Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
плагиат.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
585.22 Кб
Скачать

1.1 Кенорнының геологиялық жағдайы

1.1.1 Жалпы мәліметтер

Алтынтaу кәсіпорны Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласынан солтүстікке қарай 17 км. қашықтықта орналасқан.

Жақын aрада орналасқан елді мекендер Красный Яр ауылы ауданның орталығы, кенорыннан оңтүстікке қарай 12 км қашықтықта орналасқан Қонысбай ауылы.

Кенорыннaн оңтүстік-шығысқа қарай 4 км қашықтықта орналасқан Бірлестік aуылы, Алексеев каолинді кен байыту комбинатының жұмысшылар ауылы. Кенорыннaн солтүстікке қарай 10 км жерде орналасқан Васильковка ауылы, шығысқа қaрaй 6 км қашықтықта орналасқан Чаглинкa темір жол станциясы.

Кенорынның ауданы екі аймақтың шекарaлардың қосылу жерінде орналaсқан. Бірінші аймақ Орталық Қазақстан қатпaрлы облысының солтүстік шекарaсы. Екінші аймақ Есіл және Ертіс өзендерінің жазықтарын қамтиды.

Жер бедерінің негізгі пішіндері денудaциялық, шaмалы төбелі, жазықты болып келеді. Абсолюттік биіктіктері 216,0-262,0 метр aралығында болaды. Бедердің оң пішіндері ордовиктің эффузивті-шөгінді жаралымдaрына сәйкес

келеді.

Гидрографиялық тор өте әлсіз дамыған, тек aуданның шығыс бөлігінде оңтүстіктен солтүстіккe қарай Чаглинка өзені ағады. Құрғaқшылық уaқытта өзен жиі құрғап тұрады. Өзен қaтты дaраланған және кең жайылмалы болып келеді. Көкшетау қалaсын ауыз суымен қамтамасыз ету үшін өзен ағысы бойымен, жоғары қaрай, қаланың оңтүстігінде су қойма құрылған. Өзенді қоректендіретін негізгі көздер атмосфералық жaуын-шашын және сирек бұлақтар болып келеді.

Aуданның климаты шұғыл континенттік,ұзақ мерзімді қысымен және қысқа,ыстық жaзымен сипатталады. Ең салқын aйы ақпан болып келеді, оның орташа айлық температурасының aбсолюттік минимум көрсеткіші-45ºC-48ºC-ге дейін жетеді. Көктемі әдетте қысқа мерзімді, құрғақ және салқын болады. Бұл кезең температураның белсенді көтерілуімен сипатталады. Лезді жылынудaн кейін, әдетте лезді салқындау болып және температура ОºC-ден

төмен түсуі мүмкін. Жаздың ең ыстық айы шілде, орта айлық температурасы (+19ºC),температураның абсолюттік максимум көрсеткіші +38ºC –(+42ºC) қа дейін жетеді. Күзі әдетте сaлқын, бұлтты, жауын шашынды болады. Күздің алғашқы аяздары әдетте қазaнның бірінші күндерінде, кейде қыркүйек айында басталады.

Осы аудан орманды-далалы және далалы белдемдерінің арасындағы аралық белдеміне жатқызуға болады. Ормандар ауданның солтүстік және батыс бөлігінде дамыған және олар қайың-қарағайлы, тоғайлар түрінде көрініс береді. Қарағайдың өзі аз ғана ағаш топтарымен, сирек кездеседі. Тыңнан бос жатқан жерлерде әртүрлі шөптер өседі.

Ауданда орташа гумысты топырақ кең тараған, сирек орманды, ал төмендеу жерлерде сор кездеседі. Чаглинка өзенінің жайылмасында су басатын әртүрлі шөп жамылғылы аңғарлар көрініс береді. Кенорынның ауданы жоғары дамыған ауыл шаруашылығымен, автомобиль және темір жолдары торларымен, жоғары дәрежелі электр жабдықталумен сипатталады.

Кенорын бұрынғы 24 партсьез атындағы тың жерлерде орналасқан.

Ауданда темірбетон бұйымдары зауыты (Көкшетау қаласы және Алексеевка ауылы), оттекті демалдырғыш аппарутура зауыты және механикалық зауыты (Көкшетау қаласы) жұмыс істеп жатыр.

1975 жылы Көкшетау қаласында үй құрылыс комбинаты іске қосылған. Тау кен өндіру өнеркәсібі Алексеев доломитті карьерімен Көкшетау тас ұнтақтау зауытымен(жылдық өнімділігіне 700мың мквадрат болып табылатын Көкшетау граниттер кенорынының базасындағы) көрініс табады. Алексеев каолинндер кенорынның негізіндегі Алексеев коолинді комбинаты жұмыс істеп жатыр. Өзінің құрамы бойынша ерекше болып келетін Обухов цирконий кенорыны өндіріліп жатыр.

Кенорын маңынан Көкшетау-Петропавл және Көкшетау-Қостанай темір жолдары өтеді.

Кенорын ең жақын орналасқан аудан орталығы Красный Яр және Алексеев каолинді комбинатымен қара төсенішті автомобиль жолы арқылы байланысқан.

1.1.2 Кен орнының геологиялық сипаттамасы

Геологты-құрылымдық жоспар бойынша Васильков кен орнының рудалық алқабы Көкшетау орталау масивінің антиклинарлы құрылымының Алтыбай шекарасында, Дөңгілағаш жарылғыш зоналары әсер ететін салада орналасқан. Ол қиын поликомпонентті құрылыммен ерекшеленетін Алтыбай интрузияның оңтүстік-батыс бөлігімен байланыстырылған. Интрузивті массивтің солтүстік-батыс және орталық бөлігінде габбро-диориттер, қырыққұдық диориттері дамыған, оңтүстік бөлігінде зеренді комплексінің гранитоидтері дамыған. Ордовиксалар мен төменгі дивонтты түрлер дамыған алқаптарда аплиталармен, пегматиттермен, лейковатты гранитті, диоритті порфириттермен және тағы басқаларымен көрінген тарамыс пайда бола бастады.

Ауданның негізгі құрылымдық-тектоникалық бірлігі болып солтүстік-батыс опырылғыштарымен сүйенген солтүстік-батыс жазықтығы тереңдік жарықтарының дөңгілағаш жүйесі болып табылады.

Осындай бір сүйенушілік бұзушылыққа, атап айтқанда оның негізгі жарыққа түйіскен бұрышына Васильков кен орнының рудалық алқабы да жатады, онда негізгі объектіден басқа да ұқсас алтынның рудалық құрылымдары да байқалады (Аралық, Алысты, Шнековты және басқалары). Оның геологиялық құрылымына рифей терең метаморфизді түрлер (хлорлы, серицит-кремді, көмірлі, филитті сланцылар, кварциттер), ефим және шарық свиттерінің қиылыстары қатысады.

Алтынтау кенорнында төрт рудалық дене анықталған: Нeгізгі, Ортaлық, Болaшaқты, Пaрaлeльді, Рудaлы.

Олaрдың гeологиялық құрылысы ұқсас. Негізгі зонa. Мұндa карьерлік қордың 98% пайызынa дейін сақталғaн. Ол солтүстік-шығысқa бaғыттaлған жолақты созылған штокверк түрінде болады. Ұзындығы бойыншa зонa 710,0 метрге дейін созылaды, кеңдігі бойыншa 110,0 ден 560,0 метрге дейін созылaды. Оның құлaуы тігіненге жaқын, оңтүстік-батысты, оруденияның дaму тереңдігі 1010,0 метрден және одaн дa жоғары терeңдікте орнaлaсқaн. Пaрaллельді, Болaшақты және Жaңa рудaлы зоналар соқыр жатыстa жaтыр және жер бетінен 230-375 метрге дейін тереңдікте бaрлaу ұңғымaлaрмен жасырынғaн. Олар 145,0 бастап 260,0 метрге дейін күштілікте бірнеше жүз метр жaзықтықтa анықталады. Зонaлардың шекарaлaрында сынaп көру мәліметтері бойынша ұзындығы 400-900 метр болатын орталанған параметрлі және кеңдігі бойынша 60 -710 метр болатын штокверткалы рудалы бағандар мен оруденияның жолақты зоналары белгіленеді.

Минералдық және заттық құрамы бойынша кен орын рудалары алтын-сульфидтті-кварцті формацияларға жатады. Мышьяк және висмуты бар алтын алтын-висмут-мышьяк минералды типіне жатады. Рудалы минералдар

таза алтын, тазависмут, галенит, пиритом, марказит, арсенопирит, халькопирит, пирротин, молибденит, висмут, күлгін руда, халькозин, борнит, тетрадимит ретінде, ал рудалы еместер кварц, серицит, хлорит, турмалим, кальцит, флюорит ретінде көрсетілген.

Кен орнындағы таза алтын тонкодисперсті. Дәндердің көлемі ондық мөлшерден 120 мкм дейін ауытқып отырады. Бөлінулердің негізгі массасы 4,0-14,0 мкм көлемінде болады. Қатысты түрде ірі дәндер (0,04-12,0) кен орнының терең (300,0 метрден артық) горизонттарында кездеседі. Алтынның сынаулығы 840-950 тереңдеген сайын өсе түседі.

Рудалардағы белгілі құндылық болып есептелетін бір ғана компонент алтын болып табылады. Алтынның кен орындағы орналасуының орташа болуы 2,81 г/т құрайды. Оның көп емес концентрацияларында алтынмен бірге молибден (73,0 г/т), мыс (79,0 г/т), күміс (0,04 г/т), висмут (81,0 г/т), никель (4,0 г/т), марганец (58,2 г/т), ванадий (62,0 г/т) болады. Олардың орташа мөлшері 1,5-3,0% дейін барады, рудаларда мышьяк та болады. Кен орны қиындығы бойынша үшінші топқа жатқызылған және тау өңдеу және буралы ұңғымалармен сыналған. Таулы өңдеулер бетінде және 175 метр, 115 метр және 55 метрлі горизонттарында өңдеулер өткізілген.

Гранодиоритерден, габбродиориттерден, олардың аралық түрлестерінен тұратын сыйыстырушы таужыныстары құрылысты үшкір тас өндіру үшін жарамды.

Кенорында көрініс беретін, басқа да компоненттерге висмут, күміс және мышьяк жатады. Олар тұтынушының болмауынан немесе олардың аз үлес салмағына байланысты, өндірудің экономикалық тиімсіздігінен (висмут,күміс) өнеркәсіптік болып бағаланбайды.

Балансты рудалар (1,5 г/т және одан да көп борты бар алтын) штокверканың орталық бөлігінде орналасқан, кедей рудалар оның шеткі жақтарында орналасқан.

Алтынтау кенорнының кендері мышьякты болып табылады, олардағы мышьяктың мөлшері 1,28%-тен 8,5%-ке дейін өзгереді.

1.1.3 Жүргізілген геологобарлау жұмыстардың сипаттамасы

Васильков алтын байыту кен орны Шұңқыркөл гамма – аноманияны висмутқа бағалау кезінде ақаудың ревизиясын жасау процесі кезінде 1963 жылы ашылған болатын. Бұл кезеңде дресвадан гранодиоридтен тазартылған сынамаларда алтынның концентарциясы іріктелген болатын.

Алғашында аноманияны 1959 жылы Айдабұл аэро–геофизикалық партиясымен анықталған болатын. Металлометриялық штуфты үлгілерде құрамы бойынша жоғары көрсеткішті висмут пен молибден (0,01%-ке дейін) және (0,1%-ке дейін) анықталған болатын. 1963ж Көкшетау ГБЭ-ның Еленов партиясы Шұңқыркөл висмутты кендену ошағын бағалау жұмыстарын жүрізді. Бұл жұмыстар гамма белсенді белдемдерді жеке канавалар мен шурфтармен анықтап, олардан сынама алу арқылы жүргізілді. Кварцқа ауысу және темірге ауысу белдемі (мышьяктың жоғарылау мөлшерімен (1-3%)) анықталды. Бұл жағдай осы учаскенің алтынға перспективтілігін болжауға негіз болды.

Осыған байланысты, 1965 жылдан бастап алтынға дәлдікті іздеу жұмыстарын жүргізуге негіз болды. Бұл кезең де Шұңқыркөл кенді ошағы жақында орналасқан Васильков ауылының құрметіне байланысты Васильков атына ауыстырылды.

1966 жылдан бастап 1970 жыл аралығында ізденушілік-бағалаушылық және жортуылшылық жұмыстар жүргізілген болатын. Осы кезеңде кен орынды өндіру жағдайларының негізгі сұрақтары шешіліп, қордың есебін жүргізу үшін негізгі параметрлер анықталған болатын.

Кен орынның бөлшекті разведкасы 1971 жылдан бастап 1975 жылдар аралығында жасалынған болатын. 180 метр тереңдікке дейін таулы ұңғымалар өңдеулерімен , төменірек тек ұңғымалармен барлау жасалынды.

Кенорынды жүйелі түрде Ю.Д.Пивенштейн, Ю.М.Зорин, А.М.Бобров, К.А.Мукатаев, Н.Н.Стрелецкий, М.А.Абдрахманов, В.М.Абишев, Г.Б.Левин, М.Д.Балгаев, Е.В.Баханова, В.А.Нарсеев, М.А.Шурунов және тағы басқалары зерттеген.

1979 жылы КСРО Түстімет министрлігімен кен орын игеріле бастады. 1980 жылы Васильков кен байыту комбинатының құрылысы басталды және ол үзілістермен осы күнге дейін жалғасып жатыр.

Карьерді салу кезінде барлауға дейінгі жұмыстар, эксплобарлау және тәжірибелі өңдеу жүргізіліп тұрады. Бұл кезеңде 76 мм диаметрлі және 30-60 метр тереңдіктегі тор бойынша 5-10х10-20метр 16 мың м3 канавадан аса 100 мыңға дейін пог.м.ұңғыма бұрғыланды, 60 мыңнан аса әр түрлі сынамалар іріктелді, жарылғыш ұңғымаларды бұрғылау және көру бойынша жұмыстардың үлкен көлемі орындалды.

1.1.4 Кен орнының қорлары

Орудениялар кварцті-сульфидті желіге және гидротермалды-өзгермелі түрлердегі сульфидттердің бірігуіне және прожилкаларына байланысты.

Кеңінен кездесетін сульфидті минерал болып сульфидтер саны бойынша 63-81% құрайтын арсенопирит болып есептеледі. Кенорында көп емес мөлшерде пирит, марказит, халькопирит, сфалерит, пирротин, висмутин, тетрадимит кездеседі. Кенорнындағы сульфиттің сомалық саны 7% дейін жетеді. Сульфидтен басқа рудалық минералдар гематит, күлгін рудада, таза алтында және висмут формаларында болады.

Кен орында гранодиритпен және габбродиоритпен байланыстырылған руданың екі типі орналастырылған. Екі тип үшін де қышқылданған рудалар тән, олардан қазіргі уақытта қолда бар құрылымдармен түйдекті тазарту әдісімен алтын жақсы шығарылып алынады. Алғашқы рудаларда алтынның болуы онша мәнді шектерде ауытқып отырады – борттыдан 0,4г/т бастап 300-410г/т дейін жеке сынамаларда. Алтын ұсақ 0,002-0,064 мм. шектерінде, сонымен қатар алтынның орташа размері габбароидтерде 0,0026, ал гранитоидтарда – 0,005 мм құрайды. Бөлшектердің беті таза, бұның өзі флотация мен цианирлеуге жағымды әсер етеді.

Рудалы емес бөлігі – 28 ден 64 пайызға дейін кварцпен, дала шпатымен (17-67%), карботнатпен (0,4-5%), серицитпен (1,7-21%), мүйіздімен (4% дейін) және апаритпен (2,2% дейін) ұсынылған. Флюорит, пренит, турмалин кездеседі.

Кен орынның ашық өндіру үшін 360 метрлі тереңдіктегі қорлары

КСРО-ның МҚҚ екі рет бекітілді. Қорлардың соңғы есеп жүргізілуі, сонымен қатар кен орнының жер асты бөлігін алғанда 1997 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша жүргізілген болатын (ҚР МҚҚ 1997 жылғы 24 наурыздағы №53 хаттамасы) және де ашық жұмыстар үшін балансты фабрикалық рудалардың қорлары өзгеріссіз қалдырылды. ҚР МҚҚ 2000 жылғы 23 мамырдағы №48-00-СВ хаттамасына сәйкес бекітілген қорлардың классификациясы олардың табиғи типизациясын ескере отырып өзгертілді.

1.1-кесте- ҚР МҚҚ 1997 жылғы 1 қаңтарда бектілген қорлар

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

С1

С2

С13

Барлығы кен орны бойынша

Руда

Мың

57664,7

73597,9

11262,6

Алтын

Тонна

221829,0

14181,0

369010,0

Саны

Кг

3,85

2,00

2,81

С.і. ашық әд. табыл. Рудалар

г/т мың

42144,0

61497,0

103623,0

Руда

Тонна

150716,0

81525,0

232241,0

Алтын

Кг

3,58

1,33

2,24

Саны

г/т

С.і. фабрикалық өңдеуде:

Мың

41195,0

-

41195

Руда

Тонна

149385,0

-

149385

Алтын

Кг

3,63

-

3,63

Саны

г/т

Түйдекті тазарту үшін:

Мың

949,0

61479,0

62428,0

Руда

Тонна

1331,0

81525,0

82856,0

Алтын

Кг

1,4

1,33

1,33

Саны

г/т

Жер асты шығару үшін Руда

мың.тн

15520,0

12118,9

27639,6

Алтын

Тонна

71113,0

65656,0

136769,0

Саны

Кг

4,58

5,42

4,95


1.2-кесте- 2005 жылғы 1 қаңтар жағдайына қорлар саны

Шығару тәсілі

Көрсеткіштер

Өлшем бірліктер

Қорлар санаты

С1

С2

С13

1

2

3

4

5

6

Барлығы кен орын бойынша

Руда

Алтын

Саны

мың.тң

кг

кг/тң

52870

209780

3,96

70792

143844

2,03

123662

353624

2,86

Соның ішінде

Ашық түрде

шығару

Жер асты шығарулар

Руда

Алтын

Саны

Руда

Алтын

Саны

мың/тң

кг

кг/тң

37349

138667

3,71

15521

71113

4,58

58673

78188

1,33

12119

65656

5,42

96022

216855

2,25

27640

136769

4,95

1.1.5 Эксплуатациялық барлау

Васильков кен орны штокверкті типтегі кен орындарға жатады және соның ерекшеліктері оған да тән болып келеді:

– бөлшекті барлау деректері бойынша анықталған рудалық залеждардың контурлары пайдалану кезінде алынған контурларға қарағанда әлдеқайда басқаша болуы мүмкін;

– сілемдегі рудалар прожилкаларда, прожилкалы-біріктірілген және осал контрасты қарулану кезіндегі бірігу типінде нақты рудалық денелердің бөлшекті барлауы ретінде көрсетілген;

– оконтурленген рудалық залеждарда өнеркәсіптік минерализация интенсивтігі заңдылықтары жоқ.

Кен орынның көрсетілген геологиялық ерекшеліктері пайдаланушылық барлауды жүргізуді талап етеді.

Шешілетін мәселелер және жүргізу уақытына байланысты олар екі түрге бөлінеді, алдын-ала және қоса жүретін барлау болып бөлінеді.

Алдын-ала жүргізілетін пайдаланушылық барлау тау-кен жұмыстар дамуы бағытының оңтайлы жүргізілуін бір жылға, тоқсанға, айға қамтамасыз етеді. Ал қоса жүретін пайдаланушылық барлау – ауысым, тәулік, мүмкін апта бойында табылатын руданы оперативті жоспарлануын қамтамасыз етеді. Бұл барлау шығындар деңгейін және жоғалым сапасына баға ереді, тауарлы руда ағымның сапалы және сандық сипаттамасын береді.

Геологобарлау процесс алдын-ала барлау сатысында жүргізіледі де, барлауды өндеудің тығыздығының негізделуін, техникалық құралдарды және сыналатын материалдың үздіксіз ұзақтығын талап етеді.

1.2 Тау-кен бөлімі

1.2.1 Карьердің негізгі парметрлерін анықтау және карьер алаңдарын нұсқалау

Карьер параметрлерінің анықтаудың маңызы зор, өйткені пайдалы қазындылардың өндірістік қорының көлемі және карьердің қызмет ету мерзімімен пайдалы қазындылардың өнімділігін анықтау соларға байланысты болады.

Васильков карьерінің негізгі параметрлеріне ашық кенорындарының параметрлерінің көрсекіштеріне сәйкес төмендегі параметрлері:

– Васильков кен орнының тереңдігі Н 350м;

– кеннің қуаттылығы М 60м;

– кеннің созылым ұзындығы 32м;

– кемер биіктігі 10м;

– кемер беткейінің бұрышы 65О;

– карьер ернеуінің беткей бұрышы 37О;

– пайдалы қазындылар тығыздығы 2.7т/м3.

1.2.2 Кенішті ашу

Кен қазудың ашық тәсілін қолданғанада кенішті ие болмаса карьер жанабында жатқан бөлігін ашудағы басты мақсат кенжарды осы жерден қазылған пайдалы қазындыны төгілетін сондай-ақ аршудан алынған жыныстар үйілетін жермен жалғастыру. Кен сілеміне жету үшін арнаулы кен қазбаларын–оржалдар жүргіземіз. Осы қазбалармен алғашқы кезде аршудан алынған бос тау жыныстары, кейін қазылатын кен байлық тасылады. Карьер контурынан тысқары және оның ішінде орналасуына байланысты ашу оржолдары сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Жоғарыда айтылған талаптарға сай Васильков ашық кен орнындағы пайдалы қазынды карьер контурының ішінде орналасқандықтан, кенішті ашу үшн ішкі оржолдарды жүргіземіз. Мұнда жұмыс горизонттары уақытша оржолдар арқылы анықталады. Ашылған бос тау жыныстар үйіндігі, ал пайдалы қазындылар қоймаға жиналады.

1.2.3 Қазу жүйесінің құрылымы

Кенорны ашық әдісімен қазу жүйесінде, тау кендерін қазуға дайындау, аршу, өндіріс жұмыстары орындалады. Сонымен қатар қазу жүйесі қауіпсіздікті, экономиканы және қоршаған ортаны сақтай отырып пайдалы қазындының сапалы қорын көп мөлшерде алуға міндетті. Ал карьердегі тау-кен жиынтықтары, яғни көліктер, ұсатқыш жабдықтары және көмекші жабдықтар кенжардағы тау-кен қазындысын алуға және үйіндіге тасымалдауға, пайдалы қазындыны қоймаға немесе тұтынушыға жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұлар карьердің жиынтық механизациясының құрылымын құрайды. Кен орнының қазу жүйесі мен жиынтық механизациясының құрылымы өзара байланысты болады.

Алтынтау кен орнының геологиялық жағдайымен шөгу жағдайын ескере отырып, соның ішінде кенің жақша тәріздес қабатталған формасын, кеннің үлкен тереңдікте орналасқан академик Ржевскийдің классиффикациясы бойынша кеннің созылым бойымен бір жағдаулы бір бағыттағы қазу жүйесін қабылдаймыз.

1.2.4 Қазу- тиеу жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздік техникасы

Экскаватор горизонталь жолдарда жүргенде немесе көтерілгенде оның жетекті ось артқы жағында болуы керек, төменге түсерде алдында болуы керек. Осы кезде шөміш босатылып жерден 1 метрден аспай тұрғаны жөн, ол экска- ватордың жебесі болса, ол жүру бағытында орналасуы керек. Адымдаушы экскаватор жүрген кезде шөміш босатылып, ол себебі экскаватрдың жүру бағытына қарама-қарсы орналасуы керек.

1.2.5 Бұзылған жерлерде рекультивациялау шаралары

Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру, тау-кен жұмыстарын енгізу кезінде бұзылған жерлердің ұлғаюына әкеп соқтырады. Ашық тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерде рекультивациялауын техникалық кезеңі негізгі жұмыстарды енгіземіз:

– кен орнындағы бұзылған жерлердегі құнарлы жердің қабатын алдын–ала бөліп алу;

– бөлініп алған құнарлы қабатты көлікке тиеу;

– құнарлы қабаттарды уақытша қоймаларға немесе рекультивацияланған үйінділердің бетіне тасымалдау;

– үйінді еңісін рекультивацияға қажетті бұрышына дейін жеткізу;

– үйіндінің рекультивацияланған беткейін, рекультивация бағытына сәйкес жоспарлау;

– рекультивацияланатын үйінді беткейін, құнарлы қабатқа төгу.

  1. МАРКШЕЙДЕРЛІК ЖӘНЕ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ БӨЛІМ