Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казакша реконструкция.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
46.55 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті

Кафедра: ҚжТКШ

Курстық жұмыс

Құрылыс сапасын бақылау, тексеру және сынау пәні бойынша

Тақырыбы: «Металл конструкцияларының монтажы бойынша ғимараттарды қайта салу,күшейту,үлкейту»

Орындаған: Мухамеджанова Р

Тексерген: Қасымов А.Т

Қарағанды 2013

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................................

І. Металл конструкциялары..............................................................................

1.1. Металл констукциясы дамуының қысқаша тарихы................................

1.2. Номенклатура және металл конструкцияларының..................................

қолданылатын орны және жобалауды ұйымдастыру....................................

ІІ.Металл конструкцияларының күшейтілуі, монтажы.................................

2.1. Ғимараттар мен үймәреттердің металл конструкцияларының күшейтілуі

2.2. Ғимараттар мен үймәреттердің металл конструкцияларының монтажы

ІІІ. Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын

талаптар" техникалық регламентi.....................................................................

3.1. Металл конструкцияларды өндiру және монтаждау кезiнде қойылатын қауiпсiздiк талаптары..........................................................................................

Қорытынды..........................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................

Кіріспе

Құрылыс – материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтындай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, тек еңбек құрал-жабдықтары (машиналар мен механизмдер), еңбек заттары (материалдар мен құралымдар) бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Құрылыс ашық жерде және әр түрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді. [1]

Жалпы, құрылыс саласында ғимараттар мен үймәреттерды қайта құру, ұйымдастыру айрықша орын алады. Ғимараттарды қайта құру, ұйымдастыру әр түрлі жағдайларда орындалады, мысалы, тапсырыс беруші обьектінің функционалдық тағайындалуын өзгерткісі келсе,обектінің жағдайы қанаушылық (эксплуатация) үшін жарамсыз немесе жағдайы жаман болса, және т.б жағдайларда.

Ғимараттарды қайта құру, ұйымдастыру дегеніміз – құрылысты ұйымдастыру әрекеттері және құрылыс монтаж прцесстерінің құрамы,ішкі ауданды үлкейту,ішкі ауданның сан және сапасын өзгерту жұмыстары болып табылады.

Ғимараттар мен үймәреттерді қайта құру, ұйымдастыру – жұмысты істеу немесе өндіру барысында білімді, сондай –ақ жұмыс істеу ұзақтылығын қажет ететін тиянақты жұмыстың бірі.Себебі дұрыс атқарылмаған жұмыстың нәтижесі қасбеттің, аражабындар мен жабындардың, іргетастың бетінде жарықшалардың пайда болуын тудырады. Осыған байланысты, ғимараттар мен үймәреттерді ұйымдастыру, қайта құру, яғни жұмыс істеу барысында технологиялық талаптарды сақтаған жөн.