Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЭТ метод семинар 2014-2015 (1).docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
182.9 Кб
Скачать

Тақырып 12. Экономикалық даму циклі.

2. Мақсаты

  • Экономикалық теория негіздері бойынша білім қалыптастыру

  • Экономикалық теория негіздерін оқу барысында ынталандыруды дамыту.

3. Оқыту мақсаты

  • Сабақ тақырыбына сәйкес жаңа түсініктерді меңгеру.

  • Экономикадағы циклдық өзгерістердің мәні мен себептерін анықтау.

  • Экономиканы антициклдық реттеудің қажеттігін негіздеу.

  • Шағын топтармен, тестік тапсырмалармен және пікір сайыс сұрақтарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

  1. Макроэкомикалық тепе-теңдік. Жиынтық сұраныс және ұсыныс.

  2. Экономикалық цикл: мәні, себептері және фазалары.

  3. Қысқа мерзімдік, орта мерзімдік, ұзақ мерзімдік циклдары.

  4. Экономикалық өсудің типтері және факторлары. Қазақстаннық инновациялық дамуы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: «Сұрақ-жауап» үлгісіндегі сұхбат, тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары).

6. Әдебиеттер

1. Шеденов Ө,Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. "Жалпы экономикалық теория" Алматы-Ақтөбе, 2009.

2. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы /профессор Жатқанбаевтың жетекшілігімен/ Алматы, 2006ж. 300 бет.

3. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы - Алматы, 2005.

4. Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Экономикалық теория негіздері. Оқуқұралы - Алматы, Санат, 2004.

5. Есқалиев М.Д., Өткен кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі көзұарас. Алматы, 2004.

6. Экономикалық теория (оқу құралы) С. Әкімбаев, А.С. Баймұхамбетов Астана, 2002ж.

7. Бақылау (тесттік тапсырмалар)

  1. Өнеркәсіптік циклдың мәнін келесі сатылардың болуы сипаттайды:

    1. дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу;

    2. экспансия, рецессия

    3. төмендеу, өсу;

    4. жандану, өрлеу, бум, максималды құлдырау нүктесі;

    5. дағдарыс және құлдырау

2. Циклдық бұл:

А) макроэкономикалық тепе-тендіктің келесі тепе-теңдікке қозғалысы

В) экономикалық жүйеге кездейсоқ құбылыстардыңдың әсері (импульс, шок)

С) төлем қабілеттілігі бар сұраныспен салыстырғанда товардың артық өндірілуі

Д) өндіріс тоқырауының салыстырмалы кезеңі

Е) экономиканың шеңбер бойымен қозғалысы

3. Экономикалық дамудың циклдық сипаттамасы;

А) ағымды сипаты бар экономикалық коньюктурадағы ауытқулар

В) іскерлік белсенділіктің ағымды төмендеуінде

С) барлық жауаптар дұрыс емес

Д) іскерлік белсенділіктің ағымды жоғарлауы

Е) төлем қабілеті бар сұраныс пен салыстырғандағы таварлардың артық өндірілуі

4. Экономикалық коньюктураның ауытқулары мына кезеңдер мен орта мерзімді экономикалық циклдарға жатады:

А) 50 және жоғары

В) 30 жыл

С) 10 жыл

Д) 1 жыл

Е) 5 жыл

5. Экономикалық дамудын циклдық сипаты мынаған тән:

А) нарықтық экономикаға

В) дәстүрлі экономикаға

С) әміршіл-әкімшіл экономикаға

Д) барлық жауаптар дұрыс

Е) барлық экономикалық жүйеге тән

6. Экономиканың жандануы кезінде.

А) өндірістің нақты көлемі жоғарлайды

В) өндірістің номиналды көлемі жоғарлайды

С) өндірістің номиналды көлемі өзгеріссіз қалады

Д) өндірістің нақты көлемі төмендеп, номиналды көлемі өседі

Е) өндірістің нақты көлемі және номиналды көлемі азаяды

7.Тоқыраудың негізгі сипаты:

        1. өндіріс бір орнында қозғалысыз болады;

        2. тауар қоры біртіндеп азая бастайды;

        3. инвестициялық сұраныс қысқарады;

        4. тұтыну сұранысы төмендейді;

        5. сауда өте баяу.

8.Өнеркәсіптік цикл мәнін келесі фазалардың болуы сипаттайды:

    1. дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу;

    2. экспансия, рецессия

    3. төмендеу, өсу;

    4. жандану, өрлеу, бум, максималды құлдырау нүктесі;

    5. дағдарыс және құлдырау

9. Аталған жағдайлардың қайсысы экономикалық құлдырау жағдайына тән емес:

А) ұзақ мерзімді құрал-жабдықтар қызметіндегі инвестициялардың төмендеуі

В) акция курсының төмендеуі, еңбекке деген төмен сұраныс

С) салық түсімдерінің қысқаруы

Д) жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы көлемінің төмендеуі

Е) еңбек ақынын өсуі

10. Экономикалық құлдырау кезеңінде ұлттық шаруашылықтағы жиынтық сұраныс:

А) артады

В) азаяды

С) өзгеріссіз қалады

Д) артып та, азая да алады

Е) тұрақтандырылады

11. Рыноктык экономика жағдайында дағдарыс ең алдымен келесі көрсеткіш бойынша көрініс алады:

      1. несиенің қысқаруы;

      2. ссудалық пайыз мөлшерінің өсуі;

      3. тауар артықшылығы;

      4. пайданың төмендеуі;

      5. кәсіпорынның банкрот болуы.

12. Дағдарыс мерзіміне қарай келесідей болып

бөлінеді:

    1. қысқа мерзімді

    2. ұзақ мерзімді

    3. орта мерзімді

    4. мерзімдерге бөлінбейді

    5. А,В,С жауаптары дұрыс

13. Өндіріс дағдарысы кезінде байқалады:

А) жұмыссыздықтың өсуі

В) жұмыссыздықтың төмендеуі

С) жұмысбастылық өзгермейді

Д) барлық жауаптар дұрыс емес

Е) жұмысбастылық өседі