Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
плагиат.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
585.22 Кб
Скачать

4 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі

4.1 Қазақстан Республикасының еңбек қорғау саласындағы негізгі ұйымдық –құқықтық аспектілері

4.1.1 Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары

Еңбек құқығы – еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Бұл қатынастар тараптардың әдетте жеке және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар және ҚР Конституциясына негізделген еңбек туралы заңдарымен реттеледі:

1) Ең бірінші 1999 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңы;

2) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы 2004 жылғы 28 ақпандағы №528 №528 – II Қазақстан Республикасының Заңы (2006.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен ) (күші жойылды);

3) ҚР Еңбек кодексін қолданысқа енгізу туралы 2007 жылғы 15 мамырдағы №252 – III ҚР Заңы (2015.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).

Қазақстан Республикасының №1 конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында ең құнды ол аудандардың денсаулығы. Қазақстан Республикасының заңының «Еңбек қорғау» 4 бабында.

Техникалық регламенттің бекітілуі «Ашық әдіспен рудалы, рудасыз және бөлінген кенорнындарын дайындау процесіндегі қауіпсіздік талабы »

26 қараша 2009 жыл №1939//Қауіпсіздік және еңбек қорғау.-2010.-№2.-Соңы. Басы №8 ББК 67.

4.1.2 Өндірістегі қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың анализі

Жұмыс бағдарламасының барлық технологиялық шешімдері «Ашық тәсілмен кен орнының пайдалы қазбаларын өңдеу кезіндегі қауіпсіздіктің бірыңғай ережелері», «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жабдықтарының қызмет көрсету техникалық пайдалану және қауіпсіздігі ережелері», «Ашық таулы жұмыстары кезендегі жарылғыш жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігінің бірыңғай ережелері» талаптарын қатаң сақтауды қарастыра отырып орындалады.

Таулы жұмыстарын өндіру кезінде техника қауіпсіздігі бойынша негізгі шаралар ретінде болып келесілер есептеледі:

– жарылған таулы массаны экскавациялау және бұрғылау жұмыстар кезінде шанды басу;

– карьерлі автожолдарды жүйелі түрде суландыру;

– жарылғыш жұмыстарын жүргізген кезде жұмысшыны қауіп туралы үшін дыбыстық және жарықтық сигнализациялы жабдықтармен хабарлау;

– әрдайым және уақытша өтетін сьездерге жаяу жүрушілер үшін жолдарды салу;

– адамдардың кертпештен кертпешке дейін орын ауыстыру үшін арнайы сатылар құру;

– жарушылар үшін жасырынатын орындар орналастыру;

– карьердегі атмосфера сараптамасын жүйелі түрде жүргізіп отыру.

СНИП-тің 2.02-05-2002 талабына сәйкес кәсіпорында 1100 жұмысшыларға арналған таза және арнайы киімдер үшін киім ілгіштері бар, душы, асхана мен демалу бөлмесі бар ӘТК салу жоспарланған.

Еңбек қауіпсіздігін сақтау және техникалық қауіпсіздік деңгейін жоғарлату үшін шығарылатын шығындар кен орынды пайдаланудың минималдық шығынынан 1% болады деп жоспарланған.

Ашық тау-кен жұмыстарын жүргізуде, жұмысшыларға өндірістік өнімнің зиянды факторлары әсер етеді:

– электр өрісі параметрлерінің көлемін өсіру;

– қозғалатын технологиялық транспорт;

– карьердегі жұмыс орындағы зиянды іс – шаралар;

– жұмыс істеуші құрал – жабдықтардың шуы және вибрациясы;

– жұмыс орындарын жеткіліксіз жарықтандыру;

– карьер атмосферасының ластануы мен шаңдануы;

– машина мен механизмдердің қауіпті зоналары;

– қопару жұмыстарының қауіпті әсері.

Жобаның берілген бөлігінде, жоғарыда айтылған, жұмысшыларға әсерін тигізетін өндірістік факторлардың алдын алу үшін мына іс – шаралар қабылдануы қажет:

– техникалық іс – шаралар;

– санитарлық-гигиеналық іс – шаралар;

– өртке қарсы шаралар;

– тау-кен өндірістік құтқару шаралары және авария болдырмаудың жоспары.