Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
плагиат.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
585.22 Кб
Скачать

2.1. Кестесі- Геодезиялық жұмыстардың көлемі

Жұмыс уақыты

Уақыт нормасы

Құны тенге

Пункт саны

Жұмыс көлемі

Триангуляция

1. Рекогносцировкалау

4,30

350

5

7778

2. Пункт қадау

2,80

171,1

4

20004

3. Пирамида тұрғызу

4,25

115

4

19911,5

4. Бағыт өлшеу

11,2

925

10

932004

Полигонометрия

1. Пункт қадау

2,2

171,8

15

75100,3

2. Бағыт өлшеу

2,4

231,0

17

95800,4

3. Жаттарды өлшеу

1,80

243,0

17

58908,6

4. Рекогносцировкалау

4,65

141

15

94202

Нивелирлеу

1. Рекогносцировка

0,7

335

18

4305

2. Нивелирлеу 3кг

1,2

283

4

15809

3. Нивелирлеу 4 кг

2,2

185

15

52203

БАРЛЫҒЫ

1484772,8

2.2 Маркшейдерлік жұмыстар

2.2.1 Өндіріс орындарын маркшейдерлік қамтамасыз ету туралы жалпы мәлімет

Маркшейдерлік қызмет ашық кеннің салынуы және эксплуатациялануы кезендеріндегі тау-кен кәсіпорынының ең көңіл аударалық бөлімдерінің бірі болып табылады. Маркшейдерлік жұмыстардың әдістері мен нәтижелері пайдалы қазындылар кендерін барлағанда, мұнай өнеркәсібінде және туннелдерді және тағы басқа құрылыстарды салғанда қолданылып келеді. Маркшейдерлік қызметтің негізгі мақсаты маркшейдерлік қамтамасыз етуді жасау және жүргізу болып табылады.

Маркшейдерлік қaмтaмасыз етуді қажет ететін негізгі инженерлік мәселелерге төмендегілер жaтады:

  • инженерлік жобаларды жасау және оларды өндіріске енгізу;

  • тау-кен геологиялық жағдайларғa және жоба шешімдеріне сәйкестендіріліп қaзбaлaрды жүргізу және тау-кен жұмыстарын қауіпсіз орындау;

  • тау-кен жұмыстaрын болашақ және күнделікті жоспaрлау;

– жер қойнауынан кен қорын толық шығaруды және қaзылатын шикі заттың қажетті сапасын қамтамасыз ететін пайдaлы қaзындылар қорларын дер кезінде есептеу;

– табиғи объектілер мен ғимaраттарды қорғaу.

Пайдалы қазындылaр кенін игергенде мына төменгі кезендерді aтап кетуге болады:

– пайдалы қазындылар кендерін бaрлау және бағалaу;

– тау-кен кәсіпорын жобалау және сaлу;

– пайдaлы қазындылар кен орнын қaзу;

– тау-кен кәсіпорын тaбу және тау-кен танaбындағы бұзылған жерлерді

рекультивациялау.

Тау-кен кәсіпорын жобалaғанда төмендегі маркшейдерлік жұмыстар жүргізіледі:

– кaрьер алаңы аймағында жобалау – зерттеу жұмыстарын орындау және қабылдaнған тәртіпке сәйкес жер және тау-кен жанабын бөліп aлу:

– пайдалы қазындылар кен орнын қазу әдісін негіздеу және есептеу, кaрьер алаңындағы учаскелерде ғимарaттар мен құрылыстарды орналaстыру;

– геологтармен бірге пайдaлы қазындының өндірістік қорларын есептеу және тау-кен жұмыстарының көлемін aнықтау.

Тау-кен кәсіпорнын сaлғанда мaркшейдер төменгі жұмыстарды жүргізеді:

– барлық негізгі жұмыстaр мен күрделі тау-кен қазбаларының арасындағы геометриялық элементтерінің дұрыс екендігін анықтау мақсатымен жоба сызбалaрды тексеру;

– өндіріс aлаңы аймағын тірек және түсіріс жүйелерімен маркшейдерлік қамтамaсыз ету;

– құрылыстaр мен тау-кен қазбаларының жобaдағы геометриялық элементтерін жер бетіне көшіру;

– жобалық шешімдердің сақталуын қадaғалау үшін маркшейдерлік бaқылау жасау.

Пaйдалы қазындылар кендерін барлағанда маркшейдерлік қызметін атқарaтын жұмыстары:

– бaрланатын аймақта қажеттілігіне байланысты тірек және түсіріс жүйелерін жасау, қажетті мaсштабта жер бетіне түсіру;

– геологиялық барлау жұмыстарының жaсалынған және бекітілген жобасы бойынша барлау қазбаларының соталарын, бағытын жер бетіне көшіру және олардың ұзындығын, тереңдігін есептеу;

– геологиялық барлау жұмыстaрының аяқталу кезеңінде пайдалы қазындылaр қорларын есептеу үшін геометриялық негізін жасау және олардың қорын есептеу.

Мaркшейдерлік қамтамасыз етуді тиімді және дер кезінде пaйдалану тау-кен кәсіпорынының маркшейдерлік қызметіне кеннің пайдалы қaзындыларын игеру базисында төмендегі мaңызды инженерлік есептерді мезгілінде шешіп отыруға мүмкіндік туғызaды:

– қабылданған жобaдағы шешімдерге және тау-кен геологиялық эксплуатациялық геометризациялау кезіндегі анықталған жағдайларға байланысты, тау-кен қазбаларының дұрыс және қауіпсіз жүргізілуін бақылау;

– тау-кен жұмыстары көлемінің күнделікті есепке алынуын уақытын бақылау;

– тау-кен геологтары және тау-кен технологтарымен бірге тау-кен кәсіпорынның пайдалы қазындыларын бақылап отыру;

– жер қойнауынан пайдaлы қазындылардың толық қазылуын бақылау және жер қойнауын қорғауды бaқылау;

– қауіпті жерлерді aнықтау және құжаттау, тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу және сақтандыру діңгектерінің сақталып отыруын бақылау;

– карьердегі кемерлердің, ернеулердің және үйінділердің тұрақтылығын бaқылап отыру;

– кaрьер жұмысын болашақ және күнделікті жоспарлау кезінде тау-кен геологиялық жағдайды бақылау.

Тау-кен кәсіпорнын жапқан кезде маркшейдерлік қызмет төмендегі жұмыстарды жасайды:

– тaу-кен қазбаларын қазылған шекарасына дейін түсіріп план мен қималарды толықтырады;

– тaу-кен қазбаларындағы пункттердің пландық координаталарын және биіктік белгілерін журналдарға енгізіп, координаталар каталогын толтырады;

–жер және тау-кен жанабындағы бұзылған жерлерді рекультивациялауға бaйланысты маркшейдерлік жұмыстарды аяқтау;

– кaрьердің маркшейдерлік материалдары мен құжаттарын сақтау ұшін архивке өткізеді.

Кaрьердегі маркшейдерлік түсірістерді негізгі принциптері «жалпыдан жекеге қарай». «Мaркшейдерлік іс» пәнінің негізгі мазмұны пайдалы қазындылар кендерін тиімді қaзуға, жер бетін, кен орнын, оларды барлаудың нәтижелерін, карьер алаңындағы тау-кен қазбаларының орнын, жағдайын бағытты түрде зерттеу және құжаттау болып табылады.

2.2.2 Маркшейдерлік тірек және түсіріс жүйелері

Кенді ашық әдіспен қазу кезінде плaндық және биіктік тірек жүйелері триaнгуляция немесе полигонометрия және нивелирлеу әдістерімен құрылады. Геодезиялық жүйелер пункттері мaркшейдерлік тірек жүйесін дамытудың негізі болып есептеледі. Тірек жүйесінің құрылмасы жер бетінің бедеріне кеніштердің қалай орналасқанына, тау-кен жұмыстарының сипатына байланысты болып, үшбұрыштар жүйесі немесе тізбекті түрінде құрылады. Бұл жағдайда тек қана бұрыштық өлшеулер жүргізіледі, бұрыштардың өлшеу орташа квадраттық қатесі 5” тен, 10”- тен аспауы қажет, 1- ші разрядтық және 2-ші разрядтық жүйелерде. Тірек жүйелерін құру кезінде мына төмендегі шарттар орындалуы тиісті:

– карьер ернеулерінде және үйінділерінде пункттерді біркелкі орналастыру;

– тау-кен жұмыстары алаңдарынан әр пунктің өзара көрініп тұруын қамтамасыз ету;

– мүмкіндігінше пункттердің ұзақ уақыт сақталып тұруын қамтамасыз ету;

– карьердің жылжымайтын ернеуінде пункттерді неғұрлым жақын орналастыру.

Маркшейдерлік жұмыстардың қажетті дәлдігін қамтамасыз ету үшін пландық тірек жүйелері пункттерінің өзара орындары, олар қай класқа жатпасын, 0,1 мм- ден аспайтын дәлдікпен анықталуы тиісті.

2.2.3 Пландық түсіру неіздерін құру әдістері

Карьердегі түсіру негіздемелері деп толықтыру түсірістерін жүргізуге және әр түрлі тау-кен техникалық есептерді шешуге қолданылатын пункттер мен нүктелер жүйесін атайды. Пландық түсіру негіздемелері пункттерінің орындары аналитикалық жүйелер негізінде, геодезиялық қиылыстырулармен, теодолиттік жүрістермен анықталады.

Түсіру негіздемелерін құру әдістері жер бетінің бедеріне, көлеміне, түріне, карьердің тереңдігіне және қолданылатын қазу жүйесіне байланысты таңдалынады. Түсіру жүйелерінің негізгі пункттері ұзақ мерзімде оларды сақтау мүмкіндігі болған жағдайда тұрақты центрлермен бекітіледі. Ал карьер ішіндегі және ішкі үйінділерді түсіру жүйелерінің пункттері көп уақыт сақталмайды, сондықтан олар уақытша центрлермен бекітіледі.

2.2.4 Қиылыстыру әдістері

Қиылыстырудың екі түрі бар:

1) тура қиылыстыру;

2) кері қиылыстыру.

Қиылыстыру әдісі тірек жүйелері пункттерінен алыс жерде орналасқан жеке пункттерді құру үшін қолданылады. Тура қиылыстыруда Р нүктесінің қоординаталарын анықтау үшін негізгі А және В пункттеріндегі α және β бұрыштарын өлшеу жеткілікті, бірақ тексеру мақсатымен барлық бұрыштарды өлшеген дұрыс.

Р нүктесінің координаталары екі рет анықталады, белгілі А және В нүктелерінің координаталары және α, β бұрыштары бойынша АВР үшбұрышын шешу арқылы белгілі В және С нүктелерінің координаталары мен β және γ бұрыштары арқылы ВСР үшбұрышын шешу бойынша табылған екі нәтиженің орташа шамасы Р нүктесінің координаталары болып саналады. Қай кезде Р нүктесінің координаталарын бір үшбұрышты шешу арқылы анықтауға болады. Бірақ міндетті түрде λ және λ΄ бұрыштары қиылыспаушылық ±1 тен аспауы керек.

Тура қиылыстыру нәтижесінде Р пунктінің координаталары мына формула бойынша анықталады

Xp = XАctg β + XВctg α + YВ YА/ ctg α + ctg β,

(2.1)

Yp = YАctg β + YВctg α – XВ– XА/ ctg α + ctg β,

мұндағы ХА, УАжәне XВ, YВ– бастапқы пункттердің координаталары.

Кері қиылыстыруда Р – нүктесінің координаталарын анықтау үшін осы нүктеден көрініп тұрған M, N және T пунктерінің бағыттары арасындағы γжәнеγ2бұрыштарын өлшеу жеткілікті, бірақ тексеру үшін, К нүктесін нысаналапγ3бұрышын да өлшеу қажет. Бұл есептің шешуі дұрыс болуы үшін Р нүктесі негізгі үш пункттер арқылы жүргізілген щеңберде жатпауы

керек. Тура және кері қиылыстырулардағы қоординаталар арасындағы айырмашылық пландағы түсіру масштабында 0,6 мм – ден артық болмауы керек. Егер МР және NР бағыттарының α және α2дирекциондық бұрыштары 0 немесе 180˚ - қа жақын болса, онда анықталатын Р пунктінің координаталары тангенстер формулаларымен анықталады

Xp = XMtg α - XNtg α2+ YN- YM,

(2.2)

Yp = YM+ (XP– XN) tg α2.

2.2.5 Жер және тау-кен танабын бөліп алу

Тау-кен кәсіпорнын салу және кеннің пайдалы қазындыларын игеру тек арнайы жер және тау-кен жанабын бөліп беру құжаттарын дайындаған соң жүргізіледі. Жер бөліп алу құжаттарын даярлағанға дейін, құрамында карьердің бас планы бар, кенді қазудың жобасы жасалынады.Карьердің бас планы деп кен қазылатын аудандағы жер бетінің бедері, жобадағы тау-кен қазбалары, өндіріс құрылыстары, үйлер, көлік және энергиялық жүйелері, сондай-ақ тұрғын үйлер массивтері масштабта кескінделген графикалық құжаты атайды. Әдетте оны ситуациялық план деп атайды.

Бас план 1: 5000 ÷ 1: 25000 масштабтарда сызылады. Бас планның жобасына сол ауданның сипаттамасы, құрылыс салынатын алаң, іске қосылатын және кезектегі құрылыс кешендері туралы жазбаша түсіндірме беріледі, онда жер қазу жұмыстарының көлемі, жер бетінде бар, қайта салынатын, салынып жатқан және бұзылатын объектілердің түрлері мен орналасқан орындары, үйлер мен құрылыстары геодезиялық – топографиялық байланыстырулар туралы толық түсінік беріледі. Жұмыс сызбалары дайындау барысында бас план әрдайым толықтырылып отырылады.

Бас планның негізгі объектілеріне карьерлер, шахта оқпандары, бас тау жыныстары үйінділері, байыту фабрикалары, пайдалы қазындылар қоймалары және бумкерлер, байыту фабрикаларының қалдықтар сақтағыштары, темір жол станциялары, өндіріс алаңдары, жөндеу цехтары мен қоймалар, жарылғыш заттарды сақтайтын қоймалар, елді мекендер және тағы басқа жатады.

Тау-кен кәсіпорнына жер бөліп беру деп өндірістік және азаматтық объектілер, құрылыстар салу үшін жер пайдалану құқығы негізінде бөлініп берілген жер бетінің учаскесін айтады. Жер бөліп беру құжаттарын жергілікті басқару әкімшілігі бекітеді.

Тау-кен жанабы деп пайдалы қазындылар өндіру үшін кәсіпорындар мен мекемелерге бөлінетін жер қойнауның бір бөлігін айтады.

2.2.6 Теодолиттік жүрістер

Теодолиттік жүрістер әдісі көбінесе жұмыстар бағыты созылып жатқан карьерлерде, кемерлердің жұмыс алаңдары кен және біргелкі болған жағдайларда қолданылады. Теодолиттік жүрістің ұзындығы 1:1000 және 1:5000 масштабтардағы түсірістерге сәйкес 2,0: 2,5: және 6,0 км аспауы керек. Жүріс қабырғаларының ұзындықтары тексерілген болат лентамен немесе рулеткамен тура және кері бағытта өлшеніледі, сондай-ақ ОТD, АD –1 оптикалық қашықтық өлшеуіш аспаптармен өлшенеді. Бұрыштар дәлдігі 30”- тан кем емес теодолиттерді қолданып екі толық қайталаулау немесе жеке бұрыш әдістерімен өлшеніледі. Теодолиттік жүрістердегі бұрыштық қиылыспаушылық ƒβ = 30” √n шамасынан аспауы қажет, мұнда n – теодолиттік жүрістегі бұрыштар саны. Теодолиттік жүрістегі салыстырмалы ұзындық қиылыспаушылығы 1:3000 шамасынан аспауы қажет.

2.2.7 Биіктік негіздемесін жасау

Түсіру жүйелері пункттерінің бйіктіктері геометриялық немесе тригонометриялық нивелирлеу арқылы анықталады.

Карьердегі геометриялық нивелирлеуде техникалық нивелирдің Н-3, Н-3К және тағы басқа кез-келген түрлері қолданылады. Аспаптан рейкаға дейінгі арақашықтық 150 метрден аспауы керек.

Тұйықталған немесе ренерлер арасындағы жүрістерде нивелирлеу тек бір бағытта ғана жүргізіледі. Бір жағы байланыстырылған нивелирлік жүрістерде нивелирлеу тура және кері бағытта жүргізіледі. Нивелирлік жүрістердегі қиылыспаушылық ±50√ L мм – ден аспауы керек. Мұнда L – жүріс ұзындығы , км.

Шағын триангуляция жүйелерінде горизонталь бұрыштарды өлшеумен қатар тригонометриялық нивелирлеу жүргізіледі.

Егер нивелирлеу бір бағытта жүргізілініп, L > 700 метрден артық болған жағдайда түзетулер еңгізіледі. Егер нүктелер арасындағы арақашықтық едәуір болған жағдайда вертикаль бұрыштарды Т – 2 немесе Т – 5К теодалиттері көмегімен жеке бұрыш әдісімен толық бұрышты табу арқылы өлшейді. Салыстырмалы биіктік тура және кері бағыттарда анықталып, екеуінің орташа мәні алынады.

Тригонорметриялық нивелирлеу жүрістерінің ұзындығы 2,5 км – ден аспауы тиісті және олардың биіктік белгілері геометриялық нивелирлеу

арқылы анықталған маркшейдерлік тірек жүйелері пункттеріне сүйенуі керек.

Тригонометриялық нивелирлеу жүрістерінің биіктік қиылыспаушылығы мына шамадан аспауы керек

fh= ± 0.04 Σℓ √n, (2.3)

мұндағы Σℓ - жүрістің ұзындығы,м;

n – жүрістің сызықтар саны.

Биіктік қиыспаушылығы белгіленген шектен аспаса, онда оны кері таңбамен жүріс қабырғаларының ұзындығына пропорционал етіп бөледі де, түзетілген салыстырмалы биіктік арқылы жүріс төбелерінің биіктік белгілері анықталады. Тригонометриялық нивелирлеудің дәлдігі мына формула бойынша бағаланады

mh= ± √ mδ²L² / Cos³δp² + mL² tg²δ; (2.4)

мұндағы mL– горизонталь арақашықтықты өлшеудің орташа квадраттық қателігі;

mδ– көлбеу бұрышты өлшеудің орташа квадраттық қателігі.

2.2.8 Геометриялық нивелирлеу

Жобадағы биіктік белгілерді жер бетіне көшіру карьерді және құрылыстарды салғанда нүктелердің пландық орындарымен қатар жобадағы биіктік белгілерін жер бетіне шығару қажет болғанда қолданылады. Бұл нүктелердің биіктік белгілерін жер бетіне көшіру геометриялық нивелирлеудің, “ортадан нивелирлеу” әдісімен жасалады. Ол үшін нивелир биіктік белгісі НА белгілі А мен биіктік белгісі НВ жобада берілген В нүктесі арасында орнатылады.

Жобадағы биіктік белгіні кен қазбаларына немесе құрылыс қабырғаларына көшіру есептеліп шығарылған в есептеуін нивелирдің нысаналау сәулесіне дәл келгенше, рейканы көтеру немесе төмен түсіру арқылы орындалады. Рейка тақтасы арқылы жүргізілген сызық нүктенің жобадағы биіктік белгісі болып есетеледі.

Ортадан нивелирлеу – негізгі әдіс. Өсімшелерді өлшеу үшін А нүктесінен В нүктесіне дейін нүктелер ортасына нивелир орнатылады(ереже бойынша, тең арақашықтықта) және визирлік осьті горизонталь жағдайға келтіреді. А және В нүктелерінде нивелирлік рейкаларды орнатады. Артқы рейка а бойынша және алдыңғы рейка b бойынша есеп алады. Өсімшені төмендегі формуламен есептейді

h = a – b. (2.5)

Негізінде өсімшені тексеру үшін екі рет рейканың қара және қызыл бетімен өлшейді.

2.2.9 Оржолдарды қазғандағы маркшейдерлік жұмыстар

Оржолдар жүргізілетін тау жыныстарының өзгешеліктеріне, жер беті бедеріне және де қолданылатын механикаландыру жабдықтарына байланысты оржолдарды қазудың әр түрлі әдістері болады. Оржолдары қазудың қай әдісі қолдансада маркшейдер оржолдың жер бетіне осін және жоғарғы жиегін көрсетеді, оржолдың пландық және биіктік жазықтықтарда бағыттарын береді, оржол табанының жобадағы көлбеулігінің және көлденең қималарының мөлшерінің сақталуын тексереді. Сонымен қатар оржолдың қазылған көлемін мезгілінде анықтап отырады,

Осы жұмыстарды орындау үшін маркшейдер мынадай жоба материалдарын пайдаланады:

– оржолдың планы, одан түйісу нүктелерінің координаталары, түйіскен бағыттардың дирекциондық бұрыштары, бұрылу бұрыштары мен бұрылу радиустары алынады;

– оржолдың байлық қимасы, онда жер бетінің профилі, қара және қызыл биіктік, белгілері көрсетілген оржол жобасының профилі, сондай - ақ жобадағы көлбеулік көрсетіледі;

  • оржолдың ерекше жерлерінің көлденең қималары;

– жарылыс пландары немесе қазбалары орналасқан пландар.

Оржолдарды қазудың ең көп тараған әдістері бар:

– оржолды тік беткей бойынша қазып, тау жыныстарын құрама беткейге тасымалдау;

– оржолды қазып, тау жыныстарын жоғарғы жиектері бойында орналастыру немесе ор жол ернеуі үстінде тұрған көлікке тиеу.

Оржолды бірінші және екінші әдістерімен қазғанда оржолдың осі мен жоғарғы жиектерін бірден бөледі де ағаш қазықтармен бекітеді, сондай - ақ экскаватордың жұмыс кезінде жылжу бағытын көрсетіп тұруы үшін қадалармен белгілейді. Оржолдың көлбеулігі нивелир арқылы беріліп, оржол осі бойынша әр 20-30метр сайын R1 R2 R3 – реперлерімен бекітіледі. Орнатылған реперлер шеті жобадағы биіктік белгілеріне сәйкес болуы керек. Реперлерді пайдалану қолайлы болу үшін және ор жолдың көлбеулігін уақтылы тексеру мақсатымен реперлер ұшына Т – тәрізді визирлер бекітіледі. Жарылыстан кейін маркшейдер ор жолды және қопарылған тау жыныстарды әдетте тахеометриялық әдіспен түсіреді.

Түсіріс нәтижелерінен сызылған план және профильдер арқылы қопарылған тау-кен қоспасының көлемін тиімді бір әдіспен анықтайды.

Содан соң кенжарды тау жыныстарынан тазалау үшін экскавациялау жұмыстарына кіріседі.

2.2.10 Тахеометриялық және ординаталық түсірістер

Пайдалы қазындылар кендерін ашық әдіспен қазғандағы маркшейдерлік түсірістердің негізгі мақсаты жер бетін, геологиялық барлау, тау-кен жұмыстары қазбаларын, құрылыстарды және тағы басқа барынша толық графикалық кескіндеу мен дәл есепке алу және көлемдерін анықтау болып табылады. Түсіру негіздемелері пункттерімен салыстырғанда нүктелердің пландық орындарын анықтаудың орташа қателігі план масштабында ±0,5 мм, биіктігі ±0,2 мм дәлдікті қамтамасыз ететін өлшеулер жүргізіледі. Жердегі түсірістер әдістерінде пикеттердің биіктік белгілерінің айырмашылығы 0,4 метрден аспауы керек.

Тахеометриялық түсіріс әдісі кіші карьерлерде оның жекелеген учаскелерін, аршылған тау жыныстарының көлемін және тағы басқа объектілерді тез және қысқа мерзім ішінде түсіру мүмкіндігі жағынан ең көп таралған түсіріс болып табылады. Даладағы жұмыстар тез арада орындалғанымен, ғылыми өңдеу жұмыстары көп уақыт алады және карьердің қауіпті жерлерінде жұмысшыны рейкамен жүргізіп пайдалану түсірістердің қауіпсіздеу ұтымдылау әдістерін іздестіруді мәжбүр етеді.

Тахеометриялық түсірістерді әдеттегі теодолит – тахеометрлерді немесе тахеометриялық түсірісті жеңілдететін және тездететін тахеометр – автоматтарды Дальта – 020 (Алматы) және ТА-Д1 (Хунгария) қолданып жүргізеді.

Осы аспаптардың дүрбілерінің көз жетер жеріне томографиялық қисық сызықтар кескінделген, олар арқылы вертикаль рейканы пайдаланып горизонталь арақашықтық пен салыстырмалы биіктікті тікелей есептеп алуға болады. Тахеометриялық түсіріс түсіру негіздемелері пункттерінен, кей уақытта тірек жүйелері пункттерінен жүргізіледі. Ал рейка болса түсірілетін жердің ерекше нүктелеріне қойылады. Түсірілетін нүкте мен аспаптың арақашықтығы 1:1000, 1:2000 және 1:5000 масштабтардағы түсірістерге сәйкес 100, 200, 300 метрден аспауы қажет. Тахеометриялық түсірісте қолданылатын теодалит – тахеометрлер ТЗО теодалиттің дәлдігіне сәйкес келеді: вертикаль дөңгелектен есептеу 1; ал горизонталь дөңгелектен –10 дәлдікпен алынады. Рейка бірінің арақашықтықтары 30 метрден аспайтын барлық ерекше нүктелерге қойылады. Түсіріс нәтижелері планға транспортирдің және масштабты сызғыштың көмегімен ±0,5 мм. Дәлдікпен салынады, ал биіктік белгілері 0,1 м-ге дейін дөңгелектеніп жарылады.

Түсірілетін нүктелердің пландық орны сол нүктелерден түсіріліп перпендикуляр, ординаторлар ұзындығымен және сол перпендикулярдян тордың жақын төбесіне дейінгі арақашықтық арқылы анықталады. 15 – метрге дейінгі перпендикуляр көз мөлшерімен, ал 15 – 35 м- лік перпендикуляр эккердің көмегімен тұрғызылады. Түсіру торлары қабырғаларының бойымен өлшелінетін кескінділер ұзындығы 0,1 м дәлдігінен рулетканың көмегімен өлшеніледі. Өлшеу нәтижелері түсірістің даладағы сұлбасына жазылады.

Түсірісіті ғылыми өңдеу түсірілген пункттердің планға 0,5 мм дәлдікпен сызғыш көмегімен салудан, контурларды салып және олардың ерекше нүктелерінің биіктіктерін 0,1 м – ге дейін дөңгелектеп жазудан тұрады.

2.2.11 Экскавациялау кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар

Ашық кендегі қазу - тиеу жұмыстары маркшейдерлік қызмет мынадай түсірістер мен өлшеулерді жүргізеді:

– аршыма жұмыстары және пайдалы қазынды өндіріліп жатқан жерлері дер кезінде түсіріп, пландар мен қималарды толықтырып отырады;

– қазу жүйесі элементтері параметрлерінің жобаға сәйкес сақталып отырылуын уақтылы бақылайды;

– қазу – тиеу және тасымалдауға арналған тау-кен құрал жабдықтарының дұрыс құрастырылуын және тұрақты орнатылуын маркшейдерлік қамтамасы етеді;

– карьердегі қазу – тиеу жұмыстарының айлық, тоқсандық және жылдық даму жоспарын жасауға қатысады;

– есеп беру кезінде өндірілген пайдалы қазынды мен аршылған тау жыныстары көлемін анықтайды;

– аршыма жұмыстары мен пайдалы қазындыны өндіру бағыттарының карьердегі тау-кен жұмыстарының жоспардағы даму бағытына сәйкестігін қадағалап отырады;

– кемердегі пайдалы қазындының толық қазылып алынуын бақылайды.

Карьердегі қазу жүйесінің элементтеріне кемерлер және кемердің жұмыс жасау ұзындығы, карьердің жұмыс аймағы, жұмыс алаңдары, көлік және қауіпсіздік бермалары жатады. Кемердің негізгі параметірі болып оның биіктігі сапалады. Қазу тиеу жұмыстары кезенде маркшейдерлік қызмет кемерлердің жобадағы биіктік мөлшерінің сақталып отырылуын қадағалау қажет. Өйткені әрбір тау-кен жабдықтарының түріне байланысты кемердің тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу биіктігі анықталады. Жұмыс алаңының ең аз ені қазу- тиеу машиналарының, көлік құралының параметріне, көлік құралдарының жүру схемасына және тау жыныстарының бекемдігіне байланысты болады.

Қазу жүйесі элементтері параметрлерінің сақталуын қадағалап отыру карьердің тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.

2.2.12 Тау-кен жыныстары қоспаларын тасымалдау кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар

Кенді ашық әдіспен игеру барысында әр түрлі көлік жолдарын бөліп, оларды пайдалану кезінде жағдайын тексеріп отырады: темір жолды, автомобиль жолдарын, конвейер және болат арқанды желілерді. Маркшейдерлік қызмет көлік жолдарының карьер ернеу мен кемерлерінің горизонталь және вертикаль жарықтықтарда жылжуына байланысты болатын жылжуын уақтылы тексеріп отырады.

Ашық кендегі тау-кен жұмыстарының даму бағытына байланысты көлік жолдарын жылжыту керек болғанда, маркшейдер жобаға сәйкес жолдардың пландағы осьтерін кемердің жұмыс алаңында дер кезінде бөліп, салынуын қадағалап отырады.

2.2.13 Үйінділерді маркшейдерлік қамтамасыз ету

Кендерді ашық әдіспен қазғанда үйіндіден тасымалданатын аршыма тау жыныстарының көлемі шығарылатын пайдалы қазбалар көлемінен бірнеше есе артық болады. Сондықтан кенорнының, яғни карьердің технологиялық кешенінің ең маңызды бөліктерінің бірі саналатын үйінділеу жұмыстарының жағдайы, күнделікті жұмыс барысынан кенді қазу тиімділігіне байланысты болады.

Аршыма тау жыныстары карьердің қазылған кеңістігіне – ішкі үйінділерде немесе карьер сыртында сыртқы үйінділерде орналастырылуы мүмкін.

Үйінді жұмыстарын жоспарлау үшін төмендегі материалдар қажет:

– аршыма тау жыныстарының жоспарлау кезеңіндегі көлемі;

– бөлінген аумақтың шекарасы көрсетілген үйінді дамуының жобадағы жоспары;

– механизмдердің саны, үйіндінің қабылдау қабілеті және олардың сиымдылығының мүмкіндігі, олардың өнімділігі;

– жоспар алдындағы үйіндінің толықтырылған планы мен профилі.

Бос тау жыныстары үйінділерінде мынадай маркшейдерлік жұмыстар жүргізіледі:

– үйіндіні аспаптар көмегімен түсіру, соның нәтижесінде план мен қиманы толықтыру;

– үйінділеу әдістерін таңдауға қатысу;

– көлік жолдарын трассалау, бөлу және профилін жасау;

– сыртқы үйіндіге бөлінген жерді топографиялық түсіру, бұзылатын жерлерден қазылып алынатын құнарлы жапырақ қабатының қалыңдығы мен көлемін анықтау, сол үшін сынамалар алу.

Үйінділеу әдісін үйіндінің биіктігінің беткей бұрышын, пішіні мен оның алып жататын ауданын ескере отырып дұрыс таңдауға болады.

Үйіндінің пішініне, биіктігіне, үйінделетін тау жыныстарының көлеміне, үйінді беткейінің бұрышының мөлшерлері мен аршыма жұмыстарының қопсу коэффициентіне байланысты үйіндінің ауданы келесідей формулалар бойынша анықталады.

Үйінді пішіні дөңгелек болса

Sд=π(√VаKң/πH + Hctgα/ 2 ). (2.6)

Үйінді пішіні квадрат болса

Sкв= (√VаKң/ H + H ctgα). (2.7)

Үйінді тік бұрышты пішінде болса

Sт= n (√VаKң/ nH + H ctgα), (2.8)

мұндағы n – үйінді ұзындығының үйінді еніне қатынасы.

Бос тау жыныстары үйінділерінің маркшейдерлік түсірудің элементтері болып, үйінді қабаттарының жоғарғы және төмендегі жиектері, темір жол және автомобиль жолдары, үйіндінің бұзылған жерлері, опырулар, шұңқырлар, жылжулар болып саналады.

2.2.14 Бұзылған жерлерді рекультивациялауды маркшейдерлік қамтамасыз ету

Кен орнын ашық әдіспен игеру кезіндегі кемшіліктерге жердің бұзылуы жатады. Жер кеденсіне сәйкес тау-кен кәсіпорындары тау-кен жұмыстары барысында барлық бұзылған жерлерді рекультивациялау жобаларына сәйкестендіріп пайдалануға ыңғайлы жағдайға келтіруі тиісті.

Бұзылған жерлерді рекультивациялау дегеніміз бұзылған жерлердің өнімділігін және шаруашылығына жарамдылығын қайтадан қалпына келтіруге, сондай–ақ қоршаған табиғи ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстар.

Бұзылған жерлерді рекультивациялаудың техникалық кезеңіне төмендегідей жұмыстар жасалынады:

– топырақтың құнарлы қабатын қазып алу, тасымалдау және қоймалау;

– тау-кен жыныстарын үйінділерге сұрыптап қамтамастыру;

– үйінділер және карьер ернеулері беткейлерін кесіп еңістету;

– рекультивацияланатын жерлер бетін тегістеу;

– рекультивацияланатын үйінді беттеріне тоырақтың құнарлы қабатын төгу.

Тау-кен жыныстары рекультивацияға жарамдылық дәрежесіне қарай жарамды, жарамсыздау және жарамсыз болып бөлінеді. Осыған орай үйіндіде тау жыныстарын сұрыптап қалыптастырғанда маркшейдерлік қызметтің тікелей міндетіне мынадай жұмыстарды жасау кіреді:

– үйінді жұмыстарының планда дәне профилінде дамуына сәйкес үйінділеуге қажет жарамсыз, жарамсыздау және құрамы топырақ көлемдерін анықтау;

– аршыма тау жыныстарының қазылу және үймелеу орындарының сақталуын қадағалау;

– үйіндіні уақытылы макшейдерлік түсіру;

– кесін еңістету кезіндегі үйінді беткейінің көлбеу бұрышы шамаларының сақталуын тексеріп отыру;

– үйіндінің төгуін уақытылы тексеру;

– үйінді бетін тегістеу кезіндегі тау- кен тегістеу жұмыстары құжатының сақталуын қадағалау;

– үйінді беткейін кесіп еңістеуді екі әдіспен жүргізуге болады, жоғарыдан төменге және төменненге жоғары қарай.

Үйінді беткейін кесіп еңістету жұмыстарының көлемі төмендегі формулалармен анықталады.

Бір қабатты үйінділерде

V = Kh² P sin (α–α1) /sinαsinα1, м. (2.9)

Көп қабатты үйінділерде

Vk = ∑ Vj б, м, (2.10)

i=1

мұндағы k – беткейді кесіп еңістету коэффициенті жоғарыдан төменге қарай К = 0,125 төменнен жоғары қарай К = 0,5;

h – үйінді қабатының біктігі,м;

α– үйінді беткейінің табиғи көлбеулік бұрышы;

α1– үйінді беткейінің кесіп еңістетілгеннен кейінгі көлбеулік бұрышы, градус;

Р – үйінщді периметрі, м;

n – үйінді қабатының саны.

Бұзылған жерлерді рекультивациялау кезінде құнарлы топырақты үйінді бетіне төгу алдында және үйінді бетін тегістеу жұмыстарын жүргізу үшін үйіндінің төгу процессін білу қажет.

Үйіндінің шөгуін әртүрлі әдістермен анықтауға болады. Олардың ішіндегі негізгі әдістерінің бірі үйінді бетінде орналасқан реперлердің биіктік белгілерін белгіленген уақыт аралықтарында нивелирлеу арқылы үйіндінің төгуін анықтау.

2.2.15 Ашық кендегі тау-кен жұмыстарын жоспарлау принциптері

Тау-кен жұмыстарын дамытудың жоспары өндіріс жоспарының және өндірілген өнімді өткізудің техникалық негіздемесі болып саналады. Тау-кен жұмыстарын дамытуды жоспарлау бір мерзім және жұмыс объектілері бойынша жасалынады.

Тау-кен жұмыстарын жоспарлардың негізгі мақсаттары:

– жоспарлау мерзіміне өндіру жоспарының орыдалуын қамтамасыз ету, жыл және ай ішінде;

– техникалық жобаға және қазу тәжірибесіне сәйкес отырып келешекке жоспарланған жоспарға сәйкес тау-кен жұмыстарының жүйелі түрде дамуы;

– пайдалы қазындылар қорларын тиімді пайдалану, өндіру кезінде пайдалы қазындының жоғалымы мен құнарсыздауын азайту;

– тау-кен кәсіорынның және оның жеке учаскелерінің ашылған, дайындалған және қазуға даяр қорларының дер кезінде үздіксіз толықтырылып отыруын қамтамасыз ету.

Тау-кен жұмыстарының даму жоспарын жасағанда маркшейдерлік қызмет мынадай жұмыстарды жүргізуде, өткен кезеңдегі тау-кен жұмыстарының даму жоспарының орындалуымен байланысты материалдарды жинау және толықтыру, жаңа жоспарлау кезеңінде тау- кен жұмыстары жоспарын аршыма жыныстар және өндірілетін өнім бойынщша әр кемерг учаскеге бөлуге қажетті мәліметтерді әзірлеу, тау-кен жұмыстарын дамытудың календарлық жоспарын графикалық безендіріп жасау, тау- кен жұмыстарының барлық графикалық құжаттарын жасау және безендіру.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындау мақсатымен маркшейдер карьердің барлық учаскелерінде толықтыру түсірістерін жүргізіп, түсіріс нәтижелерін пландар мен қималарға салады. Содан соң маркшейдер: аршыма тау жыныстары, пайдалы қазындыларды қазу және экскавациялау жоспарын жоспарлау кезеңіндгі орындалуын әр учаскеге, горизонтқа кемерге және механизмдерге есептеп бөледі.