Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЭТ раб.прог. казакша ТФП.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
116.26 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

«ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ФАРМАЦИЯДАҒЫ ЭКОНОМИКА» МОДУЛІ

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

«Бекітемін»

О және ТЖ жөніндегі проректор

проф. Тулебаев К.А.

________________

«___» ________2014ж.

Жұмыс бағдарламасы

Модуль «Денсаулық сақтау және фармациядағы экономика»

Пән «Экономикалық теория незіздері», ОЕТ 1110

Мамандығы:074800 «Фармацияөндіріс технологиясы»

Оқу формасы: күндізгі

Оқу сағатының көлемі (кредит) - 90 сағат, 2 кредит

Курс-2, Семестр- 1,2

Бақылау нысаны - емтихан

Алматы, 2014

Жұмыс бағдарламасы әль-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің 2013 жылы шыққан типтік оқу бағдарламасының негізінде жасалынған.

«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасын074800 – «Фармацияөндіріс технологиясы» мамандығы үшін оқытушы Жұматай Ж.Ж. құрастырды. Денсаулық сақтау және фармациядағы экономика» модулінің мәжілісінде

«__» _________________2014ж., хаттама № ___ қарастырылған.

Модуль меңгерушісі_____________________ Садыров Г.А.

Жұмыс бағдарламасы «Фармация» және «Фармацияөндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары Комитетінде талқыланған

«____» ______________ 2014ж., хаттама № ____

ББК төрайымы _______________ Кадырбаева Г.М.

Жұмыс бағдарламасы «Менеджмент» мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары Комитетінде талқыланған

«____» ______________ 2014ж., хаттама № ____

ББК төрайымы _______________ Рамазанова Р.К.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ОӘК бекітілген

ОӘК төрағасы,

ҚазҰМУ проректоры _______________________________ Тулебаев К.А.

1. Жалпы мәлімет:

1.1 Жоғарғы оқу орнының аты: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті

1.2 Модуль «Денсаулық сақтау және фармациядағы экономика»

1.3 Пән«Экономикалық теория негіздері», ЕТ 1110

1.4 Мамандығы: 074800 «Фармация өндіріс технологиясы»

1.5 Оқу сағатының көлемі (кредит) - 90 сағат, 2 кредит

1.6 Оқыту курсы және семестрі - 1 курс, 1,2 семестр

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Экономикалық теорияның мәні - барлық экономикалық пәндерді танудың теориялық және әдіснамалық негізі болып табылады және экономикалық көзқарасты қалыптастырады. Экономикалық теория теориялық білімді жүйелендіруді қамтамасыз етеді, экономикалық заңдылықтарды дербес талдау дағдысын дамытады, белсенді азаматтық позицияны қалыптастырады.

Экономикалық теория курсы экономиканы жүйе ретінде қарастырады, негізгі катергориялардың мәнін ашып, негізгі түсініктер, экономикалық дамудың заңдылықтары туралы түсініктеме береді. Бұл пәнді оқу адамның табиғаттағы, қоғамдағы, экономикадағы орны мен рөлін ғылыми анықтауға мүмкіндік береді, қазіргі жаһандық құбылыстар жағдайында құбылыстар мен процестер арасындағы диалектикалық байланысты түсінуге мүмкіндік береді.

Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар. Ол классикалық саяси экономия еңбектерінен бастау алады. XIX ғасырдың соңғы ширегінен бастап «саяси экономия» «экономикске» ауыстырылды. Ғылым сол атаумен ағылшын тілді елдерде дами бастады. Қазіргі жағдайда ТМД елдерінде «Экономикалық теория» курсы оқытылады.

Экономикалық теория курсының зерттеу объектісі қоғамның бүкіл экономикалық жүйесі болып табылады.

Экономикалық теорияның әдістері: тарихи және логикалық әдістердің бірлігі, жүйелік тәсіл, графикалық және экономика-математикалық талдауды қолдана отырып экономикалық процестерді моделдеу болып табылады.

2.2 Пәннің мақсаты«Экономикалық теория» курсының мақсаты қоғам дамуының экономикалық заңдылықтары және олардың тиімді қызмет ету мәселелері туралы білім жүйесін қалыптастыру.