланысты «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді.

7.24. Егер де автоблоктаумен жабдықталған аралық бойынша келе жатқан жүк поезы, биік жерде тоқтап қалып, ары қарайғы қозғалу мүмкіндігін тудыру үшін оны одан да жеңілірек пішінге шегіндіру қажет Гюлса, бұл тек поезд диспетчерінің жолдың поездың соңынан станцияға дейінгі телімі поездардан бос болған кезде локомотив машинисі мен ар-і ыпда жатқан станцияның кезекшісіне тіркелетін бұйрығы бойынша жүзеге •ісырылуы мүмкін:

«№ ... поезының машинисіне құрамды жеңілірек пішінге шегінді-руге рұқсат етемін, жолдың.............станциясының кіру сигналына дей-

79

інгі («Станция шекарасы» сигнаддық бедгісіне дейінгі) тедімі поездар-дан бос ... арадығы қозғадыс үшін жабық. ДНЦ....................».

7.25. Моторвагондық поезд аралықта мәжбүрлі түрде тоқтап, оның ары қарайғы өз бетінше қозғалуы мүмкін болмаса, аралықтан алғашқы серіктес станцияға дейін қосарланған құраммен шығару үшін оған соңынан келе жатқан моторвагондық поезды тіркеуге рұқсат етіледі. Екі поездың автоте-жегіштері ортақ магистральге қосылуы тиіс.

Құрамдарды қосу ісі поезд диспетчерінің екі поездың машинистері-не (осы мақсатта қолда бар барлық байланыс құралдарын қолданумен) төмендегі нысандағы тіркелетін бұйрығы бойынша орындалады.

«№ ... мен № ... поездарының машинистері поездарды біріқтіріп қосарланған құраммен... станциясына дейін жүріңіздер. ДНЦ...».

Алғашқы поездың басқы кабинасынан біріктірілген поезды басқару мүмкін болмағанда поез бен тежегіштерді басқару ісі екінші поездың басқы кабинасынан орындалады, бұл жағдайда қозғалыс жылдамдығы сағатына 25 км-ден аспауы тиіс. Алғашқы поездың басқы кабинасында машинист болуы тиіс, ол қозғалуды бақылап, қажет болған жағдайда шұғыл тексеру арқылы тоқтауға бағытталған шараларды қолдануға міндетті.

Қосылуы мен қосарланған құраммен жүрген жағдайдағы екі поездың локомотивтік бригадаларының әрекет ету тәртібін жергілікті жағдайларға сәйкес темір жол көлігі мекемесінің басшылығы белгілейді.

7.26. Аралықта жолаушы поезы мәжбүрлі түрде тоқтаған кезде, оның өз бетінше ары қарай қозғалуы мүмкін болмаған жағдайда, бұл поезға көмекті поездың басынан да соңынан да қосалқы локомотив соған сәйкес жолаушы поезын алдында немесе соңында орналасқан станцияға шығарумен көрсетуі мүмкін. Қосалқы локомотивтың машинисі алдағы уақыттағы қозғалу бағыты жөнінде жолаушы поезының машинисін ескертуге міндетті, соңғысы бұл жөнінде өз тарапынан жолаушы поезының бастығы (механик-бригадир) мен жолсеріктерді ескертеді.

80

ДУ-64 нысанындағы бланк

РҮҚСАТ-ҚАҒАЗДЫҢ РҮҚСАТ-ҚАҒАЗ

ҚАБЫРШАҒЫ

Станция (мөрқалып) Станция (мөрқалып)

20—ж. «—»------------------ 20—ж. «—»------------------

№ -------поезына № -----локомоти- № -------поезына № -----локомотивы-

вымен бірге-------аралығына мен бірге-------аралығына

-----------жолы бойынша--------км-не -----------жолы бойынша --------км-не

дейін ------------------үшін жөнелуге дейін ------------------үшін жөнелуге

рүқсат етемін. рұқсат етемін.

Осы рүқсат-қағазы радиобайла- Осы рүқсат-қағазы радиобайла-

ныс арқылы станция кезекшісінің ныс арқылы станция кезекшісінің

нүсқауын алғаннан кейін нұсқауын алғаннан кейін станцияның

станцияныңтыйымсалудыкөрсетіп тыйым салуды көрсетіп түрған шығу

тұрған шығу сигналынан өтуге және сигналынан өтуге және аралық

аралық бойынша автоблоктаудың бойынша автоблоктаудың өту

өту бағдаршамдарының көрсету- бағдаршамдарының көрсетулеріне

леріне байланыссыз жүріп өту байланыссыз жүріп өту құқығын бе-

құқығын береді. реді.

Станция кезекшісі Станция кезекшісі

(қолы) (қолы)

(қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті) (қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті)

Ескерту. Рұқсат-қағазында поезд жабық аралыққа қандай мақсатпен жөнелтілетіні айтылуы тиіс, мысалы, «аралықтан № ... поезының құрамын ... станциясына шығару үшін», аралықта тоқтап тұрып қалған № ... по-сзын итермелеу үшін және итермелеуден кейін кері қарай ... станциясына қайтару үшін, «Жол жөндеу жұмыстарын орындау мен жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша аралықтан қайтуы үшін» және т.б.

81

8-тарау

Темір жол телімдері мен құрылыстарындағы жұмыс жүргізу кезіндегі

шаруашылық поездарының, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы

құрамның қозғалысы

8.1. ТПЕ-нің 8.3-тармағына сәйкес құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу жұмысы қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбек қорғау қамтамасыз етілген жағдайда, әдетте, поездар қозғалысының кестесін бұзбай орын-далуы тиіс.

Көлемі бойынша үлкен болып келетін жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін поездар қозғалысының кестесінде «толас-кездер» ескеріліп, осы жұмыстармен туындалатын қозғалысты шекте-улер есепке алынуы тиіс.

Жолды жасанды құрылыстарды, түйіспелі торап пен СОБ құрылғыларын ағымдағы күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарын орын-дау үшін поездар қозғалысының кестесінде ескерілетін ұзақтығы 1,5-2 сағ., ал аталмыш жұмыстарды кешендік машиналармен, арнайы бригадалар мен механикаландырылған колонналар орындаған кезде - ұзақтығы 3-4 сағ «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бекіткен тәртіп бойынша технологиялық толаскездер ұсынылуы тиіс.

Поездар қозғалысының кестесінде ескерілмеген уақыт аралығында орындалатын жолды, түйіспелі торапты, СОБ және бай-ланыс құрылғылары мен өзге құрылыстар мен құрылғыларды, әдетте, аралықты жабусыз орындалуы тиіс.

Егер аталмыш жұмыстарды орындау қозғалысты үзу қажеттігін тудырса, олардың басталуы мен аяңталуының нақты мерзімін «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау дирекциясының басшылығы белгілейді.

Қозғалыстың үзілуін тудыратын жұмыстар мен өздерін орындау үшін қозғалыс кестесінде толаскездер ескерліген жұмыстарды орындау уақытына жұмыс жеткшісі поезд диспетчерімен тұрақты (телефондық немесе радио арқылы) байланыс орнатуға міндетті.

Поездар қозғалысының кестесінде толаскездер тәуліктің қараңғы мезгілінде ескерілетін телімдерде жұмыс жетекшісі жұмыстар орын-далатын жердің жарықтандырылуын қамтамасыз етуге міндетті.

Өздерінің сипаты бойынша аралықты, аралықтың немесе станцияның басты жолын жабуды қажет ететін жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау дирекциясының рұқсаты алынуы тиіс.

ТПЕ-нің 8.8-тармағына сәйкес дара жолды телімде жұмыс жүргізу үшін аралықты жабу, ал қос жолды немесе көп жолды телімде бір не-месе бірнеше жолды жабу ісі егер од іргелес темір жолдар мен поездар қозғалысының белгіленген өлшемдерінің өзгеруін тудырмайтын бол-са «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығының рұқсаты бойынша орындалады. Егер аталмыш жабу ісі поез дар дың ТМ Д елдер інің ірге л ес темір жолдары бой-ынша қозғалуының белгіленген өлшемдерін өзгертуді тудыратын болса,

82

оны ҚР ҚЖМ мен Орталық Азия темір жолдарының бастықтарымен ке-лісумен, «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы рұқсат етуі мүмкін.

Егер де аталмыш жұмыстар үшін поездар қозғалысының кестесінде то-ласкездер ескерілмесе, оларды орындау мен аралықты жабу уақыты әр жеке жағдайда алдын ала (жол, сигнал беру және байланыс, электрмен жабдықтау дистанциясының бастығымен) «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау дирекциясымен келісіледі. Тиісті рұқсат-қағазы болған жағдайда жұмыстардың басталуына дейін және олардың аяқталуына дейін аралықты (жолды) жабу және ашу поезд диспетчерінің бұйрығымен ресімделеді.

8.2. «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау дирекциясының жұмыстарды жүргізуге арналған рұқсат-қағазында аралықты немесе жеке жолды жабу келісілген уақыты мен аталмыш жұмыстарды біртұтас басшылығын жүзеге асыратын тұлғаның тегі көрсетілуі тиіс. Жұмыс жетекшісінің тегі мен лауазымын поезд диспетчері аралықты шектейтін станция кезекшілеріне хабарлауға міндетті.

Темір жол көлігі кәсіпорны басшьмығыныңрұқсат-қағазында көрсетілген, аталмыш жұмыс жетекшісі болмаған жағдайда аралық пен станциядағы жұмыстарды орындау үшін «толаскезді» ұсынуға тыйым салынады.

8.3. Жұмыс жетекшісі аралықты жаппас бұрын аралықты шектейтін стан-ция кезекшісіне және поезд диспетчеріне шаруашылық поездарын, машина-лар мен агрегаттарды жөнелту реттілігі жөніндегі өтінімді, онда әрбір поезд бен машина үшін, олар жұмыс аяқталғаннан соң қайтуы тиіс жабық аралық (не басты жолдың) және станциядагы алғаш аялдау километрін көрсетумен тапсыруға және диспетчерлік өкім журналында жазба жасауға міндетті.

8.4. Жұмыстардың басталу мерзімі келіп аралық жабылғаннан кейін по-езд диспетчері оның поездардан бос болуын және қос жолды және көп жол-ды телімдердегі тиісті жолдың бос болуын анықтайды, соңынан аралықты мемесе басты жолды шектейтін станциялардың кезекшілеріне және жұмыс жетекшісіне жабу жөнінде бұйрық береді.

Айрықша жағдайларда жұмыс орнында поездық диспетчермен телефондық немесе радиобайланыс болмаған жағдайда аралықтың немесе жолдың нақты жабылуы жөніндегі бұйрық жұмыс орнына жақын жатқан станцияның кезекшісі жұмыс жетекшісіне (телефон арқылы немесе жұмыс орнынан іссапарға жіберілетін тұлға арқылы) тапсырылады.

Жұмыс жетекшісі поезд диспетчерінің (жазбаша, телефон немесе ра-диобайланыс арқылы) бұйрығын алмайынша және жұмыс орнын белгілен-іен сигналдармен қоршамайынша жұмыстарды бастауға тыйым салынады.

8.5. Шаруашылық поездарын, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның бірлігін (ары қарай осы Нұсқаулықтың 8-тарауында пралыққа жөнелткен кезде- шаруашылық поезы деп аталады) құрылыстар мімі құрылғыларды жөндеу үшін жабылған аралыққа жөнелту ісі осы I Іусқаулықтың 9.24-тармағындағы талаптарын орындаумен қиғаш қызыл жолагы бар ақ түсті балнкідегі рұқсат-қағаздары (ДУ-56 нысанындағы бланк 7()-Г)етте келтірілген) бойынша жүргізіледі. Жұмыс жетекшісінің өтініміне і *иікес рұқсат-қағазында әрбір поездың алғашқы рет аялдайтын жері (кило-мстрі) көрсетіледі.

83

8.6. Жабық аралықта (жолда) әртүрлі ұжымдардың меншігінде-гі, алайда осы Нұсақулықтың 8.2-тармағына сәйкес «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасы-малдау дирекциясының рұқсат-қағазында керсетілген бір қызметкердің басшылығында тұрған бір уақытта бірнеше шаруашылық поездар (дрези-налар) мен жол машиналары жұмыс жүргізуі мүмкін.

Әрбір шаруашылық поезы локомотивінің машинисі қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазында көрсетілген жерге дей-ін жүруі тиіс. Алғашқы поезд белгіленген жылдамдықпен, ал қалғандары сағатына 20 км-ден аспайтын жылдамдықпен жүріп отырады, бұл рет-те поездардың арасындағы қашықтық 1 км-ден аз болмауы тиіс деген арақашықтықтарды ұстануға мүмкіндік бермесе, әрбір шаруашылық по-езына берілетін қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті бланкілердегі рұқсат-қағаздарында жұмыс жетекшісінің өтініміне сәйкес алғашқы аялдаудың километрлері мен бекеттері көрсетілуі тиіс.

Шаруашылық поездарын іргелес бөлу пунктілерінен жабық аралыққа бір біріне қарсы бағытта жөнелткен жағдайда екі станцияның да кезекшіле-рі поезд диспетчерінің нұсқауы бойынша қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазында жөнелтудің мақсаты жөніндегі жазбадан кейін төмендегі нысандағы жазбаны енгізеді:

«Аралыққа № ... қарсы бағыттағы шаруашылық поезы жөнелтілді. Ерекше абайлық танытыңыздар».

Әртүрлі бөлу пунктілерінен жабық аралыққа бір біріне қарама-қарсы бағытта жөнелтілетін поездар тек рұқсат-қағазында көрсетілген жерге дей-ін жүруі тиіс, аталмыш жерде жұмыс жетекшісінің нұсқауымен аялдаудың тасымалданатын сигналы орнатыдады, оны соның жанында тұрған қол қызыл сигналы бар сигналист күзетеді. Қарсы бағыттағы поездардың аял-дау пунктілерінің арақашықтығы 1 км-ден кем болмауы тиіс. Шаруашылық поезы локомотивінің (өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның) машинисі рұқсат-қағазында көрсетілген жерге тоқтағаннан кейін радио-байланыс бойынша қарсы бағыттағы шаруашылық поезы локомотивінің машинисі және соңынан келе жатқан шаруашылық поездары мен өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның машинистеріне өзінің тұрған же-рін хабарлайды.

Шаруашылық поездарының (өздігінен жүретін арнайы жылжыма-лы құрамның) аялдағаннан кейінгі аралық бойынша ары қарай қозғалуы жұмыс жетекшісінің нұсқауымен сағатына 20 км-ден аспайтындай жылдамдықпен ерекше абайлықпен жүзеге асырылады. Қарсы бағыттағы поездардың (өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның) машини-стері өздерінің жұмыстарды жүргізу орны басталғанша (басына дейінгі) ары қарайғы қозғалыстары туралы бір бірін радиобайланыс арқылы ха-бардар етеді.

8.7. Егер де жұмыстар автоблоктаумен жабдықталған аралықта орында-лып жатса, поезд диспетчерімен келісіп шаруашылық поездарын, машина-

84

лары мен агрегаттарды жұмыс орнына автоблоктау сигналдары бойынша, аралықтың жабылуын күтпей-ақ жөнелте беруге рұқсат етіледі.

Әрбір поездың машинисіне жұмыс жетекшісінің өтінімінде көрсетілген аралықтың жеріндегі жағдай жөнінде ескерту беріледі. Аталмыш поездарды жабылуға жататын аралыққа жөнелту кезінде қиғаш қызыл жолағы бар ақтүсті бланкідегі рұқсат-қағазы (ДУ-64 нысанындағы бланк) жұмыс жетекшісіне неме-се оныңуәкілетті қызметкеріне тапсырылады, соңғысы поезд аралықтағы алдын ала белгіленген жерде тоқтап, поезд диспетчерінің аралықты жабу жөніндегі бұйрығын алғаннан кейін оны локомотив машинисіне ұсынады. Аралық немесе тиісті жол шаруашылық поездарының, машиналары мен агрегаттарының ал-дында жөнелтілген поездардан босағаннан кейін поезд диспетчерінің бұйрығы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылады.

8.8. Жоспар-жобасы мен пішіні қолайлы болып келетін автоматты блок-таумен жабдықталмаған жолының, жүріс уақыты бойынша үлкен болып келетін аралықтарда поезд диспетчерінің нұсқауы бойынша шаруашылық поездарын, машиналары мен агрегаттарын жұмыс орнына аралықтың жа-былуын күтпей-ақ, бұрынырақ жөнелтілген поездың соңынан, алайда оны жөнелткеннен кейін жөнелтуге болады. Рұқсат-қағазы аралықты шектей-тін станциялар мен жұмыс жетекшісіне поезд диспетчерінің тіркелетін бұйрығымен беріледі.

«Жұмыстарды жүргізу мақсатында... аралығын (аралықтың.... жо-лын) алдыңғы уақытта көзделген жабумен байланысты осы аралыққа... жолы арқылы ... станциясынан № ... поезының соңынан шаруашылық поездарын жөнелтуге рұқсат етемін. ДНЦ... (қолы)».

Бұл жағдайда әрбір шаруашылық поезы немесе машина қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазы бойынша жөнелтіледі. Жетекшінің өтініміне сәйкес рұқсат-қағазында әрбір поездың аралықта лл ғаш рет аялдауының орны (километрі) көрсетіледі. Алғашқы шаруашылық поезының машинисіне сонымен қатар төмендегідей ескерту беріледі:

«Сіздердің алдарыңызда ... сағ ... мин №... поезы жөнелтілді, оның келіп жеткені жөнінде хабар келген жоқ».

Шаруашылық поездары аралық бойынша жүрген кезде осы I Іусқаулықтың 8.6-тармағында ескерілген тәртіп сақталуы тиіс.

8.9. Аралықта бір уақытта жұмыс істеу үшін станциядан бір поезбен жонелтілетін шаруашылық поездары, өздігінен жүретін арнайы жылжы-мллы құрам жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша аралықта ажыратылуы немесе тіркелуі мүмкін.

Өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның аталмыш моімдардағы мүмкін болатын құрамы мен орналастыру тәртібін «Жол жүмыстарын жүргізу кезіндегі поездар қозғалысының қауіпсіздігін ММ тамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жұмыс жетекшісі бекітеді.

85

Жетекшінің нұсқауы бойынша ары қарай аралықта жұмыс істеу үшін бір бірімен біріктірілген бірнеше шаруашылық поездарын станциядан жөнелту кезінде олардың әрқайсысының машинисіне әрбір шаруашылық поезына жеке нөмірді берумен қиғаш қызыл жолағы бар ақ тусті бланкідегі жеке рұқсат-қағазы (ДУ-64 нысанындағы бланк) берілуі тиіс.

8.10. Аралықта немесе станциялардың шектерінде жұмыстарды жүргізу кезінде шаруашылық поездары, өздігінен жүретін арнайы жылжымлы құрамды жұмыс жетекшісі немесе оның уәкілетті қызметкері алып жүруі тиіс.

«ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау бас басқармасының нұсқауымен қажет болған жағдайда шаруашылық поездарына бас кондукторлар тағайындалуы мүмкін.

8.11. Жұмыстарды жүргізу үшін поездардың қозғалысындағы бел-гіленген үзілістің аяқталу уақытына, аталмыш жұмыстар толығымен аяқталып, құрылыстар мен құрылғылар поездардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін жағдайға келтіріліп, тоқтау сигналдары, егер қажет болса жылдамдықты азайту сигналдары мен тиісті сигналдық белгілерді қалдырумен шешіліп алынуы тиіс.

8.12. Шаруашылық поездарын аралықтан жөнелту ісі жұмыс жетекшісінің поезд диспетчерімен алдын ала келісілген нұсқауы бойынша орындалады.

Шаруашылық поездарын аралықтан қайтарудың көзделген тәртібі ту-ралы поезд диспетчері аралықты шектейтін станциялардың кезекшілерін хабардар етеді.

Жұмыс жетекшісі шаруашылық поездарының, өздігінен жүретін ар-найы жылжымалы құрамның жұмысы аяқтала салысымен жеке өзі не-месе өзінің қарамағындағы қызметкерлер арқылы жұмыс телімінің бүкіл ұзақтығындағы жолды немесе өзге жөндеуден өткізілген құрылғыларды тексеріп, қалыпты қозғалуға кедергі жасайтын кемшіліктердің дереу түрде жойылуың қамтамасыз етіп, сонымен қатар жүктердің белгіленген габарит шектерінен тыс орналаспауын тексеруге міндетті.

8.13. Егер автоблоктаумен жабдықталған қос жолды аралықтарда шаруашылық поездары жұмыс біткеннен соң дұрыс жол арқылы станцияға қарай жөнелсе, олардың қозғалысы машинистерде қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазының (ДУ-64 нысанындағы бланк) болу-болмауына байланыссыз автоблоктау сигналдары бойынша белгіленген жылдамдықпен орындалады.

Қалған жағдайларда шаруашылық поездарының, машиналардың, агрегаттардың алғашқысын санамағанда аралықтағы жұмыстан кейінгі жүру жылдамдығы сағатына 20 км-ден аспауы тиіс, ал олардың арақашықтығы 1 км-ден кем болмауы тиіс.

8.14. Аралықты (жолды) ашу ісі жол дистанциясының бастығынан неме-се оның уәкілетті қызметкерінен (лауазымы бойынша жол шеберінен төмен емес) жол жұмыстарының немесе жасанды құрылыстардағы жұмыстардың аяқталуы жөнінде, аралықта шаруашылық поездарының, өздігінен жүретін

86

арнайы жылжымалы құрамның (немесе олардың қос жолды аралықтың дұрыс жолы арқылы жөнелуі кезінде), сонымен қатар жұмыстарды қай ұжымның орындағанына байланыссыз поездардың қауіпсіз қозғалысына озге кедергілердің болмауы жөніндегі хабарландыруды алғаннан кейін по-езд диспетчерінің бұйрығы бойынша орындалады. Хабарландыру поезд диспетчеріне тікелей немесе жақын жердегі станция кезекшісі арқылы бе-ріледі. Телефон немесе радиобайланыс арқылы алынған хабарландыруды поезд диспетчері диспетчерлік өкімдер журналына жазады.

СОБ және байланыс немесе электрмен жабдықтаудың әрекеттегі құрылғыларын қалпына келтіру ісі (егер олардың жұмысы бұзылмаған бол-са) соған сәйкес СОБ және байланыс аға электрмеханигінен немесе энерго-диспетчерінен хабарландыруды алғаннан кейін орындалады.

8.15. Автоблоктаумен жабдықталған қос жолды аралықтарда жөндеу және құрылыс жұмыстарының аяқталуы жөніндегі, поездар қозғалыына кедергілердің болмауы жөніндегі, автоблоктаудың жарамды жұмысы мен жұмыс орнынан шаруашылық поездарын (өздігінен жүретін арнйы жыл-жымалы құрамды) теріс жол арқылы жөнелту жөніндегі хабарландыру-ды алғаннан кейін іргелес станцияға барлық шаруашылық поездарының (оздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның) келіп жетуін күтпей-ақ аралықты поздардың автоблоктау бойынша қозғалуына арнап ашуға рұқсат етіледі.

8.16. Жұмыстан кейін аралықтан бірінің артынан бірі келе жатқан шаруашылық поездары мен өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды станцияның бір жолына немесе жылжымалы құрам тұрған өзге жолдың бос тұрған теліміне кіргізуге рұқсат етіледі. Бұл ретте аралықтан қайтып келе жатқан поездар станция жолының бос тұрған теліміне кіру багдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде осы Нұсқаулықтың 9.30-тармағында ескерілген тәртіп бойынша енгізіледі.

Поезд станцияға кірген кезде машинист айрықша абайлық танытып, пры қарайғы қозғалыс үшін кедергі кездескен жағдайда дереу түрде тоқтауға дайын болуы тиіс.

8.17. Жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жолдардың бірінің жабылу мерзімінде поездардың қос жолды және көп жолды аралықтарда қ.ыіан жол бойынша қозғалу тәртібін, өткізу қабілеттілігін аса тиімді пай-д.ману жөніндегі қажетті шараларды жүзеге асыру есебімен (біріктіріл-іічі поездарды өткізу, поездардың уақытты бөлумен (айырумен) қозғалуы, ап гоблоктаудың уақытша құрылғыларын қолдану, уақытша қосындарды апіу және т.б. «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бекітеді).

8.18. Өзінің сипаты бойынша аралықты жабуды қажет етпейтін жол-ды, құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу жұмыстары, әдетте, поез-дпр арасындағы үзіліс кезінде орындалады. Аталмыш жұмыстар кезіндегі қ.іуіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі Министрліктің Нұсқаулықтарында бел-іі/іеііеді.

8.19. Шаруашылық поездары (дрезиналары) құрылыстар мен қүрі.ілгыларды жөндеу жұмыстары орындалмайтын немесе жұмыстардың

87

сипаты аралықты (жолды) жабуды қажет етпейтін аралықтарға (аралықтардың жолдарына) жөнелту ісі поезд диспетчерінің ауызша нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.

Аталмыш поездар аралыққа сигнал беру мен байланыстың тиісті құралдарына арнап ескерілген рұқсат-қағаздары бойынша жөнелтіледі.

Жұмыс жетекшісі мен машиниске поездың станцияға келіп жет-кен (қайтарылу) уақыты жөніндегі ескерту беріледі. Аралықты ескертуде көрсетілген уақыттан артық басып тұруга тыйым салынады.

Жұмыс жетекшісі шаруашылық поезының аралықтан шығуына дейін поездардың қалыпты қозғалысы үшін кедергілердің болмауына көз жеткі-зуге міндетті.

8.20. Өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның қос жол-ды немесе көп жолды аралықтың жолдарының бірінде, сонымен қатар станцияның қабылдау-жөнелту немесе басты жолдарында жұмыс істе-уі кезінде, іргелес жол «Жол жұмыстарын жүргізу кезіндегі поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта белгі-ленген жағдайларда және тәртіппен сигналдармен қоршалады. Осы жол-мен жүретін поездарға жұмыс жетекшісінің өтініміне сәйкес ескертулер беріледі.

8.21. Вагон типіндегі қар тазалағыш немесе жоңғы, балластағыш, жол төсегіш, көтеруші кран, шағылтас тазалағыш және өзге машиналардың қос жолды немесе көп жолды телімдерде, сонымен қатар станцияның қабылдау-жөнелту немесе басты жолдарында жұмыс істеген кезде, іргелес жолмен өтіп бара жатқан поездардың машинистеріне мазмұны төмендегідей ескер-тулер беріледі:

«... жолы бойынша ... аралығында (станциясында) жол жоңғысы (қар тазалағыш) жұмыс істеп жатыр. Аралық (станция) арқылы жүрген кезде ерекше абайлық танытылсын; көрінімі нашар орындардың алдында ұзақ уақыт хабарлаушы ысқыру».

Мұндай ескертулер поезд диспетчерінің нұсқауы бойынша станция ке-зекшілеріне беріледі.

8.22. Станциялық жолдардағы жұмыстар Техникалық пайдалану ережелерінің 8.7- тармағы мен Сигнал беру жөніндегі нұсқаулықтың 3.10, 3.11-тт. орындаумен жүргізіледі.

Станция кезекшісі жұмыс жетекшісінің тексеру журналындағы жазбасының мазмұнымен танысып, қосын кезекшілеріне, сигнал беру-шілерге, стрелкалық қосын кезекшілеріне, құрастырушыларға, ал олар арқылы станцияда жұмыс істейтін локомотивтердің машинистеріне қайсыбір жолдарға немесе жолдардың телімдеріне кіруге мүмкін еместігі жөнінде, жұмыстар және т.б. жүргізіліп жатқан жолдар арқылы жүрген кезде жылдамдықты азайту немесе ерекше абайлық таныту жөнінде нұсқаулар береді, ал алдыңғы уақыттағы поездарды өткізу мен маневр-лік жылжулар жөнінде парктік байланыс арқылы станциялық жолдарда орналасқан қызметкерлерді хабардар етеді, немесе (дауыстық хабаршыны) қосады.

88

Поездарды аталмыш жұмыстар жүргізіліп жатқан жолдарда қабылдау кезінде қажет болған жағдайларда машинистерге жылдамдықты төмендету немесе абайлық танытудың өзге шараларын қабылдау жөніндегі ескертулер беріледі.

Түйіспелі тораптағы жұмыстарды орындау кезінде тексеру журнал ында түйіспелі тораптың қай жолдары, стрелкалары немесе секциялары барлық поездардың немесе тек қана электржылжымалы құрамның қозғалысы үшін жабылатыны көрсетілуі тиіс.

89

9-тарау

Поездарды қабылдау және жөнелту

Жалпы талаптар

9.1. ТПЕ-нің 15.1-тармағына сәйкес станцияныңтехникалық құралдарын пайдалану тәртібі техникалық-жарлық актімен белгіленеді, осы акт арқылы поездардың қауіпсіз және кедергісіз қабылдануы, станция бой-ынша жөнелтілуі және жүріп өтуі, станцияаралық маневрлік жұмыстың қауіпсізідігі мен еңбек қорғау талаптарын орындау ісі реттеледі.

Техникалық-жарлық актісімен белгіленген тәртіп барлық қызметтердің қызметкерлері үшін міндетті болып келеді.

Әрбір поезды қабылдау немесе жөнелтуге арналған маршрутуақытында даярлануы тиіс, және кіру (шығу) бағдаршамы қабылданатын (жөнелтілетін) поездың машинисі сигналдың ашық тұрған қалпын уақытында қабылдап, станцияға кірген кезде поездың белгіленген жылдамдығының төмендеуін немесе поездың станциядан жөнелтілуі кезіндегі аялдап қалуына жол бер-мейтіндей есеппен ашылуы тиіс.

Әрбір поезды қабылдау және жөнелту алдында станция кезекші-сі жолға қабылдау (женелту) маршрутына сонымен қатар жылжымалы құрамның поездың болмайтын жүру маршрутына шығуына жол бермеуі мүмкін. Жолдардағы маневрлерді стрелкаларды күзеттік жағдайға орнату жолымен тоқтатуға міндетті.

Станция кезекшісіне маневрлердің іс-жүзінде тоқтатылғанына көз жеткізіп алмай, поезды қабылдау немесе жөнелту сигналын немесе өзгеше рұқсат беруге тыйым салынады.

Маневрлерді тоқтату, станция кезекшісінің өкімдерді беру және оның олардың орындалуына көзін жеткізу тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді.

Станцияның сұрыптау-жөнелту парктеріндегі поездарды жөнелту кезіндегі маневрлерді орындау тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау дирекциясының басқарушысы белгілейді және ол станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі.

9.2. Стрелклар мен сигаалдардың орталықтандырылуымен жабдықталған станцияларда, поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарын даярлау жөніндегі барлық әрекеттерді станцияның кезекшісі жеке өзі немесе оның нұсқауы бойынша орталықтандыру қосынының операторы орындайды. Орталықтандырылған стрелкаларды орындау қосындарынан басқарған жағдай-да станция кезекшісі поездарды қабылдау немесе жөнелту маршруттарындаяр-лау жөніндегі барлық өкімдерді орталықтандырудың орындату қосындарының операторларына беріп, өкімді басқару аппаратындағы тиісті іс-әрекеттерімен рас-тайды. Берілген өкімдердің орындалуының дұрыстығы орталық аппаратындағы басқару аспаптарының көрсетулері арқылы бақыланады.

Стрелкалар мен сигналдарды, орталықтандыру құрылғыларын пай-далану тәртібі, сонымен қатар станция кезекшілері мен орталықтандыру

90

қосындары операторларының поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу үшін маршруттарды даярлау кезіндегі іс-әрекеттерінің тәртібі СОБ құрылғыларын пайдалану тәртібі жөніндегі нұсқаулықта және станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді. Осы құжаттарда орталықтандырылған, сондай-ақ орталықтандырылмаған стрелкалары бар станциялардағы қызметкерлердің іс-әрекеттерінің тәртібі де белгіле-неді.

9.3. Орталықтандырылмаған стрелкалары бар станцияларда станция кезекшісі поезды қабылдау немесе жөнелту маршрутын даярлау жөніндегі өкімді маршрутты даярлауға қатысатын стрелкалық қосындардың барлық аға кезекшілеріне бір уақытта келіссөздердің белгіленген регламентін сақтай оты-рып нақты және анық түрде беруі тиіс. Егер де стрелкалық қосындардың аға кезекшілерінің кезекшілігі қойылмаған болса, маршрутты даярлау жөніндегі өкімдер тікелей стрелкалық қосындардың кезекшілеріне беріледі.

Поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарын даярлау ісіне кіру (шығу( қылтасында, қабылдау жолының қарсы шетінде орналасқан стрелкалық қосындар, сонымен қатар жылжымалы құрамның поезды қабылдау немесе жөнелту маршрутына шығып кетуі мүмкін болатын өзге қосындар да қатысуы тиіс.

9.4. Станция кезекшісі орталықтандырудың стрелкалық қосындары не-месе орындаушы қосындарына бағытталған маршрутты даярлау жөніндегі окімді барлық қажетті әрекеттердің тиісті сигналдың уақытында ашылу-ын қамтамасыз ететін уақыт ішінде аяқталуы мүмкіндігінің есебімен беруі тиіс.

9.5. Станция кезекшісі маршруттың даярлану дұрыстығын басқару аппараты аспаптарының көрсетулері бойынша тексереді.

Аталмыш аспаптары жоқ станцияларда станция кезекшісі маршруттың даярлану дұрыстығын стрелкалық қосындардың аға кезекшілерінің немесе стрелкалық қосындар кезекшілерінің баяндаулары арқылы тексеруге мін-детті.

9.6. Егер станциядағы жекелеген стрелкалар стрелкалық қосыннан біршама қашықтықта орналасып, оларды, әдетте, қалыпты жағдайдан (ба-сгы жолдардың арасындағы ауыспалар, басты және қабылдау-жөнелту жолдарына жанасулар және т.б.) шығармаса, олардың жағдайы мен жарамдылығын әрбір қабылданатын және жөнелтілетін поездың алдында тексере бермей-ақ, кезекшілікке кіріскен кезде ғана және кезекшілік кезінде мерзімді түрде тексеріп отыру тәртібі белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар> пталмыш стрелкалардың қалпы мен жарамдылығы, егер маршрутты даяр-лау алдында олар маневрлік жылжулар, тексеру, жөндеу және т.б. арнап Пүрылған болса, міндетті түрде тексерілуі тиіс. Мұндай стрелкалар бақылау қүлыптарымен жабдықталуы тиіс, олардың кілттері басқару аппараттарын-д.і болуы, ал кілттік тәуелділік болмаған жағдайда станция кезекшісінде і.іқталуы тиіс.

Аталмыш тәртіпті қолдануға рұқсат етумен станциялардың тізбесін •• ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы стрелкалардың нөмірлерін көрсетумен бекітеді.

91

Осындай стрелкалардың қалпын тексеру тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі.

9.7. Стрелкалық қосын кезекшілеріне, сигналистер мен станция кезекшілеріне маршруттың поездарды қыблдау немесе жөнелту ұшін дайын болғандығы туралы баяндауынан кейін маршрут өзіне арнап дайындалған поезд станцияға келгенше немесе станциядан кеткенше ке-зекшілігін өзге қызметкерлерге тапсыруға тыйым салындаы. Кезекшілік-ті поезд келгенше немесе жөнілтілгенше өткізу қажеттілігі кезінде кезек-шілікке кіріскен қызметкер кезекшілікті тапсырушы қызметкердің бұл әрекетті орындауын күтпей-ақ маршруттың дұрыс орнатылуына жеке өзі көз жеткізуге міндетті.

9.8. Жүк поездарын жолаушы ғимараты мен жолаушы поезы тұрған жолдың арасында орналасқан жолға тоқтатуға, әдетте, болмайды. Айрықша жағдайларда жүк поезы жолаушы ғимараты мен жолаушы поезының ара-сында тұрақтаған жағдайда жүк поезы тарқатылуы тиіс, және жол аушыларға арнап өтпе (егер өтпеде көпір немесе тоннель болмаса) жасалуы тиіс. Бұл ретте, құрастырушы бригадалары жоқ станцияларда «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы аталмыш әрекеттерді орындау тәртібін, оларды орындау ісіне қатыстырылуы мүмкін қызметкерлердің тізімін көрсете отырып белгілейді.

Егер де жолаушы поезы мен жолаушы ғимаратының арасында орналасқан жолдар арқылы поезды, маневрлік құрамды немесе локомо-тивты өткізу қажеттілігі туындаса, станцияның және вокзалдың кезекшілері жолаушыларды отырғызу және шығару қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ша-ралар қолдануға міндетті.

Поездар мен маневрлік құрамдарды жолаушы ғимараты мен жолау-шы поезы тұрған жолдың арасында орналасқан жолдармен өткізу тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде ескерілуі тиіс.

9.9. Қабылдау-жөнелту жолдары оқшаландырылмайтын аралық станциялардың кезекшілері жолаушы пошта-қол жүктік және адамдар тасуға арналған поездарды қыбылдау алдында поезд диспетчеріне поездың қай жолға қабылданатыны туралы баяндап тұруға міндетті.

9.10. Поездарды станциянық техникалық-жарлық актісінде ескерілме-ген жолға қабылдау және жөнелту ісі, тек айрықша жағдайларда ғана по-езд диспетчерінің рұқсат етуімен жүргізілуі мүмкін. Аталмыш жолдарға жолаушы, пошта-кол жүктік, жүк-жолаушы және адам таситын поездар-ды рұқсат етпес бұрын поезд диспетчері өзінің іс-әрекеттерін тасымалдау бөлімшесінің кезекшісімен келісуі тиіс. бұл жағдайда станция кезекшісінде оған маршруттагы стрелкалардың жағдайын бақылауға мүмкіндік бере-тін басқару аппараттары болмаған жағдайда, олардың жолаушы, пошта-қол жүктік, жүк-жолаушы және адам таситын поездарды қабцлдау және жөнелту маршруттарындағы орнатылу дұрыстығын станция бастығы неме-се рның орынбасары, станцияның, қосынның немесе парк кезекшісі тексеруі тиіс.

Станция кезекшісі жолаушы поезын техникалық-жарлық актіде еске-рілмеген жолға қабылдау, сондай-ақ жолаушы поезының кесте бойынша

92

оның тұрақтауы ескерілмеген станцияда кідіріп қалуы жөнінде радиобай-ланыс бойынша локомотивтың машинисін хабардар етуі тиіс.

Бір ғана машинист күтімге алатын жолаушы поезын қабылдау, жөнелту алдында станция кезекшісі, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде - поезд диспетчері машинисті маршрутының дайын болғандығы жөнінде және сигналдардың ашылуы немесе поез-ды мәжбүрлі түрде тоқтату қажеттілігі жөнінде хабардар етуге міндет-ті. Станция кезекшісі поездар қозғалысының жергілікті жағдайлары мен олшемдеріне байланысты аталмыш хабарды машиниске бере алмайтын станциялардың тізбесін және бұл ретте поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді.

9.11. Орталықтандырылған стрелкалары бар станцияларда электртар-тымы бар поезды қабылдау немесе жөнелту үшін варианттық (үлгілік) маршруттарды қолдану қажеттігі кезінде станция кезекшісі аталмыш поездың жүру бағытында түйіспелі тораптың бар-жоқтығына көз жеткізіп отыруға міндетті.

Поездарды қабылдау

9.12. ТПЕ-нің 16.6-тармағына сәйкес поездарды станцияға дейін қабылдау ісі осыған арнап станцияның техникалық-жарлық актіде ескеріл-ген бос жолдарға, және кіру сигналы ашық болған кезде ғана, ал жолаушы поездарын қабылдау ісі, сонымен қатар автоматты локомотивтік сигнал беру құрылғыларымен жабдықталған жолда орындалуы тиіс. Поездарды аталмыш құрылғылармен жабдықталмаған жолдарға қабылдау кезінде жолаушы поездарының қозғалу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіппен «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді.

ТПЕ-нің 16.4-тармағына сәйкес станция кезекшісі поездарды дер кезін-де қабылдау үшін бос тұрған жолдардың болуын қамтамасыз етуге міндетті. Поездың жабық тұрған кіру сигналының жанында кез келген тоқтап тұруы үшін станция кезекшісі жауапты болады.

Станция кезекшісі поездарды қауіпсіз түрде қабылдап алуды қамтатмасыз ету үшін төмендегілерді орындауға міндетті:

а) поездарды жылжымалы құрамнан бос тұрған жолдарға станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленген арнайыландыруға сәйкес қабылдап алуға;

б) жолдардың келіп жатқан поездармен басылу реттілігін алдын ала жос-парлап және әрбір поезды қабылдап алу жолын осыған сәйкес даярлауға;

в) қабылдау-жөнелту жолдарының жағдайына (бос болуын немесе бос Полмауын) есеп жүргізу (басқару аппаратының көрсетулерін орындалған қозгалыс кестесіндегі көрсетулерге қарап және өзге әдістермен).

9.13. Стрелкалары орталықтандырылмаған станцияларда станция ке-и%кшісі, стрелкалық қосындардың аға кезекшілері мен стрелкалық қосын кімекшілері поездарды қабылдау алдында маршруттарды даярлаудың томендегі тәртібін сақтауға міндетті:

93

а) поезды қабылдау үшін бос тұрған жолға ие бола тұра станция ке-зекшісі қабылдау маршрутына кіретін стрелкалық қосындардың барлық аға кезекшілерін (немесе егер аға кезекшілерінің кезекшілігі қойылмаған болса стрелкалық қосын кезекшілерін) шақыртып, оларға маршрутты даярлау ту-ралы өкім береді.

Станция кезекшісінің нұсқауы бойынша стрелкалық қосын кезекшілерінің бірі аталмыш өкімді қалғандарының телефон аузында тұруымен қайталайды, ал қалғандары оның түсінгенін «Дұрыс» деген сөзбен растайды. Станция кезекшісі өкімнің дұрыс түсінілгеніне көз жеткізіп оны «Орындаңыздар» деген сөзбен растайды;

б) стрелкалық қосындардың аға кезекшілері маршрутты даярлау жөніндегі өкімді ала салысымен оны орындау үшін дереу түрде өзінің ауданындағы стрелкалық қосындардың кезекшілеріне тапсыруға және соңғылары оны дұрыс түсінгеніне көз жеткізуге міндетті.

Маршрутты даярлау ісіне қатысатындардың барлығы өкімді орындауға дереу түрде кірісуге міндетті.

Егер де маршрутты даярлау ісіне қатысатын қосын ауданында по-езды алдыңғы уақытта қабылдау жолдары мен стрелкаларына шығумен маневрлік жұмыс жүргізіліп жатқан болса, аталмыш жұмыс тоқтатылып, маневрлік құрам, оның орналасуы қабылданатын поездың жүріп өтуіне кедергі болмайтын жол шектерінде қойылуы тиіс, бұған станция кезекшісі станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленген тәртіп бойынша осы Нұсқаулықтың 9.1-тармағына сәйкес көз жеткізуге міндетті.

Маневрлерді станцияның қарама-қарсы шетінде орындау кезінде тиіс-ті стрелкалық қосын станция кезекшісі стрелкаларды маневрлік құрамның қабылдау жолына шығу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайға келтіріп, оларды бекітіп қоюы тиіс.

Стрелкалық қосындардың кезекшілері маршрутты даярлай отырып станцияда белгіленген тәртіппен қабылдау жолының бостығын тексеріп, стрелкаларды қажет етілген жағдайға бұруға, маршрутқа кіретін әрбір стрелканың жанындағы үшкірлердің рамалық рельстерге жанасуының тығыздығын тексеріп, оларды салынба мен бақылаулық стрелкалық құлыппен бекітіп қоюға міндетті.

Жұмыстарды стрелкалық қосындардың аға кезекшілері басқаратын аудандарда, аталмыш тұлғалар өз ауданының стрелкалық қосындары кезекшілерінің маршруттарды даярлауын жеке өздері тексеріп, жолдың бос болғандығын тексерілгеніне көз жеткізіп, бекітілген стрелкалардың кілтте-рін өзіне алуға міндетті.

в) маршрутты даярлау және тапсырма алған стрелкалық қосынның аға кезекшісі (немесе стрелкалық қосын кезекшісі) маршрутты даярлаумен қатысы бар барлық әрекеттерді орындағаннан кейін, және олардың дұрыс орындалғанына көз жеткізгеннен кейін маршруттың дайын бол ғандығы және жолдың бостығы жөнінде баяндау үшін станция кезекшісін шақыртады.

Станция кезекшісі маршруттың дайын болғандығы жөніндегі баянда-маны телефонның аузында маршрутты даярлау жөнінде тапсырма беріл-

94

ген барлық стрелкалық қосындардың кезекшілері бір уақытта болған кезде қабылдап алуға міндетті. Соңғылары маршруттың дайын болғаны жөнінде кезекпен баяндайды.

Берілген маршруттағы стрелкалардың қалпын бақылау мүмкіндігін беретін басқару аппараттары бар станцияларды станция кезекшісі марш-рутты дайындау жөніндегі өкімнің дұрыс орындалғанына аспаптардың корсетулеріне қарап та көз жеткізеді;

г) станция кезекшісі маршруттың дұрыс дайындалғанына, жолдың Гюстығына, ал маневрлер осы Нұсқаулықтың 9.1-тармағына сәйкес іоқтатылғанына көз жеткізіп кіру бағдаршамын ашады немесе сигналды оасқару құрылғылары сол қосында орналасса, стрелкалық қосын кезекшісі-не оны ашу туралы өкім береді;

д) стрелкалық қосындардың кезекшілері даярланған маршрутты күзетуге және іргелес жолдар арқылы өтпелердің болуын мұқият түрде тек-серіп тұруға міндетті. Белгіленген сигналдары бар поездарды стрелкалық қосын кезекшілері станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетілген жерлерде қарсьгалуы тиіс;

е) стрелкалық қосын кезекшілері поезд жүріп өткен кезде вагондардың жагдайына, ашық тұрған жылжымалы құрамдағы жүктің дұрыс орна-ласуына (қалпына), қарастырылған сигналдардың болуына және т.б. на-;іар аударуға міндетті. Барлық анықталған қалпынан тыс жолдар жөнінде сгрелкалық қосынның аға кезекшісіне немесе станция кезекшісіне, дереу гүрде хабарлап отыруға, ал қозғалыс қауіпсіздігіне немесе адамдардың оміріне қауіп төндіретін жағдайларда поезды тоқтатуға бағытталған шара-ларды қолдануға міндетті.

Қабылдау жолын шектейтін стрелка кіретін стрелкалық қосын кезекші-сі аяққы сигналдың болуына қарап поездыңтолық құрамда келіп жеткеніне коз жеткізуге, шекті бағанашықтар шектерінде оның орнатылуын тексеріп, (Іул жонінде станция кезекшісіне баяндауға міндетті.

Поезд келгеннен (жүріп өткеннен) кейін етрелкалық қосын кезекшіле-рі, арнайы өкімді күтпей-ақ стрелкаларды қалыпты жағдайға, ал жол бос Пол маған кезде бос түрған жол бағытына қоюы тиіс.

Маршруттарды поездарды қыбылдау үшін даярлау тәртібі, сондай-ақ сірелкалық қосынның бір кезекшісі екі қосынды күтімге алатын станциялар-ды келіп жеткен поездарды қабылдап алу тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді.

9.14. Егер де кіру бағдаршамы ашық тұрса, станция кезекшісі қабылдау мпріпрутын өзгерту туралы нұсқаулар беруге құқығы жоқ.

Айрықша жағдайларда поезды қабылдау үшін маршрутты өзге Оое тұрған жолға ауыстыру қажеттілігі кезінде станция кезекшісі кіру и.іідаршамын жауып, машинисті ескертуге, берілген маршруттың күшін •мчіын және тек осыдан кейін белгіленген тәртіп бойынша маршрутты да-яр.іау жөнінде жаңа тапсырма беруге міндетті.

9.15. Егер де станцияға бірінің соңынан бірін бірнеше поездарды і.. п )і.і л дау қажет болса, станция кезекшісіне солардың бірі үшін маршруттың

95

дайын болғандығы жөніндегі баяндамадан кейін стрелкалық қосындардың кезекшілеріне маршрутты келесі поездың алдыңғы уақыттағы жүріп өтуіне даярлауы жөнінде нұсқау беруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда алғашқы поезд толық құраммен келіп жеткеннен кейін және кіру бағдаршамы жабылғаннан кейін дереу түрде екінші поезды қабылдап алу маршруты даярланады. Алғашқы поездың маршрутына кірмейтін стрелкалар алдын ала орнатылып бекітілуі мүмкін. Станция кезекшісіне маршруттың екінші поезд үшін дайын болғандығы жөніндегі баяндау алғашқы поездың келіп жетуі жөніндегі хабарламамен бір уақытта беріледі.

9.16. Поезды қабылдау алдындағы жолдың бостығы тексеру тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді. Тексеру әдістері төмендегідей болуы мүмкін:

қабылдау-жөнелту жолдарының электрлік оқшаулаумен жабдықтал ған станциялардағы басқару аппараттарының бақылау аспаптары боынша;

жолдың белгілі бір бөлігінің бостығын станцияның техникалық-жарлық актіде көрсетілген станция қызметкерінің (өздерінің жұмыс ауданына бай-ланысты бір немесе екі) тексерілетін жолдың жақсы көрінімі қамтамасыз етілетін жерге дейін жүріп өтуі арқылы тексеру;

тәуліктің қараңғы уақытында және күндіз көрінім нашар болған жағдайда - техникалық-жарлық актіде көрсетілген қызметкердің қабылдау жолының бойымен жүріп өтуі арқылы;

станция арқылы тоқтаусыз өте шығатын поездардың аяққы сигналда-ры бойынша (бүкіл жол жақсы көрініп тұрған кезде).

Қажет болған жағдайда станция кезекшісінің өкімі бойынша бір немесе бірнеше қабылдау жолдарын тексеру ісі әрбір тексерілген жолды поездарды қабылдау үшін маршрутты даярлағаннан кейін шешіліп алынатын тасымал-данатын қызыл сигналдармен қоршау ісімен бір уақытта орындалуы мүмкін.

Жолдардың техникалық құрылғыларына, жұмыс жағдайларына және орналасуына байланысты тексерудің өзге де әдістері болуы мүмкін, алай-да бұл ретте белгіленген тәртіпті нақты ұстану поездың бос емес жолға қабылдануына жол бермеуі тиіс.

9.17. Егер де станцияға қабылдау жолының пайдалы ұзындығы шекте-рінде қойылмайтын поезд келе жатса, станция кезекшісі радиобайланыс арқылы осы поездың машинисіне қабылдау жолындағы шығу (маршруттық) бағдаршамын осы бағдаршам бағанындағы ақ-айлы жарығы бойынша қызыл жарығы сөніп тұрған кезде тоқтаусыз (команда немесе тоқтау сигна-лын алғанша) тоқтаусыз жүріп өтуіне рұқсат беруі мүмкін.

Аталмыш рұқсатты алмаған жағдайда келе жатқан поездың машини-сы шығу (маршруттық) бағдаршамындағы ақ-айлы оты жанғанда қабылдау жолының шығу (маршруттық) бағдаршамынан өтпей тоқтауға міндетті.

Өзін шығу бағдаршамының рұқсат етуші көрсетуі бойынша жөнелту үшін аталмыш поезды шегіндіру қажеттілігі туғанда бұл шегіндіру марш-рутын алдын ала даярлағаннан кейінгі станция кезекшісінің машиниске бе-рілетін сигналы бойынша немесе радиобайланыс арқылы берілетін нұсқауы бойынша орындалады.

96

9.18. 1 (ЖМ) класты қауіпті жүктері мен габариттен тыс шыққан жүктері бар поездар станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетілген жолдарға қабылдануы тиіс.

Габариттен тыс шыққан және 1(ЖМ) класты қауіпті жүктері бар поез-дарды қабылдау және жөнелту кезінде орындалуы тиіс қауіпсіздік шарала-ры «Темір жолдар арқылы қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде, Те-мір жолдар арқылы габариттен тыс шыққан және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулық» пен осы Нұсқаулықтың 16-тарауында белгіленген.

Поездарды жөнелту

9.19. ТПЕ-нің 16.17-тармагына сәйкес станция кезекшісі, ал диспет-черлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде поезд диспетчері маршруттың поезды маршруттың поезды жөнелтуге дайын болғандығына, стрелкалардың бекітілгеніне, жөнелту маршрутының стрелкаларын-да маневрлердің тоқтатылғанына, құрамды техникалық күтімге алу мен коммерциялық тексеру ісінің аяқталғанына көз жеткізіп алмай шығу бағдаршамын ашуға немесе аралықты басып тұруға өзге рұқсат беруге құқығы болмайды. Поездарды өздерін құрастыру станциясынан, поезд құрамына вагондар тіркеліп немесе одан ағыту ісі жүргізілген станция-лардан, немесе поездың соңын белгілейтін сигналдық дискілерді ауысты-ру ісі орындалған станциялардан жөнелту кезінде станция кезекшісі шығу бағдаршамын ашу алдында немесе локомотивтың, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның машинисіне аралықты басып тұру туралы рұқсат-қағазын бермес бұрын сонымен қатар станцияның техникалық-жарлық ак-тісінде белгіленген тәртіпке сәйкес соңғы вагонда поездық сигаалдың болу-болмауына көз жеткізуі тиіс.

Локомотивты жолаушы поезы үшін беру немесе локомотивтік бригада ауысқан кезде депо (бригадалардың айналымы депосының кезекшісі) стан-ция кезекшісіне локомотивтың нөмірін, машинистің тегі мен оның жұмысқа келу уақытын көрсетумен локомотивты бір ғана машинист күтімге алатыны туралы хабарлауға міндетті.

Станция кезекшісі аталмыш мәліметтерді поездар қозғалысының жур-налына жазып енгізіп оларды поезд диспетчеріне хабарлайды.

Поезд диспетчері осы хабарды алып тіркелетін бұйрықты ез телімінің станциясында беріп жүру маршруты бойынша іргелес телімнің поезд дис-петчеріне төмендегі нысан бойынша хабарлайды.

«... станциясынан жөнелтілетін № ... поезын бір машинист жүргізеді. Қауіпсіз жүріп өтуін қамтамасыз етіңіз. Поезд диспетчері (ДНЦ).........».

Станцияның техникалық-жарлық актісінде аталмыш поездарды қабылдау және өткізу жолдары көрсетіледі.

97

Стрелкалары орталықтандырылмаған станцияларда станция кезекші-сі стрелкалық қосындардың аға кезекшілері мен стрелкалық қосын кезек-шілері поездарды жөнелту кезінде маршруттарды даярлаудың төмендегі тәртібін сақтауға міндетті.

Станция кезекшісі жөнелту маршрутына кіретін стрелкалық қосындардың аға кезекшілерін (немесе егер аға кезекшісінің кезекшілігі қойылмаған болса, стрелкалық қосын кезекшісін) шақыртып, оларға марш-рутты даярлау жөнінде өкім береді.

Станция кезекшісінің нұсқауымен стрелкалық қосын кезекшілерінің бірі қалғандарының барлығы телефон аузында тұрған күйінде осы өкімді қайталайды, ал қалғандары оны түсінгені туралы «Дұрыс» деген сөзбен рас-тайды. Өкімнің дұрыс түсінілгеніне көзін жеткізіп станция кезекшісі оны «Орындаңыздар» деген сөзбен растайды.

Стрелкалық қосынның аға кезекшілері маршрутты даярдау жөнінде өкім ала салысымен оны дереу түрде орындауы үшін өз ауданының стрелкалық қосын кезекшілеріне беріп, сондай-ақ (сол сияқты) соңғылары оны дұрыс түсінгеніне көз жеткізуге міндетті.

Жөнелту маршрутын даярлау мен станция кезекшісіне маршруттың дайын болғандығы туралы баяндаумен қатысты барлық әрекеттер де қабылдау маршрутына арналған тәртіппен орындалады;

Станция кезекшісі жөнелту маршрутының дүрыс даярланғанына көзін жеткізіп, аралық бос болган кезде және қажет болған жағдайларда іргелес станция кезекшісінің келісімі болғанда шығу бағдаршамын ашады немесе машиниске аралықты басып тұруына өзге рұқсатын береді (радиобайланыс бойынша бұйрығы, жазбаша рұқсат немесе бұздыған);

Стрелкалық қосын кезекшілері белгіленген сигналдары бар поездарды станцияның техникалық-жарлық актісінде ескерліген жерлерде поездарды қабылдау кезіндегідей, жөнелтілуіне бақыл ау жасай отырып шығарып салу ға міндетті. Маршруттың соңгы шығу стрелкасы кіретін стрелкалық қосынның кезекшісі поезды шығарып салып және соңғы вагонда сигналдардың болуы-на көз жетіазіп, станция кезекшісіне поездың толық құрамда жөнелтілгені туралы хабарлайды.

Поезд жөнелтілгеннен кейін стрелкалар қалыпты жағдайға, ал жол бос болмаған кезде - бос жолға қойылады.

9.20. Шығу бағдаршамы поезды жөнелту үшін ашылғаннан кейін станция кезекшісі маршруттың өзгертілгені және маршрутты өзге поезды қабылдауға арнап даярлау туралы нұсқауларды беруге құқығы болмайды.

Айрықша жағдайларда бұл істі шығу бағдаршамы жабылғаннан кей-ін, шығу сигналы өзіне арнап ашылған поезд локомотивінің машинисін ескерткеннен кейін, және берліген маршруттың күші жойылғаннан кейін ғана орындауға болады.

9.21. Станциядан бірінен соң бірін жолшыбай поездарын жөнелткен кезде станция кезекшісіне маршруттың олардың бірі үшін даяр болғандығы туралы баяндаманы алғаннан кейін стрелкалық қосын кезекшілеріне марш-рутты келесі поезға арнап даярлау туралы нұсқау беруге рұқсат етіледі.

98

Бұл жағдайда алғашқы поезд толық құрамда жөнелтілгеннен кейін дереу түрде екінші поезды жөнелтуге арналған маршрут даярланады. Алғашқы поездың маршрутына кірмейтін стрелкаларды орнатып, алдын ала жауып қоюға болады. Станция кезекшісіне маршруттың екінші поезға арнап дай-ын болғандығы туралы баяндама алғашқы поездың жөнелтілгені туралы ха-бармен бір уақытта беріледі.

9.22. Поездар қиылысқан кезде станция кезекшісі маршруттың поезды қабылдауға арнап дайын болғандығы туралы баяндамаын алғаннан кейін стрелкалық қосын кезекшілеріне маршрутты қарсы бағыттағы поезға арнап (поезд келіп жеткеннен кейін) даярлау туралы нұсқау беруге рұқсат етіле-ді. Бұл жағдайда поезд толық құрамда келіп жеткеннен кейін дереу түрде қарсы бағыттағы поезды жөнелту маршруты даярланады. Келіп қалған поездың маршрутына кірмейтін стрелкаларды орнатып, алдын ала жауып қоюға болады. Станция кезекшісіне маршруттың дайын болғандығы тура-лы баяндама алғашқы поездың келіп жеткені туралы хабармен бір уақытта беріледі.

9.23. Стрелкалардың қалпын поезды қабылдау кезінде ғана бақылауға мүмкіндік беретін маршруттық-бақылау құрылғыларымен жабдықталған станцияларда аталмыш құрылғылар мүмкіндігінше жөнелту маршрутындағы стрелкалардың қалпын бақылауға арнап та қолданылуы тиіс. Бұл жағдайда станция кезекшісі стрелкалық қосындарға жөнелту маршрутын даярлау туралы өкімін бергеннен кейін және оны стрелкалық қосын кезекшілерінің орындағанынан кейін поезды осы жолға қабылдау үшін әзірленген маршруттағы стрелкалардың дұрыс орнатылғанын блок-очколар мен маршруттық қолтұтқалар бойынша тексереді.

Маршруттық-бақылау құрылғылары мүмкіндігінше теріс жол арқылы (кері маршруттарды блоктаумен) келе жатқан поездарды қабылдау кезінде-гі стрелкалардың дұрыс орнатылғанын бақылау үшін де қолданылуы тиіс.

9.24. Поездарды станциялық жоддардан шығу бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде, сондай-ақ шығу бағдаршамдары жоқ жолдардан жөнелту кезінде жетекші локомотивтың машинисіне аралықты алып тұру жоніндегі жазбаша рұқсат-қағазы болған кезде станция кезекшісінің радио-Пайланыс арқылы, немесе станция кезекшісі немесе соның нұсқауы бойынша қосын, парк кезекшісі, орталықтандыру қосынының операторы, стрелкалық қосын кезекшісі немесе бас кондуктор (поездарды құрастырушы) берген иусқауынсыз поезды қозғалтуға тыйым салынады. Жөнелту сигналын беру ыртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетілген.

Станция кезекшісіне жөнелту маршрутының дайын болғанына белгі-исмген тәртіппен көз жеткізіп алмай шақырту сигнадын ашуға, машиниске і іркелетін бұйрықты радиобайланыс арқылы беруге немесе поезды жөнелту іуралы жазбаша рұқсат-қағазын беруге тыйым салынады.

Машиниске жазбаша рұқсат-қағазын тапсырғаннан кейін станция ке-іокшісі (станция қызметкері) оған радиобайланыс арқылы жөнелту туралы пұсқау беруі (жөнелту сигналын беруі) тиіс.

Шығу бағдаршамындағы шақырту сигналы ашылғаннан кейін немесе

99

тіркелетін бұйрықты радиобайланыс арқылы бергеннен кейін станция ке-зекшілеріне қосымша нұсқау мен машиниске жөнелу сигналын беру қажет етілмейді.

Поезд жол жазбасы немесе қиғаш екі қызыл жолағы бар ақ тұсті блан-кілердегі рұқсат-қағаздары бойынша (соған сәйкес ДУ-50, ДУ-64, ДУ-56 нысанындағы) жөнелткен кезде маршрутты тұйықтау үшін станция кезек-шісі кіру сигналын рұқсат ету көрсетуіне аша алады. Бұл жағдайда кіру сиг-налын ашпас бұрын станция кезекшісі радиобайланыс арқылы немесе басқа әдіспен машинисте аралықты басып тұру жөніндегі жазбаша рұқсаттың бо-луына көз жеткізуі тиіс.

9.25. Поезды орталықтандырылмаған стрелкалары бар станция арқылы өтпелі түрде өткізу кезінде станция кезекшісі мен стрелкалық қосындардың кезекшілері поездарды қабылдау мен жөнелтуге арнап белгіленген тәртіпке ұқсас маршруттарды даярлау мен олардың даярлығы туралы баяндау тәртібін ұстануға тиіс.

Бұл жағдайда маршрутты даярлау жөнінде өкімдерді беру кезінде және оның дайын болғаны туралы баяндама жасау кезінде телефонның жа-нында поездың жүру маршрутына кіретін барлық стрелкалық қосындардың аға кезекшілері (немесе аға кезекшілер қойылмаса кезекшілер) тұрады.

9.26. Қарқынды қозғалыс телімдерінде станция арқылы бір маршрут бойынша шағын арақашықтықпен бірнеше поезд келе жатқан кезде стан-ция кезекшісі алғашқы поезд үшін маршруттың даяр екендігі туралы ба-яндаманы алған кезде ауыстыруға тыйым салу туралы және сол маршрутқа кіретін стрелкаларды жабылған күйінде сақтау жөнінде нұсқау береді.

Бұл жағдайда стрелкалық қосындардың кезекшілеріне алғашқы поезд өткеннен кейін жүру маршрутына кіретін стрелкаларды ауыстыруға тыйым салынады. Кіру және шығу бағдаршамдарының әрбір келесі поезға арнап ашылғаны туралы станция кезекшісі стрелкалық қосындардың кезекшіле-ріне хабарлауы тиіс, ал соңғылары поездарды бекітілген тәртіп бойынша қарсы альгп, шығарып салуға міндетті.

Станция кезекшісі қабылдау жолының бос екендігіне жеке өзі немесе стрелкалық қосын (кіру және шығу) кезекшілерінің баяндаулары арқылы көз жеткізеді, олар оған поездың толық құрамда құйрығындағы сигналдар-мен келіп жеткені және жөнелтілгені туралы хабарлайды.

    1. Автоматтық блоктаумен жабдықталған телімдерде кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдарын поездарды станция арқылы өтпелі түрде өткізу үшін автоматтық әрекетке ауыстыру кезінде олардың рұқсат етуді көрсетуі қалыпты болып табылады. Кіру, маршруттық және шығу сигналдарын автоматтық әрекетке қою туралы станция кезекшісі орталықтандырудың атқарушы қосындарының операторларын, сигнал бе-рушілер мен стрелкалық қосындардың кезекшілерін хабардар етуі тиіс. Атал-мыш қызметкерлер бұл жағдайда станция кезекшісінің нұсқауын күтпей-ақ әр поезды белгіленген жерде қарсы алып, шығарып салып отыруға, және станция кезекшісіне барлық байқалған қалыптан тыс жағдайлар туралы де-реу түрде баяндап отыруға, ал қозғалыс қауіпсіздігіне немесе адамдардың

100

оміріне қауіп төндіретін ақаулылықтар анықталған жағдайда поезды тоқтату шараларын қабылдауға міндетті.

9.28. Барлық жағдайларда поезды өзінде вагондар қалатын жолдан жөнелтпес бұрын поезд құрамы мен осы вагондардың арасында кем дегенде 5 м үзіліс жасалуы тиіс. Орнында қалатын вагондар олардың ығысуына жол берілмейтіндей сенімді түрде бекітілуі тиіс.

Осы әрекеттерді орындау тәртібі станцияның техникалық-жарлық ак-: тісінде белгіленеді.

Поездарды станцияға кіру бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде қабылдау

9.29. ТПЕ-нің 16.8-тармағына сәйкес поезды станцияға кіру бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде немесе оның негіз-гі шамдары сөніп тұрған кезде қабылдауға жол берілмейді. Поезды станцияға кіру бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде неме-се оның негізгі шамдары сөніп тұрған кезде қабылдау ісі тек айрықша жағдайларда ғана станция кезекшісінің шақырту сигналы бойынша, арнайы рұқсаты бойынша және Поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта ескерілген тәртіпке сәйкес түрде орын-далуы мүмкін.

Поездың станция кезекшісінің шақырту сигналы бойынша не-месе арнайы рұқсаты бойынша станцияға қабылдау кезіндегі жүріс жылдамдығы ары кеткенде 20 км болуы тиіс, бұл ретте машинист по-езды асқан абайлықпен және бұдан арғы қозғалысына кедергі кездесе қалса шұғыл тоқтауға даяр болатындай жүргізуі тиіс.

Поездарды станцияға кіру (маршруттық) бағдаршамының тыйым салу-ды көрсетуі кезінде қабылдауға тек төмендегі жағдайларда жол беріледі:

а) кіру бағдаршамы ақаулы болғандықтан оны ашу мүмкін болмаған жағдайда;

б)егерпоездтехникалық-жарлықактідеескерілмегенжолғақабылданса, жоне кіру бағдаршамын ашу мүмкін болмаса;

в) жолдардың белгілі бір бөліктеріне итермелеуші локомотивтерді, стан-цияда орналасқан депоға бара жатқан локомотивтерді, деподан поездардың қүрамына тіркелуге арнап келе жатқан локомотивтерді қабылдау кезінде;

г) қалпына келтіруші және өрт сөндіруші поездарды, қосалқы локо-мотивтерді, вагондары жоқ локомотивтерді, қартазалағыштарды, арнайы о.чдігінен жүретін жылжымалы құрамды, сондай-ақ шаруашылық поезда-ры мен жол машиналарын жолаушы поездары тұрған жолдарды есепке йлмағанда, станциялық жолдардың бос телімдеріне қабылдау кезінде.

9.30. Поездарды станцияға кіру (маршруттық) бағдаршамның тыйым гплуды көрсетуі кезінде қабылдау ісі төмендегі тәртіп бойынша орындала-ды:

а) станция кезекшісінің радиобайланыс арқылы машиниске беретін і Іркелетін бұйрығы бойынша;

101

б) станция кезекшісінің кіру бағдаршамының түбінде орнатылған ар-найы телефон арқылы берілетін тіркелетін бұйрығы бойынша;

в) шақырту сигналы бойынша;

г) станция кезекшісінің жазбаша рұқсаты бойынша;

д) поезд диспетчерінің тіркелетін бұйрығы бойынша;

е) кіру сигналының бағанындаорнатылғанарнайыманеврлікбағдаршам бойынша.

Дәл осындай тәртіп бойынша кіру бағдаршамының тыйым салу-ды көрсетуі кезінде (немесе ондай бағдаршам болмаған кезде) дұрыс жол арқылы келе жатқан поездар станцияда қабылданады. Бұл рұқсат етулер кіру (маршруттық) бағдаршамы кенеттен тыйым салуға жабылған кезде ма-шинист жабылуды түсініп, поезды кіру бағдаршамынан өткеннен кейін ғана тоқтатқан жағдайда қолданылады.

Аталған рұқсат етулердің кез келгені машиниске станция кезекшісінің қабылдау маршрутының дайын болғанына көз жеткізгенінен кейін ғана бе-рілуі мүмкін.

Машиниске берілетін поезды станцияға кіру (маршруттық) бағдаршамның тыйым салуды көрсетуі кезінде қабылдау жөніндегі бұрықтары осы Нұсқаулықтың Жалпы ережелерінің 8-тармағында ескеріл-ген тәртіппен тіркелуі тиіс.

Қызметкерлердің поездарды станцияға кіру (маршруттық) бағдаршамның тыйым салуды көрсетуі кезінде және теріс жол арқылы қабылдау кезіндегі әрекеттерінің нақты тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі.

9.31. Кіру (маршруттық) бағдаршамында маршруттық (паркты неме-се қабылдау жолын) нұсқағышты жабу мүмкін болмаған жағдайда поезд станцияға кіру (маршруттық) бағдаршамының рұқсат етуді көрсетуі ке-зінде машиниске теріс маршруттың нұсқағышын өту жөніндегі қосымша рұқсатын бермей-ақ қабылданады.

Кіру (маршруттық) бағдаршамын айнымалы және тұрақты токтың электртартымының түйісу станцияларында, сондай-ақ жолтабаны түрлі ендіктегі жолдарды үйлестіру станцияларында өту тәртібі «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бектікен нұсқаулықтарда бекітіледі.

9.32. Станция кезекшісінің поезды кіру бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезіндегі қабылдау жөніндегі тіркелетін бұйрығы радиобайланыс арқылы келесі нысан бойынша беріледі:

«№.......бұйрық Уақыты:.... сағ.....мин.

... поезының машинисі. Мен,.... станциясының кезекшісі, сізге......

жолына кіру бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде жүруге рұқсат етемін. Қабылдау маршруты дайын. ДСП................(тегі)».

Поезд теріс жол арқылы жүрген кезде немесе сол жол бойынша кіру бағдаршамы болмаған кезде тіркелетін бұйрық келесі нысан бойынша бе-ріледі:

102

«№.......бұйрық Уақыты:.... сағ.....мин.

№... поезының машинисі. Мен, .... станциясының кезекшісі, сізге теріс жол арқылы.... жолына жүруге рұқсат етемін. Қабылдау маршру-ты дайын. ДСП................(тегі)».

I Машинист бұйрықты қайталап, және станция кезекшісінің бұйрықтың

дұрыс түсінілгені туралы растауын алғаннан кейін поезды станцияға енгізеді.

Станция кезекшісінің станция арқылы кіру бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезіндегі поездың жүруі туралы бұйрығы, егер бұл рұқсат кіру бағдаршамының («Станция шекарасы» сигналдық белгісі) түбінде орнатылған арнайы телефон арқылы берілетін болса машиниске дәл осы жоғарыдағыдай нысандар бойынша беріледі. Бұл телефонды тек локомо-тивтік бригадалар ғана пайдалана алады.

Әдетте, бұйрық машиниске радиобайланыс арқылы поезд станцияға, жақындаған кезде алдын ала беріледі. Арнайы телефон арқылы беріле-гін бұйрық маіііиниске поезд кіру бағдаршамының («Станция шекарасы» сигналдық белгісі) алдына тоқтағаннан кейін барып беріледі.

9.33. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде по-езды станцияға кіру бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде стан-ция кезекшісінің жазбаша рұқсаты бойынша қабылдау ісі, осы мақсатта^ осы Нұсқаулықтың 9.30-тармағында ескерілген өзге түрдегі рұқсат берут лер қолданылмайтын айрықша жағдайларда ғана орындалады. Жазбаша рұқсат-қағазы төмендегі нысан бойынша толтырылады:

«№... поезының машинисіне станцияның... жолына жүруге рүқсат етіледі. Қабылдау маршруты дайын. ДСП..........(қолы)».

Рұқсат-қағазы станцияның мөрқалыбымен және станция кезекшісінің қолымен толтырылған кунін, айы мен уақытын (сағат, минут) көрсетумен расталады.

Келіп жеткен поездың машинисіне жазбаша рұқсат-қағазын тап-сыру үшін стрелкалық қосындардың кезекшілері, сигнал беруші-лср, орталықтандыру қосындарының операторлары, құрастырушы бригадалардың қызметкерлері және станцияның техникалық-жарлық ак-тісінде ескерілген тәртіппен өзге де қызметкерлер тартылуы мүмкін.

9.35. Машиниске жазбаша рұқсат-қағазын тапсыруға арнап тпгайындалатын қызметкерлер поезды кіру (маршруттық) бағдаршамның ж.інынан, ал теріс жол арқылы (бұл жол бойынша кіру сигналы болмаған ж.ндайда) - «Станция шекарасы» сигналдық белгісінің жанында, келе ж.ітқан поезға күндіз жазылған қызыл жалауды, ал түнде - қолына ұстаған гмгналдық шамының қызыл отын көрсете отырып қарсы алады. Поезд тоқтағаннан кейін рұқсат-қағаз машиниске тапсырылады.

9.36. Қалпына келтіруші және өрт сөндіруші поездарды, қосалқы локо-мотивтерді, вагондары жоқ локомотивтерді, қар тазалағыштар мен арнайы

103

өздігінен жүретін жылжымалы құрамды, сонымен қатар шаруашылы поездарын (жұмыстарды аралықты жаба отырып жүргізген кезде станциялық жолдардың бос жолдарына (жолаушы, адам тасиытын жән ерекше санаттағы жүктері бар поездарды есепке алмағанда) қабылдауғ қажетті жағдайларда тек кіру сигналының тыйым салуды көрсетуі кезін де осы Нұсқаулықтың 9.30-тармағында ескерілген рұқсаттар бойынш рұқсат етіледі, бұл ретте локомотивтердің машинистері (арнайы өздігінеі жүретін жылжымалы құрамның жүргізушілері) оларға станцияға қабылда жөніндегі рұқсат-қағазды тапсыру кезінде (кіру бағдаршамындағы шақырт сигналы жанбас бұрын) қай жерде тоқтау керектігі туралы алдын ала ескер тілуі тиіс.

Бұл жағдайда станцияға кіру бағдаршамының тыйым салуды көрсету кезінде жүре отырып, локомотивтердің машинистері (арнайы өздігінеі жүретінжылжымалықұрамныңжүргізушілері)хабарландырудакөрсетілгеі жерде тоқтауы, ал бұдан ары станция кезекшісінің, орталықтандыру қосыні операторының, стрелкалық қосын кезекшісінің немесе сигнал берушініі сигналдарын немесе нұсқауларын басшылыққа алуы тиіс.

9.37. ТПЕ-нің 16.6-тармағына сәйкес әзірленіп жатқан сианциялыі жолдардың белгілі телімдеріне итермелеуші локомотивтерді, поездардь құрастыру үшін станцияда орналасқан депоға немесе іргелес станцияді орналасқан деподан келе жатқан локомотивтерді қабылдау тәртібі олардыі станция шекарасынан белгілі жерге дейін - маневрлік бағдаршамға дейін не месе «Итермелеуші локомотивтың аялдамасы», «Поезды құрауға арнап кел< жатқан локомотивтың аялдамасы», «Депоға бара жатқан локомотивтың (мо тор-вагондық поездың) аялдамасы» дене жазулары бар арнайы нұсқағышқ; дейін жүруін, сондай-ақ осы локомотивтердің станциялық жолдар арқыль одан ары қозғалу тәртібін ескеруі тиіс.

Бұл локомотивтердің станцияға кіруіне арналған рұқсат болып ось Нұсқаулықтың 9.30-тармағында ескерілгендердің арасындағы поездь станцияға кіру сигналының тыйым салуды көрсетуі кезінде қабылдауғ< арналған рұқсат табылады. Бекітілген тәртіп станцияның техникалық жарлық актісінде көрсетіледі және итермелеуші локомотивтердің барлыі машинистеріне және депоға келіп жатқан локомотивтердің (моторвагондыі поездардың) машинистеріне жарияланады.

104

10-тарау Поезд диспетчерінің жұмысы

10.1. ТПЕ-нің 16.1-тармағына сәйкестелімдегі поездардың қозғалысын тек бір ғана қызметкер - өзі күтімге алатын телім бойынша поездардың қозғалыс кестесінің орындалуына жауап беретін поезд диспетчері басқаруы тиіс.

Поезд диспетчерінің бұйрықтары аталмыш телімдегі поездардың қозғалысымен тікелей байланысты қызметкерлердің бұлтарыссыз түрде орындауына жатады.

Телімдегі поездардың қозғалысы жөніндегі жедел нұсқауларды, поезд диспетчерінен өзге қызметкерлерге беруге тыйым салынады.

Поезд диспетчері төмендегі әрекеттерді орындауға міндетті:

а) техникалық құралдарды қозғалыстың берілген мөлшерлерін қамтамасыз ету үшін, поездардың жылжуын үдету, оларды станциялар-да өңдеуден өткізудің уақытын қысқарту, вагондық паркты, локомотивтер мен өткізу қабілеттілігін одан да тиімді түрде пайдалану үшін барынша пайдалануға;

б) станциялардың жұмысын бақылап отыруға және поездарды қозғалыс кестесі мен поездарды құрастыру жоспарына сәйкес құрастыру мен жөнелту жөніндегі тапсырмаларды орындауға арналған шараларды қабылдауға;

в) станция кезекшілеріне, ал қажет болған жағдайда поездық локомотивтердің машинистеріне поездардың қозғалысы жөніндегі і іұсқауларды дер кезінде беріп отыруға;

г) поездардың аралықтар арқылы жүруіне, станциялардың, әсіресе локомотивты жалғыз машинист жүргізген кезде, СОБ және байланыс құралдарының қалыпты жұмысы бұзылған кезде, жолаушы, пошта-қол-жүктік, жүк-жолаушы, адам тасымалдайтын, салмағы мен ұзындығы шек-тен тыс, ұзын құрамды, ауыр салмақты, қауіпті 1 (ЖМ) класты және габа-риттен тыс жүктері бар поездардың өзге поездарды басып озулары және қиылысуы кезінде дер кезінде қабылдап, жөнелтіп және өткізіп отыруға;

д) қозғалыс кестесін орындау, қаупсіздікті қамтамасыз ету, локомотив-тік бригадалардың үздіксіз жұмысының белгіленген уақытының бұзылуына жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдауға.

Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде, сондай-

ақ іс-әрекеттер аз болып келетінтелімдерде, станция кезекшілерінің кезекші-

ліктері болмайтын станцияларда жалғыз машинист жүргізетін поездардың

қозгалу тәртібі, сондай-ақ осындай телімдердің тізбесін «ҚТЖ»¥К»АҚ

Оасшылығы белгілейді. І Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталмаған өзінде қозғалыс

лса қарқынды және қарқынды болып келетін телімдерде поездардың жалғыз

і'апа машиниспен жүргізілуіне станция кезекшілері болған жағдайда ғана щ жол беріледі.

10.2. Поезд диспетчері кезекшілікке кіріскен кезде поездың ережесімен

тапысып шығуы, станция кезекшілерінің түгелдей кезекшілікке кіріскенін,

105

оларға сағаттарын қоюүшінанықуақыттыхабарлап,станциялардағыереже-мен, телімде қолданылып жүрген ескертулермен танысып, жағдайға қарай станцияларға алдағы жүмыс туралы, соның ішінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қажетті нүсқаулар беруі тиіс.

Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде по-езд диспетчері кезекшілікке кіріскен кезде техникалық құралдардың жарамдылығын тексеріп, станциялардың бастықтары немесе өздеріне поез-дарды қабылдау және жөнелту жөніндегі әрекеттерді орындау ісі жүктелген өзге қызметкерлер арқылы телім станцияларындағы ережемен танысып шығуы тиіс.

10.3. Орындалған қозғалыс кестелерін автоматты түрде жазып отыруға арналған қүрылғылармен (поездографтармен) жабдықталмаған телімдер-де поезд диспетчері телімдерде орналасқан станциялардан әр поездың ке-ліп жеткені, жөнелгені немесе жүріп өткені жайлы хабарламаларды алып отыруға міндетті. Мұндай хабарламаларды алған кезде станциялардың поездардың, әсіресе 1 (ЖМ) класты және габариттен тыс жүктері бар, ауыр салмақты және ұзын құрамды, салмағы мен ұзындығы шектен тыс поездардың бекітілген нөмірленуі мен индекстелуін қатаң түрде ұстануына ерекше назар аудару қажет.

Қозғалыс қарқынды болып келетін, сондай-ақ қозғалыстың орындалу кестесін автоматты түрде жазып отыруға арналған құрылғылармен «поез-дографтармен» жабдықталған телімдерде хабарламаларды берудің тәртібін осы Нұсқаулықтың Жалпы ережелерінің 11-тармағына сәйкес «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бекітеді.

10.4. Поезд диспетчері орындалған қозғалыс кестесін жүргізіп оты-рады, онда ол поездар қозғалысы туралы деректерді, сондай-ақ қалыпты жұмыстың барлық бұзылулары мен олардың себептерін тіркеп отырады.

Орындалған қозғалыс кестесінде төмендегідей деректер көрсетіледі:

а) поездар мен поездық локомотивтердің нөмірлері, машинистердің тегі, поездардың салмағы мен шартты ұзындығы, өткізудің ерекше шартта-рын қажет ететін поездар. Тиісті әріптер мен индекстермен толықтырылған поезд нөмірлері орындалған қозғалыс кестесінде осы әріптер мен индекс-термен бірге тіркеледі;

б) поездардың телім станциялары бойынша жөнелуі, келіп жетуі мен жүріп өту уақыттары;

в) локомтивтердің пайдаланылғаны жайлы деректер;

г) станциялардың тәуліктің белгіленген кезеңдері бойынша поездық және жүктік жұмысы туралы деректер;

д) аралық станциялардағы қабылдау-жөнелту жолдарының же-келеген вагондармен немесе құрамдармен басылуын төселген теже-гіш табандықтардың немесе вагондарды бекітуге арналған тұрғылықты құрылғылардың санын көрсетумен;

е) телім станциялары мен аралықтардың басты және қабылдау-жөнелту жолдарындағы түйіспелі тораптарындағы кернеудің алынуын;

ж) жылдамдықты азайтуды қажет ететін қолданыстағы ескертулер;

106

з) поездардың теріс жол арқылы қозғалысы;

и) аралықтардың, жолдар мен қозғалысты қамтамасыз ететін өзге де құрылғылардың жабылуы.

Қозғалыс қарқынды болып келетін жекелеген телімдерде поезд диспет-черіне қажетті поездар қозғалысы мен жүктік жұмысқа қатысты деректерді жазуға арнап автоматтандырылған жұмыс орнының аспаптары мен аппа-раттарын қолдануға болады, сондай-ақ диспетчерге көмек ретінде оператор-лар немесе тасымалдау бөлімшелерінің басқа қызметкерлері тағайындалуы мумкін.

10.5. Поезд диспетчері телімдегі поездар қозғалысы жөніндегі барлық өкімдерді станциялардың кезекшілеріне немесе поездардың қозғалысымен, қажет жағдайда диспетчерлік өкімдер журналында тіркелетін (жазылатын) бүйрықтармен қатысы бар басқа қызметкерлерге береді.

Поезд диспетчерінің диспетчерлік байланыс құралдары бойынша жүргізген барлық келіссөздері келіссөздерді тіркегіште тіркеліп отыруы тиіс.

10.6. Диспётчерлік өкімдер журналында келесі бұйрықтар міндетті гүрде тіркелуге жатады:

а) аралықтардың немесе арал ықтардың жекелеген жолдарының ашылуы және (соның ішінде кернеудің алынуына байланысты электрпоездарының қозғалысы үшін) жабылуы туралы;

б) екі жолды қозғалыс түрінен бір жолды қозғалысқа ауысу және екі жолды қозғалысты қалпына келтіру туралы;

в) поездардың қозғалысы кезінде сигнал беру мен байланыстың бір қүралдарынан екіншілеріне ауысу туралы;

г) поездарды екі жақтық автоблоктаумен жабдықталмаған теріс жол-мен жөнелту туралы;

д) поездарды уақытты айырумен жөнелту туралы (осы Нұсқаулықтың 14-тарауында ескерілген жағдайлар мен тәртіп бойынша);

е) 1 (ЖМ) кластық қауіпті жүктері мен габаритсіз жүктері бар поездар-ды жөнелту туралы;

ж) жолаушы, пошта-қол жүктік, жүк-жолаушы және адам таситын по-ездарды станцияның техникалық-жарлық актісі бойынша бұл әрекеттерге, арналмаған жолдарға қабылдау және олардан жөнелту туралы;

з) кестеде ескерілмеген поездарды тағайындау, және олардың жүруі мен поездардың күшін жою туралы. Телім бойынша жалғыз локомотивтер-ді, алынбалы емес типіндегі дрезиналар мен шаруашылық поездарды өткізу жоніндегі бұйрықтарды тіркемесе де болады;

и) автоматтық локомотивтік сигнал беру ақауланған кездегі поездардың қозғалысы туралы;

к) кешігіп келе жатқан жолаушы поездарының жүріп өту тәртібі туралы;

л) локомотивын бір ғана машинист жүргізіп келе жатқан жолаушы по-езын жөнелту туралы;

м) осы Нұсқаулықтың 1.15, 1.22-тармақтарында ескерілген жагдайларда;

107

Телімдегі поездардың қозғалысымен қатысы бар басқа бұйрықтарды тіркеу ісі диспетчерлердің білгенінше орындалады.

Диспетчерлік өкімдер журналында сонымен қатар поезд локомтивтерінің машинистеріне арналған барлық тіркелетін бұйрықтар мен іргелес телімдердің поездық диспетчерлерінің аталмыш телімнің поезд диспетчеріне арналған бұйрықтары тіркелуі тиіс.

Диспетчерлік бұйрықтарды жазуға арналған уақытты қысқарту үшін «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау дирекциясының рұқсаты бойынша аса жиі бері-летін бұйрықтардың мәтіндері түсірілген арнайы мөрқал ыптарды қолдануға болады. Диспетчерлік бұйрықтар дербес компьютерлерді қолданумен мәтіндерін осы Нұсқаулықта ескерілген нысандар бойынша қағазға басып шығарумен тіркелуі мүмкін.

Диспетчерлік өкімдер журналында сонымен қатар поезд диспетчерлерінің кезекшілікті қабылдаулары мен өткізулері тіркеледі.

10.7. Тіркелетін диспетчерлік бұйрықтарды станция кезекшілері неме-се операторлар диспетчерлік өкімдер журналына жазып отырады.

Станция кезекшісі немесе оператор диспетчерлік бұйрықты жазып болып диспетчерге өзінің тегін атаумен оның мазмұнын сөзбе-сөз қайталап береді. Диспетчер бұйрықтың дұрыс қабылданғанына көз жеткізіп, оны «Орындаңыз» деген сөбен растайды.

Бұйрықты тексеру уақыты мен оны қабылдап алған тұлғаның тегі по-езд диспетчерінің немесе станцияның журналдарында тіркеледі. Осы сәттен бастап бұйрық күшіне енеді.

Егер поезд диспетчерінің бұйрығын оператор қабылдап жазған болса, соңғысы оны дереу түрде станция кезекшісіне оның танысып шығуы мен оқығаны туралы қолын қоюы үшін ұсынуға міндетті.

Машиниске арналған бұйрықты поезд диспетчері қолма-қол түрде не-месе станция кезекшісі арқылы машиниске береді.

Станция диспетчері немесе станция кезекшісі берілген бұйрықты машинистың дұрыс түсінгеніне көз жеткізуі тиіс машинистың тегі мен бұйрықтың беріл генуақыты соған сәйкес поезд немесе станция диспетчерінің журналында тіркеледі.

10.8. Диспетчерлік бұйрық бірнеше станцияларға арналған жагдайда бұйрықтың мәтінін оны тексеру үшін беру ісі станция кезекшісінің бірі по-езд диспетчерінің нұсқауы бойынша орындалады, ал қалған станциялардың кезекшілері бұл кезде бұйрықтың дұрыс жазылған-жазылмағанын тексеріп шығуы тиіс.

10.9. Бір жолды аралықтың немесе екі жолды және көп жолды аралықтардағы бір немесе бірнеше басты жолдарды жабу ісін поезд диспет-чері төмендегілерге негізделе отырып орындайды:

а) «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау дирекциясының өкімі бойынша жөндеу-жол немесе құрылыс жұмыстарының, сондай-ақ түйіспелі тораптағы жөндеу жұмыстарының жоспарында ескерілген жағдайларда;

б) жолда тоқтап тұрып қалған поезд машинисінің талабы бойын-ша, немесе жол сигнал беру және байланыс, электрмен қамту және т.б.

108

дистанциясы қызметкерлерінің талабына негізделумен аралықтағы по-ездар қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жол, құрылыс және құрылғылардың күтпеген жағдайда ақауланғаны кезінде;

Поезд диспетчері алынған талапты оның келіп түскен уақыты мен оны жіберген тұлғаны көрсете отырып диспетчерлік өкімдер журналына жазып қоюға міндетті.

Барлық жазбаша талаптар, хабарландырулар, жеделхаттар мен теле-фонограммалар диспетчерлік өкімдер журналымен бірге сақталуы тиіс.

10.10. Поезд диспетчері аралықтың (жолдың) жабылуы туралы бұйрықты аралықты шектейтін станцияларға, және аралықта бар болса жол қосындарына төмендегі (шамалы) нысандардың бірі бойынша береді:

«Осындай жұмыстарды жүргізу үшін аралықтың.....жолы ....сағ.....

мин бастап, жабық аралыққа жұмыстарды басқарушының..............(лауа-

зымы мен тегі көрсетіледі) өтінімі бойынша жөнелтілетін №№ ..............

шаруашылық поездарын есепке адмағанда қозғалыс үшін жабылады».

«......км-де тоқтап тұрып қалған № ..........поезына көмек көрсету

үшін аралықтың........ жолы ....сағ ...мин бастап тоқтап тұрып қалған

поезды.......станциясына шығару үшін» немесе «тоқтап тұрып қалған

поезды итермелеу үшін және артынша станцияға қайтуы үшін...........

станциясынан жөнелтілетін қосалқы локомотивты есепке алмағанда» барлық поездар үшін жабылады».

«........км-де қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін аралықтың

............жолы .....сағ........мин бастап қалпына келтіруші поездарды есеп-

ке алмағанда барлық поездар үшін жабылады».

Қос жолды және көп жолды аралықтарда жолдардың бірі жабық болған кезде қалған жол бойынша дұрыс бағытпен жөнелтілетін поездар үшін, ал екі жақты автоблоктау кезінде қос бағытта жөнелтілетін поездар үшін сигнал беру мен байланыстың қолда бар құралдары сақталады. Қалған жол бойынша по-ездарды теріс бағыт бойынша жөнелту қажет болған жағдайда (егер екі жақты пвтоблоктау болмаса) бұл жол бойынша қолда бар сигнал беру және байла-иыс құралдары жабылады және поездардың қозғалысы телефондық байланыс құралдары бойынша төмендегі нысандағы бұйрықты берумен орнатылады:

«.....сағ ......мин бастап ......... аралықтың .........жолы бойын-

ніа блоктаудың әрекеті жабылады және поездардың қозғалысы іелефондық байланыс бойынша бір жолды қозғалыс ережелеріне с ойкес орнатылады».

Поездық жағдайға байланысты қалған жол бойынша поездардың телефондық байланыс бойынша қозғалысы жөніндегі бұйрық жолдың жа-Гшлуы туралы бұйрықпен біріктірілуі мүмкін.

109

10.11. Егер де аралықты шектеп жатқан станциялардың бірі іргелес та-сымалдау бөлімшесі поезд диспетчерінің иелігінде болса, жабылуы туралы бұйрық сол поездық диспетчермен келісіледі және оған оның көшірмесі беріледі.

10.12. Аралықты немесе жекелеген жолды жабу жөнінде бұйрық бер-мес бұрын поезд диспетчері аралықты шектеп жатқан станциялардың ке-зекшілерін өзі шақыртып алып, оларды алдағы жабылу туралы ескертіп, жұмыс жетекшісінің тегі мен лауазымын, поездарды қалған жол бойынша өткізудің көзделіп отырған тәртібі мен өзге де қажетті деректерді хабарлауға міндетті.

10.13. Поезд диспетчері аралықты немесе жолды ашу ісін пайда болған кедергілердің жойылғаны, жұмыстардың аяқталғаны және аралықтың босағаны туралы хабарландыруды алғаннан кейін осы Нұсқаулықта еске-рілген тәртіп бойынша орындайды.

Поезд диспетчері өзі алған хабарландыруды оның келіп түскен уақытын, жіберген тұлғаның лауазымы мен тегін көрсетумен диспетчерлік өкімдер журналына жазып қоюға міндетті. Жұмыстардың аяқталғаны және поездар қозғалысының мүмкіндігі туралы жазбаша хабарландыру немесе телефонограмма диспетчерлік өкімдер журналымен бірге сақталуы тиіс.

10.14. Аралықтың немесе жолдың ашылғаны туралы бұйрықты поезд диспетчері аралықты шектеп жатқан станцияларға, егер аралықта бар бол-са жол қосындарына береді:

«... күнгі .......№ бұйрықтың күші жойылады. Поездардың

...аралығының ..жолы бойынша.......сағ........мин қозғалысы.......бойын-

ша (сигнал беру мен байланыс құралдары көрсетіледі) қалпына келті-ріледі».

10.15. Егер де блоктау бойынша әр жол арқылы қозғалуға арналған екі жақты қозғалысқа (соның ішінде локомотивтік бағдаршамның көрсетулері бойынша) арналған құрылғылармен жабдықталмаған қос жолды аралықта поезд диспетчері реттеу тәртібімен поезды теріс жол арқылы жөнелтсе, осы жолдың босағандығын тексергеннен кейін аралықты шектеп жатқан стан-циялар мен олар аралықта болса жол қосындарына төмендегі нысандағы бұйрық беріледі:

«....саг ....мин бастап..........(жұп немесе тақ көрсетіледі) поездардың

.........аралықтың .......жолы бойынша қозғалысы тоқтатылады. №........

поезын........станциясынан ........теріс жолы бойынша телефондық бай-

ланыс арқылы бір жолды қозғалыс ережелеріне сәйкес жөнелтіңіз».

Жолаушы поезды теріс жол арқылы жөнелту жөнінде осындай бұйрықты бермес бұрын диспетчерлік өкімдер журналында «ҚТЖ»¥К»АҚ тасымалдау бөлімшесі кезекшісінің бұйрығы жазылуы тиіс.

110

«№ .... поезын станциядан теріс жол арқылы жіберіңіз».

Теріс жол бойынша екі және одан да көп поездарды өткізу кезін-де бұйрықтың мәтіні соған сәйкес өзгертіледі, бұл ретте аралықта жол қосындары болған жағдайда олар қажетінше теріс жол арқылы жолшыбай келе жатқан поездарды айыруға арнап қолданылуы мүмкін, бұл да поезд диспетчерінің бұйрығында көрсетіледі.

Станция кезекшілері поезды теріс жол арқылы өткізу туралы бұйрықты плганнан кейін диспетчердің бақылауымен осы Нұсқаулықтың 5.32-тарма-гында ескерілген нысандардағы телефонограммалармен алмасады.

Жол қосындарының кезекшілері (қос жолды салынбалары бар бір жол-ды аралықтағы жанасу қосындары мен торап алдындағы қосындарды есепке плмағанда) поездардың теріс жол арқылы қозғалысы туралы келіссөздерге қатыспайды, алайда поездың жөнелтілгені туралы олар телефон арқылы хабардар етіледі, ал оның жүріп өткен уақытын поездар қозғалысы журна-лында тіркеп қояды.

Поездарды бірінен соң бірін жол қосындарымен айырумен теріс жол прқылы жөнелткен кезде аталмыш қосындардың кезекшілері іргелес панцияларға поездардың жүріп өткенітуралы хабарлайды:

«№ ....поезы теріс жол арқылы ... сағ.......мин жүріп өтті. Қосын

ДСП».

Өздерінде алынбалы жылжымалы бірліктерді бір жақты қоршау әдісі қолданылатын бір жақты жолдық блоктауы бар қос жолды электрленді-рілген телімдерде поезды реттеу тәртібімен теріс жол арқылы жөнелтілуін поезд диспетчері алдын ала энергодиспетчермен келісіп алуы тиіс. Мұндай телімдердің тізбесін тасымалдау бөлімшелерінің басшылығы белгілейді.

Екі жақты блоктаумен, сондай-ақ поездардың теріс жол арқылы локо-мотивтік бағдаршамдардың сигналдары бойынша қозғалысын қамтамасыз гтетін құрылғылармен жабдықталған қос жолды аралықтарда теріс жол .ірқылы жөнелтілуі поезд диспетчерінің ауызша нұсқауы бойынша және іыоктауды қозғалыстың тиісті бағытына ауыстырып-қосқаннан кейін орын-д.ілпды.

10.16. Дұрыс жол арқылы келе жатқан поездарға арналған автоматтық қурылгыларымен жабдықталган өтпелері бар аралықтардың, сондай-ақ .іулагыш тығырықтары бар аралықтардың аталмыш аралықтарда поездар-ды теріс жол арқылы жөнелткен кездегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз гту жоніндегі қажетті шаралары көрсетілген тізбесі «ҚТЖ»¥К»АҚ п.цшылығының бұйрығымен белгіленеді, бұл ретте бұйрықта өтпе кезек-іпілгрін әрбір жөнелтілген поезд туралы алдын ала хабардар етудің тәртібі •икгрілуі тиіс. Бұйрықпен поездық локомотивтердің, арнайы өздігінен лүретін жылжымалы құрамның машинистері мен осыған қатысы бар өзге дг қызметкерлер таныстырылып шығуы тиіс.

Теріс жол арқылы реттеу тәртібімен жөнелтілетін поездардың ма-

111

шинистері кезекші қызметкер күтімге алатын бір жақты автоматты құрылғылармен жабдықталған өтпелерден сағатына 40 км-ден аспай-тын жылдамдықпен, ал кезекші қызметкері жоқ өтпелерді - сағатына 25 км-ден аспайтын жылдамдықпен жүріп өтуін қамтамасыз етуі тиіс. Өтпе арқылы жетекші локомотив жүріп өткеннен кейін машинист қозғалыс жылдамдығын аталмыш аралыққа арнап белгіленген жылдамдыққа дейін арттыруға құқылы болады.

10.17. Станциядан поездың теріс жол арқылы келіп жеткені туралы хабарландыруды алғаннан кейін поезд диспетчері төмендегі нысандағы бұйрықты беру арқылы аралықта қалыпты қозғалысты қалпына келтіреді:

«.....күнгі №.......бұйрықтың күші жойылады.........сағ ....мин бастап

.........арадығының.........жолы бойынша..........(жұп немесе тақ па, соны-

сы көрсетіледі) поездарының.........бойынша (сигнал беру мен байла-

ныс құралдары көрсетіледі) қозғалысы қалпына келтіріледі».

10.18. Станциядан поезды қозғалыс кестесінде ескерілмеген түрде аралықта тоқтатумен (адамдарды отырғызу немесе түсіру, жүктерді тиеу немесе түсіру үшін) артынша іргелес станцияға келуімен немесе жөнелту станциясына қайтуымен жөнелту қажет болған жағдайда поезд диспетче-рі поездық жағдайға сәйкес аралықты шектеп жатқан станцияларға поезды жөнелтудің уақыты мен оның аралықты басып тұру ұзақтығын көрсетумен рұқсат-қағаз береді.

Локомотивтердің машинистеріне, сондай-ақ адамдарды отырғызу және түсірумен, жүктерді тиеу және тусіру ісін басқаратын қызметкерлерге осындай поездарды жөнелткен кезде тиісті ескертулер беріледі. Аралықта тоқтағаннан кейін осы поездардың машинистері аталмыш қызметкерлердің сигналдары бойынша қозғалысты қайта жандандырады.

Поезд диспетчері немесе соның нұсқауымен станциялардың кезекшілері кейінгі поездарды аралыққа жөнелткен кезде осы поездардың машинистерін радиобайланыс арқылы поездың тоқтаған километрі мен пикетін көрсетумен оның кестеден тыс тоқтаған жері туралы хабардар етуге міндетті.

Шаруашылық поездарын, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды жабық аралықтарға (жолдарға) жөнелту ісі осы Нұсқаулықтың 8-тарауында ескерілген тәртіппен орындалады.

10.19. Сол не өзге аралықтағы (жолдағы) сигнал беру және байланыс құралдарының ақаулылығы жөнінде хабар алғаннан кейін поезд диспет-чері оны диспетчерлік өкімдер журналына жазады және, станциялардың кезекшілері арқылы аралықтың (жолдың) бостығын тексеріп, телефондық байланыс құралдары арқылы қозғалыстың орнағаны туралы төмендегідей нысандағы бұйрықты береді:

«... сағ ....мин бастап........аралығындағы (немесе аралықтың.........

жолындағы) (қайсыбір байланыс құралдарының) ақауланғанына бай-ланысты поездардың қозғалысы телефондық байланыс құралдары

112

бойынша........(бір жолды немесе қос жолды) қозғалыс ережелері бой-

ынша белгіленеді».

10.20. Аралықтарды жол қосындары болған жағдайда поезд диспетчерінің байланыстың бір түрінен екіншісіне ауысу туралы бұйрығы сонымен қатар қосындардың ДСП-ларына беріледі, бұл ретте жағдайға қарай байланыстың өзге түріне ауысу бүкіл станцияаралық аралықта неме-се әрбір бос тұрған қосынаралық аралықта орындалуы мүмкін.

10.21. Сигнал беру мен байланыс құралдарының әрекеті қалпына кел-тірілгені жайлы хабарландыруды алғаннан кейін поезд диспетчері оны дис-петчерлік өкімдер журналына жазады және, станциялардың кезекшілері арқылы аралықтың (жолдың) бостығын тексеріп алып, аралықты шектеп жатқан станцияларға келесі нысандағы бұйрықты береді:

«№ ......бұйрығының күші жойылды........сағ .......мин бастап

поездардың —.....аралықтағы (аралықтың ............жолы бойынша)

............(сигнал беру және байланыс құралдары көрсетіледі) қозғалысы

қалпына келтіріледі».

Көрсетілген уақыттан бастап станциялар поезд диспетчерінің бұйрығында ескерілетін байланыс түріне ауысады.

Бір бағыттағы қозғалысқа арналған автоблоктау құрылғыларымен жабдықталған қос жолды аралықтарда автоблоктаудың әрекеті қалпына келгені туралы бұйрық аралық дұрыс жол арқылы жөнелтілген поездардан босағанға дейін берілуі мүмкін.

10.22. Тәулік бойы жұмыс істемейтін бөлек пунктілердің немесе қосалқы қосындарды ашу немесе жабу ісі «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бе-кітетін тәртіп бойынша жүргізіледі, және поезд диспетчерінің аралықты шектеп жатқан станцияларға берілетін төмендегі нысандағы бұйрығымен ресімделеді:

«........км қосынның қызметі .......сағ ........мин бастап ашық

(жабық)».

10.23. Электртартымы бар телімдерде поезд диспетчері энергодиспет-•н-рмен бірлесе өзара әрекеттесе отырып жұмыс істеуі тиіс және электрмен

і .ібдықтау құрылғыларының қалыпты жұмысын қатмасыз ету жөніндегі пмраларды қабылдауы тиіс.

Түйіспелі торап зақымданған, тартымдық қосалқы станциялар йжыраган немесе олардың қуаттылығы төмендеген кезде энергодиспет-чгрмгм бірлесе отырып поездарды телімдер арқылы одан да тиімді түрде •»і кііудің тәртібін орнатуы тиіс.

Кок тайғақ кезінде энергодиспетчердің өтінімі бойынша түйіспелі н»р.нпагы мұзды жоғары кернеулі токпен ерітуге арнап «толаскездер» у< ыш.муы тиіс.

113

10.24. Поездық диспетчерлік байланыс ақауланған кезде поездардың қозғалысы поезд диспетчерінің қатысуынсыз орындалады. Поездардың қозғалысы туралы байланыс станциялардың кезекшілерінің тікелей байла-нысы арқылы орындалады.

Поездық диспетчерлік байланыс ақауланған жағдайда поезд диспетче-рі мен станциялардың кезекшілері диспетчерлік өкімдер журналына тиісті жазбалар енгізеді.

Поездық диспетчерлік байланыстың әрекеті қалпына келтірілгені тура-лы поезд диспетчері барлық станцияларды өкімдік бұйрық арқылы хабар-дар етеді.

10.25. Поезд диспетчерлерінің өзінде тасымалдау қызметінің қызметкерлері ескерілмеген іс-әрекеттер аз болып келетін телімдерде жұмыс істеуінің тәртібі тасымалдау бөлімшелерінің басшылыгы белгілей-ДІ.

114

11-тарау Станциялардағы маневрлік жұмыс

Жалпы ережелер

11.1. Маневрлік жұмыс станцияның жұмысының технологиялық про-цесі мен төмендегілерді ескеретін жоспар бойынша орындалуы тиіс:

поездарды дер кезінде құрастырып жөнелту;

вагондарды жүк әрекеттеріне арнап дер кезінде беру және оларды жүк әрекеттері аяқталғаннан соң дер кезінде әкету;

вагондарды өңдеуден өткізуге арнап уақыттың барынша аз мөлшерін жұмсау;

барлық маневрлік құрамдар мен техникалық құрылғыларды ұтымды пайдалану;

поездарды станцияға үздіксіз түрде қабылдау;

қозғалыстың қауіпсіздігі, маневрлермен қатысы бар қызметкерлердің қауіпсіздігі, жәнё жылжымалы құрамның сақтанымдылығы.

11.2. Станцияларда жолдың дамуына, маневрлік жұмыстың сипаты мен колеміне байланысты жолдар маневрлік жұмыстарға бөлінеді. Маневрлік аудандардың шекаралары мен олардың әрқайсысында жұмыс жүргізудің тортібі станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді.

Әрбір маневрлік ауданда, әдетте, бір маневрлік локомотив жұмыс істейді. Жекелеген аудандарда екі және одан да көп маневрлік локомотивтердің жұмыс істеуі қажет болған жағдайда олардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете-тін жұмыс істеу тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі.

Маневрлік жұмыстарға арнап берілетін локомотивтер жарамды болуы тиіс, олардағы радиостанциялар жарамды және оларда сигналдар мен ке-рек-жарақ болуы тиіс.

11.3. Маневрлік жылжулар кезіндегі орталықтандырылмаған стрелка-/іарды ауыстыру ісін маневрлерді басқарып отырған тұлғаның билігі бойын-піа стрелкалық қосын кезекшісі орындайды. Электрлік орталықтандырумен жабдықталған станциялардағы маневрлік жылжулар кезінде стрелкаларды .іуыстыру ісін станция кезекшісі немесе орталықтандыру қосын операторы орындайды. Стрелкаларды жергілікті басқарудан орталықтандырылған і үрдегі басқаруға ауыстырған жағдайда, сондай-ақ стрелкалық қосын ке-юкшісі күтімге алмайтын орталықтандырылмаған стрелкалардағы манев-риерді орындау кезінде стрелкларды құрастырушы немесе локомотивтік Пригадалар қызметкерлерінің, кондукторлар, парк кезекшілерінің, станция мчекшілерінің станция бастықтарының, жүк пен қол жүгін қабылдаушы-пікізушілер, локомотивтік, вагондық деполар қызметкерлерінің және т.б. яуыстыруына жол беріледі.

Маневрлер кезінде аталмыш қызметкерлерге стрелкаларды ауыстыруға рүқсат етілетін станциялардың тізбесі, стрелкалардың нөмірлері мен олар-ды пуыстыру тәртібі тасымалдау бөлімшелерінің басшылығымен белгілене-ЛІ және станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі.

115

Орталықтандырылған стрелканы бұру алдында оны күтімге алатын қызметкер (көзбе-көз немесе басқа қызметкердің баяндамасы бойынша) онда жылжымалы құрамның тұрмағанына, сондай-ақ іргелес жолдар арқылы өтпелердің бар-жоғына көз жеткізуі тиіс. Электрлік орталықтандыру ке-зінде бағыттамалы бұрманың жылжымалы құрамнан бостығы басқару аппаратындағы бақылау аспаптарының көрсетулері бойынша анықталады. Бұл аспаптар ақауланған немесе уақытша ажырап қалған жағдайда немесе стрелкаларды маневрлік бағаншықтардан бұрған жағдайда бағыттамалы бұрманың жылжымалы құрамнан бостығын тексерудің тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді.

Орталықтандырылмаған стрелкалар (сұрыптау жолында, маневрлік жұмыс үнемі түрде сериялық итерулер арқылы орындалатын жолдарда орналасқандары мен топсалық-иінді тұйықтағыштармен жабдықталған стрел-каларды есепке алмағанда) маневрлер кезінде бекітпелерге бекітілу тиіс.

11.4. ТПЕ-нің 15.14-тармағына сәйкес маневрлік жұмыстар кезін-дегі нұсқаулар берудің негізгі құралы болып радиобайланыс, ал қажет болған жағдайларда - екі жақты парктік байланыс құрылғылары бо-луы тиіс.

Маневрлік жұмыстар кезінде қол сигналдық аспаптармен сигнал беруге рұқсат етіледі.

Поездарды құрастырушыда өзімен бірге алып жүретін жарамды радиостанциясы болуы тиіс. Станциялардағы қолда бар радиобайланыс құрылғылары мен екі жақты парктік байланыс құрылғылары маневрлік жұмысты ұйымдастыру мен қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ар-нап қолданылуы тиіс.

Радиобайланыс және екі жақты парктік байланыс арқылы берілетін нұсқаулар мен хабарламалар қысқа да нақты болуы тиіс; нұсқауды берген тұлға оны маневрлік локомотив машинисі мен өзге қызметкерлердің дұрыс түсінгеніне (нұсқаудың қысқаша қайталауын тыңдап, соған сәйкес жауап бе-руші дыбыс сигналын алумен және т.б.) кез жеткізуге міндетті.

Радиобайланыс және екі жақты парктік байланыс арқылы берілетін аса дәстүрлі нұсқаулар мен хабарламаларға арнап қажет болған жағдайда келіссөздерді жүргізудің шамалы түрдегі регламенті белгіленеді.

Радиобайланыс және екі жақты парктік байланыс құрылғыларын пайдаланудың тәртібі мен өздеріне аталмыш құрылғыларды пайдалану құқы берілген қызметкерлердің аты-жөндерін керсетумен оларды әрбір ма-неврлік ауданда қолданудың тәртібі станцияның техникалық-жарлық акті-сінде белгіленеді.

Станциялардағы радиобайланыс пен екі жақты парктік байланысты пайдаланудың тәртібі «ҚТЖ»¥К»АҚ-ның арнайы нұқсаулығымен белгіле-неді.

11.5. Станция кезекшісі маневрлік маршруттарды маневрлік жұмыстың жоспарына сәйкес даярлауы тиіс.

Қозғалыс бағыты өзгертілмеген маневрлік маршрут, әдетте, маневрлік құрамның бүкіл жүріс жолына арнап әзірленеді. Мұндай маршрутты әзірлеу 116

мумкін болмаған жағдайда станция кезекшісі машинисті (маневрлердің басқарушысын) маршруттың бөлігі қай жолға немесе қай бағдаршамға дей-ін әзірленгені жайлы ескертуге міндетті.

Тыйым салуды көрсетіп тұрған немесе шамы сөніп тұрған маневрлік бағдаршамды дайын маршрут кезінде өтуге станция (қосын) кезекшісінің маневрлік локомотив машинисіне радиобайланыс, екі жақты парктік бай-ланыс немесе маневрлердің басқарушысы арқылы берілетін тіркелетін бұйрығы бойынша рұқсат етіледі.

11.6. Құрамдарды парктен паркке жалғастырушы жолдар бойын- ша немесе тартымдық жол арқылы ауыстырып қою кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тәртібі мен шарттары станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді, бұл ретте маневрлік құрамдардың вагондарымен алдыға қаратылған қалпында қозғалту кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуы тиіс.

Жекелеген жағдайларда жергілікті жағдайларға байланысты (парктер бірінен соң бірі орналасқан кезде, маневрлік локомотивтер машинистің кабинасындағы вагондарды ажырату құрылғылармен және т.б. жабдық-талған жағдайда) құрамдарды парктен паркке ауыстырып қою ісі құрасты-рушы бригадасы қызметкерлерінің қатысуынсыз орындалуы мүмкін.

11.7. Жеке категорияларға жататын жүктері бар вагондар Жуктерді тасымалдау ережелері мен Қауіпті жүктерді темір жолдар арқылы тасы- малдау ережелеріне сәйкес маневрлерді орындау кезінде құрғақ отынмен жұмыс істейтін паровоздардан қауіпсіз жүктері бар немесе бос вагондар арқылы қалқалануы тиіс.

Поездардағы және маневрлер кезіндегі қалқалану нормалары тасымал-дау құжаттарында арнайы мөрқалыпты соғумен көрсетіледі, мөрқалыпта қалқалық вагондардың ең аз саны көрсетіледі, мысалы, 3/0-0-3-1, мұндағы:

Алғашқы сан - поездардағы жетекші локомотивтен қалқалау нагондарының саны (алымы- құрғақ отынмен жүретін паровоздың, Гюлімі - мұнай отынымен жүретін паровоздың, электровоздың немесе і епловоздың);

екінші саны- поездардағы итермелеуші локомотивінен;

үшінші саны - поездардағы адамдары бар вагондардан;

төртінші саны - маневрлер кезіндегі құрғақ отынмен жүретін па-ровоздан;

«0»(нөл) белгісі қалқаның қажет еместігін білдіреді.

Адамдары бар вагондар, сонымен қатар жолсеріктері, жүктерге еріп жүруге арналған арнайы бөлінген адамдары, күзетшілері бар вагондар, юидай-ақ асыранды құстары бар вагондар поезға 1(ЖМ) кластық қауіпті жүктері бар вагондардың алдыңғы жағынан да артқы жағынан да қойыла Псрсді, алайда өздеріне қатысты тасымалдау құжаттарында «Улы» және -Қалқа» (бірден екі мөрқалып) деген мөрқалыптары көрсетілген қауіпті жүктер тиелген вагондардың әрдайым алдына қойылады.

117

Тез тұтанғыш сұйықтар тиелген вагондар құрастыру станцияларында поезға ЖМ жүктері бар вагондардың соңынан (поездың басынан санағанда) қойылуы тиіс.

11.8. Вагондық және локомотивтік деполардың жөндеу жолдарындағы маневрлік қозғалулар тиісті қызметтің жауапты қызметкерінің бақылауымен және соның жеке нұсқаулары бойынша орындалуы тиіс.

11.9. Өздерімен техникалық немесе жүк әрекеттері орындалатын вагон-дар тұрған жолдарда итермелеу маневрлеріне жол берілмейді.

Ауа-райының қолайсыз жағдайларында (күшті жел, түман, боран), сондай-ақ жарықтандырылмаған жолдардағы маневрлік жұмыс айрықша сақтықпен, ал қажет болған жағдайларда - төмен жылдамдықты ұстанумен орындалуы тиіс.

11.10. Шаруашылық поездары мен жол машиналарының станцияның жолдарындағы жұмысы тиісті шаруашылықтың (жолдың, сигнал беру мен байланыстың және т.б.) жауапты қызметкерінің басшылық етуімен орында-лады.

Аталмыш поездар мен машиналардың бір жолдан екінші жолға немесе станцияның өзге ауданына қозғалуы маневрлерді басқаратын тұлғаның не-месе станция кезекшісінің рұқсатымен ғана орындалады.

Қажет болған жағдайда аталмыш поездар мен жол машиналарының қозғалысын басқаруға арнап станция бастығының нұсқауы бойынша станцияның тиісті қызметкерлері тағайындалуы мүмкін.

11.11. Станцияларда тежегіш жеңдерді ажырату мен жалғау ісін вагон-дарды техникалық күтімге алу пунктілерінің қызметкерлері немесе жергілік-ті жағдайларға байланысты технологиялық процеспен немесе станцияның техникалық-жарлық актісімен белгіленген өзге қызметкерлері орындайды.

Маневрлерді орындау кезіндегі тежегіш жеңдерді ажырату және жалғау ісін құрастырушы бригадалар немесе кондукторлар орындайды.

Тежегіш жеңдерді құрамға поезд локомотивын құрамнан ағыту және құрамға тіркеу кезіндегі ажырату және жалғау ісін локомотивтік бригада, ал локомотивты бір машинист жүргізген кезде аталмыш әрекеттерді вагон-дарды тексеруші орындайды.

11.12. Жекелеген вагондарды қолмен қозғалтуға тек айрықша жағдайларда ғана және тек көлденең жолдарда ғана жол беріледі.

Станцияның басты, қабылдау-жөнелту және сұрыптау жолдарында ва-гондарды қолмен қозғауға тыйым салынады.

Вагондарды қолмен тиісті желілік бөлімшенің бастығы бөлген жауап-ты тұлғалардың тікелей басшылық етуімен ғана жылжытуға болады, және олардың саны тиелген бір вагоннан немесе екі бос вагоннан аспауы тиіс.

Вагондарды қолмен қозғалтқан кезде келесі әрекеттерге жол беріл-мейді:

оларды сағатына 3 км-ден аспайтын жылдамдықпен жылжытуға, және вагондар міндетті түрде бір бірімен тіркелген болуы тиіс;

оларды басты және қабылдау-жөнелту жолдарына қарай шекті бағанашықтан асырып жылжытуға;

118

қозғалтуды тежегіш табандықтарсыз бастауға;

тежеу үшін доңғалақтардың астына шпалдарды, тастарды, сүйменді және өзге заттарды төсеуге.

Адамдары бар немесе қауіпті жүктер тиелген вагондарды қолмен қозғалтуға тыйым салынады.

Вагондарды кабестандармен, электрлі ұстастырмалармен және өзге де механикалық құралдармен қозғау тәртібі жергілікті жағдайларға байланы-сты «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бекіткен арнайы нұсқаулықтармен белгіле-неді.

Маневрлік жұмыстарды басқару

11.13. ТПЕ-лердің 15.13-тармағына сәйкес станциялық жолдардағы маневрлер тек бір ғана қызметкердің - станция кезекшісінің, манев-рлік диспетчердің, сұрыптау дөңесінің немесе парк кезекшісінің нұсқауымен, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде - поезд диспетчерінің нұсқауымен орындалуы тиіс. Ма-неврлерді басқару жөніндегі міндеттердің үлестірілуі станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі.

Маневрлерді орындайтын локомотивтың қозғалысын жалғыз қызметкер - маневрлерді басқарушы (поездарды құрастырушы немесе бас кондуктор) басқаруы тиіс, ол маневрлердің дұрыс орындалуына жауапты.

Сұрыптау дөңестерінде маневрлік локомотивтердің қозғалысын дөңес кезекшісі басқаруы мүмкін.

Аралық станцияларда маневрлік жұмыс бас кондуктордың басшылық еіуімен орындалуы мүмкін. Құрастырушы бригада немесе бас кондуктор күтімге алмайтын локомотивтың (өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның) маневрлік қозғалыстарын сол аудандағы маневрлердің орында-луын басқаруға құқы бар қызметкер, немесе соның нұсқауы бойынша сигнал беруші (стрелкалық қосын кезекшісі) басқарады. Осы жағдайларда манев-рлік қозғалуларды басқару үшін сонымен қатар станциялардың бастықтары, олардың орынбасарлары мен тасымалдау бөлімшесінің басшылығы бекіте-тіп тәртіппен өзге қызметкерлер қатыстырылуы мүмкін.

11.14. Маневрлік жұмысты құрастырушы немесе құрастырушы брига-дп (құрастырушы және оның көмекшісі), сондай-ақ бас кондуктор немесе коі ідукторл ық бригада жүргізеді. Жергілікті жағдайларға байланысты манев-рлерді орындау үшін құрастырушы бригаданы немесе бір құрастырушыны таіайындауды тасымалдау бөлімшесінің басшылығы белгілейді.

Маневрлерде жүрген қызметкерлерді маневрлерді басқарушы үлостіреді.

Маневрлік локомотивты бір машинистың жүргізуі локомотивтың ппіі мен жергілікті жағдайларға байланысты тасымалдау бөлімшесі Гіастпылығының рұқсаты бойынша орындалуы мүмкін.

11.15. Поездарды құрастырушы немесе бас кондуктор маневрлік жұмыс ж< )і ііндегі тапсырманы маневрлерді басқаратьш тұлғадан ғана алып отыруы тиіс.

119

Маневрлік жұмыстарды жүргізу жөніндегі тапсырма анық және нақты түрде берілуі тиіс және маневрлерді басқарушы оны аталмыш жұмыстарға қатысы бар әр қызметкерге жеткізуі тиіс.

Егер маневрлерді орындау барысында жұмыстың белгіленген жоспа-рын өзгерту қажеттілігі туындаса, осы өзгерістердің сипатымен маневрлерге қатысатын барлық қызметкерлер алдын ала таныстырылуы тиіс.

11.16. Маневрлік локомотивты (вагондары бар немесе вагондары жоқ) маневрлік ауданның бірінен екіншісіне қозғалтуға станция кезекшісінің (дөңес кезекшісінің) немесе ауданына алдағы уақытта қозғалу жоспарланып отырған тиісті қосын (парк) кезекшісімен немесе сол ауданда жұмыс істей-тін поездардың құрастырушысымен алдын ала келісіп алғаннан кейін ма-неврлік диспетчердің рұқсаты бойынша ғана жол беріледі.

Маневрлерді орындау кезіндегі қызметкерлерге қойылатын талаптар

11.17. ТПЕ-нің 15.23-тармағына сәйкес маневрлерді басқарушы ке-лесі әрекеттерді орындауға міндетті:

маневрлік жұмысқа қатысты тапсырмаларды анық және дер кезін-де орындауға;

маневрлерге қатысатын барлық қызметкерлердің оларды алдағы маневрлік жұмыстардың орындалу жоспары мен әдістерімен та-ныстыру арқылы іс-әрекеттерінің дұрыс үлестірілуі мен келісілуін қамтамасыз етуге;

поездарды Техникалық пайдалану ережелері мен «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығының тиісті нұсқаулықтары мен нұсқауларының талапта-рын толықтай сәйкес түрде құрастыруға;

маневрлік жұмысты қозғалыс қауіпсіздігі, маневрлерге қатысатын қызметкерлердің жеке басының қауіпсіздігі, жылжымалы құрам мен жүктің сақтанымдылығы қамтамасыз етілетіндей түрде ұйымдастыруға. Адамдары бар, габариттен тыс және 1 (жарылғыш заттары) бар вагон-дармен маневрлер ерекше сақтықпен орындалады.

Кезекшілікке кіріскен құрастырушы (бас кондуктор) өз ауданының жолдарында жылжымалы құрамның болуы мен оның орналасуымен таны-сып, оның сенімді бекітілгенін тексеріп шығуы, ауданға арнап орнатылған бекіту құралдарының бар екендігіне көз жеткізп шығуы тиіс. Тексерудің қорытындылары туралы станция кезекшісіне баяндауы тиіс.

11.18. Жұмыс жетекшісі маневрлік жұмыс басталмас бұрын төмендегі әрекеттерді орындап шығуға міндетті:

а) маневрлерге қатысатын қызметкерлердің барлығы, соның ішінде локо-мотивтік бригада толық құрамда өз орындарында болғанына көз жеткізуге;

б) маневрлерге қатысатын машинист пен станция қызметкерлерін алдағы маневрлердің жоспары мен оны орындау тәртібімен таныстырып шығуға;

в) вагондардың қозғалысына кедергілердің (мысалы, доңғалақтарының астында тежегіш табандықтардың және т.б.) бар-жоғын тексеріп шығуға.

120

11.19. Стрелкалық қосын кезекшісіне немесе орталықтандыру қосынының операторына сол не өзге жолға маневрлік маршрутты әзірлеу жөніндегі тап-сырманы маневрлердің жетекшісі көзбе-көз түрде, радиобаланыс, екі жақты парктік байланыс арқылы, локомотивтың ысқырықтарымен, қол ысқырығымен немесе станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленген тәртіппен станцияның техникалық жарақтандырылуына қарай өзге құралдармен беруі мүмкін.

11.20. Жұмыс барысында маневрлерді басқарушы келесі әрекеттерді орындауға міндетті:

а) маневрлік қозғалыстарға қатысты сигналдар мен нұсқауларды анық және дер кезінде беруге;

б) стрелкалардың маневрлік жылжытуларға арнап дер кезінде әзірленуін, орталықтандыру қосындары операторларының, стрелкалық қосын кезекшілері мен локомотив машинисінің сигналдарды дер кезінде және дұрыс беріп отыруын қадағалап отыруға;

в) өзінен сигналдар, маневрлерді орындап жатқан құрам мең оның жыл-жу маршруты жақсы көрінетін жерде болуға; локомотив машинисімен ра-диобайланыс болмаған жағдайда (ол ақаулы болғанда немесе локомотивтың маневрлік радиобайланыспен жабдықталмауы себебінен) өзінен машинист і іемесе оның көмекшісі беретін қол сигаалдарының көрінуі қамтамасыз еті-летін жерде болуға;

г) станциялық жолдар бойынша вагондарын алдыға қаратып қозғалған кезде, әдетте, қозғалыс бағыты бойынша алғашқы арнайы баспалдақта (отпелі алаңшада, тамбурда) тұруға, ал олай ету мүмкін болмаған жағдайда - шегіндірілетін вагондардың алдында жол аралығы немесе жолдың ше-гімен жүріп отыруға, маневрлік бағдаршамдардың көрсетулерін, беріліп жатқан сигналдарды, маршрут бойынша стрелкалардың қалпын, жол-да кедергілердің және адамдардың болмауын бақылауға; қажет болған жағдайда - маневрлік құрамды тоқтатуға арналған шаралар қабылдауға. Ра-диобайланыс болмаған кезде қажет болған жағдайда сигналдарды беру үшін орталықтандыру қосындарының операторларын, стрелкалық қосындардың кезекшілерін және станцияның өзге қызметкерлерін қатыстыруға;

д) маневрлерді үлкен құрамдармен жолдың қисық бөліктерінде немесе корінім нашар болған жағдайларда (тұман, қарлы боран, қар жабу және т.б.) жүргізген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған қосымша шаралар-ды қабылдауға - жиі жағдайда машиниске сигналдар мен нұсқауларды ра-диобайланыс немесе екі жақтық парктік байланыс арқылы беріп отыруға;

е) жылжымалы құрамның кесілген стрелка арқылы соңғысын тексеріп жоі ідегенше өткізілуіне жол бермеуге;

ж) құрамға жақындамас бұрын қоршау сигналдарының жоқ екендігіне көз жеткізіп алу;

з) вагондардың бекітілусіз немесе өздерінің алдағы тұрақтау уақытының моліперіне байланыссыз станцияның техникалық-жарлық актісінде белгі-/ігнген нормаға жеткіліксіз түрде бекітілген жағдайда қалдырылуына жол бермеуге;

121

и) вагондардың түгелдей бір-бірімен және локомотивпен тіркелгеніне көз жеткізіп алмай, маневрлік құрамдардың қозғалысына (локомотивын алдыға қаратып немесе вагондарын алдыға қаратып) жол бермеуге;

к) итеру маневрлері кезінде тіркестердің кері бағытта қозғалуын неме-се вагондардың жолдың қарсы ұшындағы шекті бағаншадан шығып кетуін болдырмайтын шараларды дер кезінде қабылдауға;

л) егер итеру маневрлері кезінде немесе құрамдарды дөңеске ите-ру кезінде ажырату иінтіректері жұмыс жағдайлары бойынша «буферге» қалпына орнатылса, тіркесті құрамнан ағытқаннан кейін иінтіректерді де-реу түрде қалыпты жағдайға келтіруге;

м) маневрлік локомотив (жалғыз немесе вагондары бар) вагондарын ажырату немесе өзге вагондарды өзіне тіркеу үшін вагондар тұрған сол не өзге жолға шыққан кезде, сондай-ақ вагондарды ажырату үшін оларды қысу кезінде маневрлік локомотивке қарсы жақтағы вагондардың сенімді түрде бекітілгеніне көз жеткізіп алмай аталмыш әрекеттердің орындалуына жол бермеуге;

н) егер де сол не өзге жолда тұрған вагондар тобына, соның ішінде бекі-тілген норма бойынша бекітілген вагондар тобына қосымша түрде вагондар тіркелетін болса, соның нәтижесінде осыған дейін қойылған табандықтардың орны ауыспағандығын, сондай-ақ сол табандықтардың саны саны өсіп кет-кен вагондарға жеткілікті бола ма соны тексеруге міндетті;

о) маневрлік құрамды жүктерді тиеу және түсіру орындарында қозғамас бұрын қозғалыс үшін кедергінің жоқ екендігіне көз жеткізіп алуға;

п) өздеріне жүктерді тиеу және түсіру жұмыстары аяқталмаған вагон-дармен маневрлерді тиеу-түсіру әрекеттерін басқаратын қызметкермен ке-лісіп алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі;

р) маневрлерді орындау кезінде құрастырушы және кондукторлық бригадалардың қызметкерлеріне тізбесін жергілікті еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулық белгілейтін габариттен тыс және қауіпті жерлерде вагонның ар-найы баспалдағында тұруға тыйым салынады.

11.21. Маневрлерді басқарушы аталмыш жұмыстарды жылжы-малы құрамның жолдардың қарсы ұшындағы шекті бағаншықтардан (оқшаулаушы түйіспелер немесе бағдаршамдар) асып шығып кетуіне жол берілмейтіндей түрде ұйымдастыруы тиіс.

Маневрлік жұмыстарды басқарушының жоғарыда аталған талаптың орындалуын қамтамасыз ететін парктың (жолдың) қарсы ұшындағы қызметкерлермен өз әрекеттерін келісу тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді.

11.22. Станция кезекшісі, маневрлік диспетчер немесе дөңес кезекшісі адамдары бар немесе 1 класты (жарылғыш материалдар) жүктер, сондай-ақ тасымалдау құжаттарында «Дөңестен түсірілмесін» және «Дөңестен абай-лап түсірілсін» деген мөрқалыптар соғылған өзге топтағы қауіпті жүктер ти-елген вагондармен маневрлерді жүргізу қажет болған жағдайда бұл туралы поездарды құрастырушыны, ал соңғысы - өзінің көмекшісін және маневрлік локомотивтың машинисін хабардар етуі тиіс.

122

11.23. Маневрлерді өтпелерді кесіп өтумен жөндеу бригадалары (жол, СОБ бригадалары) жұмыс жүргізіп жатқан жерлерде, жолаушылар платформаларының жанында, жүк қоймаларының, жүк аудандарының, отын қоймаларының, вагондық және локомотивтік деполардың жолдарын-да, заводтардың, шеберханалардың аумағында және т.б. орындау кезінде құрастырушыжәнелокомотивтікбригадаларерекшесақтықтанытуы,құрам жолдың жанында немесе платформаларда тұрған адамдарға жақындаған кезде дыбыс сигналдарын дер кезінде беріп отыруға, сондай-ақ тиеу, түсіру, жолдың, вагондардың жөндеуінде немесе басқа әрекеттерде жұмыс істеп жатқан адамдарды құрамның қозғалатыны туралы ескертуі тиіс. >

11.24. ТПЕ-нің 15.24-тармағына сәйкес локомотивтік бригада ма-неврлерді орындау кезінде келесі әрекеттерді орындауға міндетті:

маневрлік жұмысқа қатысты тапсырмаларды анық және дер кезін-де орындауға;

беріліп жатқан сигналдарды мұқият түрде бақылап отыруға, жылжулар туралы сигналдар мен нұсқауларды нақты және дер кезінде орындап отыруға;

жолдарда жүрген адамдарды, стрелкалардың қалпы мен жылжы-малы құрамның орналасуын мұқият түрде бақылап отыруға;

маневрлерді орындау қауіпсіздігі мен жылжымалы құрамның сақтанымдылығын қамтамасыз етуге.

ТПЕ-нің 15.15-тармағына сәйкес маневрлерді орындап жатқан локомотивтың, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның машинисіне маневрлерді басқарушының көзбе-көз, радиобайла-ныс, екі жақтық парктік байланыс немесе сигнал бойынша нұсқауын алмайынша локомотивты, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды қозғалтуға тыйым салынады. Маневрлерді басқарушының нұсқауы немесе сигналымен қатар орталықтандырылған маневрлік маршруттардың стрелкаларына шығу алдында машинист манев-рлік бағдаршамның рұқсат етуді көрсетіп тұрғанына көз жеткізіп, ал орталықтандырылмаған стрелкаларына шығудың алдында -с трелкалық қосын кезекшісінен - сигнал немесе (көзбе-көз, радиобай-ланыс арқыды, екі жақты парктік байланыс құрылғылары бойынша) «. грелкалардың маневрлік жылжулар үшін дайын болғандығы туралы хабар алуға міндетті. Маневрлік бағдаршамдар болмаған жағдайда орталықтандырылған стрелкаларға шықпас бұрын машинист стан-ция кезекшісінен (көзбе-көз, радиобайланыс арқылы, екі жақты парк-гік байланыс құрылғылары бойынша немесе маневрлерді басқарушы ирқылы берілген) стрелкалардың маневрлік жылжулар үшін дайын Оолғандығы туралы хабар алуға міндетті.

Стрелкалар мен сигналдар электрлік орталықтандырылған стан-цияларда стрелкаларды жергілікті басқарудан орталықтандырылған гүрдегі басқаруға ауыстырған жағдайда стрелкаларға сол стрелкалар-ды бұру ісі жүктелген қызметкердің нұсқауымен немесе сигналы бой-миша шығуға рұқсат етіледі.

123

ТПЕ-нің 15.25-тармағына сәйкес құрама поездармен жұмыс істей-тін, сондай-ақ маневрлік жұмыстарды орындауға арнап бөлінген ло-комотивтік бригадалар, кондукторлар мен құрастырушы бригада-лар техникалық-жарлық актіде көрсетілген станциядағы маневрлік жұмыстың тәртібін білуі тиіс. Локомотивтік және құрастырушы бри-гадалар мен кондукторлардың станциялардың техникалық-жарлық актісінде көрсетілген маневрлік жұмыстың шарттарымен таныстыру тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді.

Маневрлерді орындайтын локомотивтың машинисіне локомотивты өзінде вагондар қалатын жолдан маневрлерді басқарушыдан радиобайланыс арқылы, екі жақты парктік байланыс, маневрлерге қатысушы өзге қызметкер арқылы берілген, немесе осы Нұсқаулықтың 11.41-тармағында белгіленген ережелерді жеке өзі орындаумен хабарлар алмайынша шығаруға рұқсат етілмейді.

Маневрлер кезінде локомотивты басқару ісін машинист жүзеге асыра-ды. Машинист локомотивты басқаруды машинистың көмекшісіне немесе оның дублеріне тек өзінің бақылауымен ғана сеніп тапсыруы мумкін.

11.25. Вагондарын алдына қаратып қозғалған жағдайда маневрлер-ді басқарушы машиниске стрелкаларға алдағы шығуымен қозғалысын бастағаны туралы сигналды стрелкалық қосын кезекшісінен стрелкалардың маневрлік қозғалыстар үшін дайын болғаны туралы сигналын (хабар) алғаннан кейін ғана немесе маневрлік бағдаршам ашық қалпында тұрғанына көз жеткізіп барып қана беруге болады.

11.26. Жеке локомотивтың машинисі станциялық жолдар арқылы қозғалған кезде маневрлік бағдаршамдардың көрсетулерін, станция кезекшілерінің, орталықтандыру қосындары операторларының, стрелкалық қосын кезекшілерінің тікелей локомотив машинисіне берілетін сигналда-рын немесе хабарландыруларын басшылыққа алады.

11.27. Радиобайланыс арқылы немесе екі жақты парктік байланыс құрылғылары бойынша берілетін сигналдар, сондай-ақ нұсқауларды ма-шинист локомотивтың ысқырығымен немесе берілген нұсқауды қысқаша түрде қайталаумен растауға міндетті.

Егер де машинист сигналды немесе нұсқаудың дұрыс ұғылғанына се-німді болмаса немесе маневрлік жұмыстың жоспарын білмесе, ол тоқтап жағдайды анықтап алуы тиіс.

11.28. Жолаушы поезы жөнелтіліп жатқан жол бойынша аталмыш по-езд оны толықтай босатқанша локомотивтер мен маневрлік құрамдарды (поездың артынан) жүргізуге тыйым салынады. Жолаушы поездары тұрған жолдағы локомотивтердің машинистеріне жолдың толықтай босағаны ту-ралы хабар алғанша жөнелтілген жолаушы поезының соңынан жүруге тый-ым салынады.

11.29. Стрелкалық қосындардың кезекшілері, орталықтандыру қосындарының операторлары маневрлерді жүргізу кезінде келесі әрекеттерді орындауға міндетті:

а) маневрлерді басқарушы көрсеткен маршрут бойынша стрелкаларды

124

дұрыс және дер кезінде бұрып отыруға;

б) ауыспаны бұрғаннан кейін стрелкалық қосын кезекшісі оны салмаға жауып (осы Нұсқаулықтың 11.3-тармағында ескерілген жағдайларды есеп-ке алмағанда) және ауыспаның үшкірі рамалық рельске тығыз жанасып жатқанына көз жеткізуі тиіс;

в) маневрлік құрамның қозғалуы туралы сигнал немесе хабарлама беру алдында маневрлік маршруттағы стрелкалардың дұрыс қалпында жатқанын тексереді;

г) машинист пен құрастырушыға сигналдар мен хабарламаларды нақты және дер кезінде беріп отыруға;

д) маневрлік құрамның жылжуларын, беріліп жатқан нұсқаулар мен сигналдарды зер сала бақылап, сол нұсқаулар мен сигналдардың талапта-рын дер кезінде орындауға.

Вагондарды бекіту

11.30. ТПЕ-нің 15.21-тармағына сәйкес станциялық жолдарда жыл-жымалы құрам шекті бағанашықтармен белгіленген шектерде орна-тылуы тиіс.

Станциялық жолдарда локомотивсыз тұрған поездардың құрамы, вагондар мен арнайы жылжымалы құрам ығысудан теже-гіш табандықтармен, вагондарды бекітуге арналған тұрғылықты құрылғылармен, қол тежегіштерімен немесе өзге де бекіту құралдары-мен сенімді түрде бекітілуі тиіс.

Вагондардың станциялық жолдарда бекітілуі осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында келтірілген нормалар мен ережелерге сәйкес түрде орын-далуы тиіс.

Вагондар мен құрамдарды жергілікті жағдайларға байланысты бе-кіту тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі, атал-мыш құжатта вагондар мен поездардың құрамы әрбір жолда қалайша Оекітілуі тиіс екендігі, аталмыш әрекеттерді кімнің орындауы, сондай-ақ нагондардың астынан бекіту құралдарын кімнің алуы тиіс екендігі немесе қол тежегіштерін жіберуі және кімге аталмыш әрекеттердің орындалғаны туралы баяндауға тиіс екендігі белгіленуі тиіс.

11.31. Станциялық жолдарда қалдырылатын поездардың құрамы, топтары немесе жекелеген вагондар барлық жағдайларда локомотивты станцияның техникалық-жарлық актісінде ескерілген нормалар бойынша пгытқанша тежегіш табандықтармен бекітілуі тиіс. Еңістігі 0,0025-тен аспай-тііін жолдарда жолаушы поездардың локомотивтерін ауыстырған кезде қүрамды бекітуге арнап поездың автотежегіштерін 15 минуттен асырмай қолдануға болады. Локомотивтерді ауыстыру мүмкін болмайтын жағдайда жогарыда көрсетілген уақыт ішінде құрам тежегіш табандықтармен белгі-ленген норма бойынша бекітілуі тиіс.

11.32. Станцияға келіп жатқан поездар локомотивтерінің машини-сіеріне локомотивтың бекітілгені туралы хабар алмайынша локомотив-

125

ты құрамнан ағытуға тыйым салынады. Мұндай хабарлама машиниске станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленген тәртіп бойынша бе-ріледі. Локомотивты поездан ағытпас бұрын машинист барлық жағдайда құрамды автоматтық тежегіштермен тоқтатуға міндетті.

11.33. Станцияға ұзақ тұрақтау үшін (24 тәуліктен артық) келген вагон-дар (мысалы, резервте, ВЖЗ-на берілуін күтумен және т.б.) еңістігі 0,0025-тен аспайтын поездарды жүріс маршруттарынан оқшауланған жолдарға қойылуы тиіс. Мұндай вагондардың бекітілуі вагондық доңғалақтарды тежегіш табандықтарға еркін жүріспен қозғалу арқылы орындалуы тиіс. Бекітудің дұрыс орындалғаны мен сенімділігін станция бастығы, оның орын-басары немесе станцияның кезекшісі тексеруі тиіс.

11.34. Жүк поездарын аралық жолдарда локомотивсыз уақытша түрде қалдырған кезде олар вагондық доңғалақтарды тежегіш табандықтарға еркін жүріспен қоюмен станцияның тиісті жолға арналған техникалық-жарлық актісінде ескерілген нормалар бойынша бекітіледі Мұндай поездардың кұрамының дұрыс және сенімді бекітілгендігі станцияның бастығымен немесе оның орын-басарымен тексерілуі тиіс, соңғылары поезд диспетчерінің нұсқауы бойынша станцияға алдын-ала шақырылады және оған бекітілудің дұрыстығын тексерге-ні туралы баяндайды. Аталмыш басқарушыларды шақырту мүмкін болмаған жағдайда бекітілудің дұрыстығы мен сенімділігін станция кезекшісі өзі тексере-ді, ол артынша бұл жөнінде поезд диспетчеріне баяндайды.

11.35. Еңістігі 0,0025-тен асатын, вагондардың поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарына және жанасып жатқан аралыққа қарай ығысуын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталмаган станцияларда немесе же-келеген станциялық жолдарда поездар құрамын локомотивсыз қалдыруға жол берілмейді.

Мұндай станциялар мен станциялық жолдардың тізімі «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығының бұйрығымен бекітіледі.

11.36. ТПЕ-нің 15.18-тармағына сәйкес өздерінде жылжымалы құрамның аралыққа кету қаупі туындайтын еңістерде орналасқан станциялық жол-дардағы маневрлер локомотивты оны түсіру жағынан вагондардың автоте-жегіштерін қосумен және оларды сынақтан өткізе отырып қоюмен орында-лады. Локомотивты түсіру жағынан қою мүмкін болмаған жағдайда мұндай жолдардағы маневрлер шегіндіру жолымен орындалуы тиіс, ал вагондардың автотежегіштері қосылып сынақтан өткізілген болуы тиіс. Аталмыш жолдары бар станциялардағы қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маневрлерді орындаудың тәртібі Пеоздардың қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді және станцияның техникалық-жарлық актісінде бел-гіленеді.

Маневрлерді еңістерде орналасқан жолдарда орындау кезінде барлық жағдайларда ажыратылған вагондардың маневрлік құраммен соғылысуына, сондай-ақ вагондардың поездардың қозғалыс маршруттарына немесе өзге маневрлік аудандарға кетуіне жол бермейтін қауіпсіздік шаралары (стрелка-ларды оқшаулаушы жағдайға қою, табандықтарды жекелеген тіркестердің астына қою және өзге шаралар) орындалуы тиіс.

126

Маневрлер кезінде жылжымалы құрамның жылжып кету қаупі туын-дайтын еңістерде орналасқан аудандар мен жолдардың тізімі, сондай-ақ аталмыш ауданда маневрлерді орындау кезінде орындалуы тиіс қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар станциялардың гехникалық-жарлық актілерінде көрсетіледі.

11.37. Аралық станцияда локомотивсыз қалдырылатын поездың құрамы жолаушылардың өтуіне арнап тіркестен ажыратылған және бөлінген жағдайда бұл құрамның әрбір бөлігі өзінде құрамның ажыратылған бөлігі туратын жолдың бөлігінің нақты пішініне сәйкес келетін нормаға сәйкес те-жегіш табандықтармен бекітілуі тиіс.

11.38. Кірме және жалғастырушы жолдар жанасып жатқан аудандар-да жылжымалы құрамның станцияға немесе аралыққа өз-өзінен кетуінің алдын алу үшін станциялардың кезекшілері, құрастырушы бригадалар, сгрелкалық қосындардың кезекшілері жанасуға кіргеннен кейін сақтандыру гұйықтарының стрелкалары (соның ішінде орталықтандырылған) мен күзеттік, лақтырғыш табандықтарды немесе стрелкаларды дереу түрде қалыпты жағдайға қоюы тиіс.

11.39. Күшті жел болатыны туралы хабар алғаннан кейін немесе сон-дай жел көтерілген жағдайда ол туралы алдын ала хабар келмегіннің өзінде станциялардың әрбір қызметкері өз қосынында жылжымалы құрамның ыгысудан сенімді түрде бекітілгенін тексеріп шығып, осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасының 9-тармагына сәйкес қосымша тежегіш табандықтарды салуға міндетті.

11.40. Жылжымалы құрамның аралыққа жылжып кету қаупі іуындаған жағдайда станция қызметкерлері өздерінің иелегіндегі барлық қүралдарды оны тоқтатуға арнап пайдалануға міндетті. Жылжымалы қүрам аралыққа жылжып кеткен кезде станция кезекшісі өзінің иелігіндегі оарлық құралдарды қолдана отырып, ол жөнінде аралықтағы поездардың машинистеріне, поезд диспетчеріне, жол қосындарының ДСП-на, іргелес станциялардың, аралықтардың кезекшілері мен өзге қызметкерлерге ха-і >арлап, кетіп қалған жылжымалы құрамды тоқтатуға арналған шараларды қабылдауы тиіс.

11.41. Жылжымалы құрамды станциялық жолдарда бекіту жөніндегі прекеттерді орындау кезінде қызметкерлердің өзара бақылауын қамтамасыз стетін келесі негізгі ережелер орындалуы тиіс:

А. Поездардың құрамдарын бекіту кезінде:

басты және қабылдау-жөнелту жолдарында бекіту және оны бақылау ісіп станция кезекшісі, ал жекелеген маневрлік аудандарда - маневрлік дис-ікччер орындайды;

станция кезекшісі локомотивты құрамды бекіткен қызметкерден атал-мі.пп әрекетті дұрыс орындағанына оның баяндамасы бойынша немесе мпбе көз түрде көз жеткізгеннен кейін ғана ағытуға рұқсат бере алады;

поездық локомотивтың машинисіне құрамнан станция кезекшісінің радиобайланыс, парктік байланыс, бекітуді орындайтын қызметкер арқылы

127

берілген немесе көзбе көз түрде берілген рүқсатынсыз локомотивты қүрамнан ағытуға тыйым салынады;

құрамның астындағы тежегіш табандықтарды алуға станция кезекшісінің аталмыш әрекетті орындаушыға радиобайланыс, парктік байланыс, станцияның өзге қызметкері арқылы берілген немесе өзі берген нұсқауы бойынша ғана рұқсат етіледі;

станция кезекшісі тежегіш табандықтарды шешіп алу туралы нұсқауды машинистың радиобайланыс бойынша немесе станцияның қызметкері арқылы берген баяндамасы бойынша локомотивтың іс-жүзінде қүрамға тіркелгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана бере алады.

Б. Маневрлік жұмыс кезінде:

маневрлерді орындау кезінде жылжымалы қүрамды бекіту үшін жау-апты болып маневрлерді басқарушы табылады;

маневрлерді басқарушы барлық жағдайда локомотивты (жеке түрде немесе вагондармен қоса) тіркестен ажыратпас бұрын машиниске жолда қалдырылатын вагондардың бекітілгені туралы олардың санын көрсете от-ырып, сондай-ақ тежегіш табандықтардың саны мен олардың қай жақтан төселгені туралы хабарлауға міндетті. Дәл осындай хабарды маневрлерді қабылдау-жөнелту жолдарында орындаған кезде өзінде вагондар (немесе өзге түрдегі жылжымалы құрам) қалатын жолдан шығу туралы рұқсатқа өтінім жасалған кезде маневрлерді басқарушы жекелеген маневрлік аудандардағы станция кезекшісіне (маневрлік диспетчерге) беруге міндетті, ал локомотивтың машинисі - станция кезекшісіне аталмыш хабарды радио-байланыс бойынша қайталап беруге міндетті;

станция кезекшісі (маневрлік диспетчер) машинист пен маневрлар-ды басқарушы берген хабарламалардың станцияның техникалық-жарлық актісінде нақты жолға арнап белгіленген вагондарды бекіту нормаларына сәйкес екенідігіне көз жеткізіп, локомотивке (маневрлік құрамға) жолдан (сол маневрлік ауданнан) шығуға рұқсат береді.

Жылжымалы құрамды бекіту жөніндегі әрекеттердің оларды орын-дайтын және солар туралы баяндайтын нақты қызметкерлердің тізі-мі көрсетілген толық тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісіне қосымша ретінде беріледі.

Маневрлер кезіндегі жылдамдықтар

11.42. Маневрлер төмендегі жылдамдықтардан аспайтын жылдам-дықпен орындалады:

60 км/сағ - жеке локомотивтер және артына вагондар тіркелген, автоте-жегіштері қосылған және сынақтан өткен локомотивтер бос жолдар арқылы жүрген кезде;

40 км/сағ - артына вагондар тіркелген локомотив қозғалған кезде, сон-дай-ақ жекелеген арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам бос жолдар арқылы қозғалған кезде;

128

25 км/сағ - адамдары, сондай-ақ жаны мен асты бойынша 4-ші, 5-ші және 6-шы дәрежедегі габаритсіздікке ие габариттен тыс жүктері бар вагон-дарын алдыға қойып жүрген кезде;

5 км/сағ - ажыратылған вагондар тіркесі өзге ажыратылған вагондар тіркесіне жақындаған кезде, итермелеу және дөңес астындағы парктегі ма-неврлер кезінде;

3 км/сағ-локомотив (вагондары бар немесе вагондары жоқ) вагондарға жақындаған кезде.

Жылжымалы құрамның вагондық таразылар бойынша жылжу жылдамдығы станцияның техникалық-жарлық актісінде таразылардың құрылымына байланысты белгіленеді.

Маневрлік құрамдар мен жекелеген локомтивтердің 60, 40 және 25 км/сағ жылдамдықтармен қозғалуы машинист жолдың бос болуы туралы хабардар болған жағдайда ғана орындалуы мүмкін. Егер машинист жолдың бос болуы туралы хабардар етілмесе, ол ерекше абайлықпен және бұдан арғы қозғалысына кедергі кездесе қалса шұғыл тоқтауды қамтамасыз ететін-дей жылдамдықпен қозғалуы тиіс.

Сұрыптау жолдары мен тартым жолдарындағы маневрлер

11.43. Вагондарды сұрыптауға арналған дөңестік құрылғылары бар стан-цияларда маневрлер «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бекіткен нұсқаулықтарға сәйкес орындалуы тиіс, оларда сонымен қатар қүрамдарды ажырату про-цесін автоматтандыру құрылғыларын пайдалану тәртібі көрсетіледі.

Сұрыптау дөңестерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықтарда соны-мен қатар вагондардың сұрыптау жолдарына сұрыптау дөңесінің қарсы жағындағы қылтаға кетуін болдырмайтын шаралар (қоршағыш тежегіш табандықтарды төсеу, ажыратылған тіркестерді парктың түбінде тоқтату, сұрыптау дөңесі мен сұрыптау парк қызметкерлерінің арасындағы келісіл-гендік және өзге де шаралар) ескерілуі тиіс.

11.44. Вагондарды сұрыптау дөңесінен түсірмес бұрын дөңес кезекшісі келесі әрекеттерді орындауға міндетті:

а) дөңес жағындағы жолдардың бос болу дәрежесін және оларда өтпелердің болуын тексеріп шығуға;

б) алдағы тарқатудың жоспарымен, тіркестердің орналасу тәртібімен, орбір тіркестегі вагондардың санымен, тіркестердің жүрістік қасиеттерімен, іарқату кезінде ерекше абайлықты қажет ететін, ұзын базалық (осьтерінің орталықтары арасындағы арақашықтығы 11,3 м-ден асатын) вагондардың Оолуымен және басқа да қажетті деректермен танысып шығуға;

в) сол станцияда бекітілген тәртіп бойынша алдағы тарқатудың си-патымен вагондарды сұрыптау ісіне қатысатын озге қызметкерлердің (окімдік және атқару қосындарының операторларын, поездардың құрастырушыларын, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушілерді жоне т.б.) таныстырылуын қамтамасыз етуге;

г) сұрыптау жұмысын автоматтандыру құрылғыларын қосуға.

129

11.45. Дөңес кезекшісі, өкімдік және атқару қосындарының опе-раторлары, поездарды құрастырушылар, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушілер тарқату кезінде сұрыптау жолдарының то-луына байланысты, тіркестердің стрелкалық өңір мен дөңес астындағы жолдардан өту жағдайларына, тіркестердің шамасына, тіркестерді сұрыптау паркінің жолдары бойынша тағайындауды алмастыруға бай-ланысты жылжыту жылдамдығы мен вагондарды тежеу дәрежесін рет-теп отыруы тиіс.

Тарқату барысында дөңес кезекшісі, өкімдік және атқару қосындарының операторлары тіркестердің қозғалысын бақылап, олардың сұрыптау паркінің жолдары бойынша дұрыс жүруін, сұрыптау жұмысын автомат-тандыру құрылғыларының жұмысын бақылап отыруы және орын алған жағдайға сәйкес қажет болса олардың жұмысына түзетулер енгізіп отыруы тиіс.

11.46. Сұрыптау жолдарында 1 (ЖМ) кластық қауіпті жүктер тиелген вагондар немесе сұйытылған газдары бар цистерналар тұрған кезде манев-рлік диспетчерлер мен сұрыптау дөңестерінің кезекшілері өздерінде атал-мыш вагондар тұрған жолдардың дәл есебін жүргізіп отыруға міндетті.

Өздеріне қатысты тасымалдау құжаттарында «Дөңестен түсірілмесін» деген мөрқалып соғылған жарылғыш материалдары (ЖМ) бар вагон-дар, сұйытылған газдар құйылған цистерналар мен сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған бос цистерналар сұрыптау жолдарына қойылғаннан кейін дереу түрде дөңес, жартылай дөңес немесе тартымдық жол жағынан екі күзету тежегіш табандықпен қоршалуы тиіс, соңғылары қоршалатын вагондардың сұрыптау дөесінен алғашқы болып орналасқан тежегіш табандығына дейінгі арақашықтық кем дегенде 50 метр болатындай етіп рельстіңекеуіне де бір бірінен25 метр арақашықтықтатөселеді. Осы жолдарға жіберілетін кейінгі тіркестер күзеткіш тежегіш табандықтары орналасқан жердің алдында кем дегенде 10 вагоннан тұратын топ жинақталғанша тоқтап тұруы тиіс. Вагондарды тарқатудың немесе итеру маневрлері кезінде оларды осындай жолдарға жіберудің қалыпты режимі қоршалған вагондар өздерімен алдын ала қосылған вагондар тобымен қалқаланған жағдайда ғана қалпына келтірілуі мүмкін. Өздеріне қатысты тасымалдау құжаттарында «Дөңестен түсірілмесін» деген мөрқалып соғылған қоршалатын вагондар-дан дөңес немесе тартым жағындағы парктік тежегіш жайғасымның аяғына дейінгі арақашықтық 50 метрден кем болса, кейінгі тіркестер бұл жолдарға шегіндіру әдісімен ғана жөнелтілуі тиіс.

Тарқату барысында дөңес кезекшісі, өкімдік қосын операторы неме-се дөңестік құрастырушы екі жақты парктік байланыс немесе өзге түрдегі байланыс арқылы атқару қосындарының операторларын, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушілерді, стрелкалық қосын кезекшілерін ерекше абайлықты қажет ететін тіркестер (1(ЖМ) кластық қауіпті жүктері бар, жолсеріктері, құстар мен т.б. бар вагондар) туралы үнемі түрде хабар-дар етіп отыруы тиіс.

Тарқатуға қатысатын қызметкерлердің барлығы, мұндай тіркестерді

130

дөңестерден түсірген кезде, сондай-ақ кез келген тіркестерді өзінде ерекше абайл ықты қажет ететін жүктер тиел ген вагондар тұрған жолдарға тарқатқан кезде айрықша абай болуы, жылжымалы құрамды тарқату қаупсіздігі мен сақтанымдылығын қамтамасыз етуі тиіс. Жылжыту жылдамдығын, сондай-ақ баяулатқыштардағы тежелудің күшін тіркестердің арасындағы қажетті арақашықтарды қалыптастыру және сол вагондардың өзге вагондармен соғылысқаны кезінде белгіленген жылдамдықтарды шартсыз түрде сақтау есебімен реттеп отыруға. Қызметкерлерді тарқатылатын құрамда және сұрыптау паркінің жолдарында Темір жолдар бойынша жүктерді тасымал-дау ережелері мен Темір жолдар бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде аталған ерекше абайлықты қажет ететін жекелеген категори-ялы жүктері бар вагондардың болуы туралы хабардар етудің тәртібі жергі-лікті нұсқаулықтарда белгіленеді.

11.47. ТПЕ-нің 15.19-тармағына сәйкес төмендегілерді итермеле-умен маневрлер орындауға және оларды дөңестен тарқатуға тыйым салынады:

жүктерге ілесіп келе жатқан жолсеріктері (командалар) бар вагон-дарды есепке алмағанда, адамдары бар вагондарды;

Темір жолдар бойынша жүктерді тасымалдау ережелері мен Темір жолдар бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде аталған жекелеген категориялы жүктері бар вагондарды;

жаны мен асты бойынша 4-ші, 5-ші және 6-шы дәрежедегі габарит-сіздікке ие габариттен тыс жүктер мен 3-ші дәрежедегі жоғарғы габа-ритсіздікке ие жүктер тиелген платформалар мен жартылай вагондар, жүк тиелген тасымалдағыштарды;

әрекетсіз қалпында тұрған локомотивтерді, моторвагондық жыл-жымалы құрамды, рефрижераторлық поездардың құрамдарын, жолау-шы вагондарын, темір жол жүрісіндегі крандарды;

«Дөңестен түсірілмесін» деген трафареті бар вагондар мен ар-найы жылжымалы құрамды.

Аталмыш жылжымалы қүрам сұрыптау дөңесі арқылы тек маневр-лік локомотивпен бірге ғана өткізілуі мүмкін.

ТПЕ-нің 15.20-тармағына сәйкес сұрыптау дөңестері арқылы төмендегілерді өткізуге рұқсат етілмейді:

12 және одан да артық осьтері бар жүк тиелген және бос тасымалдағыштарды, жүк көтерімділігі 120 т тіркестік типіндегі жүк тиелген тасымалдағыштарды тіркесте бір немесе екі аралық платфор-малар болған кезде, сондай-ақ «Дөңестен түсірілмесін» деген трафаре-ті бар жылжымалы құрамды.

Сұрыптау дөңестерінде дөңестік бағдаршамдардың түрлі көрсетулері кезіндегі вагондарды тарқатудың жылдамдығын, сонымен қатар жылжы-міілы құрамның сақтанымдылығын қамтамасыз ететін шарттар дөңестердің юхникалық жарақтандырылуы мен жергілікті жағдайларға байланысты »ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді. Дөңес астындағы парктегі тарқатылған и.пондардың өзге тарқатылған вагондарға жақындау жылдамдығы 5 км/

131

сағ аспауы тиіс, ал егер вагондардың тасымалдау құжаттарында «Дөңестен түсірілмесін» деген мөрқалыбы соғылған болса немесе вагондар мен арнайы жылжымалы құрамда «Дөңестен түсірілмесін» деген трафарет болса, олар-мен маневрлер шегіндіру немесе дөңес астындағы парк жағынан қалқалау нормаларын сақтаумен итерулер мен күрт тоқтаусыз ерекше абайлықпен локомотивпен «шешіп алу» жолымен орындалуы тиіс. Мұндай вагондар мен арнайы жылжымалы құрамды өзге вагондармен немесе локомотив-пен тіркестіру кезіндегі қосылыс жылдамдығы 3 км/сағ аспауы тиіс. Олар сұрыптау дөңесі арқылы локомтивпен ғана өткізілуі тиіс.

Сұрыптау дөңестерінен 12 және 5-вагондық рефрижераторлық секция-ларды, сонымен қатар машиналық салқындатуы бар автономдық вагондар-ды тарқату кезінде олардың дөңес астындағы парктің жолдарында тұрған вагондармен соғылысуына, сондай-ақ оларды артынша тарқатуға жол беріл-мейді. Аталмыш вагондар дөңестік бағдаршамның сары шамы жанған кезде тарқатылуы тиіс.

11.48. Жүкке немесе үй құстарына ілесе келе жатқан жолсеріктері (командалары) бар вагондарды дөңестен тарқату алдында, сондай-ақ осы вагондармен итермелеу маневрлерін орындаудың алдында поездарды құрастырушылар жолсеріктер мен командаларды алдын ала ескертуі тиіс.

11.49. Тарқату кезінде вагондардың жылдамдығын реттеушінің әрқайсысы сол не езге сұрыптау жолында вагондардың бар-жоғын бақылап, аталмыш жол толып кеткен кезде бұл жонінде аға реттеушіге, дөңес кезек-шісіне немесе дөңестік құрастырушыға алдын ала хабарлап отруға міндет-ті. <

Нақты және үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін вагондардың қозғалу жылдамдығын реттегіштер төмендегілерді орындауға міндетті:

а) құрамның тарқатылуы басталмай тұрып өзі қызмет көрсететін жол-дарда болуға;

б) дөңес кезекшісі беріп жатқан хабарлар мен командаларды, поездар-ды құрастырушы немесе локомотив машинисі беріп жатқан сигналдарды мұқият бақылап отыруға;

в) жолдардың сыйымдылығын толығымен пайдалануды және тарқатылмалардың дөңес астындағы парк жолдарында тұрған вагондарға қауіпсіз түрдегі жақындауын қамтамасыз етумен вагондарды есеппен тоқтатып отыруға. Деңестен үлкен тарқатылмаларды тарқату кезінде теже-гіш табандықтар доңғалақтар жұбының астына табандық төсегіштің немесе арнайы ашаның көмегімен төселеді;

г) жолға вагондарды тіркеу үшін локомотив шыққан кезде құрастырушының немесе дөңес кезекшісінің нұсқауы бойынша вагондардың астындағы тежегіш табандықтарды шешіп алуға;

д) іргелес жолдарды күтімге алатын, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушілерге олар қызмет керсететін аудандарға тарқатылымдар қарқынды түрде қозғалған жағдайда оларға жәрдемдесуге.

11.50. Вагондар станциялық жолдарға тоқтаған кезде тежегіш табандықтарды төмендегідей тәртіппен төсеуге тыйым салынады:

132

а) тікелей рельстік түйіспенің алдында (1 м және одан кем) және рель-стік түйіспеде (егер ол балқытып жапсырылмаған болса);

б) бағыттамалы бұрманың айқастырмасының алдында;

в) өзіне үшкір жанасып жатқан бағьггтамалы бұрманың рамалық рельсіне;

г) қисықтың сыртқы рельсіне.

11.51. Ақаулы тежегіш табандықтарды (қалпақшасы сынып кеткен, табандығы мүжілген және майысып кеткен және т.б.) пайдалануға тыйым салынады.

Тежегіш табандықтар (олар анық көрінетіндей бояуға) боялған болуы, олардың белгілі түрдегі таңбасы болуы тиіс және жол аралықтары мен сөрелердегі арнайы тумбочкаларда сақталуы тиіс.

11.52. Дөңес кезекшісінің (құрастырушының) сұрыптау паркінің қарама-қарсы ұшындағы құрастырушымен немесе езге қызметкерімен станцияның техникалық-жарық актісінде белгіленген тәртіппен алдын ала келісіп ал-май вагондарды сұрыптау паркінде (дөңес жағынан немесе сұрыптау паркі жолдарының қарама-қарсы жағынан) шегіндіру және тіркестіруге тыйым салынады.

Шегіндіруден бұрын құрастырушы вагондардың астында тежегіш табандықтардың жоқ екеніне, вагондарды автотіркегіштің тарқату иінтірек-тері қалыпты жағдайда тұрғанына және қозғалыс үшін кедергілердің жоқ екеніне коз жеткізіп алуға міндетті.

11.53. Тартымдық жолдардағы маневрлер, әдетте, итерулер (сериялық немесе жекелеген) арқылы орындалады.

Маневрлерді сериялық итерулер арқылы орындаған кезде аталмыш әдіс маневрлік жұмысты жүргізу кезінде негізгі болып келетін аудандарға арналған станциялардың техникалық-жарлық актілерінде тарқатылмаларды тоқтату тәртібі, техникал ық құралдардың (байланыс құралдары, табандық төсегіштер, табандық лақтырғыштар және т.б.) болуы мен оларды пайдаланудың тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін өзге де шаралар көрстеліуі тиіс.

11.54. Құрамның екпіндеуін итеруге арнап реттеуді құрастырушы тарқатылманың жүрістік қасиеттері мен салмағын, сұрыптау жолдарының бостығы мен атмосфералық жағдайларды ескере отырып, орталықтандыру қосындары операторларының, стрелкалық қосындардың кезекшілері мен вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттегіштердің стрелкаларды бұру мен тежегіш табандықтарды төсеуге уақыты жеткілікті болатындай және вагондардың соқтығысу жылдамдықтары белгіленген шамалардан асып кетпейтіндей етіп орындауы тиіс.

11.55. Маневрлердің қалыпты барысы бұзылған жағдайда (соңында келе жатқан тарқатылманың алдында келе жатқан тарқатылманы жыл-жыту, тарқатылманың стрелкалық қылтада тоқтап тұрып қалуы және т.б.) доңестік қосындардың операторлары, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушілер мен маневрлерге қатысатын өзге қызметкерлер сұрыптау доңесінің кезекшісін, дөңестік құрастырушыны ол жайында дереу түрде ха-бардар етіп, тоқтауға команда (сигнал) беріп, келесі қозғалып келе жатқан тарқытылманы тоқтатуға арналған шараларды қабыддауы тиіс.

133

Басты және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлер

11.56. ТПЕ-нің 15.17-тармағына сәйкес басты жолдардағы және оларды қиып өтумен, сондай-ақ шығу стрелкаларынан асып шығумен орындалатын маневрлерге әрбір жағдайда станция кезекшісінің рұқсаты бойынша өздерінде маневрлер орындалып жатқан жол-дар мен стрелкаларға қатысты кірмелерді қоршап тұрған тиісті кіру бағдаршамдары жабық тұрған кезде жол беріледі.

Станцияның қабылдау-жөнелту парктерінде маневрлер станция кезек-шісі құрастырушыға (бас кондукторға) тапсырма берген кезде көрсететін жолдарда (стрелкаларда) ғана орындалуы мүмкін.

11.57. ТПЕ-нің 15.17-тармағына сәйкес поезд диспетчері мен ір-гелес станция кезекшісінің келісімінсіз және машиниске берілетін белгіленген түрдегі рұқсатынсыз құрамды бір жолды телімдердегі аралыққа шығарумен және қос жолды телімдердегі теріс жол арқылы станцияның шекарасынан шығарумен жүргізілетін маневрлерге тый-ым салынады. Құрамды қос жолды телімдерде дұрыс жол бойынша станцияның шекарасынан шығарумен орындалатын маневрлерге станция кезекшісінің ауызша рұқсаты бойынша поезд диспетчерінің келісімі бойынша рұқсат етіледі.

Бір жолды аралықта маневрлерді орындап жүрген құрамның станция шекарасына шығуына рұқсат болып төмендегілер табылады:

а) автоматтық блоктау кезінде - маневрлік локомотивтің машинисіне тиісті шығу бағдаршамы ашылғаннан кейін тапсырылатын бұздыған-кілт. Маневрлік құрам станция шекарасынан ашық тұрған шығу бағдаршамы мен бұздыған-кілті бойынша алғашқы шығуынан кейін аралыққа қайталама ' шығулар машинисте бұздыған-кілт болған жағдайда шығу бағдаршамын ашусыз орындалады.

Автоматтық блоктаумен жабдықталған, жол бағдаршамдарымен қатысы бар арнайы маневрлік бағдаршамдары бар станцияларда маневрлік құрамның станцияның шекарасынан тыс шығуы осы маневрлік бағдаршам рұқсат етуді көрсетіп тұрған кезде орындалады.

Бұздыған-кілт немесе арнайы маневрлік бағдаршам болмаған жағдайда станцияның шекарасынан тыс шығумен маневрлерді орындау үшін манев-рлік локомотивтың машинисіне жол жазбасы беріледі:

б) жартылай автоматты блоктау кезінде - аталмыш аралықтың бұздыған-кілті, ал ол болмаған жағдайда - жол жазбасы;

в) электрбұздығандық жүйе кезінде - сол аралықтың бұздығаны немесе бұздыған-кілті;

г) телефондық байланыс кезінде - жол жазбасы.

11.58. Барлық жағдайларда манервлік құрамның оның машинисіне жол жазбасын берумен станция шекарасынан бір жолды аралыққа шығуы поезд диспетчерінің рұқсаты бойынша ғана орындалуы мүмкін, аталмыш рұқсат аралықты шектеп жатқан станцияның екеуіне де поездардың қозғалуы ке-

134

зінде негізгі сигнал беру және байланыс қүралдарын жабусыз беріледі.

Аталмыш рұқсатты алғаннан кейін станция кезекшілері мәтіні төмендегідей телефонограммалармен алмасады:

«Станция шекарасынан тыс шығумен маневрлерді орындауыма бола ма»;

«Станция шекарасынан тыс шығумен маневрлерді орындауға рұқсат етемін».

Соңғы телефонограмманың келуі машиниске осы Нұсқаулықтың 5-та-рауында ескерілген ДУ-50 нысанындағы бланкідегі жол жазбасын беруге не-гіз болып табылады, оның жоғарғы жағында қолмен «станция шекарасы-нан шығумен орындалатын маневрлер» деген белгі жасалды.

Нысандары жоғарыда көрсетілген телефонограммалармен алмасу ісі поездық диспетчерлік байланыс арқылы поезд диспетчерінің бақылауымен орындалады. .

Аралықта қ-арсы бағыттағы поезд тұрған жағдайда маневрлік құрамды станция шекарасынан шығару туралы өтінім мен рұқсат беруге тыйым са-лынады.

Келісімді аралық бойынша өзінде маневрлер орындалып жатқан стан-циядан жөнелтілген поезд жүріп өткен сәтте берген жағдайда іргелес станци-ядан поездың келіп жеткені туралы хабар келгенше және сол станцияға ныса-ны төмендегідей хабарландыруды бергенше аралық бос емес деп саналады:

«Маневрлік құрамның станцияның шекарасынан шығуымен ма-неврлері аяқталды».

Маневрлік құрамның станцияның шекарасынан тыс шығуы туралы барлық келіссөздер поездық телефонограммалар журналындағы жазбалар гүрінде ресімделеді.

11.59. Маневрлік қүрамды станцияның шекарасынан тыс екі жақты жолдық блоктаумен жабдықталмаған екі жолдық аралықтың теріс жолы арқылы шығару қажеттілігі туғанда аралықтың аталмыш жолы бойынша Олоктаудың әрекеті бекітілген тәртіппен жабылады. Блоктау жабылғаннан кейін маневрлік құрамның станция шекарасынан тыс шығуы локомотивтың машинисіне жол жазбасын берумен орындалады, бүл осы Нұсқаулықтың 11.58-тармағында ескерілген тәртіппен ресімделеді, бұл ретте жол жазбасы Гманкісінің жоғарғы жағындағы қолмен толтырылатын белгіге «теріс жол Оойынша» деген сөздер қосылып жазылады.

Екі жақты атоматты блоктау кезінде блок-жүйені тиісті қозғалыс бағытына ауыстырып-қосу кезінде маневрлік құрамның теріс жол арқылы станцияның шекарасынан тыс шығуы дара жолды аралықтарға арналған грежелер бойынша орындалуы мүмкін.

11.60. Әдетте, қабылдау-жөнелту жолдарына жекелеген вагондарды немесе вагондардың тобын қоюға тыйым салынады. Маневрлерді орындау

135

кезінде қабылдау-жөнелту жолдарында жылжымалы құрамның уақытша тұруына станция кезекшісінің рұқсат етуінен кейін ғана жол беріледі.

Аралық станцияларда қабылдау-жөнелту жолдарында жекелеген вагондардың немесе жылыжмлы құрамның уақытша тұруына станция ке-зекшісі поезд диспетчерінің рұқсаты бойынша ғана жол беруі мүмкін.

Аулагыш тұйықтарда кез келген жылжымалы құрамның, ал сақтандыру тұйықтарында - жолаушы вагондарының және адамдары бар жук вагондарының, қауіпті жүктері бар жүк вагондарының тұруына тыйым салынады.

Стрелкалық қосын кезекшілері қызмет көрсетпейтін станциялардың аудандарындағы маневрлік жұмыс

11.61. Маневрлік локомотивты жүк аудандарының, көмір қоймала-рының, вагондық немесе локомотивтік деполардың және т.б. жолдарына кіруі қажет болса, станция кезекшісі немесе поездарды құрастырушы ва-гондарды беру немесе шығарудың мүмкіндігін сол аудандағы жұмыс жетек-шісімен алдын ала келісіп алуы тиіс.

Келісу тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді.

11.62. Стрелкаларын стрелкалық қосындардың кезекшілері күтімге алмайтын аудандардың жолдарына маневрлік құрам кірмес бұрын по-ездарды құрастырушы жолдар мен стрелкалардың жағдайын ерекше мұқияттылықпен қарап шығып, қозғалыс үшін кедергілердің жоқ екендігі-не көз жеткізіп отыруға міндетті.

Ондай аудандарда стрелкаларды бұру ісін поездарды құрастырушы не-месе станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетілген өзге қызметкер орындайды.

11.63. Станциялық жолдарға стрелкалық қосын кезекшісі қызмет көрсетпейтін аудандардан маневрлік локомотивтердің немесе құрамдардың станция кезекшісінің рұқсатынсыз шығуына тыйым салы-нады.

Аталмыш аудандардан маневрлік локомотивтердің шығу тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді.

136

12-тарау

Ескертпелер беру тәртібі

12.1. ТПЕ-нің 16.31-тармағына сәйкес поездардың қозалысы кезінде локомотивтік бригадалардың ерекше сақтығын қамтамасыз етіп, олар-ды жұмыстардың жүргізіліп жатқаны туралы ескерту қажет болған жағдайда поездарға жазбаша ескертпелер беріледі.

Ескертпелер төмендегі жағдайларда беріледі:

жол, түйіспелі торап құрылғылары, өтпелік сигнал беру, жа-санды және өзге құрылыстар ақауланған жағдайда, сонымен қатар жылдамдықты азайтуды немесе жол бойы тоқтауды қажет ететін жөндеу және құрылыс жұмыстарын орындау кезінде;

қолданысқа сигнал беру мен байланыс құрылғыларының жаңа түрлерін енгізген жағдайда, сондай-ақ жаңаларын қосқан кезде, қолданыстағы бағдаршамдардың орнын ауыстыру немесе оларды қолданыстан алған және бағдаршамды жабық қалпына келтіру мүмкін болмайтын түрде ақауланған жағдайда;

жолдың автоматтық локомотивтік сигнал беру құрылғылары ақауланған жағдайда;

тиеу габаритінің шектерінен шығатын жүктері бар поез-ды жөнелткен кезде, аталмыш поезд жүрген кезде жылдамдықты төмендету немесе ерекше шарттарды ұстану қажет болған жағдайда;

қос жолды аралықта қартазалағыш, балластағыш, жол төсегіш, көтеру краны, қиыршықтас тазалағыштар мен өзге машиналар жұмыс істеген кезде;

поезға аталмыш телімге арнап белгіленген жылдамдықпен қозғала алмайтын жылжымалы құрамды тіркеген кезде;

алынбалы жылжымалы бірліктердің көрінім нашар болған жағдайларда, сондай-ақ жол шағын вагондарымен ауыр жүктерді та-сымалдау кезінде;

жылдамдықты төмендету немесе жол бойы поезды тоқтату қажет болатын қалған барлық жағдайларда, сондай-ақ локомотивтік брига-даларды поездың қозғалуының ерекше шарттары туралы ескертпе қажет болған жағдайда.

Ескертпелердің барлығы үш түрге бөлінеді:

а) өздері белгіленген сәттен бастап тиісті басқарушы жұмыстарды жүргізудің шарттары бойынша олардың аяқталуының дәл мерзімін анықтай плмайтын күшін жойғанға дейін қолданыста болатын;

б) мерзімі ескертпелер беру жөніндегі өтінімде көрсетілетін, жұмыстарды басқарушы белгілейтін белгілі бір уақыт бойы күшін с.іқтайтын;

в) жекелеген поездарға арнап оларды жіберудің ерекше шарттарын орындауды қажет болғанда белгіленетін (мысалы, поезда жүк болғанда иічиесе белгіленген жылдамдықпен жүре алмайтын жылжымалы құрам Оолганда, кестеде ескерілген аялдамаларды тағайындау кезінде және т.б.).

137

12.2. Алдағы уақытта орындалуы жоспарланып отырған жұмыстарға байланысты ескертпелер беру жөніндегі өтінімдерді төмендегілер береді:

а) жол шеберлері, түйіспелі торап аудандарының бастықтары және электрмеханиктері, сигнал беру және байланыс дистанцияларының электр- механиктері, - жұмыстардың жүргізілу уақытына, алайда ары кеткенде 12 сағатқа арнап;

б) жол, сигнал беру және байланыс дистанциясының, электрмен қамту дистанцияларының директорлары - 5 тәулік мерзімге дейін.

Одан артық мерзімдерге арналған ескертпелер «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығының бұйрығымен белгіленеді, бұл ретте ескертпені белгілеу туралы бұйрығында тиісті қызметкерлерге ескертпенің күшін қажетті жұмыстар орындалғаннан кейін және қалыпты жылдамдықты қалпына кел-тіргеннен кейін жою құқығы беріледі.

Жолды жол өлшегіш және ақаутапқылаушы вагондармен тексеру кезін-де поездардың қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жерлер анықталса, ескертпелер беру туралы өтінімдерді аталмыш вагондардың бастықтары не-месе олардың орынбасарлары беруі мүмкін.

Жол шеберлері, түйіспелі торап аудандарының бастықтары мен элек-трмеханиктері, сигнал беру және байланыс дистанцияларының электрме-ханиктері ескертпелер беру туралы өтінімдерді келесі жағдайларда береді: алынбалы бірліктердің нашар көрінім жағдайларындағы жұмысы кезінде, жол шағын вагондарымен ауыр жүктерді тасымалдау кезінде, қос жолды және көп жолды аралықтарда материалдарды жол аралығына түсірген кез-де немесе поездар жүріп жатқан жол арқылы іргелес жолда тұрған поездағы жүктер тиеліп немесе түсіріліп жатса.

Жол шеберлері сонымен қатар алдағы уақытта жұмыстардың орын-далуы жоспарланғанына байланысты ескертпелер беру туралы өтінімдерді береді, аталмыш жұмыстарды басқаруға жол бригадиры құқылы. Мұндай жұмыстардың тізбесі Жол жұмыстарын жүргізу кезіндегі поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.

12.3. Ескертпелер беру жөніндегі өтінімдер жазбаша түрде «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілеген ескертпелер беретін станция кезекшілерінің атына жіберілген жеделхат немесе телефонограмма түрінде беріледі; өзінде ескертпе орнатылатын аралықты шектеп жатқан станциялардың атына, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған тел імдерде сонымен қатар поезд диспетчерінің атына жіберіл еді. Жоғарыда аталған станциялардың атына жіберілген жазбаша өтінім оған қол қойған тұлғамен, басқа белгіленген адрестерге жіберілген жеделхатпен немесе телефонограммамен расталуы тиіс.

Егер де ескертпелер беру жөніндегі өтінім жол дистанциясының ди-ректорымен немесе өзге аға агентпен берілсе, оның көшірмесі жұмыс же-текшісіне жөнелтіледі.

Ескертпелер беру жөніндегі өтінімдері бар жеделхаттар (телефонограм-малар) ескертпелерді беру станциясының кезекшісі оны ескертпенің күшіне енуіне дейін кем дегенде 3 сағат бұрын, ал поездар тоқтаусыз 3 сағаттан

138

артық жүретін бағыттарда «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілеген уақыттан кешіктірмей алынатындай есеппен берілуі тиіс.

Ескертпе беру немесе күшін жою туралы өтінім жеке түрдегі жеделхат (телефонограмма) етіп ресімделуі және өзіне ескертпелер берілетін станция кезекшісіне тек жазбаша түрінде ғана жеткізілуі тиіс.

Өтінімдерді, жеделхаттар мен телефонограммаларды белгіленген ме-кенжайлары бойынша дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз ететін ескертпе-лерді белгілеу және күшін жою туралы өтінімдерді, жеделхаттар мен теле-фонограммаларды берудің тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді.

Өтінімнің орындауға қабылданғаны туралы растау болып келесі құжаттар табылады:

а) қабылдау уақыты көрсетілген және телеграф қызметкерінің (теле- фаф жоқ жерде - станция кезекшісінің) жеделхатты (телефонограммалар- ды) белгіленген адрестар бойынша тапсыруға арнап қабылдап алғаны ту- ралы қолы қойылған жеделхаттың (телефонограмманың) көшірмесі немесе телефонограмманың мәтінінде тіркелген оның белгіленген адрестар бойын- ша берілген уақыты сол телефонограмманы қабылдап алған қызметкердің лауазымы мен тегін көрсетумен;

б) ескертпелерді беру станциясы кезекшісінің жазбаша өтінімді алғаны туралы қолхаты немесе сол станция кезекшісінің ескертпелер кітабындағы өтінім жасаған қызметкердің жазбасының астындағы қолы.

12.4. Поезд диспетчері немесе станция кезекшісі арқылы поездарға ескертпелер беріліп жатқанына көзін жеткізіп алмай жұмыс жетекшісіне жұмыстарға кірісуге, ал жұмыстардың қауіпсіз түрде орындалуына жауап- ты қызметкерге жұмыстарды бастауға рұқсат беруге тыйым салынады.

12.5. Ескертпелер беру туралы өтінімдерде төмендегі деректер көрсетілуі тиіс:

а) ескертпенің қолданылатын жерінің анық көрсетілуі (аралық, жолдың километрі мен нөмірі);

б) поездардың қозғалысы кезіндегі сақтандыру шаралары;

в) ескертпенің қолданысқа енуінің басы мен мерзімі.

12.6. Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және тоқтау сигналдары- мен немесе «Токқабылдағыш түсірілсін» деген жылдамдықты азайту сиг- налдарымен қоршауды қажет ететін жол мен құрылыстардың анықталған ақаулылықтарын жою жөніндегі аяқ-асты жұмыстарды (ақаулы рель- сті, жапсырмаларды, стрелкалық үшкірлерді, теңдестіру аспаптарының элементтерін жекелеп ауыстыру, ісінулердегі жолдарда жатқан жолды түзетпелеу және т.б.) орындау үшін ескертпелер беру туралы өтінімдерді жол шебері (ол болмаса - жол бригадирі), түйіспелі торап аудандары қызметкерлерінің талабы бойынша энергодиспетчер немесе электрмен қамту дистанцисының бастығы, СОБ электрмеханигі бұл туралы артын- ша жол дистанциясының бастығына немесе соған сәйкес электрмен қамту дистанциясының бастығына, түйіспелі торап ауданының немесе сиг- нал беру және байланыс дистанциясының бастығына хабарлаумен беруі мүмкін.

139

12.7. Қозғалыс қауіпсіздігае қауіп төндіретін күтпеген жағдайлар орын алғанда ескертпелер беру туралы өтінім аралықты шектеп жатқан станциялардың кезекшілеріне (немесе осы станциялардың біреуіне арнап) тікелей беріледі.

Аралықты шектеп жатқан станцияның кезекшісі алган өтінімге немесе ір-гелес станция кезекшісінің хабарламасына негізделумен ең алдымен радиобай-ланыс арқылы аралықта қауіітгі жерге қарай бағыт алған поездардың машини-стеріне километрі мен одан жүріп өту кезіндегі қауіпсіздік шараларын хабарлап, өзінің хабарды дұрыс түсінгеніне көз жеткізіп, бұл туралы поезд диспетчеріне баяндауы тиіс. Осы бағьпта поезд қозғалып келе жатса бүл туралы радиобай-ланыс арқылы машинисті ескергіп оны станцияға жақындаған жерінде немесе станцияда шығу (маршруттық) бағдаршамының жанына тоқтатуы тиіс.

Поезд диспетчері станция кезекшісінен хабар алып аралықты шектеп жатқан станцияларға, және ескертулер берілетін станцияларға поездарға арнап ескертулерді берудің тәртібі туралы тіркелетін бүйрықты береді.

Поездық диспетчерлік байланыс үзілісте болған жағдайда аралықты шектеп жатқан станцияның кезекшісі диспетчерлік байланыс қалпына келтірілгенше қауіпті жерге қарай жөнелтіліп жатқан барлық поездарға ескертпелер беріп отыруға, ал бұдан әрі поезд диспетчерінің нұсқауларына сәйкес әрекет етуге міндетті.

«ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейтін жекелеген телімдерде жүріп келе жатқан поездардың машинистеріне жазбаша ескертпе беру үшін аяқ-асты туындаған ескертпелер туралы хабарламаларды радиобайланыс бой-ынша поезды тоқтатпастан беру тәртібі ескерілуі мүмкін. Мұндай хабарла-маларды станциялардың кезекшілері, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде - поезд диспетчері поезд аралықты шектеп жатқан станцияға жақындап қалған кезде шығу сигналы ашылғанға дейін, аталмыш хабарламаны поездар қозғалысының журналында немесе диспет-черлік өкімдер журналында тіркеумен берілуі тиіс.

Кутпеген жерден туындаған, поездардың қозғалысы үшін қауіпті болып табылатын жолдың түйіспелі торап пен өзге құрылғылардың ақаулылықтарын жою жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ аталмыш жұмыстармен байланысты дрезиналардың, жол шагын вагондарының, электрстанциялар мен өзге де алынбалы бірліктердің жылжулары жұмыстар орындалатын жерді тиісті түрде қоршап қоюмен ақаулылық анықтала салысымен дереу орындалуы тиіс. Ескертпе беру қажет болса оларды беру туралы өтінімдер белгіленген тәртіппен ресімделеді.

12.8. Ескертпелер туралы өтінімдер мен жеделхаттардың барлығын (соның ішінде поезд диспетчерінің бұйрығымен берілген) станция (парк) кезекшісі немесе оператор ескертпелер тіркелетін арнайы кітапқа жазып отырады және нөмірлейді.

Ескертпелерді тіркеу кітабын жүргізу мен поездарға ескертпелерді беру тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді.

Өзіне қатысты ескерту берілген аралықты шектеп жатқан станцияның кезекшісі өтінімді алғаны туралы поезд диспетчеріне баяндайды.

140

Ескертпелерді нөмірлеу ісі айдың алғашқы күнінен нөл сагаттан бастап әр ай сайын бірінші нөмірінен бастап жүргізіліп отырады.

Әр айдың алғашқы күнінде әрекеттегі ескертпелердің барлығы кітапқа қайталап жазылады.

Кітаптағы барлық белгілер станция (парк) кезекшісінің қолымен рас-талуы тиіс.

Станциялардағы ескертпелерді жазуға арналған кітаптар, әдетте, әрбір жанасып жатқан бағытқа арнап жеке түрде жүргізіледі.

Станцияның бастығы немесе оның орынбасары ескертпелер кітабын жүйелі түрде тексеріп отыруға міндетті.

12.9. Ескертпелер поездарды құрастыру станцияларында және поездар техникалық қажеттерге байланысты тұрақтап тұратын станцияларда бері-леді. Қаламаңы поездары үшін ескертпелер аталмыш поездарды бастапқы жөнелту станцияларында берілуі мүмкін.

Поездарға ескертпелер берілетін станциялардың тізімі мен оларды беру тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді. Осы станцияларға, соның ішінде іргелес жолдарда орналасқан іргелес телімдерден жұмыс жетекші-лері (жұмыстардың қауіпсіз түрде орындалуына жауапты) ескертпелердің орнағаны туралы жеделхаттарды жөнелтуі тиіс.

12.10. Жекелеген поездардың ерекше шарттармен қозғалуы туралы __ ескертпелер поездар құрастырылатын станцияларда немесе поездарға бел-

гіленген жылдамдықпен қозғала алмайтын жылжымалы құрамды тіркеу станцияларында беріледі. Мұндай ескертпелерді локомотивтер мен локо-мотивтік бригадаларды ауыстыру станцияларында телімге жылжымалы құрамы тіркелген немесе ерекше қозғалыс шарттарын орындауды қажет ете-тін жүгі бар поездарды ескертпесіз жөнелтуге жол бермейтін беру тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бекітуі тиіс және аталмыш тәртіп станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетілуі тиіс.

12.11. Ескертпе қиғаш сары жолағы бар ақ түсті арнайы бланкіде (ДУ-61 нысанындағы бланк 147-бетте келтірілген) жазылады және локомотив (моторвагондық поездың) машинисіне немесе оның көмекшісіне жеке қолхатын алумен станция (қосын, парк) кезекшісі көзбе-көз түрде немесе соның тапсыруымен оператор, станциялық технологиялық орталықтың қызметкерлері, стрелкалық қосын кезекшісі, сигнал беруші немесе өзге қызметкер береді. Егер ескертпе машинистың көмекшісіне берілсе, ол оны дереу түрде машиниске тапсырып, ал машинист өз кезегінде көмекшісінен ескертпенің берілген-берілмегендігін тексеріп шығуға міндетті.

Ескертпелер дербес компьютерлерді және телетайптық аппараттар-ды қолданумен сары жолағы жоқ ақ қағазда шығарылуы мүмкін. Бұл рет-те оларды локомотивтердің машинистеріне тапсырудың әрекеттегі тәртібі сақталады.

12.12. Ескертпелер бланкілері алдын ала (поездың нөмірінен басқа) тол-тырылады және оған станция (парк, қосын) кезекшісі қол қояды.

Ескертпелер бланкілерін көшірме қағаз салып отырып толтырған кезде әрбір данасындағы ескертпе мәтінінің жазбасы нақты және анық болуы тиіс.

141

Жөнелтілетін поездың нөмірі ескертпе бланкінде оны машиниске не-месе оның көмекшісіне берудің алдында қойылады.

Поезд қосарланған тартыммен келе жатқан кезде ескертпе жетекші локомотивтің машинисіне беріледі, соңғысы екінші локомотивтің машини-сін ескертпе бар екендігі туралы хабардар етеді. Поезд итермелеуші локо-мотивпен келе жатқан кезде ескертпе сонымен қатар итермелеушінің ма-шинисіне беріледі.

Қаламаңы, шығарушы және тапсырушы поездарға, сондай-ақ итерме-леуші локомотивтерге ескертпе беру тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді. Бұл ретте оларды әр поезға емес, белгілі бір мерзімге арнап (бригадалар ауысқан сайын) беруге болады.

Ескертпе берілген бірінші поездың нөмірін соларды беретін станциялардың кезекшілері поезд диспетчеріне хабарлауға міндетті, ал соңғысы орындалған қозғалыс кестесінде бұл туралы белгі жасайды.

12.13. Ескертпе орнатылған аралықты шектеп жатқан станцияның ке-зекшісі оның қолдану мерзімі басталмас бұрын поезд диспетчері арқылы оның жақындап келе жатқан поездардың машинистеріне берліген-берілме-генін анықтап алады.

Ескертпе берілмеген поездар оны тапсыру үшін тоқтатылуы тиіс неме-се ескертпенің болғаны туралы радиобайланыс арқылы осы Нұсқаулықтың 12.7-тармағына сәйкес темір жол көлігі кәсіпорнында ескерілген тәртіппен машиниске хабарлануы тиіс.

12.14. Поезд қос жолды аралықтағы теріс жолмен жөнелтілген кезде станция кезекшісі поезд диспетчері арқылы ол жолда ескертпе қолданыла ма, соны тексеріп, және ол қолданылса, оны жөнелтілгелі тұрған поездың машинисіне тапсыруы тиіс.

Көп жолды аралықтарда поездарды сол не өзге жол бойынша жөнелткен кездегі ескертпелер беру тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді.

12.15. Күші жойылғанша белгіленетін ескертпелер поездарға олардың күші жойылҮаны туралы хабарламаны алғанша беріле береді.

Белгілі мерзімге арнап енгізілетін ескертпелер поездарға тек осы мерзім бойы ғана беріледі. Мұндай ескертпелердің күшін жою туралы өтінімдер берілмейді және жұмыс жетекшісінен ескертпенің қолданыста болу мерзімін ұзарту туралы хабарлама келмесе, олардың поездарға бері-луі тоқтатылады.

Жұмыс жетекшісі ескертпені туындатқан жұмыстарды қайсыбір се-бептермен өтінімде көрсетілген мерзім ішінде аяқтай алмайтын болса, ол осы мерзім аяқталғанша жылдамдықты азайту туралы қойылған тасымал-данатын сигналдарға сигнал берушілерді жіберіп, аралықты шектеп жатқан станциялардың кезекшілерін ескертпе күшін сақтау мерзімінің ұзартылғаны туралы жұмыстарды аяқтаудың жаңа мерзімін көрсете отырып хабардар етуге міндетті.

Мұндай өтінімді алған станция кезекшісі осы Нұсқаулықтың 12.7-тар-мағына сәйкес әрекет етуі тиіс.

142

12.16. Күшін жойғанша тағайындалған ескертпенің күшін аталмыш ескертпені тағайындаған қызметкер ғана, немесе оның тікелей бастығы ғана жоя алады.

Ескертпелерді тағайындайтын лауазымдық тұлғалар өздеріне бағына-тын желілік бөлімшелердің бастықтарына тиісті жұмыстар орындалғаннан кейін тағайындалған ескертпелердің күшін жоюды тапсыруы немесе ескер-тумен белгіленген поездар қозғалысын арттыруы мүмкін. Мұндай тапсыр-ма туралы ескертпелерді беру жөніндегі өтінімде көрсетілуі тиіс.

Жол өлшегіш және ақаутапқылағыш вагондары бастықтарының өтінімдері бойынша берілетін ескертулердің күшін жою ісін жол дистанциясының директоры немесе оның орынбасары жүргізеді.

12.17. Өздерін туындатқан себептерді жоюға арнап күшін жойғанша тағайындалған ескертпелер дереу түрде оларды тағайындау кезінде жі-берілген адрестер бойынша жеделхат (телефонофамма) жіберу арқылы қолданыстан алынады.

Ескертпенің күшін жою ісі жазбаша түрде немесе олар берілетін станциядағы ескертпелерді тіркеу кітабына оның күшін жойғаны тура-лы хабарлайтын тұлғаның оның күші жоюдың айын, күні мен уақытын көрсетумен жазба жасауымен және артынша аталмыш жазбаны белгіленген адрестар бойынша жіберілген жеделхатпен (телефонограммамен) растала отырып орындалады.

Ескертпенің күшін жойғаны туралы хабарламаны станция кезекшісі ескертпелерді енгізу кітабына ол жердегі жазбалардың қарсы шетіне оның күшінің жойылғаны туралы хабарды кім және қашан (сағаты, минуты мен күні) бергенін көрсете отырып енгізеді. Күші жойылған ескертулер, сондай-ақ күшін сақтау мерзімі өтіп кеткен ескертпелер сызылып тасталады.

Поездардың аралықта қозғалыс жылдамдығын төмендетумен қатысты, немесе осыған ұқсас ескертпелердің егер олар белгілі мерзімге дейін тағайындалса, мерзімінен бұрын аяқталғаны туралы ескертпелердің күшін жойғаны туралы хабар алғаннан кейін станция кезекшісі бұл туралы поезд диспетчерін хабардар етуі тиіс.

12.18. Локомотивтердің (моторвагондық поездардың) машинистері мен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның жүргізушілері телім арқылы жүрген кезде берілген ескертпелерді басшылыққа алып, жол бойын-да орнатылған тасымалданатын сигналдарды мұқият бақылап отыруы тиіс.

Поезд жұмыстар орындалып жатқан жерден ескертпеде көрсетілген мерзім ішінде жүрген кезде ескертпеде белгіленген жылдамдық қоршау :игналдарының болу-болмауына байланыссыз сақталуы тиіс.

Қоршау сигналдары болмаған жағдайда машинист бұл туралы поезд аиспетчеріне немесе аралықты шектеп жатқан станцияның кезекшісіне палмыш бұзушылықты жою шараларын қабылдау үшін хабарлауы тиіс.

Жұмыстар жүргізіліп жатқан жерден ескертпеде көрсетілген мерзім-іен ерте немесе кешірек өткен кезде немесе жолдарда жылдамдықты азайту іемесе аялдау сигналдары болмаған жағдайда поездың жүріс жылдамдығы омендетілмейді.

143

Жұмыстардың ескертуде көрсетілген мерзімнен бұрын аяқталғаны туралы, немесе ескертуде белгіленген жылдамдықты арттыру тура-лы хабарландыру локомотив машинисіне радиобайланыс арқылы поезд диспетчерінің тіркелетін бұйрығы бойынша берілуі мұмкін.

12.19. Кез келген тұлғадан оның аралықтағы жолдың, түйіспелі тораптың, құрылыстар мен құрылғылардың ақауланғаны туралы хабар алған жағдайда станция кезекшісі оның тексеру журналына жазып, дереу түрде поезд диспетчерін, іргелес станцияның кезекшісі мен құрылғыны күтімге алатын қызметкерді (жол шеберін, СОБ электрмеханигін, түйіспелі торап электрмеханигін және т.б.) хабардар етуге міндетті.

Егер де жоғарыдағыдай ақаулықты аралық арқылы келе жатқан локомотивтың (моторвагондық поездың, арнайы өздігінен жүретін жыл-жымалы құрамның) машинисі анықтаған болса, ол жылдамдықты азайтып, қажет болса поезды тоқтатып, бұл туралы поездық радиобайланыс бойын-ша өзінің соңынан келе жатқан поездардың машинистеріне, жақын жердегі станцияның кезекшісіне немесе поезд диспетчеріне ақаулылықтың сипатын және табылған жерін (километрін) көрсетумен хабарлауға міндетті.

Егер де станция кезекшісі (машинистен немесе өзге тұлғадан) алған хабарламада поездардың қалыпты қозғалысына кедергілердің бар екенді-гі туралы айтылған болса, ол аталмыш хабарламаны аралық арқылы келе жатқан поездардың машинистеріне беру шараларын қабылдауға, ал егер хабарламаның сипаты поездар қозғалысының мүмкін болмайтыны туралы айтса - оларға кедергілердің жойылғаны туралы хабарландыру келгенше бұдан ары қозғалуға тыйым салуға міндетті. Станция кезекшісі аралықтың (жолдың) жабу туралы бұйрықты күтпестен іргелес станцияның кезекшісі-не аралыққа өзге поездарды жіберуге тыйым салуы туралы хабарлама беру-ге міндетті. Аралықта тұрған поездар локомотивтерінің машинистері келіп түскен хабарламаға байланысты қауіпті жерден ерекше абайлықпен, қажет болса төмендетілген жылдамдықпен және тоқтауға даяр түрде жүріп өтуге, немесе поезды тоқтатып, қозғалысты кедергінің жойылғаны туралы хабар-ландыру алғаннан кейін қайта жандандыруға міндетті.

Өзінен қалыпты қозғалыс үшін кедергінің бар екендігі туралы хабар алынған аралыққа алғашқы поезд жол шеберін немесе ол молмаған кезде - жол бригадирының бірге ілесуімен, ал түйіспелі торап зақымдалған кезде түйіспелі торап электрмонтерінің бірге ілемуімен жөнелтілуі мүмкін.

Жол шебері немесе жол бригадирі аралықта болған кезде және олардың тұрған жері белгілі болғанда поездың машинисіне поезды тоқтатып, аталмыш қызметкерлерді поезға қауіпті жерге дейін ілесіп баруы үшін отырғызып алу туралы ескертпе беріледі.

Ескертпеде ақаулылық анықталған жерден бір километр шектерінде тоқтау және одан ары қарай поезға ілесіп жүрген немесе қауіпті жер ауда-нында тұрған қызметкердің нұсқауы бойынша қозғалуы туралы көрсетіледі.

Поезға ілесіп жүрген қызметкер келесі поездарды өткізудің тәртібін белгілейді, ал қажет болса белгіленген тәртіппен поездарға ескертпелер беру туралы өтінім береді.

144

12.20. «ҚТЖ»¥К»АҚ-ның ескертпелер туралы бұйрықтары тиісті бөлімшелердің бастықтарына жіберіледі және поездық диспетчерлерге, нұсқаушы-машинистерге, поезд машинистеріне, станциялардың кезекші-леріне, жол шеберлері мен өздерінде ескертпелер тағайындалатын телім-дерді күтімге алуға қатысы бар жол бригадирлеріне олардың қол қоюымен дереу түрде хабарлануы тиіс.

Бұл бұйрықтар станция кезекшілері мен локомотивтік депо кезекшілерінің бөлмелерінде ілінеді, сондай-ақ ескертпелер кітабына жап-сырылады, ал олардың қысқаша көшірмелері поездық локомотивтердің ма-шинистеріне беріледі.

Деполардың директорлары бұйрықты алғаннан кейін үш тәулік мер-зім ішінде ескертпелер берілетін станциялардың бастықтарын локомотив-тік бригадаларды «ҚТЖ»¥К»АҚ-ның бұйрығымен таныстырып шығуы тиіс, артынша поездарға жазбаша ескертпелерді беру тоқтатылады.

Ескертпелердің және жолда сигналдардың болу-болмауына байланыс-сыз нөсер жауын кезінде «ҚТЖ»¥К»АҚ арнайы бұйрығында көрсетілген қауіпті жерлер бойынша журу кезінде локомотивтік бригадалар ерекше абайлық танытуы және қажет болса жылдамдықты төмендетуі тиіс.

Ескертпелердің бланкін толтыруға түсіндірмелер

1-бағанда поездың жүрісі бойынша тізбектелген түрде өздерінде ескерт-пелер белгіленген километрлер (бекеттер) немесе станциялар (жолдың нөмірі, стрелканың нөмірі) жазылып отырады.

2-бағанда ескертпелердің күшін сақтау уақыты көрсетіледі. Егер ескертпенің күшін сақтау мерзімі белгілі бір мерзіммен шектелсе, соған сәйкес километрдің екінші шетіне оың күшін сақтау сағаттары көрсетіледі, мысалы, 8-16, бұл ескертпенің күші 8 сағ пен 16 сағ аралығында сақталатынын көрсетіп отыр. Күшін жойғанша тағайындалатын ескертпелер үшін бланкіде тиісті километрдің қарсы жағына «Күшін жойғ.» (Күшін жойғанша) деп жазылуы тиіс.

3-бағанда тиісті километрдің, бекеттің, жол нөмірінің, стрелка нөмірінің қарсы жағына ескертпеде белгіленген осы километрлер, бекеттер, станциялардың жолдары мен стрелкалары бойынша поездардың қозғалу жылдамдығы жазылады.

4-бағанда қызыл сигналдардың орнатылуы ескерілген тиісті километрлердің, бекеттер мен т.б. қарсы жағына қызыл сигнал болмаған кездегі поездың жүріп өту тәртібі туралы белгілер қойылады. Егер қызыл сигнал болмаған кезде поезға белгіленген жылдамдықпен жүріге рұқсат етілген болса, онда белгі «Орнатыл.» сөзімен жазылады, егер қызыл сигнал болмаған кезде поезд азайтылған жылдамдықпен жүруге тиіс болатын бол-са, онда сол жылдамдықтың саны, мысалы, «25».

Егер ескертпе қайсыбір аралықпен байланысты болмаса, ол бланкінің таза жеріне өздерінде аялдау немесе жылдамдықты азайту қажет етілетін километрлердің астына жазылады, мысалы, «Барынша жоғары жылдамдық 50 км/сағ».

145

5-бағанда поездың телім арқылы қозғалуының өзге де ерекше шартта-ры белгіленеді.

Егер бланк дербес компьютерде және телетайптық аппараттарда басып шығарылса, оған сары жолақ түсірілмейді.

ДУ-61 нысанындағы бланк