Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЭТ метод семинар 2014-2015 (1).docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
182.9 Кб
Скачать

Тақырып 13. Жұмыссыздық және инфляция

2. Мақсаты

  • Экономикалық теория негіздері бойынша білім қалыптастыру

  • Экономикалық теория негіздерін оқу барысында ынталандыруды дамыту.

3. Оқыту мақсаты

  • Сабақ тақырыбына сәйкес жаңа түсініктерді меңгеру.

  • Инфляция мен жұмыссыздықтың пайда болу себептері мен механизмін ашу.

  • Экономикада жұмыссыздық пен инфляция мәселелерін шешу деңгейінің маңыздылығын негіздеу.

  • Тестік тапсырмалармен және пікір сайыс сұрақтарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Инфляцияның мәні, түрлері, себептері.

2. Инфляция механизмі. Инфляция сұранысы, инфляция шығыны.

3. Жұмысбатылық пен жұмыссыздық ұғымдарының мазмұны. Жұмыссыздық түрлері және себептері.

4. Жалпы ұлттық өнім мөлшеріне ықпалы. Оукен заңы.

5. Инфляция мен жұмыссыздықтың әлеуметтік - экономикалық салдарлары. Жұмыссыздық пен инфляцияның өзара байланыстылығы. Филлипс қисық сызығы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: «Сұрақ-жауап» үлгісіндегі сұхбат, тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары).

6. Әдебиеттер

1. Шеденов Ө,Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. "Жалпы экономикалық теория" Алматы-Ақтөбе, 2009.

2. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы /профессор Жатқанбаевтың жетекшілігімен/ Алматы, 2006ж. 300 бет.

3. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы - Алматы, 2005.

4. Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Экономикалық теория негіздері. Оқуқұралы - Алматы, Санат, 2004.

5. Есқалиев М.Д., Өткен кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі көзұарас. Алматы, 2004.

6. Экономикалық теория (оқу құралы) С. Әкімбаев, А.С. Баймұхамбетов Астана, 2002ж.

7. Бақылау (тесттік тапсырмалар)

1. «Толық жұмысбастылық» деген ұғым нені білдіреді?

а) жұмысқа жарамды халықтың жаппай жұмыспен қамтылуы

б) жұмыссыздықтың жоқтығы

в) «еріншектермен» күрес ұғымымен байланысты

г) «табиғи жұмыссыздықтың» 3-5% болуы

д) зейнеткерлердің жұмыспен қамтылуы

2. Жұмыссыздар қатарына жатпайды:

а) тауар мен қызмет өндірісінде жұмыспен қамтылмаған жұмыс күшінің бөлігі

б) алдыңғы 4 апта бойы жұмыс табуға талпыныс жасағандар

в) еңбек биржасында тіркелгендер

г) әртүрлі жағдайлармен жұмыстан шыққанда, оның ішінде өз еркімен кеткендер

д) мүлдем жұмыспен қамтылмағандар және жұмыс іздемегендер

3. Елдегі жұмыссыздықты қандай көрсеткіштер бейнелейді?

а) жұмыссыз жастар деңгейі

б) экономика құрылымындағы өзгеріс

в) жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы

г) жұмысбастылардың саны

д) жұмыссыздық деңгейі мен жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы

4. Бос қызмет орны жөніндегі толық емес ақпарат қандай жұмыссыздықпен байланысты?

а)фрикциондық

б)құрылымдық

в)институционалдық

г)циклдық

д) ерікті

5. Жұмыссыздықтың жақсы жағы неден көрінеді?

а) біліктілікті жоғалту

б) жұмысбастылардың жұмыстағы тәртібінің жоғарылауы

в)экономикалық потенциалды толығымен пайдаланбау

г)ұлттың психикасының бұзылуы

д)отбасының, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі

6. Жұмыссыдықтың жағымсыз жағы неден көрінеді?

а) жұмысбастылардың жұмыстағы тәртібінің жоғарылауы

б) жұмыс күшінің қоры өндірістің ұлғаюының алғы шарты болып табылады

в) халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі

г) жалақыны көбейту жөніндегі кәсіподақ талаптары қалыптасады

д) кәсіпкерлікке деген ынтаны жоғарылатады

7. Салалар мен аймақтардың біркелкі жетілмеуінен пайда болған жұмыссыздық қай жұмыссыздық түріне жатады?

а)фрикциондық

б)құрылымдық

в)институционалдық

г)циклдық

д)ерікті

8. Дағдарыс пен тоқырау кезеңдерінде өндірістің құлдырауынан пайда болған жұмыссыздық қай жұмыссыздық түріне жатады?

а)фрикциондық

б)құрылымдық

в)институционалдық

г)циклдық

д)ерікті

9. Толық жұмысбастылық дегеніміз не?

а) экономикадағы фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық болған жағдайдағы жұмысбастылық

б) жұмыссыздықтың деңгейі 0-ге тең болатын жағдай

в) циклдық жұмыссыздықтың ғана болуы

г) еңбекке деген сұраныс және ұсыныстың сәйкестігі

д) жұмыс күші мен жұмыс орындары санының сәйкестігі

10. Жұмыспен қамтылмаған жұмысшы күшінің үлесі:

а) циклдық жұмыссыздық

б) жұмыссыздық деңгейі

в) жұмыссыздықтың табиғи деңгейі

г) жасырын жұмыссыздық

д) фрикциондық жұмыссыздық

11. Табиғи жұмыссыздық деңгейін құрайды:

а) циклдық жұмыссыздық

б) жасырын жұмыссыздық

в) фрикциондық жұмыссыздық

г) құрылымдық жұмыссыздық

д) фрикциондық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықтың жиынтығы

12. «ҚР-сының жұмысбастылық туралы» Заңына сәйкес жұмыссыздарға жатады:

а) экономикалық жағынан белсенді халық

б) өз еркімен еңбек ететін халық

в) еңбекке қабілетті жастағы жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істеуге ниеті бар адамдар

г) өз бетімен жұмыс іздеушілер

д) тұрмыс жағдайы нашар, еңбек биржасында тіркелген еңбекке қабілетті азаматтар

13. Инфляция неден көрінеді?

а) алтынның нарықтық бағасының өсуінен

б) тауар бағасының өсуінен

в) ұлттық валюта бағамының төмендеуінен

г) халықтың сұраныстың төмендеуінен

д) алтынның нарықтық бағасының, тауар бағасының өсуінен

14. Ұсыныс инфляциясы неден пайда болады?

а) жиынтық сұраныстың өсуінен

б)өндіріс шығындарының өсуінен

в)жиынтық ұсыныстың өсуінен

г)жиынтық сұраныстың төмендеуінен

д)өндіріс шығындарының төмендеуінен

15.Сұраныс инфляциясы не себепті пайда болады?

а) жиынтық сұраныстың өсуінен

б)өндіріс шығындарының өсуінен

в)жиынтық ұсыныстың өсуінен

г)жиынтық сұраныстың төмендеуінен

д)өндіріс шығындарының төмендеуінен