Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
467.46 Кб
Скачать

Ә.С. Сағынов - академик, ғалым

Әбілқас Сағынұлы Сағынов 1915 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауылында туған. 1939 жылы Днепропетровск тау-кен институтын "Пайдалы кен орындарын қазу" мамандығы бойынша оқып, үздік бітіріп шығады.

Институтты бітірген соң, 1948 жылға дейін Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында учаске бастығы, шахты директоры, техника бөлімінің көмір тресінің басшысы болды. 1948 жылдан 1951 жылға дейін басқарма бастығы, "Қарағанды көмір тілігі" тресінің бас инженері қызметтерін атқарды.

Сағынов Әбілқас Сағынұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Социалистік Еңбек Ері, Қарағанды тау-кен институтының (1953-1958 ж.ж.) ректоры, Қарағанды политехникалық институтының ректоры (1958-1987 ж.ж.) болды.

1955 жылы Ә.С.Сағынов 1958 жылы политехникалық болып ұйымдастырылған Қарағанды тау-кен институтының ректоры болып тағайындалды. Оның басшылығымен институт Қазақстанның өнеркәсіптік аймақтары үшін мамандар даярлайтын жоғарғы категориядағы Жоғарғы Оқу орнына айналды.

Оқу, ғылым саласындағы жоғарғы нәтижелері үшін Қарағанды политехникалық институты Жоғарғы үкіметтік марапаттауларға ие болды. 1976 жылы Еңбек Қызыл Ту Ордені, 1972 жылы Мерейтойлық Құрмет белгісі, Қазақстан Республикасы Алтын Құрмет кітабына екі рет жазылған, Ауыспалы Қызыл Ту орденімен тоғыз рет және бірнеше Құрмет Грамоталарымен марапатталған.

Қазақстан Республикасы халық шаруашылығын, Жоғарғы білім беруді дамытудағы, білікті мамандар даярлаудағы еңбектері үшін Ә.С.Сағыновқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ә.С.Сағынов Мемлекеттік сыйлықтардың екі мәрте лауреаты, екі рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, Халықтар достығы орденімен, медальдармен, грамоталармен марапатталған.

Біздің Республикамыздың жетекші ғалымы болғандықтан, Ә.С.Сағынов Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының толық мүшесі болып сайланды.

Ә.С.Сағынов - 200 ғылыми мақаланың, 18 монографияның авторы.

Ә.С.Сағынов 2006 жылы қыркүйек айында қайтыс болды.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, қысқаша мазмұнын айтыңыз.

2. Мәтінге сұрақ қойып, сұраққа жауап беріңіз.

3. Ә.С.Сағынов атындағы көрме туралы айтып беріңіз.

4. Мына сөздерге жіктік жалғауларын жалғап, жіктеңіз. доктор, бастық, ғалым.

5. Морфологиялық талдау жасаңыз: басшылығымен, шахталарында, ғылымдарының.

6. Мәтіннен септік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жазыңыз. Қай септік жалғауы екенін ажыратыңыз.

7. Мына сөздерді септеп шығыңыз: мамандар, университет, шахта.

Біздің институт ақпараттық технологиялар институтының тарихы

Ақпараттық технологиялар институты 1993 жылы ұйымдастырылды, бірінші деканы т.ғ.д. профессор М.Р.Нұрғожин болды. Қазір институтты т.ғ.к. Б.Қ.Сұлтанова басқарады.

Институтта компьютерлік графика бағдарламаларының жаңа пакеттері, жергілікті есептегіш тораптары, автоматтандырылған оқу жүйелері және програмалық моделдеу кешендері енгізілген, соңғы кезде шыққан есептеу машиналарымен жабдықталған компьютерлік кластар жұмыс жасайды.

Институтта ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, информатика, приборлар жасау, ақпараттық қауіпсіздендіру жүйесі мамандықтары бойынша студенттер оқып білім алады.

Тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.

3. Мәтіннен септік жалғауларын тауып, мысал келтіріңіздер.

4. Мәтіннен жалқы есімдерді табыңыз.

5. Мәтіннен сан есімнің түрлерін тауып ажыратыңыз.

6. Мамандықтарды жазыңыз

7. Өз институтыңыз жайлы әңгімелеңіз.

8. Институттың ғимаратын, оның әр қабатын суреттеңіз.

9. Жіктік жалғауларын жалғаңыз.

Мен студент…, біз үшеу…, сен оқушы…ба?, сіз көрді…бе? Сендер оқыды…, олар ұшқыш…, сіздер әріптес…, ол оқушы… .

10.Мәтіннен септік жалғауы жалғанған сөз тіркестерін жазыңыз.

11.Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі қатарға жазыңыз.

12.Мәтінді оқып, зат есімдерді табыңыз. Қандай зат есім екенін айтыңыз.

13. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Институт тарихын әңгімелеңіз.

  • Институт қандай мамандықтар бойынша білім береді..

  • Ақпараттық технологиялар мамандығын бойынша қандай ғалымдарды білесіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3. Хасен М.Ә., Шабденова Қ.Ж., Байпелова Г.С., Нұргожина Г.М. Қазақ тілі.ЭОҚ. ҚарМТУ,2006

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (12-тақырып) [қосымша 14,16,18]

1. «Біздің университет» тақырыбына буклет.

2. «Сағынов – академик, ғалым» слайд жасау.

3. «Біздің институт» тақырыбына әңгіме.

13-тақырып Кәсіби бәсекелестік. Бәсекеге қабілетті азаматтар – Қазақстанның болашағы. Қазақстан-2030. Етіс категориясы.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Етістерді қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.