Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
467.46 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң

Әрбір мемлекет қоғам тіршілігінде тәртіп болуын қадағалайды. Тәртіп болу үшін заң шығарады.

Біздің алғашқы Ата заңымыз 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда қазіргі Ата заңымыз қабылданды. Яғни ең негізі, ең басты заң – «Ата Заң» немесе «Конституция» (латын сөзі «constitutio»).

Конституцияның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостаңдықтары» делінген.

Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге туғанынан тиесілі. Республика азаматтарының құқықтары мен міндеттерін Конституция анықтайды.

Тапсырмалар:

1. Сөздікпен жұмыс жасаңыз. Сөздерді оқып, аударыңыз. Айтылуына, жазылуына көңіл бөліңіз.

2. Мына сөздермен сөз тіркесін, 3-4 сөйлем құрастырыңыз:

Мемлекет, құқық, ғұрыптар, әділеттілік, ережелер, заңдар, өкімет, қоғам, тәртіп, зайырлы, әлеуметтік, бостандық, міндеттер, өркениетті.

3. Әрбір азаматтың қандай құқығы, бостандығы және міндеттері болады деп ойлайсыз?

4. Мына кестені толтырыңыз.

Құқық

Бостандық

Міндет

4. Мәтіндегі етістіктерді сөз құрамына талдаңыз.

5. Синоним сөздердің мағынасын түсініп, сөйлем құраңыз.

Ата заң – конституция;

пайда болу – туу- шығу –жарық көру;

ыдырау – күйреу – жабылып қалу;

әділеттілік - әділдік – шындық – ақиқат;

билік – басқарушылық – иелік – қожалық;

билеу – басқару – меңгеру – иелену – үстемдік жасау;

ереже – қағида – тәртіп – жол – жоба.

6. Мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгімелеңіз.

7. Буын үндестігі заңдылығына бағынбай тұрған сөздерді табыңыз: ақыл, жәшік, қазір, терезе, еңбек, саудагер, байрақ, қолмен, азамат, өнерпаз, бостандық, емхана, әлеуметтік, міндет, заңымыз, еңбекқор.

МЕН - ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫМЫН

Менің туып-өскен жерім – Қазақстан. Қазақстан – Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Қазақстан Республикасы - өз аумағында тұратын барлық азаматтардың ортақ Отаны.

Отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, бірге тұрған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады.

Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандары мен көлдерін көрген адам оны еш уақытта ұмыта алмайды. Біз жер шарының осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз. Ол – біздің Отанымыз.

Мен Қазақстанда тұратынымды мақтаныш етемін. Қазақстан азаматы ретінде туған Отанымды, халқымды құрмет тұтамын.

Әрбір Қазақстандық азамат атамекенін, ел намысын қорғайтын, ата салтын бұзбайтын, қайырымды болуы керек.

Қазақстандық азамат Отанды сүйетіндігін сөзбен емес, іспен дәлелдеуі қажет.

Тапсырмалар:

1.Мәтіннен жаңа сөздерді көшіріп жазыңыз, аударыңыз, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыз.

2. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсініңіз.

3. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Қандай адам өз отанының патриоты бола алмайды?

ә) Отаншылдық қандай қасиет?

в) Қазақстан жері қандай?

г) Қазақстан азаматы қандай болуы керек?

4. Қадірлеу, қастерлеу, тату, құрметтеу сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз.

5. Мәтіннен болымсыз етістіктерді теріп жазыңыз.

6. Сөйлем мүшесіне талдаңыз.

Мен Қазақстанда тұратынымды мақтаныш етемін. Қазақстан азаматы ретінде туған Отанымды, халқымды құрмет тұтамын.

7. Бос орынды толтырыңыз.

Мен --------- тудым. Менің Отаным -----------. Біз туған Отанымызға ----------. Қазақстанның жері --------. Қазақ тілі --------- . Мен - Қазақстан ------------. Қазақстандық --------- Отанын қорғайды.

Керекті сөздер: қызмет етеміз, мемлекеттік тіл, азаматымын, Қазақстан, кең-байтақ, азамат, Қазақстанда.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып

үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.

2. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.

3. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

4. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

5. Нұрғожина Г.М., Хасен М.Ә., Хамзина Қ.М. Суретті қазақ тілі. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2006.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (11-тақырып) [қосымша 11,13, 15,16]

1. «Азаматтық қалай анықталады?» тақырыбына әңгіме.

2.«Қазақстан Республикасының Конститутциясы» тақырыбына әңгіме.

3. «Мен Қазақстанның азаматымын» тақырыбына шығарма жазу.

12-тақырып Біздің университет. А.С.Сағынов – академик, ғалым. Біздің институт. Етістіктің рай формасы.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Етістіктің райларын мысалдар келтіре отырып, түсіндіру.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Интернетті пайдалана отырып, университеттің тарихына шығарма жаздыру.