Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Инструкция по движению поездов.doc
Скачиваний:
85
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.72 Mб
Скачать

А. Дара жолды аралықтарда

Станция кезекшісі автоблоктаудың ақаулылығын анықтай салысы-мен, көршідес станциямен сөйлесулдер жүргізу мен поездар қозғалысы журналындағы жазбалар арқылы аралықтың бос тұрғанына көз жеткізіп, іргелес станцияға төмендегі поездық телефонограмма жібереді:

«... станциялары арасындағы автоблоктау жұмыс істемейді. Сіздер-ден соңғы болып № ... поезд келіп жетті. Сіздерге соңғы болып № ... по-езд жөнелтілді. Телефондық байланысқа ауысуды сұраймын. ДСП...».

Іргелес станцияның кезекшісі аралықтың бос екендігіне көз жеткізіп былай деп жауап береді:

«Сіздерден соңғы болып №... поезд келді. Сіздерге соңғы болып №

24

... поезд жөнелтілді. Аралық бос. Телефондық байланысты орнатамын. ДСП...».

Осыған ұқсас телефонофаммалармен дара жолды ережелер жол арқылы қозғалған кезде көп жолды аралықтарда станция кезекшілері алмасады.

Б. Қос жолды аралықтарда

Аталмыш бағыттағы жол дұрыс болып табылатын автоблоктаудың ақаулылығын анықтаған станцияның кезекшісі кейін іргелес станцияның ке-зекшісінен автоматтық блоктау юойынша соңғы бөліп жөнелтілген поездың келіп жеткені жөнінде хабарламаны поездың телефонограммамен жолдау-ын талап етеді, және хабарламаны ала салысымен осы станцияға мазмұны гомендегідей телефонофамманы жолдайды:

«... жол бойынша ... аралығындағы автоблоктау жұмыс істемей-ді. Бұл жол бойынша поездардың қозғалысын телефондық байланыс арқылы белгілеймін. ДСП...».

қос жолды аралықтың басқа жолы бойынша да автоблоктаудың жұмысы тоқтаған жағдайда телефондық байланысқа ауысу ісі де осылайша ресімделеді.

Автоблоктау бойынша қозғалуды қалпына келтіру

1.29. Поездық диспетчерлік байланыстың жұмысы үзілген кезде-гі автоматтық блоктау бойынша қозғалуды қалпына келтіру ісі келесі гортіппен орындалады:

А. Дара жолды аралықтарда

Автоблоктаудың ақаулылығын жойғаннан кейін және ол жөнінде тексе-ру журналында жазба болған жағдайда станция кезекшісі іргелес станцияға телефонофамма жібереді:

« ... станциялары арасындағы ақаулылық жойылды. Сізден соңғы болып №.... поезд келді. Сіздерге соңғы болып № ... поезд жөнелтілді. Поездардың автоблоктау бойынша қозғалуын қалпына келтіруді сүраймын. ДСП...».

Іргелес станцияның кезекшісі аралықтың бос екендігін тексеріп жауап береді:

«Сіздерден соңғы болып №... поезд келді. Сіздерге соңғы болып №

25

... поезд жөнелтілді. Аралық бос. поездардың автоблоктау бойынша қозғалуын қалпына келтіремін. ДСП ...».

Көп жолды аралықтардағы дара жолға арналған ережелермен жолмен қозғалған кезде станция кезекшілері осыған ұқсас телефонограммалармен алмасады.

Б. Қос жолды аралықтарда

Аталмыш бағыттағы жол дұрыс болып табылатын станция кезекшісі журналдағы автоблоктаудың ақаулылығының жойылғандығы жөніндегі жазбаның негізінде немесе іргелес станция кезекшісінен алған тиісті хабар-лама негізінде, жолда қарсы бағыттағы поездар болмаған кезде төмендегі телефонограмманы жолдайды.

«... жолы бойынша ... аралығындағы автоблоктаудың ақаулылығы жойылды. Поездардың автоматтық блоктау бойынша қозгалуын қалпына келтіремін. ДСП...».

1.30. Егер қос жолды аралық әр жол бойынша екі жақты қозғалуға, со- нымен қатар локомотивтік бағдаршамдардың сигналдары бойынша теріс бағытта қозғалуға арналған автоблоктаумен жабдықталмаған болса, поезды теріс жолмен жөнелтпес бұрын осы жол бойынша автоблоктаудың жұмысы тоқтатылып, машинистерге жол жазбаларын бере отырып байланыстың телефондық құралдары бойынша қозғалу белгіленуі тиіс.