Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
467.46 Кб
Скачать

Мәдени мұра – алтын адам

Бүкіл Еуразиялық байтақ даласын күн шуақты- алтынды «аң тәсілді» өнерімен көмкерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағы мақтанарлықтай өлмес мұралар қалдырды. Соның бірі- әлемдегі өнер сүйер қауымды елең еткізген, бір тума ескерткіш. 1969-1970 жылдары Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» кейпі. Оны алғашқы ашып, әлемге танытқан ғалым- археолог Кемел Ақышев. Бұл обаға б.з.д.Ү-ҮI ғасырда өмір сүрген 17-18 жас шамасындағы Сақ жауынгері, сол кездегі дәстүр бойынша, киімімен, тұрмыстық заттармен қоса жерленген.

Оның салтанатты биік бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігіне дейін 200-ден астам аң, құс сипатты алтын әшекейлермен безендірілген. Қару-жарағы, сақинасы да алтын. Оның «Алтын адам» аталуы да сондықтан. Сонымен қатар, ағаш ыдыс-аяқтар т.б. заттар қойылған. Соның бірі - 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған. Оны ғалымда «Есік жазуы» деп атайды. «Алтын адам» киімі - сирек кездесетін ғажайып өнер туындысы. Бұл тек құнды архелогиялық олжа ғана емес, ата-бабамыздың жоғары мәдениеті, тарихы, біздің тарихымыз, мәдениетіміздің алтын тұғыры. Осы ескерткіштер қазақ жерін мекендеген бабаларымыздың осыдан 2500 жыл бұрын өзіндік жазу-сызуы мен өркендеген мәдениетінің болғандығын дәлелдейді.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2.Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1) «Алтын адам»- кейпі қай қаланың маңынан табылды?

2) Алтын адамды ол жерден қай жылы қазып алған?

3) Алтын адам жанынан тағы қандай заттар табылды?

4) Бұл қандай өнер туындысы?

5) Ескерткіштер нені дәлелдейді?

3.Өзіңізді тексеріп, дұрыс жауабын мәтін бойынша тауып айтыңыз.

Үлгі: Ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа аз мұра қалдырды. – Жоқ, мақтанарлықтай өлмес, үлкен мұра қалдырды.

а) Алтын адам Жамбыл облысының Шу өзенінің маңынан табылды.

ә) Есік қорғанынан түрік жауынгері барлық заттарымен табылды.

б) Алтын адам киімі қарапайым, күнделікті жауынгер киіміндей.

в) Қазақ халқының мәдениеті мен өнерінің дамуын сипаттамайды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

5. Г.М. Нұрғожина, Ғ.М.Әбілқасов, Ш.А. Жетпісбай Қазақ мәдениеті (Қазақ тіліне арналған мәтіндер жинағы). ҚарМТУ, 2003.

6. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқыту). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (9-тақырып) [қосымша 12, 13, 16]

1. Жер тұрғындары тақырыбына әңгіме жазу.

2. Қазақстан халқы тақырыбына шығарма.

3. Мәдени мұра – Алтын адам тақырыбына слайд жасау.

10-тақырып Ғалам және ғасыр. ХХІ ғасырдың жетістіктері. Қазақстан және ғарыш. Етістік (дара, күрделі, негізгі, көмекші, болымды, болымсыз, тұйық).

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Етістік, оның түрлерін түсіндіру.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Болымды және болымсыз, тұйық етістіктеріне мысалдар келтіру.