Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
467.46 Кб
Скачать

Адам бәрін жасайды

Әр адам өмірге келгенде өзіне сұрақ қояды: адам болу оңай ма? Бұл сұрақ тек қуаныш пен бақыт кезінде қойылмайды. Өз болашақ жолын таңдағанда бұл сұраққа жауап алу өте қиынға соғады. «Адам» деген сөзге не жатады? Алдымен осыны түсініп алуымыз керек. Адамның бойындағы негізгі қасиеттері өз алдында шындық, өз басына жауап беру, өз мақсатына жету, достыққа шақыру, талап қоя білу болып табылады. Өз басына жинаған тәжірибе – адамға өмір бойы көмектеседі, дұрыс шешім қабылдауға жетелейді. Адам осы өмірде бәрін өзі жасайды. Жақсыны да, жаманды да қолдан жасайтын адам ғой! Ғажайып табиғаттың шеккен азабы қандай?! Мысалы, Арал теңізінің кебуі, орман-тоғайлардың жануы, сулардың ластануы, осының бәрін кім жасады? Адам өз ісімен табиғатқа зиян келтіретіні туралы ойланбайды.

Бірақ адамның жетістіктері де көп. Әлемдегі Өркениет адамның қолымен жасалған. Адам өзінің өмір сүруін жеңілдету үшін түрлі шаралар ұйымдастырып құрастырған. Адамның сана-сезімі қарқынды даму үстінде. Ол өз қиялымен неше түрлі техниканы, күнделікті қолданылатын заттарды ойлап тапқан. Бүгінде адам баласының ойының жетілгені соншама, нанотехнология, биотехнологияны дамыту үстінде.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыз.

2. Мәтіннен тәуелдік, көптік жалғаулы сөздерді табыңыз.

3. Мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді оқыңыз.

4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Адамның бойындағы негізгі қасиеттерді атаңыз?

ә) Адамдар табиғатқа қандай зиян келтіруде?

б) Адам баласының бүгінгі күндегі жетістігі қандай?

в) Адам болу оңай ма?

Билл гейтс

Билл Гейтс - әлемдегі бай адамдарының ішінде ең байы, жасы жағынан ең жасы. Жеке байлығы 100 млдр. долларды құрайды. Әкесі – адвокат, анасы – мектеп мұғалімі болған. Лейксайд жекеменшік мектебінде оқыған. Осында компьютерге деген қызығушылығы артады. Ол кезде жеке компьютерлер болмаған.

1974 жылы американдық MITS фирмасы Altair 8800 шағын қондырғысын шығарды. Кейіннен бұл әлемде алғашқы жеке компьютерлер болып саналды. Ол компьютерлер Гарвард университетінің бірінші курсында оқитын Билл Гейтстің программасымен жабдықталды. Бұл Гейтс үшін әлі күнге дейін үлкен мақтаныш. Осы арқылы ол бірінші болып нарық әлемінде өзі қалаған күрделі тірлікке сәтті қадам жасады.

Алғашқы жетістікпен қанаттанған ол екінші курстан оқуын тастап, компаниясын құрады. Altair компьютері алғашқы шыққаннан кейін арада төрт жылда Microsoft Бейсик программасы жеке компьютерлердің 23 үлгісіне жұмыс жасай бастады. Осының бәрі Гейтстың мектептегі жобалары еді.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз.

Жеке меншік, құрайды, қызығушылық, қаржы, қондырғы, нарық, жоба, жүйе,

жетістік, тауар, тұтынушы, бағыт.

3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Б.Гейтстің жеке байлығы қанша доллар құрайды?

2) Ата-анасы кім болған?

3) Б.Гейтс қандай мектепте оқыған?

4) MITS фирмасы не шығарды?

5) Б.Гейтс қандай университетте оқыды?

ҚОЛӨНЕР

Қазақ жерінде ХVІІІ – ХІХ ғасырларда қолөнер дәстүрлері қатты дамыған. Әсіресе жүннен жасалған ашық түсті текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды-жасылды түскиіздер, ал қызыл гүлді кілемдер, қошқар мүйізді алашалар мен тоқылған сандық қап, аяқ қап, кесе қап және шекпен, шапан, т.б.

Сонымен бірге, қазақтың өткен заманда дамыған қолөнер түрі – зергерлік өнер. Бұрынғы заманда Қазақстан жерінде алтын, күміс, қорғасын, мыс, қалайы тағы басқа металдар өндірілген. Олардың түрлері бұйымдар, киім-кешектер де әзірленген. Әсіресе әйелдерге, қыздарға арналған шолпы, білезік, сақина, сырға, алқа, түймелер жасаған.

КИІЗ ҮЙ

Киіз үй негізгі төрт бөлшектен тұрады. Ол – кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі ағаштың мынадай түрлерінен жасалады: тал, қайың, терек. Ең жақсысы – тал. Кереге, уық, шаңырақ, есікті осы кәсіпке маманданған шеберлер жасайды. Үйшілер көбінесе талды өзендер бойында тұрады. Олар – Еділ, Жайық, т.б. кішірек өзендер. Ағаш бөлшектерді жасау үшін үйшілер мор, тез, үскі деген ұлттық жабдықтарды пайдаланған.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы).

Алматы, 1998.

3. Хасен М.Ә., Шабденова Қ.Ж., Байпелова Г.С., Нұргожина Г.М. Қазақ тілі. ЭОҚ.

ҚарМТУ, 2006 ж

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

5. Нұрғожина Г.М., Хасен М.Ә., Хамзина Қ.М. Суретті қазақ тілі. Оқу құралы.

Қарағанды: ҚарМТУ, 2006.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (2-тақырып) [қосымша 11, 13, 16]

1. «Адам бәрін жасайды» тақырыбына әңгіме.

2. «Билл Гейтс» туралы әңгіме.

3. «Қол өнер» тақырыбына буклет жасау.

3-тақырып Уақыт. Менің күнтәртібім. Мен бос уақытымды қалай өткіземін. Сөз таптары. Сан есім.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Сан есімді түсіндіру.

2. Уақыт. Менің күнтәртібім. Мен бос уақытымды қалай өткіземін тақырыптары бойынша сұқбаттасу, әңгімелесу.

3. Сөз таптарын қайталап өту

УАҚЫТ

Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ.

Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт-еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын ұлы мәртебелі уақыт.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыз.

2. Мәтіндегі сын есім сөздердің сөйлемнің қай мүшесі екенін табыңыз.

3. Мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді оқыңыз.

4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз: Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз? Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырасыз ба? Уақытыңызды үнемдей аласыз ба? Әр күнге жоспар құрасыз ба? Босқа кеткен уақытыңызға ренжисіз бе?

5. Мәтіннен ауыспалы осы шақтағы сөйлемдерді табыңыз.

6. Мәтіннен сан есімді сөйлемді табыңыз.

7. Мәтіндегі дерт сөзіне синоним табыңыз. Сөйлем құраңыз.

8. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі кестені толтырыңыз.

9. ХХ ғасыр ғажаптарын атаңыз.

Мысалы:а) адам ғарышқа ұшты;

ә) медицина жақсы дамыды

б) техника өте жақсы дамыды;

в) ХХ ғасырдағы техника жаңалықтарын атаңыз.

Мысалы:

а) компьютер пайда болды;

ә) телефон, телефакс;

б) электротолқынды пеш;

в) автомобильдің көптеген түрі;

г) кір жуғыш машина;

ғ) тоңазытқыш;

д) электронды пошта;

е) ұшақ (самолёт);

ж) теледидар;

з) магнитофон;

МЕНІҢ КҮНТӘРТІБІМ

1. Мен ылғи таңғы сағат жетіде (700) тұрамын.

2. Мен жуынамын, тісімді тазалаймын. Таңертеңгі асымды жеті

сағат отыз минутта (730-да) ішемін.

3. Одан кейін таңертеңгі сағат сегізде (800-де) автобуспен

университетке кетемін, өйткені бірінші сабақ сағат тоғызда

(900-де) басталады.

4. Сабақ кестесі бойынша біз аптасына алты күн, күніне бес

сабақтан оқимыз,

5. Мен кешкі сағат бесте (500-де) келесі күннің тапсырмасын

орындауға кірісемін.

6. Мен сағат жетіде (700-де) жолдастарыммен кездесу үшін

аулаға шығамын.

7. Кешкі астан кейін мен шамалы ата-анама көмектесемін. Содан

кейін теледидар көремін.

8.Сағат он бірде жататын бөлмеме барамын, ұйықтардың

алдында аздап кітап оқимын.

9. Он екіде ұйқыға жатамын