Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
467.46 Кб
Скачать

Мен бос уақытымды қалай өткіземін?

Мен университетке аптасына алты күн барамын, сондықтан менде тек бір күн ғана демалыс – жексенбі. Жексенбі күні басқа күндерге қарағанда кешірек тұрамын.

Қыста мен таңертеңгі астан соң шаңғы тебуге кетемін. Мен шаңғыны үйімнің жанындағы паркте тебемін. Мен серуеннен түскі асқа бір-ақ ораламын. Түскі астан кейін дем аламын.

Күнде кешке жолдастарыммен кездесіп тұрамын. Біз ән тыңдаймыз немесе бейне таспа көреміз.

Көктем мен жазда мен демалысымды таза ауада өткіземін. Сенбі күні кешке мен ата-анам тұратын саяжайға кетемін. Онда үйдің жанында өзен бар, мен сонда жүземін. Өзеннің қос жағалауында тоғай бар, мен сонда барып саңырауқұлақ, жидек теремін. Егер көшеде жауын жауып тұрса, мен үйден шықпай, кітап оқып, теледидар қараймын.

Күздің басында мен бірге оқитын жолдастарыммен серуенге шығамын. Біз күндіз сенбі күні кетіп, жексенбінің кешінде ораламыз.

Біз орманда от жағуды, тамақ пісіруді үйренеміз, орманнан су іздейміз. Біз шатырда түнейміз, келесі күні үйге жаяу ораламыз.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді оқып, сөз тіркесінде қолданыңыздар.

2. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

  1. Мәтіннен сын есім сөздерді тауып оқыңыз.

  2. Мәтіндегі сын есім сөздердің сөйлемнің қай мүшесі екенін табыңыз.

  1. Мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді оқыңыз.

7. Бос уақытыңызды қалай пайдаланатыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.

  1. Төмендегі сөздердің синонимдерін тауып жазыңыз.

1. Жұмыс _______________________________________________

2. Міндет_______________________________________________

3. Мекеме ______________________________________________

4. Қолдану______________________________________________

5. Шағын ______________________________________________

6. Тәулік ________________________________________________

7. Құны _________________________________________________

8. Қызметкер _____________________________________________

9. Қазіргі________________________________________________

10. Халық _______________________________________________

8. Мына суреттер бойынша әңгімелеңіз.

9. Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар.

а) Уақытты басқару дегеніміз не?

ә) Уақытты меңгеру не үшін қажет?

б) Уақыттың жаулары не деп ойлайсыз?

10. Мына өлеңді жаттап алыңыз:

Көкжиектен күн аунап барады әні,

Қызарғаны – қоштасып қарағаны…

Осылайша өтеді қайран уақыт,

Сені мәңгі қоймайды сайрандатып,

Күз де келер, кем-кемдеп тартыларсың,

Қыс та келер, біржола сарқыларсың.

Ақ бұлақтар!

Алқынған Ақ бұлақтар!

(Ж.Әбдірәшев)

Даналар сөзін тыңдайық

Әркім өз уақытын еңбегінің көлемімен өлшегені – ең дұрыс жол.

В.Г. Белинский.

Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат.

А.В. Суворов

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3. Хасен М.Ә., Шабденова Қ.Ж., Байпелова Г.С., Нұргожина Г.М. Қазақ тілі.ЭОҚ. ҚарМТУ, 2006

4. Нұрғожина Г.М., Әбілқасов Ғ.М., Жетпісбай Ш.А. Қазақ мәдениеті (Қазақ тіліне арналған мәтіндер жинағы). ҚарМТУ, 2003.

5. Нұрғожина Г.М., Хасен М.Ә., Хамзина Қ.М. Суретті қазақ тілі. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2006.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (3-тақырып) [қосымша 12, 13,16 ]

1. «Мен бос уақытымды қалай өткіземін?» тақырыбына әңгіме жазу.

4-тақырып Ұлы іс отаншылдықтан туады. Атамекен. Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан. Фонетика (Үндестік заңы). Жұрнақ: сөз тудырушы және сөз түрлендіруші.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Фонетиканы қайталау. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың жіктелуін түсіндіру.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгіме жүргізу.

3. Жаңа сөздер жаздыру.