Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
плагиат.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
585.22 Кб
Скачать

2.1 Геодезиялық жұмыстар

2.1.1 Триангуляция

Триангуляция геодезиялық тірек пункттер торын құру әдістерінің бірі және осы әдістермен жасалған тордың өзі. Ол бір-бірімен жалғасып жатқан үшбұрыштар жүйесінен немесе тордан құралады.

4класс триануляциясын дамыту үшін 3 класс триангуляциясы пункті, қорытынды пункт болып табылады:

1 пункт – А пункті;

2 пункт – В пункті.

4 класс триангуляциясының жобаланған пунктері: 1 – ші разрядты триангуляциясы үшін қорытынды мәлімет беретін қызмет атқарады.

IV класс триангуляция желісі пунктері санында және I разрядты полигометрия пунктер санында жобаланады. IV класс триангуляция өздігінен ұшбұрыштар тізбесін құрайды.

Триангуляция торының бұрышындағы инструменттер, өлшеу әдістері мен орташа квадраттық қателер. Жақтар ұзындығын светодальномермен өлшеу.

III - IV класс триангуляция торындағы бұрыштар Leica TC407 электронды тахеометрімен өлшенеді. Горизонталь бағытындағы бұрыштарды бақылау айналдыру әдісімен жүргізіледі. Әдістер саны жер класына және қолданылатын инструментке байланысты болады.

Инструмент

типі

Leica TC407

Триангуляция класы

3

4

Әдістер саны

9

6

Бұрыш өлшеудің орташа квадраттық қатесі III класс үшін + 1,5”, ал 4 класс үшін+ 2”, үшбұрыштарда шекті қате+ 8”.

2.1.2 Полигонометрия

Полигонометрия - топографиялық түсірудің, қалалардың жоспары мен құрылысының негізі болатын геодезиялық тірек торын құру үшін жер беті нүктелерінің өзара орналасуын анықтау кезінде қолданылатын тәсілдердің бірі. Пункттердің берілген санақ жүйесіндегі координаттары полигонометрия тәсілі арқылы табылады. Ол үшін пункттер тізбегін өзара қосу нәтижесінде алынған полигонометриялық жол құрылады. Сол кесінділердің арасындағы бұрыштар анықталады. Мұнда бастапқы және соңғы пункттердің белгілі бір нүктеге қарағандағы дирекциондық бұрыштары алдын-ала белгілі болады. Мұнда бұрыштар теодолитпен, ал полигонометр жолдың жеке кесінділерінің ұзындығы болат не инвар ленталармен өлшенеді.

Полигонометрия разряды, жүрістердің жалпы ұзындығы, пунктер саны. Өндірістік алаң территориясында 1 разряд тиангуляциясына 1-ші разрядты полигонометрия құру жобаланып отыр, ұзындығы 4950 метр.

2.1.3 Топографиялық түсіріс

Топографиялық түсіріс – жер беті бөлікшесінің жергілікті заттары мен бедерін шартты белгілермен қағазда белгіленген масштабта бейнелеу мақсатымен жүргізілетін далалық және камералық жұмыстар кешені. Топографиялық түсіріс ортогональді проекцияда 1:100 000 және одан ірірек масштабтарда жасалады. Мемлекеттік геодезиялық пландық және биіктік тораптар пункттері топографиялық түсірістің пландық және биіктік негізі болады.

Топографиялық түсіріске қамтылатын шаралар:

–түсіру торабын құру;

–аэрофотосуреттерді далалық дайындау және оларды анықтау ісін жүргізу;

–геодезиялық пункттерден және түсіру желісі нүктелерінен жергілікті жердегі заттардың орындарын анықтау және оларды шартты белгілермен планшетке түсіру масштабына сәйкес дәлдікпен және толықтығымен салу;

– жергілікті жердің бедерін горизонтальдармен бейнелеу; елді мекендердің, өзендердің, көлдердің, шатқалдардың және т.б. өз атауларын анықтау;

–картада көрсетілетін жергілікті жердегі кейбір нысандардың сипаттамаларын, өзендердің ағыс жылдамдығын және терендігін, көпірлердің жүк көтергіштігін, ағаш түрін, батпақтан өтпелерді және т.б. тиісті ұйымдардан білу немесе тікелей анықтау.

Топографиялық түсіріс аэрофототопографиялық, мензулалық және фототеодолиттік түрлерге бөлінеді. Аэрофототопографиялық түсіріс кезінде аталған жұмыстардың біршамасы фотограмметриялық аспаптарда камералық жағдайда орындалады. Топографиялық түсіріс нәтижелерінің планшеттері түсіріс масштабында шығарылатын топографиялық карталарды жасаудың түпнұсқасы немесе ұсақ масштабтағы картаны жасау үшін негізгі материал болады. Инженерлік құрылыстар үшін орындалатын тахеометриялық және теодолиттік түсірістер инженерлік геодезия саласына жатады.

Топографиялық түсіру – жергілікті жердің жоспары мен топографиялық картасын жасау кезіндегі орындалатын жұмыс кешені. Түсіру желісінің дамуы (тірек нуктелерінің жоспарлы және биіктік қалпын анықтау); егжей-тегжейлі түсіру (жергілікті жердің элементтері мен объектілерінің жоспарлы қалпы мен биіктігін анықтау, жергілікті жер объектілерінің өз атауларын, олардың сандық және сапалық. сипаттарын белгілеу, топографиялық шартты белгілермен түсіру немесе кұру түпнұскасын сызу. Топографиялық түсіру түрлері аэрофототопографиялық, мензулалық, тахеометриялық, жер үсті фотографиялық түсіру. Аэрофототопографиялық түсіру – аспаптар көмегімен жергілікті жерді аэрофотоға түсіру – топографиялық түсірудің негізгі түрі.

Аэрофототопографиялық түсіру стереотопографиялық немесе аралас әдіс бойынша анықталады. Стереотопографиялық өдісті жергілікті жердің барлық элементтері камералы фотограмметриялық аспаптарда құрылады; аралас әдісте картаның контурлы бөлімі аэрофототүсіру арқылы, ал жер бедері мензулалы түсіру төсіддері арқылы құрыладық. Аэрофототопографиялық түсіру 1:10 000 – 1: 100 000 масштабтағы топографиялық карталар жасау кезінде қолданылады.

2.1.4 Нивелирлік түсіріс

Нивелирлеу  – жер бетіндегі нүктелердің биіктіктерін қайсы бір бастапқы нүктемен немесе бастапқы деңгейлік бетпен салыстыра отырып анықтау.

Нивелирлеу тірек геодезия желісін түзу, топографиялық түсірулердің биіктік негізін құру, жер бедерін түсіру, түрлі ғимараттарды, тас жол мен тас жолды жобалау, тағы басқа мақсаттарда жүргізіледі. Жер пішінін зерттеу, жер қыртысының вертикаль қозғалыстарының шамасын анықтау, теңіз және көл деңгейінің өзгерісін белгілеу, тағы басқа ғылыми зерттеулерге қажет мағлұматтар береді. Нүктелердің биіктігі іргелес екі нүктенің биіктік айырымына қарай анықталады. 

Жобада топографиялық түсірудегі негіздеу үшін ІІІ - класс нивелирленген желісі және инженерлік сұрақтарды шешу жобаланған.

ІІІ – класс нивелирлеу желістері І және ІІ нивелирлеу пунктеріне сүйенеді. ІІІ класс нивелирлеу желістері тура және кейін жүру бағыттарында салынады.

Геодезиялық тордың өрістетуінің оңтайлы варианты, өндірістік қажетті жұмыстардың шығынының ең аз құны бойынша анықталады.