Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Инструкция по движению поездов.doc
Скачиваний:
85
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Жартылай автоматты блоктау кезіндегі поездар қозғалысы Поездарды қабылдау және жөнелту

3.1. ТПЕ-нің 16.28-тармағына сәйкес жартылай автоматты блоктау ке- зінде:

а) поездың аралықты басуына рұқсат ретінде шығу немесе өту бағдаршамының рұқсат етуші көрсетуі табылады;

б) дара жолды телімдерде шығу бағдаршамын ашу ушін блок-аппарат арқылы поезд жөнелтілетін іргелес станцияның кезекшісінен келісімнің блоктау сигналын алдын ала алу қажет немесе блок-жуйені қозғалыстың ти- істі бағытына ауыстырып қою керек.

Станция кезекшісі поезды қабылдамас бұрын қабылдау маршрутын алдын ала даярлап кіру бағдаршамын (семафорды) ашады немесе орындау қосынына оны ашу жөнінде өкім береді.

Келіп жеткен поезд кіру бағдаршамынан өткеннен кейін соңғысы авто-маты түрде жабылады. Жолдары мен стрелкалары электрлік оқшауланбаған станцияларда поезд кіру бағдаршамынан өткеннен кейін станция кезек-шісі (орталықтандыру қосынының операторы) сигналдық батырманы (қолтұтқаны) сигналды жабу қалпына қояды.

Поездың станцияға толық құрамда келіп жеткеніне көз жеткізген-нен кейін станция кезекшісі жөнелту станциясына келу жөніндегі блоктау сигналын береді, ал телефон арқылы оны поездың келіп жеткен уақыты жөнінде хабардар етеді. Егер де поезд итермелеуші локомотивпен жүрген болса, станция кезекшісі келгені жөніндегі жазбаша хабарландыру мен келу жөніндегі блоктау сигналын итермелеушінің келіп жеткеніне көзін жеткіз-геннен кейін жөнелту станциясына береді.

3.2. Станция кезекшісіне поездың аралықтан толық құрамда келгеніне көз жеткізіп алмай жөнелту станцияға алдын ала поездың келгені жөніндегі жазбаша хабарландыру мен келу жөніндегі блоктау сигналын беруге тыйым салынады.

Станция кезекшісі поездың станцияға толық құрамда келіп жетуі-не поездың аяққы вагонындағы поезд сигналының болуы арқылы жеке өзі қарап немесе стрелкалық қосын кезекшісінің баяндамасы бойынша, ал стрелкалық қосын кезекшілері жоқ, стрелкалардың орталықтандырылуы бар станцияларда поездар қозғалысымен қатысы бар өзге станциялық қызметкерлердің немесе өтпе кезекшілерінің баяндамалары бойынша «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бекіткен және станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетілген тәртіппен көз жеткізеді.

Поездың станцияға толық құрамда келіп жетуін автоматты түрде бақылау құрылғыларының болуы кезінде станция кезекшісі поезд келген-нен кейін осы құрылғылардың бақылау аспаптарының көрсетулері арқылы аралықтың бостығына көз жеткізеді.

Егер станцияға келетін жүк поезы өздігінен тоқтауы және тежегіш

36

магистралінің үзілуі туралы сигналы іске қосылу себептерінен аралықта алдын ала көзделмеген аялдауға ие болса локомотив машинисі ТПЕ-нің 16.18-тармағында ескеріл ген талаптард ы орындаумен қатар станция кезекші-сіне радиобайланыс арқылы аталмыш аялдау жөнінде хабарлап, ал мұндай хабарды аралықтан беру мүмкін болмаған жағдайда осы хабарды станция кезекшісіне жеке түрде беру үшін станцияда аялдауы тиіс. Бұл жағдайларда поездың толық құрамда жөнелуін бақылау ісі станция қызметкерлеріне де, локомотивтік бригадаға да жүктеледі.

3.3. Егер поезды қабылдағаннан кейін келудің бақылау құрылғылары іске қосылмаса станция кезекшісі поездың толық құрамда келгеніне кез жеткізіп, бұл туралы поезд диспетчеріне баяндайды. Поезд диспетчері аралықты шектейтін станциялардың кезекшілерімен келіссөздер жүргізу арқылы оның бостығына көз жеткізіп, бір уақытта екі станцияға келу блок-сигналын беруге рұқсат береді, осы сигналдан кейін станция кезекшісі бұл әрекетті қосалқы батырманың көмегімен, ал электрмеханикалық блоктау кезінде - басқышты жасанды түрде іске қосу жолымен орындайды.

Рұқсат төмендегі нысанда беріледі:

«... станциясының кезекшісіне ... станциясына № ... поезына

келудің блоктау сигналын қосалқы батырманың (басқыштың) жасан- ды түрде іске қосылу көмегімен беруте рұқсат етемін. ДНЦ ...».

Осы тәртіп станцияға поезды кіру бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде қабылдау жағдайында да орындалуы тиіс. Станция кезекшісі келудің қосалқы батырмасынан немесе басқыштық пломбының алынуы жөнінде тексеру журналына жазба жасайды.

Егер де блоктау құрылғыларын басқару аппараттары келудің қосалқы батырмаларының басылуы мен басқыштың іске қосылуын орнықтырып есептегіштермен жабдықталған болса, аталмыш батырмалар пломбыланбайды. Бұл жағдайда станциялардың кезекшілеріне келудің блоктау сигналын жасанды түрде беру кезінде поездар қозғалысының журналында тиісті поездың нөмірінің қарсы жағынан есептегіштің көрсетуі жазылады.

Егер де жасанды түрде іске қосылу сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларының (бұдан әрі - СОБ) ақауланғаннан туындаса, аталмыш ақаулылық жөнінде тексеру журналында жазба жасалады.

3.4. Поезды жөнелту алдында станция кезекшісі маршрутты даярлап шығу бағдаршамын (семафорды) ашады немесе орындау қосынына оны ашу жөнінде екім береді.

Шығу бағдаршамын ашумен бір уақытта іргелес станцияға поездың жөнелтілгені жөнінде автоматты түрде блоктау сигналы беріледі (орындау қосындары жоқ электрмеханикалық блоктау кезінде поездың жөнелтілгені жөніндегі блоктау сигналы іргелес станцияға жеке түрде, шығу бағдаршамы жабылғаннан кейін беріледі).

Поезд шығу бағдаршамынан өткеннен кейін сигналдық батырма (қолтұтқа) сигналды жабу қалпына қояды және станция кезекшісі телефон

37

арқылы іргелес станцияны поездың нақты жөнелтілген уақыты туралы ха-бардар етеді. Станция кезекшісі келудің блоктау сигналының болу-болма-уына байланыссыз іргелес станциядан телефон арқылы бұрын жөнелтілген поездың келіп жеткені жөнінде хабарландыру алғаннан кейін ғана шығу бағдаршамын ашып, поезды жөнелтуге құқылы болады.

Іргелес станциядан телфон арқылы бұрын жөнелтілген поездың келіп жеткені жөнінде хабарландыру алмаған жағдайда станция кезекшісіне дара жолды аралықтарда, сонымен қатар қарсы бағыттағы поезды қабылдауға келісудің блоктау сигналын беруге тыйым салынады.

  1. Егере аралықтың бос болуы кезінде және маршрут дұрыс белгіленген кезде шығу бағдаршамы оқшауланған стрелкалық телімнің жалған түрде бос болмауы салдарынан ашылмаса, станция кезекшісіне осы телімнің іс жүзіндегі бостығын тексергеннен кейін поезд диспетчерінің келісуімен «Жөнелту маршруттарындағы стрелкалық оқшауланған телімдердің бостығын бақылау құрылғыларын ажырату» (ол қолданыста бар станцияларда) батырмасын ал-дын ала басқаннан кейін шығу бағдаршамын ашуға болады.

  2. Егер шығу бағдаршамы ашылғаннан кейін қайсыбір себептермен поезд жөнлтілмесе, станция кезекшісі шығу бағдаршмын жауып, ол жөнінде поездар қозғалысы журналына жазба жасап, іргелес бөлу пунктіне және по-езд диспетчеріне поездың кідіруі жөнінде хабарлауға міндетті.

Тоқтатылған немесе сол бағыттағы өзге поезды жөнелту ісі жабық тұрған шығу бағдаршамы кезінде І-тармағын толтырумен жасыл түсті блан-кідегі рұқсат-қағазы бойынша (ДУ-52 нысанындағы бланк 45-бетте келтіріл-ген) орындалады. Іргелес бөлу пункті поездың нақты жөнелтілген уақыты жөнінде телефон арқылы хабардар етіледі. Орындаушы қосындары жоқ электрмеханикалық блоктау кезінде тоқтатылған немесе сол бағыттағы өзге поезды іс-жүзінде жөнелткеннен кейін іргелес бөлу пунктіне блоктау сигналы беріледі. Келесі поездар блоктау бойынша әдеттегі тәртіппен жөнелтіледі.

І-тармағын толтырумен жасыл түсті бланкідегі рұқсат-қағаз (ДУ-52 нысанындағы бланк) осы Нұсқаулықтың жалпы ережелерінің 9-тармағының талаптарын орындаумен жетекші локомотивтың машинисіне сонымен қатар блоктаудың жарамды түрде жұмыс істеуі кезінде шығу бағдаршамының өздігінен жабылуы жағдайында (оқшауланған секцияның жалған түрдегі бос еместігі, бағдаршам шамының жанып кетуімен немесе шығу бағдаршамының қате түрде жабылуы салдарынан) блоктау жарамды түрде жұмыс істеп тұрған кезде беріледі.

Поездың радиобайланыс құрылғылары келіссөздерді автоматты түрде тір-кеу жүйесімен жабдықталған станцияларда, поезд локомотивінің машинисіне жасыл түсті жазбаша рұқсат-қағазды берудің орнына радиобайланыс арқылы келіссөздерді тіркегенше тіркелетін жөнелту жөніндегі бұйрық берілуі мүмкін:

Бұйрықтың № ..., уақыты (... сағ ... мин).

«№ ... поезына ... жолынан ... басты жол бойынша жөнеліп ... станциясына (блок-қосынға) дейін жүруге рұқсат етемін. Аралық бос. ДСП...».

38

Аралық бос болған кезде шығу бағдаршамын қайталап ашу мүмкіндігін беретін құрылғылары бар станцияларда поезды жөнелту ісі қайталап ашылған шығу бағдаршамы бойынша орындалады. Станция кезекшісі шығу бағдаршамын қайталап ашуға арналған құрылғыларын тек қана по-езд диспетчерінің келісімімен ғана пайдалана алады.

3.7. Егер дара жолды аралықты шектейтін станцияда шығу бағдаршамы ашылғаннан кейін поезды тоқтатып, осы аралыққа іргелес станциядан қарсы бағыттағы поезды жөнелту қажеттігі туындаса, шығу бағдаршамы жабылады, жартылай автоматты блоктауды пайдалану тоқтатылады және поездардың телефондық байланыс бойынша қозғалысы белгеленеді. Бұл жағдайда қарсы бағытта жүретін поездарға аралықты басып тұру құқығына ие болу үшін жол жазбалары беріледі.

Жартылай автоматты блоктаудың жүмысы бұрын тоқтатылған немесе сол бағытта келе жатқан басқа поезды соңынан аралыққа жөнелту кезінде қайта жандандырылады, бұл поезд осы Нұсқаулықтың 3.6-тармағында еске-рілген рұқсат-қағаздардың бірі бойынша жөнелтіледі.

3.8. Топтық шығу бағдаршамдары болған кезде поездар шығу бағдаршамының рұқсат етуді көрсетуі мен поезды жөнелтуге рұқсат етіл- ген жолдың номіріне сәйкес келетін бағдаршамдағы жасыл түсті саны бар маршруттық нұсқағыш бойынша жөнелтіледі.

Топтық бағдаршамдардың маршруттық нұсқағыштары ақауланған жағдайда поездар станциядан шығу топтық бағдаршамы ашық тұрған кез-де машиниске осы Нұсқаулықтың 1.7-тармағында екерілген нысандағы стан-ция кезекшісінің тіркелетін бұйрығын машиниске тапсырумен, немесе ло-комотив машинисіне П-тармағын толтырумен жасыл түсті бланкідегі (ДУ-52 нысанындағы бланк) рұқсат-қағазды тапсырумен жөнелтіледі.

Шығу бағдаршамындағы бағыттың маршруттық нұсқағышы ақауланған жағдайда поездар осы Нұсқаулықтың 1.20-тармағында ескерілген тәртіппен жонелтіледі.

3.9.Егерженелтілугедайынтұрғанпоездыңжетекшілокомотивырұқсат етуді көрсетіп тұрған шығу бағдаршамының артында болып, машиниске оның керсетуі көрінбей тұрса, поезд осы Нұсқаулықтың 1.8-тармағында гскерілген нысандағы станция кезекшісінің машиниске берілетін тіркелетін Пүйрығы бойынша, немесе П-тармағын (ДУ-52 нысанындағы бланк) толты-румен жасыл түсті бланкідегі рұқсат-қағаз бойынша жөнелтіледі.

Бұл ретте оқшауланған стрелкалық телім ақауланып немесе жонелтілгелі жатқан поездың басы басып тұрған шығу бағдаршамын ашу ушін «Жөнелту маршруттарындағы стрелкалық оқшауланған телімдердің Оостығын бақылау құрылғыларын ажырату» батырмасы қолданылуы мүмкін.

Егер жонелтілетін поездың басы шығу бағдаршамының артында орналысып, соңғысын ашу мүмкін болмаса, блоктаудың жұмысы тоқтатылады; иоозд телефондық байланыс құралдары бойынша машиниске жол жазбасын тапсырумен жөнелтіледі. Жонелтудің ұйымдастырылған түрдегі марш-

39

руттары жоқ жолдардан да поездар осы тәртіппен жөнелтіледі.

3.10. Дара жолды және қос жолды аралықтарда (дұрыс жол бойын- ша) поездарды аралықтан жөнелту станциясына қайтуымен жөнелту ісі бағдаршамы жабық тұрған кезде машиниске жабық тұрған шығу бағдаршамынан өту құқығы мен кері қарай қайту құқығын беретін бұздыған-кілтін тапсырумен орандалады.

Бұл ретте дара жолды аралықтарда поезды аралыққа артынша кей-ін қарай қайтуымен жөнелту алдында іргелес станциядан блок-аппарат арқылы белгіленген тәртіппен поезды жөнелтуге келісім алынуы тиіс неме-се блок-жүйе қозғалыстың тиісті бағытына ауыстырылып қосылуы тиіс.

Өздерін аралықта ажырату ісі ескерілсе арнайы өздігінен жүретін жыл-жымалы құрамның екі және одан да көп бірлігін тіркесте бұздыған-кілті бойынша жөнелтуге тыйым салынады.

3.11. Егер де поезд жүретін жер алғашқы (поездың жүрісі бойынша) жол қосынының (блок-қосынының) артында орналасса, алдыда жатқан аралық бос болған жағдайда осы қосынның ДСП-сы машиниске жабық тұрған өтпелі бағдаршамнан өту және артынша қайту құқығын беретін I- тармағын толтыра отырып жасыл түсті бланкіден рұқсат-қағазын (ДУ-52 нысанындағы бланк) береді. Осындай тәртіппен поездың жүру жолында орналасқан өзге блок-қосындардың кезекшілері де әрекет етеді.

Жөнелту станциясына қайту кезінде поезд барлық аталған блок-қосындардан тоқтаусыз өтіп, станцияға ашық тұрған кіру бағдаршамы бой-ынша немесе кіру бағдаршамының тыйым салуды көрсетіп тұрғаны кезінде станцияға кіру құқығын беретін белгіленген рұқсат бойынша қабылданады.

Жол қосындарының (блок-қосындарының) ДСП-лары барлық жағдайларда іргелес бөлу пунктілерінің кезекшілерін поездың іс-жүзінде жүріп өткені жөнінде телефон арқылы хабардар етеді.

Поезд станцияға келіп жеткен кезде бұздыған-кілт станция кезекшісіне қайтарылады, ал бұздыған-кілтті аппаратқа салып іргелес бөлу пунктінің кезекшісіН телефон арқылы поездың қайтқаны жөнінде хабардар етеді.

3.12. Бұздыған-кілт ақауланған жағдайда сонымен қатар блок-аппарат бұздыған-кілтімен жабдықталмаған жағдайларда поезды артынша жөнелту станциясына кері қайтумен жөнелту ісі блоктаудың әрекетін тоқтатумен телефондық байланыс арқылы орындалады.

Бұл жағдайда поездар шығу бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде машиниске жол жазбасын (ДУ-50 нысанындағы бланк 62-бетте кел-тірілген) тапсырумен жөнелтіледі.

Егер де қос жолды аралықтағы поезд баратын жер алдыда жатқан блок-қосынның артында орналасса, жөнелту станциясы блок-қосынға дей-ін жол жазбасын береді, ал блок-қосынның кезекшісі қосын аралығындағы аралық бос болған жағдайда ары қарай жүруге жол жазба береді. Поездың кері қайтуы осы Нұсқаулықтың 3.11-тармағында ескерілген тәртіп бойынша орындалады.

Поездық жағдайға байланысты блоктаудың әрекеті не поезд жүріп өтуі тиіс барлық қосын аралық аралықтарда бір уақытта, не алдымен

40

станцияға жанасатын алғашқы аралықта, соңынан әрбір келесі бос аралықта тоқтатылады.

Поезд аралықтан қайтқаннан кейін блоктаудың жұмысы қалпына кел-тіріледі.

3.13. Іргелес станцияға дейін баратын поезды итермелеуші локомотив- пен жөнелту ісі аталмыш станцияны поездың итермелеуші локомотивпен жөнелтілгені жөнінде хабардар етумен жолдық блоктау бойынша әдеттегі тәртіппен орындалады.

Поезды итермелуші локомотивпен жөнелту ісі, соңғысы аралықтан жөнелту станциясына қайтқан жағдайда блоктау бойынша орындалады (шығу бағдаршамы ашық болған кездегі). Кері қарай қайту құқығына ие болу үшін итермелеуші локомотивтың машинисіне жөнелту станциясында бұздыған-кілт тапсырылады.

3.14. Бұздыған-кілт ақаулы болған кезде, сонымен қатар блок-аппарат итермелеуші локомотивке арналған бұздыған-кілтпен жабыдқталмаған жағдайда, жөнелту станциясына қайтып келетін поезды итермелеуші локо- мотивпен жөнелту ісі блоктаудың жұмысын тоқтатумен телефондық байла- ныс бойынша орындалады. Жетекші және итермелеуші локомотивтердің машинистеріне жол жазбалары тапсырылады.

Аралықта блок-қосындар болған жағдайда рұқсат-қағаздарды тапсы-ру мен итермелеуші локомотивтың жөнелту станциясына кері қарай жүруі осы Нұсқаулықтың 3.11-тармағында ескерілеген тәртіппен орындалады. Блоктаудың әрекеті поездың іргелес станцияға келуі жөніндегі хабарланды-руды алғаннан кейін және итермелеуші локомотивтың қайтып келгенінен кейін қайта жандандырылады.

3.15. Өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам аралыққа әдеттегі тәртіп бойынша поезд сияқты жөнелтіледі (сонымен қатар кері қайтумен).

Жол қосындары (блок-қосындары) бар аралықтар бойынша поездардың жүруі

3.16. Қосынның ДСП-сы көршілес бөлу пунктінен поездың жөнелтілгені жөнінде блоктау сигналын алғаннан кейін, алдыдағы аралық бос болған жағдайда өтпелі бағдаршамды ашады. Өтпелі бағдаршам ашылған бір мез- гілде іргелес бөлу пунктіне автоматты түрде жөнелтудің блоктаушы сигна- лы беріледі (электрмеханикалық блоктау кезінде блоктау сигналы өтпелі бағдаршам жабылғаннан кейін жеке түрде беріледі).

Поезд өтпелі бағдаршамнан өткеннен кейін қосын ДСП-сы сигналдық батырманы қолтұтқаны сигналдың жабылу жағдайына қояды. Қосын ДСП-сы поезд толық құрамда жүріп өткеніне көз жеткізгеннен кейін ір-гелес станцияларға поездың іс-жүзінде жүріп өткен уақыты туралы ха-Оарлап, артында жатқан бөлу пунктіне сонымен қоса жүріп өту жөніндегі блоктау сигналын береді (электрмеханикалық блоктау кезінде жүріп өту жоніндегі блоктау сигналы бір мезгілде алдыда жатқан бөлу пунктіне де Оеріледі).

41

3.17. Егер де поезд итермелеуші локомотивпен бірге жүріп өткен бол- са, қосын кезекшісі (ДСП) итермелеушінің журіп өткеніне көз жеткізгеннен кейін ғана бөлу пунктіне жүріп өту жөніндегі блоктау сигналын береді.

Поезд итермелеуші локомотивсіз жүріп өткен жағдайда қосын кезек-шісі (ДСП) бүл жөнінде дереу түрде іргелес бөлу пунктілерін хабардар ете-ді, алайда блоктау сигналын бермейді (электрмеханикалық блоктау кезінде өтпелі бағдаршамды да жаппайды).

Осыған үқсас тәртіп бойынша алдыда жатқан блок-қосындардың ке-зекшілері де әрекет етеді. Электрмеханикалық блоктау кезінде кезекшілер (ДСП) машиниске 1-тармағын толтырумен жасыл түсті бланкідегі рұқсат-қағазды тапсырумен поезды бос түрған аралыққа алдында жатқан қосындар арқылы өтпелі бағдаршамдар жабық тұрған кезде өткізеді.

Әрбір блок-қосын блоктау сигналын артта қалған итермелеуші локом-тив блок-қосыннан жүріп өткеннен кейін ғана береді.

Алдыда келе жатқан поезд өткен кезде өтпелі бағдаршам автоматты түрде жабылған жағдайда итермелеуші локомотив іргелес жатқан көпір аралық аралыққа өтпелі бағдаршамның тыйым салуды көрсетуі кезінде жүреді.

3.18. Автоматтық блок-қосындармен жабдықталған, жанасу пунктіле- рін күтімге алатын блок-қосындармен жабдықталған, жолдық дамуы бар бөлу пунктілерінің орнына мерзімді түрде ашылатын блок-қосындармен (соңғылары тәулік бойы емес әрекет еткенде) жабдықталған аралықтардағы поездардың қозғалысын ұйымдастыру тәртібін құрылғылар жүйесіне бай- ланысты «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді.