- •2000Ж. 17 тамызындағы
- •2. Тпе 16.2-тармағына сәйкес әрбір станция мен жол қосыны поездар қозғалысын басқару жағынан және әрбір поезд бір мезгілде бір ғана қызметкердің қарауында болуы тиіс: станция немесе жол қосыны
- •Автоматтық блоктау кезіндегі поездардың қозғалысы
- •А. Дара жолды аралықтарда
- •Б. Қос жолды аралықтарда
- •Сигаал беру мен байланыстың өзінше құралы ретінде қолданылатын автоматтық локомотивтік сигнал беру кезіндегі поездар қозғалысының тәртібі
- •Маневрлер жасау
- •Диспетчерлік орталықтандыру құрылғылары ақауланган кездегі әрекеттердің тәртібі
- •Жартылай автоматты блоктау кезіндегі поездар қозғалысы Поездарды қабылдау және жөнелту
- •Жартылай автоматты блоктаудың ақауланғаны кезіндегі поездар қозғалысы
- •Электрлі бұздығандық жүйе кезіндегі поездар қозғалысы
- •Поездарды қабылдау және жөнелту
- •Электрлі бұздығандық жүйенің ақауланған кезіндегі поездардың қозғалысы, бұздығандық аппараттардағы бұздыгандардың санын реттеу тәртібі
- •Телефондық байланыс құралдары кезіндегі поездардың қозғалысы
- •Оператор (қолы).
- •Қозғадысы қалпына келтірідді. Тедефондық байданыс бойынша кезекшідікті өткіздім: Станция кезекшісі (дсп) ... (қоды).
- •Мысады:« Матай Берекеден»
- •Телефонограммалардың нысандары
- •Кездегі поездардың қозғалу тәртібі
- •Дара жолды аралықтарда поездардың қозғалу тәртібі
- •Ескертпе қабыршағы
- •Станцияларда соб құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылған кездегі поездарды қабылдау, жөнелту және маневрлерді орындау тәртібі
- •Тиелген вагондармен маневрлік жұмысты орындаудың,
- •Жалпы талаптар
- •Поездарды құрастыру
- •Поездарға ерекше абайлықты және арнайы жылжымалы қүрамды қажет etetih жүктері бар вагондардьітіркеудщ тәртібі
- •Дрезиналардың қозғалу тәртібітуралы негізгі ережелер
- •Маршруттарды даярлау туралы сөйлесулер регламентінің үлгілік тізбес
Электрлі бұздығандық жүйенің ақауланған кезіндегі поездардың қозғалысы, бұздығандық аппараттардағы бұздыгандардың санын реттеу тәртібі
4.26. Электрбұздығандық жүйе төмендегі жағдайларда ақаулы деп са- налады:
а) бұздығанды аппаратқа салу немесе аралық бос болған кезде бұздығанды аппараттан алу мүмкін болмаған жағдайда;
б) жоғалуы салдарынан аралыққа тиесілі бұздыған жоқ болғанда;
в) бұздығандық аппаратта немесе индукторда пломбылар болмаған жағдайда;
г) индуктор қолтұтқасының кейін қарай айналуы мүмкін болмаған жағдайда;
д) іргелес станция токты бермеген кезде, бұздығандық аппаратам перметрінің стрелкасы еңкейеді немесе қоңырау сыңғырлайды.
4.27. Барлық аталған жағдайларда, сонымен қатар бұздығандық аппа- раттарды жөндеу, тасымалдау және ауыстыру кезінде электрбұздығандық жүйені пайдалану тоқтатылады және поездардың телефондық байланыс бойынша қозғалысы ұйымдастырылады.
Поездар қозғалысы кезіндегі байланыстың басқа түріне ауысу, сонымен қатар байланыстың негізгі түрін қалпына келтіру ісі станциялардың кезек-шілері арқылы аралықтың бостығын және аппараттарда бұздығандардың болуын алдын ала тексергеннен кейін поезд диспетчерінің бұйрығымен жүзеге асырылады.
50
Бұздығандық телефон байланысы ақауланған, алайда бұздығандық ап-параттар жарамды түрде жұмыс істеген жағдайда поездардың қозғалысы электрбұздығандық жүйе бойынша орындалады, ал сөйлесулер поездық диспетчерлік байланыс бойынша жүргізіледі.
СОБ электрмеханигі бұздығандық аппараттарды тексерген кезде электрбұздығандық жүйенің жұмысын тоқтату қажет етілмейді.
4.28. Поездық диспетчерлік байланыс ақауланған жағдайда станция ке- зекшісі, электрбұздығандық жүйенің ақаулылығын анықтап, бұл жөнінде тексеру журналына жазба жасайды және іргелес станцияның кезекшісіне төмендегі поездық телефонограмманы жібереді:
«Бұздығандық жүйе ақауланған. Сіздерден соңғы болып ... поезы келіп жетті. Соңғы болып Сіздерге №... поезы жөнелтілді. Саны... дана бұздыған бар. Тедефондық байланысқа ауысуды сұраймын. Станция кезекшісі (ДСП) (қолы)».
Іргелес станцияның кезекшісі хабарланған және өзінде бар мәліметтер бойынша бұздығандардың санын тексереді, және егер ол сан екі аппаратта да жұп санды болып келсе, былай деп жауап береді:
«Сіздерден соңғы бодып №... поезы келіп жетті. Сіздерге соңғы бо-лып №... поезы жөнелтілді. Саны... дана бұздыганым бар. Телефондық байланысқа ауысамын. Станция кезекшісі (ДСП) (қолы)».
4.29. Электрбұздығандық байланыс жөнделіп, бұл жөнінде электрме- ханигі тексеру журналына жазба жасағаннан кейін, алайда диспетчерлік поездық байланыс ақауланған жағдайда станция кезекшісі іргелес станцияға поездық телефонофамма береді:
«Электрбұздығандық жүйенің жұмысы ... сағ ... мин. қалпына кел-тірілді. Сіздерден соңгы болып № ... поезы келіп жетті. Сіздерге соңғы болып № ... поезы жөнелтілді. Бұздығандар бойынша қозғалысқа ауы-суды сұраймын. Станция кезекшісі (ДСП) (қолы)».
Іргелес станцияның кезекшісі аралықтың бостығына көз жеткізіп былай деп жауап береді:
«Сіздерден соңгы болып № ... поезы келіп жетті. Сіздерге соңғы болып № ... поезы жөнелтілді. Аралық бос. Бұздығандар бойынша қозғалысқа ауысамын. Станция кезекшісі (ДСП) (қолы)».
4.30. Бұздыған жоғалғанда, сонымен қатар келіп жеткен немесе өте
шыққан поездан бұздығанды алмаған жағдайда станция кезекшісі тексеру журналына жазба жасап поезд диспетчеріне баяндайды. Соңғысы аралықтың Гюстығын және аралықты шектейтін станциялардың аппараттарындағы
51
бұздығандардың іс жүзінде болуын тексеріп телефондық байланысқа ауысу жөнінде бұйрық береді.
Электрбұздығандық жүйенің қызметін қалпына келтіру үшін станция кезекшісі СОБ электрмеханигінен аппараттан тағы бір бұздығанды шешіп алуын талап етуге міндетті. Аппараттан алынған бұздыған электрмехани-гінде сақталуы тиіс.
Бұздығанның шешіліп алынғаны жөнінде электрмеханигі мен станция кезекшісі тексеру журналында жазба жасап, поезд диспетчеріне баяндауға міндетті, артынша электрбұздығандық жүйенің жұмысы қалпына келтірі-
леді.
Егер жоғалған бұздыған табылса, станция кезекшісі электрмеханипне хабарлайды, ал бұздығанды электрмеханигі бұрын алынған бұздығанмен қоса бұздығандық аппаратқа салғанша, өзінде сақтайды, бұл жөнінде тексе-ру журналында жазба жасалады.
4.31. Егер де станциялардың бірінің аппаратындағы бұздығандардың саны аралықтың екі аппаратындағы олардың жалпы санының төрттен бір бөлігінен кем болып шықса, осы станцияның кезекшісі электрмеханигін бұздығандардың санын реттеудің қажеттілігі жөнінде хабардар етеді.
Электрмеханигі аралықты шектейтін іргелес станцияның кезекшісіне келіп, оның қатысуымен бұздығандық аппаратты ашып бұздығандардың жұп санын шешіп алуға, бұл жөнінде станция кезекшісімен бірлесе отырып шешіліп алынған бұздығандардың санын көрсетумен тексеру журналына жазба жасауға міндетті.
Шешіп алынған бұздығандарды электрмеханигі бұздығандардың са-нын реттеу қажеттілігі жөнінде хабарлама жасаған станция кезекшісіне жеткізеді. Станция кезекшісінінің қатысуымен бұздығандар бұздығандық аппаратқа салынуы тиіс, бұл жөнінде электрмеханигі тексеру журналына аппаратқа салынған бұздығандарды көрсетумен жазба жасайды.
СОБ. электрмеханигінің бұздығандарды реттеу жөніндегі жазбалары станция кезекшілерінің қолдарымен расталуы тиіс.
4.32. Жолдық блоктаумен жабдықталған жекелеген дара жолды аралықтарда, блоктауды пайдалануды тоқтату кезеңінде поездардың электрбұздығандық байланыс бойынша қозғалысын белгілеуге рұқсат етіледі.
Аталмыш аралықтар «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығының нұсқауымен электрбұздығандық байланыспен резервтік ретінде жабдықталады. Байланыстың негізгі құралдарынан резервтік құралдарына және кері қарай ауысу ісі белгіленген тәртіппен - поезд диспетчерінің бұйрығы бойынша орындалады.
52
5-тарау.