Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СилабусБиофизказ-13-14.doc
Скачиваний:
205
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
2.44 Mб
Скачать

Сауалнамалық тапсырмалар:

1.Қозу жағдайында жасуша мен қоршаған орта арасындағы потенциалдар айырмасы пайда болады және өзгереді. Бұл:

A) Әсерлік потенциал.

B) Потенциалдар айырымы.

C) Ішкі күштер.

D) Сыртқы күштер. E) Өріс потенциалы.

2.Жасушадағы цитоплазма мен қоршаған орта арасында потенциалдар айырмасы пайда болады. Бұл:

A) Сыртқы күштер.

B) Ішкі күштер.

C) Тыныштық күй потенциалы.

D) Әсерлік потенциал. E) Потенциалдар айырымы.

3.Мембраналық потенциалдардың тепе-теңдік күйдегі жағдайына сәйкес келетін теңдеу:

A) Пуазель теңдеуі.

B) Нернст теңдеуі.

C) Ньютон теңдеуі.

D) Гаген теңдеуі. E) Гук теңдеуі.

4.Бастапқы периодта жасушаны қоздырған кезде:

А) иондары үшін мембрананың өтімділігі артады.

B) иондары үшін мембрананың өтімділігі азаяды.

C) иондары үшін мембрананың өтімділігі азаяды.

D) иондары үшін мембрананың өтімділігі артады.

E) CL + иондары үшін мембрананың өтімділігі артады.

5. Жүйке талшықтар арқылы әсер потенциалының өшпей таралуы:

А) Мембранадағы электрлік кедергісінің болуынан.

B) Мембрананың көлемі аз болуынан.

C) Жүйке жасушаларының мембранасы активті орта болғандықтан.

D) Мембрананың ішкі және сыртқы жақтарында потенциалдар айырымы болуынан.

E) Мембрананың сыртқы жақтарында әсерлік потенциалдар айырымы болуынан.

6.Әсерлік потенциал пайда болуы:

А) Калий иондарының концентрациялық градиенті болуынан.

B) Мембрананың көлемі аз болуынан.

C) Жүйке жасушаларының мембранасы активті орта болғандықтан.

D) Мембрананың ішкі және сыртқы жақтарында заттың концентрациясының градиенті болуынан.

E) Жасушалық мембрананың жартылай өтімділік қасиеттері болуынан.

7. Егер ..., онда нерв талшықтарында әсер потенциалы тарала алады:

  1. мембрананың электр кедергісі аз болса.

  2. мембрананың сыйымдылығы аз.

  3. нерв жасушаларының мембранасы белсенді орта болып табылса.

  4. мембрананың ішкі және сыртқы қабырғалары арасында потенциалдар айырмасы

бар.

  1. нерв жасушаларының мембранасы белсенді емес орта болып табылады.

8. Әсерлік потенциалының пайда болуы себебі:

А. Калий иондарының концентрациялық градиенті болуынан.

B. Мембрананың көлемі аз болуынан.

C. Жүйке жасушаларының мембранасы белсенді орта болғандықтан.

D. Мембрананың ішкі және сыртқы жақтарында заттың концентрациясының

градиенті болуынан.

E. Жасушалық мембрананың жартылай өтімділік қасиеттері болуынан.

9. Ион типті потенциалдар:

A. Диффузиялық, мембраналық, фазалық.

B. Диффузиялық, мембраналық, потенциалдық.

C. Мембраналық, фазалық, белсенді.

D. Диффузиялық, мембраналық, тыныштық күй.

E. Мембраналық, фазалық, потенциалдық

10. Әсер потенциалына сәйкес келетін үрдіс:

  1. магниттелу

  2. магнитсіздену

  3. жылу бөлу

  4. деполяризация және реполяризация

  5. поляризация

6.Тақырыбы: Электрокардиографияның физикалық негіздері. ЭКГ-ні тіркеу және сараптау принциптері.

Сабақтың мақсаты:

Электрокардиографтың жұмыс істеу принципі, әдістің теориялық негіздерімен танысу. Кардиограмманы тіркеу механизмі мен сараптау принциптері, негізгі бөліктерінің функциясын анықтау.

Оқытудың міндеті:

  • тіркеу принциптерін түсіну, кардиограмманы оқудың негізгі моменттерін үйрету,

  • уақыт интервалдарын, анатомиялық осьтің пульсін анықтау

Ұйымдастыру кезеңі: 5-мин.

Студенттердің сабаққа қатысуын тексеріп, келмеген және дайындалмаған себептерін айқындап, жаңа сабаққа назар аудару.

Құзыреттілікті қалыптастыру саны: білімділік, практикалық дағдылар, коммуникативті дағды, құқықтық дағдылар.

Негізгі сұрақтар:

  1. Биопотенциалдардың пайда болуы;

  2. Биопотенциалдарды, стандартты тармақтарды тіркеу схемаларының құрылымы;

  3. Эйнтховен теориясының негізгі жағдайлары.

  4. Кардиограмманың пайда болу механизмі;

  5. Кардиограф, оның негізгі бөліктері;

  6. Кардиографтың кіру блогы: электродтар, тармақтар кабельдері;

  7. Күшейту блогы: кіретін және шығатын параметрлер;

  8. Тіркейтін құралдардың әртүрлілігі

Үзіліс -10 мин.

Оқыту және сабақ беру әдістері:

  1. Негізгі және бақылау сұрақтарды талқылау

  2. Зертханалық жұмысты орындау нәтижелерін талқылау

  3. Тест тапсыру

Құзыреттілікті қалыптастыру әдістері:

  • Компьютерде сауалнама тапсыру (студент берілген тақырып бойынша минималды білімді және дағдыны тексеруге арналған теориялық сұрақтардан, негізгі анықтамалардан тұратын сауалнамаға жауап беруі тиіс).

  • зертханалық жұмысты орындау, қателерді есептеу және өлшеулер нәтижелерін графиктік түрде көрсету

  • аппаратпен жұмыс істеу; құралдармен жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігін сақтау.

  • оқыту материалдарын талдау кезінде пікір алмасу

Студенттің өз бетімен жұмысы -30 мин

Электрокардиографты жұмысқа дайындау:

а) тармақты қосу кілтін 1 мВ-қа қойыңыз; сезгіштік кілті – 10 мм/мВ; таспаның қозғалыс жылдамдағының кілтін 25 мм/с -ке қойыңыз;

б) оқытушының нұсқауы бойынша приборды ток көзіне қосыңыз да, электродтарды адамның денесіне жапсырыңыз. Электрод пен адам денесінің арасына ерітіндіге шыланған дәке салыңыз