Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казакша реконструкция.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
46.55 Кб
Скачать

Ііі.1. Металл конструкцияларды өндiру және монтаждау кезiнде қойылатын қауiпсiздiк талаптары

68. Металл конструкцияларды өндiру кезiнде нормативтiк құжаттаманың және олардың негiзiнде әзiрленген технологиялық регламенттiң, сондай-ақ "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру шеңберiнде әзiрленген тиiстi техникалық регламенттердiң талаптарының сөзсiз орындалуын қамтамасыз ету қажет.

69. Металл конструкцияларды өндiру кезiнде Қазақстан

Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өндiрiстiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi барлық кешендi шаралар орындалуы тиiс.

70. Кәсiпорында металл конструкцияларын өндiру процесiнде қауiпсiздiкке байланысты болатын барлық технологиялық операцияларды бақылау жүйесi iске қосылуы тиiс.

71. Кәсiпорында қабылданған бақылау немесе қолданыстағы сапа менеджментi жүйесiне сәйкес қауiпсiздiктiң барлық талаптарының орындалуын талдау, егер, мұндай талаптар тиiстi техникалық регламенттерде бар болатын болса, қажеттiлiк кезiнде металл конструкцияларын өткiзудiң алдында қатердi бағалау жүйелi түрде жүргiзiлуi тиiс.

72. Барлық болаттардың қолданыстағы нормативтiк құжаттарына сәйкестiгi тексерiлген (құжаттардың негiзiнде), сұрыпталған, таңбаланған, профильдерi, маркалары және қорытпалары бойынша жиналған болуы және өндiрiске берудiң алдында қақтан, таттан, майдан, ылғалдан, қардан, мұздан және басқа да ластанулардан тазартылуы тиiс.

73. Электродтар мен флюстар пайдаланудың алдында нормативтiк құжаттарда және паспорттарда көрсетiлген режимдер бойынша кептiрiлуi және күйдiрiлуi, кептiрiлмегендерi мен күйдiрiлмегендерi олардан бөлек сақталуы тиiс. Дәнекерлеуге арналған сым таттан, майлардан және басқа да ластанулардан тазартылуы тиiс.

74. Флюстар мен электродтар дәнекерлеушiнiң жұмыс орнына тек кептiрiлген және күйдiрiлген түрде, бiр ауысымдағы жұмыс үшiн жеткiлiктi мөлшерде берiлуi тиiс. С 440 классты болатты дәнекерлеуге арналған электродтар температурасы плюс 45 о С-тан кем емес кептiру пешiнен тiкелей берiлуi және 2 сағат iшiнде пайдаланылуы тиiс. Электродтар мен флюстарды жұмыс орнында ылғалданбайтын жағдайларда сақтау қажет.

75. Прокатты суық күйiнде түзетудi пiшiнiне және қимасының өлшемiне байланысты табақ түзеткiш, сұрып түзеткiш немесе созғыш машиналарда, ал ерекше жағдайларда қолмен жүргiзу қажет.

76. Прокатты түзетiлген соң жарықтар және қатпарлар болмауы тиiс. Прокаттың қалыңдығы және енi бойынша прокаттың осы түрi үшiн тиiстi нормативтiк құжатпен көзделген минустық дәлдiк шегiнiң екi есе мәнiнен, бiрақ барлық жағдайларда қалыңдық бойынша 1 мм және қиманың габаритi бойынша 3 мм артық емес жергiлiктi майысқан жерлердiң болуына рұқсат берiледi.

77. Қоса алғанда С 255 дейiнгi класстағы болаттан жасалған бөлшектердi ыстық күйiнде (қысыммен) өңдеу (900-1000) о С аспайтын температураға қыздырған соң, нормаландырылған жағдайда жеткiзiлетiн С 390 және С 440 классты болаттан жасалған бөлшектердi ыстық күйiнде (қысыммен) өңдеу (900-950) о С аспайтын температураға қыздырған соң жүргiзiлуi, өңдеу 700 о С төмен температурада тоқтатылуы тиiс. Өңдеуден кейiн бөлшектердi салқындату жылдамдығы шынығуын, жиырылуын, сызаттардың және жыртықтардың пайда болуын болдырмауы тиiс. Термикалық жақсартылған болатты өңдеу кезiнде 700 о С аспайтын температураға дейiн қыздыру қажет. Болатты бiлiкшелердi доғалық дәнекерлеу арқылы түзетуге тыйым салынады.

78. Көмiртектi болаттан жасалған бөлшектердi жиек игiш қыспақтарда қыздырусыз ию кезiнде дөңгелектену радиусы статикалық салмақ түсетiн конструкциялар үшiн болаттың қалыңдығынан 1,2 еседен кем болмауы, динамикалық салмақ түсетiн конструкциялар үшiн болаттың қалыңдығынан 2,5 еседен кем болмауы, ал төмен дәрежеде легирленген болаттар үшiн көмiртектi болаттарға қарағанда - 50 %-ға артық болуы тиiс. С 345 болаттан жасалған элементтердiң iшкi дөңгелектену радиусы болаттың қалыңдығынан үш еседен кем болмауы тиiс.

79. Қоса алғанда С 345 дейiн класстағы төмен дәрежеде легирленген болаттардан жасалған бөлшектерде июге дейiн иiлу сызықтарын кесiп өтетiн жиектерiн тегiстеу және:

1) гильотинада кесуден соң

2) қолмен термикалылық кесуден соң

3) механикаландырылған термикалық кесуден соң, кесiлген жиектiң кедiр-бұдырлығы 0,3 мм артық болған жағдайда қылтанақтарды алып тастау қажет.

Созу, сығу және ию кезiндегi механикалық қасиеттерi С 345 болаттiкiнен жоғары болаттан жасалған бөлшектердi қыздырусыз июге рұқсат берiлмейдi.

80. Дәнекерленген арқалықтардың қабырғаларын гофрлауды ротациялық типтегi арнайы механикаландырылған қондырғыларда орындау қажет. Арқалықтардың қабырғаларын тiк механикалық не гидравликалық қыспақтарда бiр жүрiсте екi толқыннан артық емес июдi қамтамасыз ететiн мөртабанды қолданып гофрлауға болады. Қабырғаның барлығын гофрлау оның мөртабанының астында жылжуының есебiнен жүзеге асырылады.

81. Металл конструкциялар бөлшектерiнiң жиектерiн кесудi және өңдеудi нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүргiзу қажет.

82. Конструкцияларды тек түзетiлген, қылтанақтардан, кiрден, майдан, таттан, ылғалдан, қардан және мұздан тазартылған бөлшектер мен элементтерден жүргiзiлу тиiс.

Конструкцияларды және бөлшектердi құрастыру кезiнде олардың нысандарының өзгеруiне, ал жиектеу және тасымалдау кезiнде қалдық деформацияға жол берiлмеуi тиiс.

83. Тек дәнекерлеп ұстату арқылы жиналған ауыр және iрi көлемдi конструкцияларды және элементтердi олардың нысанының өзгермеуiн қамтамасыз ететiн құралдарсыз кранмен көшiруге және жиектеуге рұқсат берiлмейдi.

84. Конструкцияларды жалпы құрастыру конструкциялардың барлық элементтерiн немесе оның жекелеген бөлiктерiн бiртiндеп жалғау арқылы жүргiзiлуi тиiс. Бұл ретте, монтаждау тесiктерiн бұрғылауды қоса, барлық қосылыстарды дәл келтiрiлу жүргiзiлуi және орнықтырғыш құрылғылар орнатылуы тиiс.

85. Жөнелтiлетiн барлық элементтерде жеке таңбалау және қатерлер қойылған болуы тиiс. Табақ конструкциялардың қаптамаларын жалпы құрастыру кезiнде бiр мезгiлде үш царгадан кем жиналмауы тиiс.

86. Болат конструкцияларды дәнекерлеудi нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес дәнекерленген жiктердiң талап етiлетiн геометриялық өлшемдерiн және дәнекерленген қосылыстардың механикалық қасиеттерiн қамтамасыз етуi тиiс, әзiрленген және бақыланатын технологиялық процесс бойынша жүргiзу қажет.

Дәнекерлеу жұмыстары дәнекерлеу жұмыстары бойынша арнайы бiлiмi бар тұлғаның басшылығымен жүзеге асырылуы тиiс.

87. Қолмен электр доғалық дәнекерлеудi дәнекерлеушiлердi

аттестациялау ережелерiне сәйкес белгiленген тәртiпте берiлген куәлiктерi бар электр дәнекерлеушiлерi жүргiзулерi тиiс.

88. Автоматты және жартылай автоматты дәнекерлеудi арнайы оқыған және бұл туралы тиiстi куәлiктерi бар дәнекерлеушiлер жүргiзулерi тиiс. Дәнекерлеушiлер жұмыс орнында конструкцияларды дәнекерлеу жүргiзiлетiн жағдайларға ұқсас жағдайларда сынақтан өтулерi тиiс.

Дәнекерленетiн беттер және дәнекерлеушiнiң жұмыс орны жаңбырдан, қардан, күштi желден және жел соғудан қорғалған болуы тиiс.

89. Жобада монтаждау жұмыстарының технологиясымен айқындалатын талаптарға сәйкес келiсiлген тесiктерден басқа, барлық монтаждау тесiктерi әзiрлеушi кәсiпорында жобалау диаметрiнде құралуы тиiс.

Зауыттық және монтаждық тесiктерiн кiшi диаметрмен тесiп, одан кейiн жобадағы диаметрге дейiн жеткiзу тек ол металл конструкциялардың сызбаларында келiсiлген жағдайда ғана жүргiзiледi.

90. Барлық болат конструкциялар әзiрлеушi кәсiпорында нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес астарлануы және сырлануы тиiс.

91. Металл конструкцияларды тоттан қорғау осы Техникалық регламенттiң және нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес орындалуы тиiс.

92. Металл конструкцияларына арналған тоттан қорғау жабындары мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:

1) металл беттерiне жұғысу қабiлетi (адгезия) жоғары болу;

2) металдарға тотқа қарсы қорғаныс беруi;

3) үйкелуге, майларға, ерiткiштерге, қышқылдардың, тұздардың,

сiлтiлердiң ерiтiндiлерiне, теңiз суының және тұщы судың әсерiне төзiмдiлiк;

4) қаттылық және иiлгiштiк;

5) атмосфераға төзiмдiлiк;

6) газ өткiзбеу;

7) диэлектрикалық қасиеттерi жоғары болуы;

8) қолдануға барынша қарапайым және ыңғайлы болуы;

9) ұзақ мерзiмге жарамды болуы.

93. Коррозияға төзiмдi қабаттың бетiнде қақтар, көпiршiктер, үлбiрлер, жарықтар (басылып тартылу және ажарлау) болмауы тиiс. Ақаулар коррозияға төзiмдi қабаттың қалыңдығын, оның ең аз шамасынан азайтпайтын тереңдiкте тазалау арқылы жойылуы тиiс.

94. Тотқа қарсы жұмыстарды механизация құралдарын барынша пайдаланып, жұмыстарды жүргiзу жобалары бойынша орындау керек.

95. Ғимараттардың және құрылыстардың болат конструкцияларын әзiрлеу кезiнде нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес қосымша талаптарды сақтау қажет.

96. Болат конструкцияларды орнату кезiнде қолданылатын конструкциялар, бұйымдар және материалдар нормативтiк құжаттардың және жұмыс сызбаларының талаптарына сәйкес жауап беруi тиiс.

97. Болат конструкцияларын монтаждау бойынша жұмыстар мыналар көзделген жұмыстарды жүргiзудiң бекiтiлген жобасы бойынша жүргiзiлуi тиiс:

1) конструкцияларды орнатудың дәйектiлiгi;

2) орнатудың талап етiлетiн дәлдiгiн қамтамасыз ететiн шаралар; 3) конструкцияларды оларды iрiлетiп құрастыру және жобалық орнына орнату процесiнде кеңiстiктiк өзгермеуi;

4) конструкциялардың және ғимараттар (құрылыстар) бөлiктерiнiң орнату процесiндегi орнықтылығы;

5) конструкцияларды iрiлету деңгейi және еңбектiң қауiпсiз шарттары.

98. Әрбiр монтаждау элементiн көтерердiң алдында мыналарды тексеру қажет:

1) оның жобалық маркаға сәйкестiгi;

2) салынбалы бұйымдардың және орнату белгiлерiнiң жай-күйiн, кiрдiң, қардың, мұздың жоқтығын, әрленуi, астарлануы, сырлануы бүлiнбегенi;

3) жұмыс орнында қажеттi жалғағыш белшектердiң және қосалқы материалдардың болуы;

4) жүк қармаушы құрылғылардың бекiтiлуiнiң дұрыстығын және сенiмдiлiгiн, сондай-ақ, жұмыстарды жүргiзу жобасына сәйкес құралдармен, сатылармен және қоршаулармен жабдықтау.

99. Монтаждау элементтерiн орнату кезiнде мыналар қамтамасыз етiлуi тиiс:

1) монтаждаудың барлық сатыларында олардың жағдайының тұрақтылығы және орнының өзгермеуi;

2) жұмыстарды жүргiзудiң қауiпсiздiгi;

3) үнемi геодезиялық бақылаудың көмегiмен олардың орындарының дәлдiгi;

4) монтаждық қосылыстардың берiктiгi.

100. Конструкцияларды жобалық орнына қабылданған бағдарлар

(белгiлер, iстiктер, тiреулер, қырлары) бойынша орнату қажет.

Арнайы немесе басқа орнықтырғыш құрылғылары бар металл конструкцияларды осы құрылғылар бойынша орнату керек.

101. Орнатылатын монтаждық элементтер iлмектердi ағытардың алдында қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге жеткiлiктi түрде сенiмдi бекiтiлген болуы тиiс.

Егер ондай сүйеу жұмыстарды жүргiзу жобасында көзделмеген болса, орнатылған элемент тексерiлгенге және сенiмдi (уақытша немесе жобалық) бекiтiлгенге дейiн, оған жоғарыда жатқан конструкцияларды сүйеуге рұқсат берiлмейдi.

102. Ғимараттардың (құрылыстардың) конструкцияларын монтаждауды кеңiстiктiк орнықты бөлiгiнен: байланыстырушы ұяшықтан, қатаңдылық өзегiнен және басқалардан бастау қажет.

Ұзындығы немесе биiктiгi үлкен ғимараттардың және құрылыстардың конструкцияларын монтаждауды кеңiстiктiк орнықты секциялармен (аралықтар, қатарлар, қабаттар, температуралық блоктар және басқалар) жүргiзу қажет.

103. Ғимараттардың және құрылыстардың сыналуы тиiс конструкцияларының номенклатурасы нормативтiк-техникалық құжаттарда келтiрiледi және жобада нақтылануы мүмкiн.

104. Сынақтарды жүргiзу әдiсiн, кестесiн және бағдарламасын жобада көрсету, ал жүргiзiлу тәртiбiн жұмыстарды жүргiзудiң арнайы жобасында немесе осы жобаның тарауында әзiрлеу керек.

Сынақтарды жүргiзуге тағайындалған персонал жұмысқа тек арнайы нұсқаулықтан өткен соң ғана жiберiледi.

105. Конструкцияларды сынауды құрамына тапсырыс берушiнiң (төраға), бас мердiгер (қосалқы мердiгер) монтаждау ұйымының өкiлдерi ал жобада көзделген жағдайларда жобалаушы ұйымның да өкiлi кiретiн комиссия жүргiзуi тиiс.

106. Сынақтарды жүргiзудiң барлық уақытында сынаққа қатысы жоқ адамдар кiруге болмайтын қауiптi аймақтың шекарасын белгiлеу қажет.

Жүктеменi жоғарылату және төмендету кезiнде сынақты жүргiзушi тұлғалар, сондай-ақ сынақтарды жүргiзуге қажеттi бақылау аспаптары қауiптi аймақтан тыс жерде не сенiмдi баспанада болулары тиiс.

107. Сынақ кезiнде салмақ түсiрiлген металл конструкцияларды тырсылдатып соғуға, сондай-ақ оларды жөндеуге және ақауларын түзетуге тыйым салынады.

108. Металл конструкцияларды өндiру кезiнде жобадан ауытқу жобаның авторларымен келiсiлуi тиiс. Жобадан ауытқып әзiрленген металл конструкциялары оның авторларымен келiсiлмей сатуға рұқсат берiлмейдi.

109. Болат конструкцияларды құрастыру және монтаждау кезiнде жұмыстың сипатымен байланысты мынадай қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғауды қамтамасыз ету үшiн еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтау қажет:

1) жұмыс аймағы ауасының жоғары дәрежеде шаңдануы және газдануы;

2) жұмыс орындарының биiктiгi бойынша 1,3 м және одан көп айырмашылығы бар орындарға жақын орналасуы;

3) жылжымалы конструкциялар;

4) конструкциялардың және жабдықтың бекiтiлмеген элементтерiнiң құлауы;

5) жоғары орналасқан материалдардың, аспаптың құлауы.

110. Болат конструкцияларын құрастыру және монтаждау процесiнде мыналар қажет:

1) шағын механизация құралдарын әзiрлеушi зауыттың нұсқаулығына

сәйкес мақсаты бойынша қолдану;

2) жұмыс орнын таза ұстау, қоқыстан, қардан, мұздан тазалау, материалдарды және конструкцияларды қоймалау ережелерiн бұзуға жол бермеу;

3) еңбек қауiпсiздiгi талаптарын бұзуға жол бермеу.

111. Резервуарларды салу және жөндеу кезiнде кепiлдiк берiлген механикалық сипаттамалары және химиялық құрамы бар, төмен температураларда морт қирауға қарсыласу қабiлетi жоғары, дайындамаларды орамалау мүмкiндiгiн беретiн және тотқа төзiмдiлiк дәрежесi жоғары металдар пайдаланылуы тиiс.

112. Резервуарларды салуға және жөндеуге қолданылатын болаттың сапасы мен маркасы жобаның нұсқауларына, тиiстi құрылыс нормаларының және ережелерiнiң, техникалық шарттардың талаптарына сәйкес болуы және өнiм жеткiзушi зауыттардың сертификаттарымен не зертханалық сынақтардың деректерiмен куәландырылуы тиiс.

113. Металл резервуарлардың конструкциясы, оларды орнату жобаларының нұсқауларына сәйкес болулары тиiс. Ыстық суды және буды сақтау үшiн осы мақсатқа арнайы арналған, олардың жарылуын болдырмайтын сыртқы күшейткiш құрылғылар орнатылған резервуарлар пайдаланылуы тиiс.

114. Барлық резервуарлардың сыртқы жағында жылу оқшаулаушы жабыны, iшкi жағында тотқа қарсы жабыны болуы тиiс.

115. Мұнай өнiмдерiне арналған резервуардың жоғары белдеуiнiң iшкi бетiн және шатырын тоттан қорғау жабыны ретiнде нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес арнайы эмальдар және эпоксидтiк тығыздағыш қолданылады.

116. Ыстық суға және буға арналған резервуарлардың iшкi бетiн тоттан қорғау нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

117. Қайтадан пайдалануға берiлетiн және пайдаланылып жатқан ыстық суға және буға арналған барлық резервуарларда бактардың тасқын түрiнде қирауын болдырмау үшiн сыртқы күшейткiш конструкциялар орнатылуы тиiс.

118. Сыртқы күшейткiш конструкциялары және iшкi бетiнiң тотқа қарсы жабыны жоқ ыстық суға және буға арналған резервуарларды пайдалануға тыйым салынады.

119. Ыстық суға және буға арналған резервуарларда дренаждық құбыр өткiзгiштен басқа барлық құбыр өткiзгiштер тiк қабырғаларға резервуардың есептiк отыруына есептелген және жалғанған құбыр өткiзгiштер қызған кезде қабырғасына қысым түсiруiн болдырмау үшiн қажеттi өтеуiш құрылғылар орнатылып жалғанады.

120. Металл конструкцияларды өндiру кезiнде металл конструкцияларды өндiруге қатысы бар басқа техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптары да орындалуы тиiс.[9]