Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Инструкция по движению поездов.doc
Скачиваний:
85
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Сигаал беру мен байланыстың өзінше құралы ретінде қолданылатын автоматтық локомотивтік сигнал беру кезіндегі поездар қозғалысының тәртібі

1.31. ТПЕ-нің 16.25-тармағына сәйкес, жекелеген телімдерде сигнал беру мен байланыстың өзінше құралы ретінде автоматтық локомотивтік сигнал беру қолданылуы мүмкін.

Поездар қозғалысы кезіндегі сигнал беру мен байланыстың өзінше құралы ретіндегі автоматтық локомотивтік сигнал беру құрылғыларымен жабдықталған темір жолдың телімдерінде поездардың локомотивтік бағдаршамдардың сигналдары бойынша екі жақты қозғалысы қамтамасыз етіледі (сонымен қатар қос жолды аралықтың әрбір жолы бойынша).

Аралықтағы блок-телімдердің шекаралары ретінде жарық шағылыстырғыштары мен блок-телімдердің нөмірлері көрсетілген сандық литерлік кестелері бар. «Блок-телімнің шекарасы» деген сигналдық белгілер

табылады.

Аталмыш телімдердегі қозғалысты ұйымдастыру принципы автоматтық блоктау кезіндегі қозғалысқа ұқсас.

1.32. Поездың алғашқы блок-телімді басып тұруына рұқсат ретінде ло-

26

комотивтік бағдаршамның тиісті көрсетуі кезінде шығу бағдаршамының рұқсат етуді көрсетуі, ал одан кейінгі блок-телімдерді басып тұруына рұқсат ретінде - локомотивтік бағдаршамның рұқсат етуді көрсетуі қызмет етеді.

1.33. Поезды аралық арқылы жүргізу тәртібі осы Нұсқаулықтың 1.5- тармағында белгіленген тәртіпке ұқсас болады.

Оттары өшіп тұрған ескерту (кіру алдындағы) бағдаршамнан локомо-тивтік бағдаршамның көрсетулерін басшылыққа алумен жүріп өтуге рұқсат етіледі.

1.34. Поездарды станциялар бойынша қабылдау, жөнелту және өткізу ісі осы бөлімде баяндалған тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте осы тармақта ескерілеген төмендегі қосымша шарттар орындалуы тиіс:

а) дара жолды аралық пен қос жолды аралықтың әрбір жолы бойынша қозғалыс бағытын негізгі режимде өзгерту ісін поезд диспетчерінің ауызша нұсқауы бойынша, ал қосалқы режимде - поезд диспетчерінің тіркелетін бұйрығы бойынша екі станцияның кезекшілері жүргізеді;

б) маршруттық нұсқағыштар немесе топтық шығу бағдаршамдарының қайталғыштары ақауланған жағдайда немесе поездың басы қайталағыш бағдаршамның артында болса, топтық шығу бағдаршамы ашық тұрған кез- дегі поезды жөнелтуге рұқсат радиобайланыс арқылы локомотив машини- сіне төмендегі тіркелетін бұйрық арқылы беріледі:

№ ... бұйрық. Уақыты ... (сағ. минут)

« № ... поездың машинисі ... жолда ... топтық сигналы Сіз үшін ашық. Локомотивтік сигнал беру жарамды болған жағдайда жөнелуге рұқсат етемін. ДСП...».

в) поезды шығу бағдаршамының тыйым салу көрсетуі кезінде жөнелту үшін поезды жөнелтуге рұқсат локомотив машинисіне радиобайланыс арқылы төмендегі тіркелетін бұйрық арқылы беріледі:

№ ... бұйрық. Уақыты ... (сағ. минут)

«№... поезға... жолынан... басты жол арқылы шығу бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде жөнелтуге және аралыққа шыққанша сағатына 20 км-ден аспайтын жүріп, ал ары қарай локомотивтік бағдаршамның сигналдарын басшылыққа алуға рұқсат етемін. ДСП...».

1.35. Автоматтық локомотивтік сигнал берудің қызметін тоқтату қажет болатын ақаулықтарға төмендегілер жатады:

а) қатарынан үш және одан да көп блок-телімдердің жалған түрде бос болмауы;

б) қозғалыс бағытын қосалқы режимдегі қолтұтқалардың (батырмалардың) көмегімен дара жолды аралықта және егер де қозғалыс багыты теріс жол бойынша белгіленген болса қос жолды аралықта өзгертудің мүмкін еместігі;

в) аралықта іс-жүзінде поезд тұрған кезде блок-телімнің бостығы

27

жөніндегі бақылаудың (локомотивтік бағдаршамның рұқсат етуші көрсетуінің) болуы.

Жоғарыда аталған жағдайларда, сонымен қатар поезды станция-дан немесе поезды кодталмаған жолдан жөнелту алдында локомотивтік бағдаршамның кез келген ақаулылығын анықтаған кезде автоматтық локо-мотивтік сигнал берудің жұмысы жабылады және поездардың телефондық байланыс құралдары бойынша қозғалысы белгіленеді.

1.36. Телефондық байл аныс құралдарына ауысу мен автоматтық локомотивтік сигнал берудің қызметін қалпына келтіру тәртібі осы Нұсқаулықтың 1.25-1.30-тармақтарында баяндалған.

Бұл ретте диспетчерлік бұйрықтар мен поездық телефонограммалардың мәтініндегі «автоблоктау» сөзі «автоматтық локо-мотивтік сигнал беру» деп өзгертіледі.

1.37. Поездар осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қозғалған кездегі сигнал беру мен байланыстың өзінше құралы ретіндегі автоматтық локомо- тивтіксигнал беру құрылғыларымен жабдықталған телімдердегі қозғалысты ұйымдастырудың нақты тәртібі «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бекітетін жер- гілікті нұсқаулықтарында белгіленеді және станциялардың техникалық- жарлық актілерінде көрсетіледі.

28

ДУ-54 нысанындағы бланк

_____РҮҚСАТ ҚАҒАЗДЫҢ №._______Р¥ҚСАТ ҚАҒАЗ

ҚАБЫ (КОРЕШОК)

Станция (мөрқалып)

20...ж « »

Рұқсат-қағаз

тармағын

толтырумен

№ поезына берілді.

Станция кезекшісі

Станция (мөрқалып)

20...ж « »

I

№ ...........поезына ...............жолынан

...........жолы бойынша шығу (маршруттық)

бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде және сағатына 20 км-ден аспай-тын жылдамдықпен және одан әрі қозғалысына кедергі кездесе қалған жағдайда дереу түрде тоқтауға дайын түрде жөнелуге; алғашқы өтпелі (шығу) бағдаршамына дейін, ал ары қарай автоблоктаудың сигналдары бойынша қозғалуға рұқсат етемін. Осы рұқсат-қағаз станцияның тек қанашығу (маршруттық) бағдаршамының тыйым салу көрсетуінен өту құқығын береді.

II

№_____поезына____жолынан ашық тұрған топтық шығу (маршруттық) бағдаршамы бойынша жөнеліп, ары қарай автоблоктау сигналдары бойынша жүруге рұқсат етемін. (жасыл түсті)

Станция кезекшісі

(керек емесін сызып тастау)

2-тарау

Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдердегі поездардың қозғалысы

2.1. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде поездар қозғалысы кезіндегі сигнал берумен байланыстың негізгі құралы болып автоматтық блоктау табылады.

Телімдердегі барлық станциялық бағдаршамдар мен стрелкалар-ды басқару ісін тікелей поезд диспетчері жузеге асырады. Электрлік оқшауландырумен жабдықталған стрелкалардың, багдаршамдардың, станциялық жолдардың, стрелкалық телімдер мен аралықтардың жағдайын поезд диспетчері басқару аппаратының аспаптары бойынша бақылайды.

Поездар қозғалысы мен маневрлік жұмысқа қатысты барлық өкімдерді поезд диспетчері телефон немесе радиобайланыс арқылы тікелей машиниске немесе бөлу пунктіндегі поездарды қабылдау және жөнелту немесе маневрлер жасау жөніндегі әрекеттерді орындау ісі жүктелетін қызметкерге тапсырады.

2.2. Осы Нұсқаулықта ескерілген қажет жағдайларда поезд диспетче- рі станцияларды резервтік басқаруға тапсыруы мүмкін, кейіннен поездар- ды қабылдау мен жөнелту, маневрлік жұмыс, сонымен қатар сигналдарды ашу мен жабуды станция бастығы немесе осы бөлу пунктінде аталмыш әрекеттерді орындау ісі жүктелген станцияның басқа қызметкері орындай- ды. Станцияны резервтік басқаруға тапсырғанға дейін поезд диспетчері бұл қызметкерді жанасатын телімдерде тұрған поездар жөнінде хабардар етуге міндетті. Егер станцияны резервтік басқаруға тапсырмас бұрын по- езд диспетчері станциялық жолдарда кернеуді алумен түйіспелі тораптағы жұмыстарды орындауға рұқсат етсе, бұл жөнінде ол кезекшілтне кіріскен қызметкерге диспетчерлік бұйрық арқылы хабарлауға міндетті.

Поезд диспетчері станцияның жекелеген стрелкаларын немесе қылталарын жергілікті басқаруға тапсыруы мүмкін. Бұл жағдайда стрел-каларды станцияның осы ауданындағы маневрлік жұмысты басқару ісш жүзеге асыратын қызметкер бұрады. Егер жергілікті басқаруға тапсыру өзінің сипаты бойынша тексеру журналына алдын-ала жазба енгізуді қажет етпейтін СОБ құрылғыларын жөндеу қажеттілігінен туындалмаса, тексеру үшін дұрыс жұмыс істеуін жергілікті басқаруға тапсырылған стрелкаларды электрмеханигінің бұруына рұқсат етіледі.

Поездарды қабылдау және жөнелту

2.3. Поезды станцияға қабылдамас бұрын поезд диспетчері бақылау құралдарының көрсетулері арқылы қабылдау жолы мен стрелкалық телімдердің бостығына көз жеткізіп қабылдау маршрутын белгілейді.

Маршруттарды алдын-ала белгілеу мүмкіндігін беретін диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларымен жабдықталған телімдерде қабылдау маршруты жол мен стрелкалық телімдердің бос болмауы кезінде де орын-

30

далуы мүмкін (жолдар мен стрелкаларды арнайы өздігінен жүретін жыл-жымалы құрам басып тұрған жағдайларды есепке алмағанда).

Стрелкалардың іс-жүзінде бұрылуы мен кіру бағдаршамының ашылуы тиісті бақылау аспаптарының көрсетулері бойынша тексеріледі.

2.4. Поезды жөнелтпес бұрын поезд диспетчері орталық аппараттағы бақылау аспаптарының көрсетулері бойынша стрелкалық телімдердің бостығына, ал бағытты өзгерту кезінде сонымен қатар аралықтың бостығына көз жеткізіп, жөнелту маршрутын белгілейді.

Маршруттарды алдын ала белгілеу мүмкіндігін беретін диспетчер-лік орталықтандыру құрылғыларымен жабдықталған телімдерде жөнелту маршрутын белгілеу ісі стрелкалық телімдер бос болмаган кезде де (арнайы оздігінен жүретін жылжымалы құрам басып тұрған жағдайларды есепке алмағанда) орындалуы мүмкін.

Стрелкалардың іс жүзінде бұрылуы мен шығу бағдаршамының ашылғаны тиісті бақылау құралдарының көрсетулері бойынша тексеріледі.

  1. Егер де кіру немесе шығу бағдаршамы ашылғаннан кейін маршрутты өзгерту қажеттігі туындаса, диспетчер тиісті бағдаршамды жауып және бұл жөнінде машиниске хабарлап, жаңадан маршрутты даярлауға кірі-сіп, тек поездың кіру бағдаршамының жанынан немесе жөнелту жолында тоқтатылғанына көз жеткізгеннен кейін ғана бағдаршамды қайталап ашуы мүмкін.

  2. Шаруашылық поездарын аралықта жұмыс жүргізу үшін және ірге-лес станцияға келуімен бірге жөнелту, сонымен қатар бүкіл аралық арқылы жүретін поездарды итермелеуші локомотивтермен жөнелту ісі автоблоктау сигналдары бойынша әдеттегі тәртіппен орындалады.

  3. Аралыққа кері қарай қайтатын шаруашылық поезын немесе жөнелту сганциясына қайтатын поезды итермелеуші локомотивпен жөнелту ісі жұмыс жетекшісіне (бас кондукторға) немесе итермелеуші локомотивтың машинисіне аралық бойынша кері қарай қайту құқығын беретін бұздыған-кілтін берумен автоблоктау сигналдары бойынша орындалады.

Жұмыс жетекшісіне немесе итермелеуші локомотивтың машинисіне Оүздыған-кілтін тапсыру үшін диспетчер станция бастығын немесе станцияны резервтік басқаруға тапсыру кезінде аталмыш бөлу пунктінде поездарды қабылдау және жөнелту жөніндегі әрекеттерді орындау ісі жүктелген кезде озге қызметкерді шақыртады.

Бүздыған-кілт ақауланған жағдайда немесе бұздыған-кілттермен жабдықталмаған станциялық аппараттар болған жағдайда шаруашылық імнліын немесе поезды жөнелу станциясына қайтатын итермелеуші локомо-шііііен жөнелту үшін автоблоктауды пайдалану тоқтатылып, поездардың телефондық байланыс құралдары арқылы қозғалыс тәртібі белгіленуі тиіс.

Бұл жағдайларда шаруашылық поезы жөнелтілетін аралықты шектейтін іелефондық байланыс құралдарына ауысу үшін станциялар резервтік басқаруға ауыстырылады.

2.8. Қалпына келтіру немесе соған ұқсас жұмыстар жүргізілуі тиіс (іралықты шектейтін станциялардан қалпына келтіру, өрт сөндіру по-

31

ездары мен көмекші локомотивтерді жөнелту ісі бұл станциялар-да станция бастықтарының немесе поездарды қабылдау және жөнелту жөніндегі әрекеттерді орындау және аралықты жабу ісі жүктелген езге қызметкерлердің кезекшілікке кіріскенінен кейін жүзеге асырыла-ды. Бүл жағдайларда машинистерге қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағаздар беріледі. Қосалқы локомотив аралыққа тиісті қызметкерлердің кезекшілікке кірісуінен бұрын, тікелей локомотив маши-нисіне берілетін диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша жөнелтілуі мүмкін:

«№ ... поездың машинисіне ... станциясының ... жолына ... аралығына ... жолы арқылы ... км-іне дейін №... поезына көмек көрсету үшін ... станциясына келумен (қайтумен) жөнелуге рұқсат етемін. ДНЦ ...».