Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СилабусБиофизказ-13-14.doc
Скачиваний:
205
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
2.44 Mб
Скачать
  1. электростимулятор қолданылады

  2. Терапевтикалық контур қолданылады

  3. Электродтар қолданылады

  4. датчиктер (түрлендіргіштер) қолданылады

  5. Люминесценттер қолданылады

2. АЖЖ сәулесі дененің тереңдігіне енуі :

А) 1 нм

B) 1 мкм

C) 0,1 мм

D) 1 см

E) 1 м.

3. Дене беті мен арнайы электрод арасында түзілетін, әлсіз жоғары жиілікті электр разрядын қолдану әдісі:

  1. дарсонвализация

  2. диатермия

  3. диатермокоагуляция

  4. индуктотермия

  5. аэроионотерапия

4. Ағзаға жоғары жиілікті үздіксіз электр тогымен әсер ету әдісі:

  1. электростимуляция

  2. дарсонвализация

  3. Статистикалық душ

  4. аэроионотерапия

  5. электрохирургия

5. УЖЖ терапия аппаратындағы терапевтік контурдың қолданылуы:

  1. Биопотенциалдарды күшейту

  2. Пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

  3. Электромагниттік тербелістерді генерациялау

  4. Дене бетінің екі нүктесінің арасындағы потенциалдар айырымын түсіру.

6. Ағзаға электр тогымен әсер етуде:

  1. датчиктер қолданылады

  2. оқшауланған электродтар қолданылады

  3. адам денесіне электродтарды жапсыру

  4. ауруды электродтар арасына белгілі бір арақашықтықта орналастыру

  5. терапевтік контур

7. Ағзаға электр және магнит өрістерімен әсер етуде:

  1. датчиктер қолданылады

  2. оқшауланған электродтар қолданылады

  3. адам денесіне электродтарды жапсыру

  4. ауруды электродтар арасына белгілі бір арақашықтықта орналастыру

  5. терапевтік контур

8. УЖЖ өрiстiң қарқындылығы.

    1. Өрiс көзiнен қашықтаған сайын артады

    2. Өрiс көзiнен қашықтаған сайын өзгерiссiз қалады

    3. Өрiс көзiнен қашықтаған сайын кемидi

    4. Өрiс көзiнiң қашықтығына тәуелдi емес

    5. Өрiс көзiнiң бағытына тәуелдi және қашықтаған сайын бiр бағыттағы қарқындылық артады

9. УЖЖ электромагниттік тербелісті көрсетіңіз:

А) 300-2375 МГц

B) 30-300 МГц

C) 20 Гц –20 КГц

D) 1-10 МГц

E)100 Гц – 500 КГц

10. Ағза ұлпалары арқылы жоғары жиілікті электр тогы өткенде жылу мөлшері бөлінеді. Бұл әдіс

  1. гальванизация

  2. дарсонвализация

  3. диатермия

  4. индуктотермия

  5. УВЧ-терапия

11. Адам денесiнiң терiсi мен шыршықты қабықшасы арқылы өтетiн жоғары жиiлiктi әлсiз электр разрядына негiзделiнген әдiс:

  1. гальванизация

  2. дарсонвализация

  3. диатермия

  4. индуктотермия

  5. УЖЖ-терапия

12. Адам ағзасына электр сигналдарымен тітіркендіру әсері:

    1. психологиялық күйінен тәуелді

    2. физикалық жұмыстан тәуелді

    3. дымқыл теріден тәуелді

    4. электр импульстарының амплитудасынан және ұзақтығынан тәуелді

    5. электродтар формасынан және ауданынан тәуелді

13. УЖЖ терапия кезінде пациентке:

  1. Айнымалы электр өрісі әсер етеді

  2. Айнымалы магнит өрісі әсер етеді

  3. Тұрақты электр өрісі әсер етеді

  4. Айнымалы электр өрісі әсер етеді

14. Дарсонвализация кезінде электрод және тері арасында пайда болатын электр разряды:

  1. нерв рецепторларының аяқталуына әсер береді

  2. сезімтал мүшелерге әсер береді

  3. шыршықты қабықшаларға әсер береді

  4. зат алмасуына әсер береді

  5. бұлшық еттерге әсер беру

15.УЖЖ - терапия аппараты:

  1. Сигналды күшейткiштерден тұрады

  2. Екi тактiлi шамдық генератордан және терапевтiк контурдан тұрады

  3. Электродтармен айнымалы токтың түзеткiшiнен тұрады

  4. Транзистордың p-n-p типтерiнен тұрады

  5. Триодтағы шамдық генератордан тұрады

16. Адам ағзасына тұрақты токпен әсер еткенде дене бетіне металл электродтарды тікелей қоюға болмайды. Сондықтан олар:

  1. қатыратын әсер

  2. күйдіреді

  3. Ток күші тез өседі

  1. токпен әсер ету ықтималдығы өседі

  1. электр сыйымдылығы ұлғаяды.

17. Ағза ұлпаларына тұрақты токпен бірінші рет әсер етенде байқалатын құбылыс:

    1. поляризациялық

    2. дисперсиялық

    3. магниттік

    4. парамагниттік

    5. электромагниттік

18. Тұрақты токтың көмегімен ағазаға дәріні егусiз енгізу әдісі:

  1. электрокоагуляция

  2. электрофорез

  3. электростимуляция

  4. индуктотермия

  5. дарсонвализация

19. Ағза ұлпаларына тұрақты токтың біріншілік әсері неге негізделінген:

  1. ығысу тогына

  2. зарядталған бөлшектердің ығысуына

  3. тітіркендіру эффектісіне

  4. молекула ионизациясына

  5. жылулық процесспен

20. Гальванизация аппаратының негізінде:

  1. тұрақты ток генераторы қолданылады

  2. айнымалы токтың генераторы қолданылады

  3. импульстық токтар генераторы қолданылады

  4. айнымалы токты түзеткіштер қолданылады

  5. электр тербелістерінің генераторы қолданылады.

11.Тақырыбы: Гемодинамиканың физикалық негіздері. Артерия мен венадағы қан қозғалысының заңдылықтары. Соққылық және минуттық шығаруды жанама тіркеу тәсілі.

Мақсаты: Гемодинамиканың физикалық негіздері бойынша білімдері мен біліктіліктерін қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

 Қан айналу механизмінің физикалық заңдылықтарына оқыту.

 Пульстік толқынның пайда болу механизмін, Франктің гидродинамикалық моделін ашып көрсету.

 Вязкозиметрмен жұмыс істеуді және оның көмегімен әр түрлі сұйықтардың тұтқырлықтарын анықтауды үйрету.

Ұйымдастыру бөлімі - 5 мин

Студенттерді түгендеу және олардың сабаққа қатыспау себебін анықтау, конспектлерін тексеру.

Қалыптастыратын құзыреттілік түрлері: білімділік, практикалық дағдылар.

Тақырыптың негізгі сұрақтары - 45 мин

  1. Қан айналым жүйесі (артерия, вена). Қан айналым механизмі.Үлкен және кіші қанайналым жүйесінің функциясы. Аумақтық қанайналым.

  2. Франктің гидродинамикалық моделі. Пульстік толқын. Түтікшелердегі пульстік толқын жылдамдығы.

  3. Бернулли теңдеуі. Тұтқыр сұйық үшін үшін Ньютон теңдеуі. Рейнольдс саны. Гаген Пуазейл теңдеуі.

  4. Қанның физикалық қасиеттері. Қанның тығыздығы және салыстырмалы тұтқырлығы.

  5. Вязкозиметрдің көмегімен белгісіз концентрацияны анықтау.

Үзіліс - 10 мин

Оқыту мен үйрету әдістері:

  1. негізгі және бақылау сұрақтарын талдау мен талқылау

  2. типтік және ситуациялық тапсырмаларды орындау; зертханалық жұмыс жасау.

  3. графиктер тұрғызу

  4. тестлеу

  5. қателерді түзету

Сабақта қалыптастыратын құзыреттілікті бақылау әдістері:

- компьютерлерде тестлеу (студент өзінде төменгі деңгейдегі білімділік пен дағдыларды қалыптастыратын ұғымдары – берілген тақырыптың негізгі анықтамалары, теориялық сұрақтары бар «тестке» жауап беруі қажет);

- графиктің дұрыс тұрғызылғандығын және графиктен белгісіз концентрацияны табуын тексеру

- алынған мәндер бойынша жасалған қорытындының дұрыс жазылғандығын тексеру.

- оқыту материалдарын талдау кезінде пікір алмасу

Студенттердің өзіндік жұмыстары - 30 мин

Оқытушы зертханалық жұмыстың дұрыс орындалуын қадағалайды. Студенттер формула бойынша әр түрлі концентрациядағы сұйықтың тұтқырлықтарын есептеп шығарады. Алынған нәтижелерді график түрінде көрсету және графиктен белгісіз концентрацияны табу. Жасалған жұмысқа қорытынды жазу.

Студенттердің оқытушымен бірігіп орындайтын жұмысы - 5 мин

График және студенттердің жазған қорытындылары тексеріледі. Содан кейін оқытушы тақырыпты талдау мақсатында студентерден жауап алады. Тәжірибеде қайда қолданылатындын сұрайды.

Білімнің қорытынды деңгейін бақылау - 15 мин.

Оқытушы зертханалық жұмыстың қорытындысын және табылған белгісіз концентрациянының мәнін тексереді. Содан кейін студенттер білімді бақылауға арналған тест тапсырады. Оқытушы студенттер білімін жоғарыда көрсетілген құзіреттіліктер бойынша бағалайды.

Ұсынылатын әдебиет: негізгі және қосымша

Негізгі:

1. Ремизов А.Н., Максина А.Г., ПотапенкоА.Я. Медицинская и биологическая физика :учебник. – 9-е изд., стереотип. – М. : Дрофа, 2010 ж. – 558 б. : ил.

2.Ремизов А.Н., Максина А.Г., ПотапенкоА.Я. Сборник задач по медицинской и биологической физике : учеб. пособие – 4-е изд., стереотип. – М. : Дрофа, 2010 ж. – 189 б.

3.Антонов В.Ф. Физика и биофизика : учебник. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2008. – 480 б.

4.Антонов В.Ф., Черныш А.М., Козлова Е.К., Коржуев А.В. Практикум : учебное пособие.– 3-е изд., перераб. и доп. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2008 ж . – 336 б.

5.Самойлов В.О. Медицинская биофизика. СПб.: СпецЛит, 2007ж . –496 б

Қосымша:

1.Антонов В.Ф. Физика и биофизика : учебник. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2008 ж. – 480 б.

2.Антонов В.Ф., Коржуев А.В. Физика и биофизика : курс лекций для студентов медицинских вузов : учебное пособие. – 3-е изд., перераб. и доп. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2007 ж. – 240 б.

3.Рубин А.Б. «Биофизика». изд.МГУ, 2006 ж.- 435 б.

4. В.А.Тиманюк, Е.Н.Животова. Биофизика. М., 2004 ж. – 703 б.

5. Оразақынов К.Б., «Физика және биофизика пәндеріне арналған оқу құралы», Алматы, 2011 ж. - 242 бет.

6. www. Sciencedirect.com.

7. www.thecochranelibrary.com.

8. www.springerlink.com.

9. www.webofknowledge.com.

10. http://dlib.eastview.com.

Бақылау:

Сұрақтар:

1.Қан айналу жүйесі (артерия, вена). Қан айналу механизмі. Үлкен және кіші қан айналу жүйелерінің функциялары. Аймақтық қан айналу.

2. Систола. Диастола.

3. Франктің гемодинамикалық моделі. Пульстік толқын. Қан тамырларындағы пульстік толқындардың таралу жылдамдығы.

4. Қан айналу үрдістерін баламалы электрлік схемалар көмегімен моделдеу.

Сауалнамалық тапсырмалар:

1. Түтікшелердегі қанның қозғалысы:

A) ламинарлы

B) турбулентті

C) бірде ламинарлы содан турбулентті

D) бірде турбулентті және ламинарлы

2) Түтікшенің қай бөлігінде қанайналым минималді болады?

A) аортада

B) артерияда

C) артериолда

D) капиллярда

E) венада

3) Қай түтікшеде турбулентті ағыс байқалады?

A) ірі

B) ұсақ

C) турбулентті ағыс түтікшенің диаметріне тәуелсіз

4) Қанның тұтқырлығы:

A) ірі тамырмен салыстырғанда ұсақ тамырларда көп

B) ірі тамырмен салыстырғанда ұсақ тамырларда аз

C) түтікшенің барлық бөлігінде тұрақты

5) Қан айналымның негізгі қозғаушы күші:

А) статикалық қысым

B) трансмуралді

C) гидростатты

D) жүректің жұмысынан пайда болған қысым

E) ауырлық күші

6) Түтікшенің қай бөлігі гидростикалық қысымға ие ?

A) аортада

B) артерияда

C) артериолда

D) капиллярда

E) венада

7) Қанайналым жүйесіндe қысым қай заңға бағынады: