Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЭТ метод семинар 2014-2015 (1).docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
182.9 Кб
Скачать

Тақырып 14. Мемлекеттік реттеу: мәні , мақсаты, бағыттары.

2. Мақсаты

  • Экономикалық теория негіздері бойынша білім қалыптастыру

  • Экономикалық теория негіздерін оқу барысында ынталандыруды дамыту.

3. Оқыту мақсаты

  • Сабақ тақырыбына сәйкес жаңа түсініктерді меңгеру.

  • ҚР экономикасының қазіргі дамуында рыноктық қатынастарды мемлекеттік реттеудің қажеттілігін негіздеу.

  • Мемлекеттің ақша-несие және қаржы жүйелерінің қызмет ету механизмі туралы білімдерін бекіту.

  • Шағын топтармен, тестік тапсырмалармен және пікір сайыс сұрақтарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, қызметтері, құралдары.

2. Ақша жүйесінің түсінігі және типтері. Ақша агрегаттары.

3. Ақша - несие жүйесінің құрылымы. Қазақстан Респуликасындағы нарықтық типтегі несие жүйесінің құрылымы.

4. Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығын және жиынтық сұраныс.

5. Қазақстан Республикасындағы салық және фискалды саясат.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: «Сұрақ-жауап» үлгісіндегі сұхбат, тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары).

6. Әдебиеттер

1. Шеденов Ө,Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. "Жалпы экономикалық теория" Алматы-Ақтөбе, 2009.

2. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы /профессор Жатқанбаевтың жетекшілігімен/ Алматы, 2006ж. 300 бет.

3. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы - Алматы, 2005.

4. Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Экономикалық теория негіздері. Оқуқұралы - Алматы, Санат, 2004.

5. Есқалиев М.Д., Өткен кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі көзұарас. Алматы, 2004.

6. Экономикалық теория (оқу құралы) С. Әкімбаев, А.С. Баймұхамбетов Астана, 2002ж.

7. Бақылау (тесттік тапсырмалар)

1. Интенсивті экономикалық өсудің маңызды факторы:

  1. ғылыми-техникалық прогресс;

  2. жұмыс күшінің санының өсуі;

  3. капиталдың өсуі;

  4. табиғи ресурстардың өсуі;

  5. қолданылатын факторлардың санының өсуі.

2. Экономикалық өсудің жаңа сапасы ұғымына қатысы жоқ:

  1. табиғи ресурстардың сарқылуы;

  2. бос уақыттың өсуі;

  3. әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы;

  4. адам капиталына инвестицияның өсуі;

  5. еңбекке қабілетсіз адамдарды әлеметтік қорғау.

3. Қазіргі экономикалық цикл …… байланысты:

  1. жиынтық сұраныс динамикасына елеулі әсер ететін факторлар-мен;

  2. ұсыныс динамикасына елеулі әсер ететін фактормен;

  3. тек сыртқы факторлармен;

  4. тек ішкі факторлармен;

  5. кездейсоқ саяси факторлармен.

4. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің маңызды фактор-лары:

  1. технологиялық өзгерістер;

  2. жұмыс уақытының өсуі;

  3. қолданылатын капитал көлемінің өсуі;

  4. жұмыс күшінің біліктілігінің өсуі;

  5. өндіріске қосымша шикізат ресурстарын тарту.

5. Интенсивті экономикалық өсу жүзеге асырылады:

  1. жетілген өндіріс факторлары мен технологияны, яғни ҒТП-ті пай-далану арқылы;

  2. қосымша өндіріс факторларын пайдалану арқылы;

  3. халықаралық сауданы дамыту арқылы;

  4. ұлттық валютаны еркін айырбасталатын валюта мәртебесіне жеткізу арқылы;

  5. циклдық экономикалық ауытқуларды жою

6. Елдің өндірістік әлеуетін ұлғайту үшін:

  1. таза инвестициялар амортизация мөлшерінен артық болуы керек;

  2. ЖҰӨ ТҰӨ-нен амортизация мөлшеріне артық болуы керек;

  3. ҰТ үй шаруашылығы мен мемлекеттің тұтыну шығыстарынан артық болуы керек;

  4. ТҰӨ ҰТ-тан артық болуы керек;

  5. ҰТ үй шаруашылығының қолдағы табысынан артық болуы керек.

7. Төменде көрсетілгендердің қайсысы Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің басым индикаторы болып табылады?

  1. ішкі тұтынудағы импорт үлесі;

  2. инвистицияның ЖІӨ қатысты % көлемі;

  3. күнкөрістің ең төменгі деңгейінен де төмен табысты халық үлесі;

  4. жұмыссыздық деңгейі;

  5. ЖІӨ ішкі қарыздың пайыздық көлемі.

8. Халықаралық сауданың дамуына кедергі бола алмайды:

  1. еркін сауда салмағы;

  2. тарифтер;

  3. тарифтік емес шектеулер;

  4. квоталар;

  5. бюрократиялық.

9. Шетел капиталын тартудың қаржылық емес әдісіне не жатады?

  1. тікелей салық жеңілдіктерін белгілеу;

  2. субсидия;

  3. жедел амортизация;

  4. қолайлы инвестициялық климатпен заңды түрде қамтамасыз ету;

  5. құрал-жабдықтар импортын кеден төлемдерінен босату.

10. ХВҚ негізгі міндетіне жатпайды:

  1. валюталық сферада халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу;

  2. ХВҚ мүше-елдерінің экономикалық қызметін жоспарлау;

  3. 3.ХВҚ мүше-елдеріне несие беру;

  4. кеңес беру жөнінде көмек көрсету;

  5. валютаның конвертациялануына көмектесу.

11. Халықаралық сауда өзара тиімді болады, егер:

  1. елдердің белгілі бір тауарды өндіруде салыстырмалы артықшылығы болса;

  2. елдердің белгілі бір тауарды өндіруде ешқандай артықшылығы болмаса;

  3. елдердің белгілі бір тауарды өндіруде абсолютті артықшылығы болмаса;

  4. елдер протекционизм саясатын жүргізсе;

  5. елдер еркін сауда саясатын жүргізсе.

12. Қандай анықтама экономикалық теорияның зерттеу пәнін дәл анықтайды?

а) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінің динамикасы туралы ғылым

б) адам іс-әрекетінің құлшыныстары туралы ғылым

в) игіліктерді өндщіру және бөлу туралы ғылым

г) ресурстардың шектеулілігі жағдайында қоғам дамуының жалпы заңдары туралы ғылым

д) ақша ресурстарын басқару туралы ғылым

13. “Политэкономия” терминін өз еңбегінде ең алғаш қолданған кім?

а) Адам Смит

б) Антуан де Монкретьен

в) Аристотель

г) Карл Маркс

д) Альфред Маршалл

14. “Экономикс” терминін өз еңбегінде қолданысқа енгізген кім?

а) Жан Батист Сэй

б) Артур фон Хайек

в) Альфред Маршалл

г) Джон Мейнард Кейнс

д) Пол Самуэльсон

15. Экономикалық теорияның тарихи ең алғаш қалыптасқан мектебі қандай?

а) марксизм

б) меркантилизм

в) кейнстік ілім

г) классикалық политэкономия

д) монетаризм