Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
плагиат.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
585.22 Кб
Скачать

2.2.16 Пайдалы қазындылардың жоғалымы мен құнарсыздауын анықтау

Тау-кен кәсіпорыннның маркшейдерік қызметінің негізгі міндеттеріне жер қоймауын тиімді пайдалуды есепке алу жатады, ал жұмыстар пайдалы

қазындының жоғалымы мен құнарсыздануы мөлшерімен анықтау арқылы жүргізіліп жатады.

Пайдалы қазындының жоғалымы деп – жер қойнауында қалған немесе өндірілген, содан соң үйіндіге түскен, қайта аударып тиеу кезінде қалдырылған және тасымалдау кезінде жоғалған баланстық қордың бір бөлігін атайды. Жоғалымның құрылымы және классификациясы төменде көрсетілген. Құнарсыздану яғни пайдалы қазынды сапасының жоғалуы деп өндірілген өнімдегі пайдалы компонент құрамының қай себептен болса да, сілемдегі құрамымен салыстырылғандағы азаюын айтады.

Кен деген қазудағы жобада қаралған пайдалы қазындының жоғалым шамасын жобалық жоғалым дейді.

Нормативтік жоғалым қазылатын учаскедегі пайдалы қазындыны толық қазып алғандағы эксплуатациялық жоғалымның үйлесімді мөлшері. Жоғалым нормативті техникалық – экономикалық есептеулердің негізінде анықталады.

Жалпы карьерлік жоғалымдарға ғимараттарды құрылыстарды, шахта акпандарын, су қоймаларын қауіпсіздендіру діңгектеріндегі, сондай – ақ бөгеу діңгектеріндегі пайдалы қазындының жоғалымы жатады.

Эксплуатациялық жоғалымның Б класс тармағына пайдалы қазындының сілемнен айырып алған жоғалымдары жатады, олар екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа қазылған кеңістіктегі үйінділерден, көшкіндерден, опырудан болған жоғалымдар жатады. Екінші топқа қазылған кеңістік сыртында болған жоғалымдардың барлық түрлері жатады. Пайдалы қазындының эксплуатациялық құнарсыздануы оларды өндіру кезінде пайдалы болады.

Пайдалы қазындының жоғалым және құнарсыздану мөлшерін анықтау тікелей, жанама және құрама әдістермен жүргізіледі.

Тікелей әдісте пайдалы қазындының жоғалымы мен құнарсыздануын есептеу үшін мына формулалар қолданылады

Ж = Ө / Б100% Қ = С- а / С100%. (2.12)

Жанама әдісте былай анықталады

Ж = Б - Ө + В, В= Ө+ Ж– Б, Қ= C-a / C100% . (2.13)

Тау-кен жанабы жобасы мына құжаттардан тұрады:

– тау-кен жанабын бөлуді дәлелдейтін түсініктеме кен орнының геологиялық сипаттамасы, жер бетіне салынатын құрылыстар туралы мәліме;

– тау-кен жанабы көрсе ілген сұралып отырған және оған шектес жердің топографиялық планы;

– тау-кен жанабы көрсетілген геологиялық карталар мен қималар;

– тау-кен жанабын бөліп алуға рұқсат берілген құжат.

Тау-кен жанабына бөліп алу құжаты карьерді салу жұмыстары басталмай тұрып алынуы тиісті.

      1. Карьерде тау жыныстарының жылжуы

Тау-кен өнімін ашық әдісін өндірудің дамуы, карьерлердің көбеюіне, жұмыс қарқынының күшейіп, олардың терңдігін 300-500 метр және одан да үлкен көрсеткіштерге жеткізіп өсуіне ықпалын тигізеді, борттардың, карьерлердің қызмет ету мерзімі де ұзарады. Бұндай жағдайарда еңіс бұрышын анықтап, оларды тұрақтылықпен қамтамсыз ету маңызды шешімді қаже етеді.

Еңістер тұрақтылығының бұзылуы ашу көлемінің өсуін, қайтадан экскавациялау шығынданатын өндірістік шығындардың өсуіне, карьердегі жұмыс режимінің бұзылуына, көлік жабдықтарының авариясына әсер етіп, метариал шығындарына ұшыратады. Сондықтан карьер борттарының тұрақты еңісінің параметрлерін анықтап, борттар мен кемерлердің деформациясын бақылау жүктеліп отыр. Сонымен карьер жыныстарын жылжуын анықтаудағы негізі сұрақ, бортта мен карьер кемерінің деформациясын, ашу жұмыстарының көлемін және оларды тоқтаусыз өндіру шарттарына салды.