Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
467.46 Кб
Скачать

4 Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

І семестр

1-тақырып Мемлекеттік тіл мәртебесі. Тіл туралы Заң. Тіл – қатынас құралы. Сөз құрамы және қосымша. Синоним. Антоним. Омоним.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары.

1. Сөз құрамы және қосымша туралы айтып өту.

2. Мемлекеттік тіл мәртебесі. Тіл туралы Заң. Тіл – қатынас құралы. (студенттерге сұрақтар қою).

Мемлекеттік тіл мәртебесі

Тіл дегеніміз - адамды адаммен, халықты халықпен жақындастыратын ерекше құрал. Сол себепті біздер достықтың құралы және еліміздегі бірліктің негізі ретінде тілді ерекше құрметтеуіміз керек. Ана тілінде әркімнің білім алуына жағдай жасау, олардың ұлттық мәдениетін дамыту - маңызды мемлекеттік стратегия.

Қазақ халқының ана тілі - қазақ тілі. Қазақ тілі- бай тіл. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуде. Олар қазақ тілін арнайы курстарда, мектептер мен университеттерде оқиды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев халыққа Жолдауында былай деп атап өтті: "… біздер қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, дамытып келеміз, көп ұлтты және көп мәдениетті келісімін бірегей ұлттың алға дамуын қамтамасыз етеміз."Мемлекеттік тіл - Қазақстанның болашағы.

Тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

2.Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыздар: ана тілі, мемлекеттік мәртебе, басқа халықтар, жағдай жасау, достықтың құралы, мәдениетті дамыту.

3.Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыздар: құрметтеуіміз, жолдауында, дәстүрін, жақындастыратын, ғасырлық, мәдениетін, достықтың, еліміздегі, халықты.

4.Мәтіннен ілгерінді, кейінді ықпалға мысалдар келтіріңіз.

5.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, ауызша жауап беріңіздер.

6.Мына етістіктерден келер шақ формасын жасаңыздар. Үлгі: жазу-жазады-жазар-жазбақ, жақындастыру, құрметтеу, алу, үйрену, оқу, өту, дамыту, сақтау, алға даму.

7.Берілген сөз тіркестерін септеңіздер: ұлттық мәдениет, ғасырлық дәстүр, қазақ тілі, ерекше құрал.

8.Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыздар.

9.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазып, аударыңыздар.

Ана тілінде ... білім алуына жағдай жасау, олардың мәдениетін дамыту- ... мемлекеттік стратегия. Қазақ тіл- ... тіл. Бұның ... негізі Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы ... жазылған. Қазақ .. ана тілі - қазақ тілі.

10. Мәтіннен есімдіктерді тауып, аударыңыз, сөйлем құрастырыңыз.

11. Мына нақыл сөздерді оқып, аударыңыздар:

  • Түрлі-түрлі байлықтар бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы- бәрінен де сенімді байлық.(Ғ.Мұстафин).

  • Сөзді бағалар, сөзге тоқтар, сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттендіре түседі. (Ілияс Омаров).

Тіл туралы заң

1989 жылы тілдер туралы Заң қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды. Бұл 1993 жылғы Конституцияда бекітілді. 1990 жылдан бері қазақ тілі заңды түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақстан Республикасының Тілдер туралы Заңы 1997 жылдың 11-шілдесінде шықты.

Тіл туралы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2.Мына сөздермен сөз тіркесін, сөйлемдер құрастырыңыз: қатынастар, ұйымдастырушылық, міндетті, құқықтық, өкілді, атқарушы, дамыту, топтастыру, қабылдау.

4. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

5.Мәтіннен туынды және негізгі сын есімдерді теріп жазыңыз. Туынды сын есім тудырушы жұрнақтарды көрсетіңіз.

6. Мәтіндегі сан есімдерді құрамына, мағыналық түріне қарай талдаңыз.

7. Мына мақалдарды аударып, жаттап алыңыздар.

  • Өнер алды - қызыл тіл.

  • Сәлем - сөздің анасы.

  • Көп сөз - күміс, аз сөз - алтын.

  • Ең тәтті де - тіл,

Ең ащы да - тіл,

  • Ең жұмсақ та - тіл,

Ең қатты да - тіл.

ТІЛ - ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ

Қыркүйектің 22-сі Қазақстан Республикасы халықтарының тіл мерекесі күні болып жариялануы - аса маңызды гуманистік қадам. Бұл, ең алдымен, тілге, сол арқылы мәдениет пен өнерге қоғам мен мемлекеттің көрсеткен құрметі.

Тіл - адамдар қатынасының аса маңызды құралы. Адам өз ойын екінші біреуге тіл арқылы, яғни сөзбен айтып жеткізеді. Осындай аса маңызды қатынас құралын дұрыс пайдалану, яғни дұрыс сөйлей білу - үлкен өнер. Адамның білімділігі, мәдениеттілігі оның сөйлеген сөзінен көрініп тұрады. Кісінің абыройлы, беделді болуы да оның дұрыс сөйлей білуіне байланысты.

Тіл - адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын өзгеше құрал. Тілі жоқтың күні жоқ, келешегі жоқ. Мұны ешбір ел, ешбір халық қаламайды. Халықтың жаны - тіл.

Тіл жылдан-жылға дамып, жетіле береді де, оның сөздік қоры молая түседі. Сөйлеген сөзіміз әдемі, тартымды әрі көркем болу үшін, біз әдеби кітаптарды, яғни көркем әдебиет пен прозалық шығармаларды, поэзиялық шығармаларды көп оқуымыз керек. Сонда ғана сөйлеу мәнеріміз, тіл мәдениетіміз жоғарылайды.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз

а) Тіл мерекесі қашан атап өтіледі?

ә) Адам өз ойын не арқылы жеткізеді?

б) Адамның мәдениеттілігі неден көрінеді?

в) Халықтың жаны не?

г) Адамның беделді болуы неге байланысты?

3. Мәтіннен шылау сөздерді теріп жазыңыз.

4. Мәтіннен синоним сөздерді тауып, аударыңыз.

5. Берілген сөздерден сын есімнің шырайларын жасаңыз, дәптерге жазыңыз:

мағызды, үлкен, әдемі, тартымды, көркем, өзгеше.

6. Сөйлемдерден есімдіктерді теріп жазып, мағыналық түрін көрсетіңіз. Сөйлем құраңыз.

7. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазып, сөз тіркесін жасаңыз.

8. Тіл, ұлт, мәдениет, мемлекет, адам, халық сөздерін септеңіз.

9. Мына сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз: маңызды іс, тіл мерекесі, өз ойы, үлкен өнер, сөздік қоры, қатынас құралы, дұрыс сөйлеу, тіл мәдениеті.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Хасен М.Ә., Шабденова Қ.Ж., Байпелова Г.С., Нұргожина Г.М. Қазақ тілі.

ЭОҚ.ҚарМТУ, 2006

3. Нұрғожина Г.М., Хасен М.Ә., Хамзина Қ.М. Суретті қазақ тілі. Оқу құралы.

Қарағанды: ҚарМТУ, 2006.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 13, 16, 18]

1. «Мемлекеттік тіл мәртебесі» тақырыбына шығарма.

2. «Тіл туралы Заң» конспект.

3. «Тіл – қатынас құралы» шығарма.

2-тақырып Адам бәрін жасайды. Билл Гейтс. Қол өнер. Қазақ тіліндегі жалғау түрлері: көптік, жіктік, тәуелдік, септік. Жай және тәуелді септеу.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Жай сөйлем туралы айтып өту.

2. Адам бәрін жасайды. Билл Гейтс. Қол өнер тақырыптарына сұрақтар қою.

3. Грамматика бойынша 2-3 сөзді жіктету, тәуелдету, септету.