Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Инструкция по движению поездов.doc
Скачиваний:
85
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Телефонограммалардың нысандары

5.27. Поездарды қос жолды аралықтарда қабылдау және жөнелту кезінде телефонограммаларды беру ісі 3 және 4-нысандар бойынша жүзеге асырылады, сонымен қатар қабылдау станциясынан алынған 4-нысандагы хабарланды-ру сол бағыттағы келесі поезды жөнелту құқығын берелі. Поездар итермелеу-ші локомотивтермен қозғалған кезде 3 және 4-нысандарына осы жағдайлар үшін осы Нұсқаулықтың 5.20-тармағында ескерілген мәтін қоса жазылады.

5.28. Поезд станциядан тоқтаусыз өткен жағдайда оның келіп жетуі мен жөнелтілуі жөніндегі хабарландырулар іргелес станцияларға 11-нысан бой-ынша беріледі.

5.29. Қос жолды аралықтарда жол қосындары болған жағдайда жөнелту станциясының кезекшісі қосын ДСП-сын поездың жөнелтілуі жөнінде 3-ны-сан бойынша хабардар етеді.

Қосын кезекшісі (ДСП) келесі қосынаралық поездан бос тұрған жағдайда кіру сигналын ашып, машиниске жол жазбаны жүріс кезінде тап-сырып, поезды тоқтатусыз өткізеді.

Поезд өткеннен кейін қосын кезекшісі кіру сигналын жауып, екі іргелес станциялардың кезекшілерін 11-нысан бойынша поездың өткені жөнінде хабардар етеді.

Егер алдыда орналасқан қосынаралық аралық бос болмаса, келіп жеткен поезд аралық босағанша жабық тұрған кіру сигналының жанында кідіреді. Артында қалған станцияға осы поездың қосыннан жөнелтілгені жөніндегі телефонограмма тек қана осы қосыннан жөнелткеннен кейін беріледі.

Келу станциясының кезекшісі поездың келгені жөнінде қосын кезекші-

сін 4-нысан бойынша хабардар етеді.

Жол қосынындағы кіру сигналы ақаулы болған жағдайда қосын кезекшісі (ДСП) алдында жатқан аралық бос болса, поезды тікелей кіру сигналынын. жанынан қарсы алып, машиниске ары қарай жүру құқығын беретін жол жазбаны ұсынады. Жол жазбаның жоғарғы жағында «Қосындағы бағдаршам ақаулы» деген белгі жасалады.

5.30. Жөнелту станциясының кезекшісі іргелес станцияны (жол қосынын) кері қайтуымен поездың дұрыс жол арқылы жөнелтілуі жөнінде «кері қайтуымен ... км-ге дейін» сөздерін қосып жазумен 3-нысандағы телефонограмма бойынша хабардар етеді, ал поездың кері қайтуы жөнінде іргелес станция (жол қосыны) 7-нысан бойынша хабардар етіледі.

Жөнелтілетін поездың машинисіне мәтініне «кері қайтуымен ... км-ге дейін» сөздерін қосып жазумен жол жазба беріледі.

Жөнелту станциясына қайта қайтатын поездар аралықта жол қосындары болған жағдайда осы қосындардан тоқтаусыз өтеді. Қосын ке-зекшісі СДСП) алдыда жатқан қосын немесе станцияны қайтып келе жатқан поездың өткені жөнінде сондай-ақ 7-нысан бойынша хабардар етеді,

5.31. Қосында станцияаралық аралықтың бөлу пункті болып табылатын жанасу болған жағдайда поездар дұрыс жолмен станциядан жанасуға және

60

жанасудан станцияға әдеттегі тәртіп бойынша жөнелтіледі. Станция немесе қосын кезекшісі поездың жөнелтілгені жөнінде 3-нысандағы, келіп жеткені жөнінде 4-нысандағы телефонограмманы береді.

Егер жанасуды қосалқы қосын кутімге алса, онда ол тек жанасуға қарай немесе жанасудан жүретін поездардың қозғалысы жөніндегі келіссөздерге ғана қатысады. Поездың жанасуға жөнелтілгені жөнінде іргелес станция мен қосын «... км-дегі қосынға» деген сөздерін қосып жазумен 3-нысан бойынша хабардар етеді. Поезды қосалқы қосын күтімге алатын жанасудан іргелес станциялардың біріне жөнелту ісі осы Нұсқаулықтың 5.24-тармағында еске-рілген тәртіп бойынша орындалады.

5.32. Поезды реттеу тәртібімен теріс жолмен жөнелту кезінде (поезд диспетчерінің бұйрығын алғаннан кейін) станциялар арасында телефонмен алмасу ісі төмендегі нысандар бойынша орындалады:

16-нысан.

«№____поезын _____теріс жолы арқылы жөнелтуіме бола ма.

ДСП (қолы)».

17-нысан.

«№ поезын _____теріс жолы арқылы күтудемін.

ДСП (қолы)».

Поездың жөнелтілуі жөніндегі хабарландыру 3-нысан бойынша, ал ке-ліп жеткені туралы хабарландыру 4-нысан бойынша, екі жағдайда «... теріс жол арқылы деген сөздерді» қосып жазумен беріледі.

Поезды жөнелту станциясына қайта қайтуымен теріс жол арқылы жөнелткен кезде 16 мен 17-нысанындағы телефонограммаларға «... км-не дейін және кері қарай» деген сөздер, ал 17-нысанындағы «күтудемін» деген сөзі «жөнелтуіңізге болады» деген сөздерімен алмастырылады.

Машиниске берілетін жол жазбасы бланкісінің жоғарғы жағында:

«Теріс жол арқылы» деген белгі жасалады.

5.33. Темір жолдың қос жолды теліміндегі жолдардың бірін жабылмаған жол бойынша дара жолды қозғалысты белгілеумен жабу кезінде поездардың жөнелтілуі мен келгені жөніндегі телефонограммалар 1,2,3,4 және дара жолды телімдерге арнап белгіленген өзге нысандар бойынша беріледі. Бұл жағдайда жол жазбасы бланкісінің жоғарғы жағына «... жолы қозғалыс үшін жабық» деген белгі жасалады.

61

ДУ-50 нысанындағы бланк

ЖОЛ ЖОЛ ЖАЗБАСЫ

ЖАЗБАСЫНЫҢ ҚАПТАМАСЫ Станция (мөрқалып)

20—ж. «—»------------- 20—ж. «---»-------------

—сағ-----мин -—сағ-----мин

№----поезына (поездың №____поезына(поездыңитермелеуші-

итермелеушісіне) сіне)____жолынан_____жолыарқылы

берілді. жөнеліп,____ст. кері қайтуымен

----станциясының кіру сигналына

дейін (—км-не дейін) жүруіне рұқсат

етемін.

Блоктау жарамсыз.

Станция кезекшісі

Станция кезекшісі (керек емесін сызып тастау)

(ақ түсті)

62

6-тарау.

Барлық сигнал беру мен байланыс құралдарының жұмысы тоқтаған