Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
плагиат.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
585.22 Кб
Скачать

4.2 Техникалық іс – шаралар

4.2.1 Қауіпсіздік шаралары

Құралу мен құраудың алдын алу немесе болдырмау үшін кемердің қауіпсіз биіктігі және оның еңісінің бұрышы сақталады. Карьер кемері мен үйінділерінің орнықтылығын сақтау үшін, жыныстарды кептіріп, оларды карьер мен үйінділерге жер асты суларымен дымқылданбауын қадағалаймыз.Карьердің жобалау кен тұрындағы кемерлерді игеру кезінде жаппай қопару жұмыстары тоқтатылады.

Қауіпсіздік ережелері және жобамен бекітілген карьер борты элементінің өлшемі сақталады, ол кемер еңісінің биіктігі және бұрышы, жұмыс алаңдарының ені. Бульдозер үйінділерінде буым жүк түсіру фронты бойынан, көлденен ең кіші 3° – ке дейін барады, үйінді тереңдігіне бровканың ұзыннан ұзақ бойына биіктігі 0,7 метрден аспайтын және 1,5 метр жыныс үйіндісі болады. Үстінен адамдар жүретін сақтандыру буымдары горизонтальды немесе карьер бортына еңкейтілген. Жұмыс кемерлерінің алаңдарында екі 1 метрдей болатын еркін кеңістік қалдырылады.

      1. Тау-кен машиналары мен механизмдерді пайдалану қауіпсіздігі

Қопару жұмыстары басталмас бұрын, бұғылау станоктарын қауіпсіз жерге ара – қашықтығы 150 метрдей жерге орнатады, механизмдердің қауіпті зонасының радиусы бойынша.

Экскаватор қозғалысы кезінде көтерудің ең үлкен бұрышы 12º аспау керек. Самосвалға жүк артынан немесе алдынан тиейді, экскаватор шөмішін кабинаның үстінен алуға тыйым салынады. Қозғалу қауіпсіздігінің ережесі бойынша өткізіп жіберу мүмкіншілігі және алынған құрал жабдық түріне байланысты жобада екі 30 метр болатын 2 бағыттты қозғалыс еңгізіледі. Жоспардағы жылдық айналу радиусы 20метр карьер ішінде жылдық спираль бойынша қозғалу бөлігі еңіс жақтан 1 метр қазық қоршауларымен қоршалады.

Жолдың еңісі 80˚, созылған еңістерде ұзындығы 50метр болатын горизонтальды алаңдар орнатылған. Автосамосвалдардың кабиналары арнайы шатырлармен жабылған.

Автосамосвалдарға жүк тиелгеннен кейін, олар жүк түсіру пунктіне экскаватор машинасының сигналынан кейін ғана бару керек. Автосамосвал артқа жүрген кезде үзіліссіз сигнал беру керек. Жұмыстан тыс уақытта экскаватор қауіпсіз жерде жүруі керек. Шөміші түсірулі, кабинасы жабулы және кабелі сөніп тұруы керек.

4.2.3 Электр тоғымен зақымдануды алдын-ала сақтандыру

1000 Вт-қа дейінгі кернеу жүйесі, трансформаторлар арқылы жалғанған 1000 Вт-ы жоғары кернеу жүйелері, көшу трансформатор зақымдалған кезде, жоғары кернеудің төменгі кернеуге көшу қаупінен қорғанған.

Бұндай қорғаныс тәсілі тесілетін сақтандырғыш арқылы нейтральды жерге орнатумен жасалады. 1000 Вт және одан да жоғары кернеулікті электроқондырғыларда, адам өміріне қауіпсіздік төндірмеу үшін, жұмыстардың режимінің шарттары бойынша, электр жабдықтарын жүктерден және тоқ кернеуінің күшеюінен қорғау үшін, жерге орнатылған құрылғылар жасалады. Ашық әдіспен өндіру жұмыстарын жүргізгенде, электр машиналарының корпусын, трансформаторларды және басқа да электр аппараттарын, өлшеу трансформаторларының қайталау орамаларын, щиттарын, электроөткізгіш линияларының конструкциясын, электр экскаваторларының корпустарын, бұрғылау станоктары мен басқа да электрожетекті машиналарды жерге орнату керек.

Электроөткізгіш линиясының зақымданған участкесін істеп шығару үшін карьерге жерге әсер ететін бір фазаны қысқа тұйықталуға әсерін тигізетін қорғаныс схемасын қолданады. Қол электр машиналары мен құралдарды қоректендіру үшін 128 Вт-тан аспайтын кернеуді қолданамыз.

Электр қондырғыларды қолдануда керекті қорғаныс құралдары, диэлектрлік перчаткалар, етік, подставкаларды пайдаланады.

4.2.4 Қопарыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізу

Қопарыс жұмыстарын жүргізу кезінде, адамдарға қауіпті зонаның карьердегі радиусы 300 метр құрайды, ал механизмдер үшін қауіпті зона 150 метр. Сейсмоқауіпті зонаның радиусы 100метр.

Қопарыс заттардың тұтыну қоймасы тұрғылықты жерден 6 шақырым жерде орналасқан. Барлық қопарғыш материалдар қауіпсіздік ержелерімен жабдықталған арнайы қоймаларда сақталады.

4.2.5 Өртке қарсы қолданылатын шаралар

Ғимараттар мен құрылыстарда, өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін крьердің өндіріс алаңына, алаңнан 5м жерге жылжытылған өртке қарсы насосы қондырғылы су қоймасы орналастырылады, су қоймасының көлемі 300м³. Карьердің өндіріс алаңында ғимараттар мен құрылыстарды айнала қоршай, су қоймасынан өткізілген өртке қарсы трубопровод салынған.

Трубопроводтың ішкі диаметрін былай есептейміз

d = 0,00188 √ a / V = 0,00188 √32 / 2 = 0,076 м , (4.1)

мұндағы а - өрт сөндіруге кететін судың мөлшері: м³/сағ;

V- трубопроводтан ағатын судың жылдамдығы, м/с.

Насос станция жіберетін қажетті қысым мөлшері былай есептеледі

Hн = 1.05ℓ A Q² + Hв + Hн; (4.2)

Hн = 1.05∙140 0.0000208 40² + 2 + 45 = 51,9;

51,9 ≈ 52 м су.ст = 5200 Га;

мұндағы ℓ - трубопровод ұзындығы, м

А-трубопроводтың шекті қарсыласу күші,

Q - өрт сөндіруге кететін судың мөлшері, м/сағ,

Hв – геодезиялық напор, м,

Hн–өрт кранына қажетті қысым, м,

1,05–жергілікті қарсыласуға кеткен напорды есептейтін коэффициент.

Бұдан басқа өндіріс алаңына щит орналастырылады.

Жоғары қабаттығы бар объектілерді автоматты түрде өрт сөндіру шаралары қарастырылған.

4.2.6 Жарықтандыру

ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 сәйкес бөлменің жақсы жарықталуы қызметкерлердің жарақат алумен мамандыққа байланысты туындайтын аурулардың алдын алуға мүмкіндік жасайды.

Жарық адамның сол жағынан түсуі керек және қосымша қолдан жарықтандырылуы керек. Ол люминесценттық лампа. Оларды бөлменің төбесіне толық жарықтандыру үшін немесе тек жұмыс істейтін орынды жарықтандыру үшін қосылады.

Ең алдымен лампаларды орналастыру жобасын құрастырамыз және олардың санын мына берілгендер бойынша есептейміз А = 10, биіктігі H = 4; және ендігі B = 10.

Бөлменің жалпы биіктігінен лампаның жібінің биіктігі h = 0,5 - 0,6м, жұмыс бетінен лампаның биіктігін анықтайды

м. (4.3)

Лампалар арасындағы арақашықтықты, орташа мәнімен L = 1,5; H = 4,2 м.

(4.4)

Қабырғалардан лампалар қатарының арақашықтығы L1=0,5; L=2,1м.

Содан соң аудан өлшемін есептейді

м, м. (4.5)

Лампалар санының қатарын орнатады

. (4.6)

Қатардағы лампа саны

(4.7)

Лампаның жалпы санын

(4.8)

Лампаның ламиналды жарық тасқыны Фл=3220лм, онда жарықтан шығатын тасқын мынадай

лм. (4.9)

      1. Санитарлы – тазалық (гигиеналық) шаралары

СН 245-63сәйкес өнеркәсіп жұмысшылар санына байланысты IV топқа жатады – медициналық көмекті 1 фельдшер көрсетеді. Аптечка барлық цехтарда және забойларда болады.

Ішетін су, арнайы автокөлікпен әкелінеді. Жұмысшылар, газдалған су немесе басқа сусындармен толтырылған, сыйымдылығы 1 литрлік флягамен қамтамасыз етіледі. Су және басқа да сусындардың температурасы +8°С- тан төмен, +20°С -тан жоғары болмау керек.

Карьердегі өндірістік санитарияның негізгі сұрағы болып карьер атмосферасының шандауының және ластануының санитарлық нормаға дейін төмендеуі болып табылады. Соған байланысты жазғы уақытта автожолдарды 1-1,5 кг/м2 су шығының келтіріп суландыру жұмыстарын жүргізу керек, өндеу арасындағы интервал 2-4 сағат болуы керек. Сонымен қатар арту-төгу жұмыстары кезінде де таулы массаны ылғандандыру жұмыстары қарастырылады.

Қысқы кезеңде алдын-алу шаралары болып фильтро-вентиляциялық жабдықтар арқылы экскаваторлар машинистерінің кабиналарын және буралық станоктарды шансыздандыру болып есептеледі.

АШФ-да санитарлы-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету үшін технологиялық шешімдер санитарлы-гигиеналық бөліктер де қамтылады. Негізгі технологиялық шараларға жататындар:

– зиянкестерді (шан, парлар, жылу) шығаратын жабдықтарды герметизациялау;

  • рудаларды арту кезіндегі ауытқулардың минималды болуы;

– жанып тұрған беттердің жылулық изоляциясы;

Алтын шығаратын фабрикада негізгі санитарлы-техникалық шараларға келесілер жатады:

– лақтырылатын ауаны ылғалды тазарту аспирациясы;

– материалдарды гидрошансыздандыру және ылғалдандыру;

– едендерді, қабырғаларды және жабдықтарды кеңдермен шайып отыру;

– өндірістік және қосалқы орндардағы вентиляция жабдықтары;

– цианид пен хлордың шектеулі рұқсат етілетін концентрациясына арнайы құрылған газанализаторынан автоматикалық түрде қосылатын авариялық жабдықтар;

– аспирациялық жабдықтардың тазарту жабдықтарынан шаю гидрокөліктері.

Ағынды сулардың тазартылуы және толық ву ағыны қарастырылған.

Барлық өндірістік корпустарда нормативті өтулер қарастырылып, жүк артқыш механизмдері орнатылған.

4.2.8 Аварияны жоюдың жоспары

Аварияның түрлері:

– кемер бортының қирауы;

– жергілікті немесе жер асты суларының карьерді бұзып өтуі;

– экскаватордан шыққан өрт.

4.2.8 – кестесі-Авария түрлері

Авария түрі

Аварияны жоюда

Қолданылған шаралар

Мамандар мен басқарушылар

Кемер бортының қирауы

  1. Егер авария түнгі мезгілде басталса – жұмыс орнын тастап кету

  2. АЭП-ті өшіріп, зонадағы құрал – жабдықтарды істеп шығару

  3. Қауіпті зонадан адамдарды, механизмдер мен жабдықтарды алып шығу

  4. Адамды құтқарып, қираған жерді бөлуге шаралар қолдану

Бас инженер

Бөлімше бастығы

Тау-кен мастер

Жергілікті немесе жер асты суларының карьерді бұзып өтуі

  1. Бұзылған жерді анықтау

  2. Соланы анықтау

  3. Механизмдерді су басқан жерден алып шығу

  4. Бұзылған жерді табу

  5. Суды сыртқа шығару

Бас инженер

Бөлімше бастығы

Тау-кен мастері

Экскаватордан шыққан өрт

  1. Экскаваторды істен шығару

  2. Өрт сөндірушілерді шақыру

  3. Өртті құммен сөндіру

Бөлімше бастығы

Тау-кен мастері