Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СилабусБиофизказ-13-14.doc
Скачиваний:
205
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
2.44 Mб
Скачать

1.Когнитивті компоненттің қалыптастыру (білімділік)

  • Мембрана құрылысы қалыптасуының физико-химиялық ерекшеліктері мен олардың өмір сүру механизмдерін;

  • Мебрана арқылы зат тасымалдануының биофизикалық механизмі, электрогенез механизмі;

  • Жарықтың биологиялық құрылымдармен әсерлесуінің физикалық ерекшеліктері;

  • Жүрек-қан тамырлары жүйесінің, бұлшық ет және тыныс алу жүйелері жұмысының биофизикалық заңдылықтары;

  • Зерттеулерді метрологиялық қамтамасыз етудің негіздері;

  • Биологиялық жүйелерді зерттеуде қолданылатын медициналық құралдар мен аппараттардың негізгі топтары.

2.Практикалық дағдыны қалыптастыру:

  • Зертханалық жұмыстардың орындалуы мен нәтижелерін тексеру, семинарлар,әртүрлі биофизикалық зерттеулердегі: биологиялық объектілердің микроскопиясы, лазерлер, ФЭК және т.б. қолданылатын ситуациялық есептерді шығару;

  • Стандарт тармақтарда ЭЭГ, РГ, ЭКГ тіркеуді жүргізу;

тіркелген параметрлердің негізгі физикалық өлшемдерін жүргізу, есептеу құралдарын пайдаланып өлшеу нәтижелерін өңдеу;

  • Фотометрлік құралдарды қолдана отырып заттың концентрациясын өлшеу

3. Коммуникативті дағдыларды қалыптастыру:

Адам ағзасындағы жүріп отыратын үрдістерді түсіндіруде коммуникативті дағдыны дамыту. ЭКГ алуда және сараптамма жасағанда, электродтарды жапсырғанда, лентаның қозғалыс жылдамдығын анықтауда арнайы терминдер (кәсіби) мен түсініктерді тиімді түрде дұрыс түсіндіру.

4. Құқықтық құзыреттілік:

Құқықтық құзыреттілікті қалыптастыру: құралдар мен аппараттармен және т.б. жұмыс жасағанда техника қауіпсіздігінің ережелерін және пневмограф пен спирометр жұмыс жасағанда гигиена ережелерін және т.б. сақтау.

5. Үздіксіз оқыту және өзін - өзі жетілдіру құзыреттілігі:

Студенттерде өзіндік жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Ғылыми - зерттеу дағдыларын алу. Берілген тақырыптар бойынша өзіндік сәйкес қорытынды жасауға үйрену.

Пәннің пререквизиттері : физика, биология, химия, математиканың негіздері.

Пәннің постреквизиті: физиология, молекулярлық биология және генетика, биохимия, патологиялық физиология, профильдік пәндер.

Пәннің қысқаша мазмұны

Жасушалық мембрана биофизикасы. Электр қоздырушы ұлпалар биофизикасы.. Кванттық биофизика. Ұлпалар мен ағзалар биофизикасы. Қанның реологиялық қасиеттері. Әртүрлі ағзалар мен ұлпалардың реографиясы. Қанайналуды зерттеу әдістері.Бұлшық еттерінің қысқару биофизикасы.

Медициналық құралдар мен аппараттардың классификациясы. Өлшеуіш түрлендіргіштерде түрленетін энергиялардың формалары. Ағзанаың өмір сүруі кезінде папйда болатын механикалық, электрлік құбылыстарды оқып үйренуге арналған техникалық құралдар. Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары. Терапевтік электрондық-медициналық аппаратура.

Дәрістердің тақырыптық жоспары.

Тақырыптар

Өткізу формасы

Сағат саны

Биологиялық мембраналар. Құрылымы, қасиеттері және оларды оқыту жолдары. Биологиялық мембрана арқылы заттардың тасымалдануы.

Презентация түрінде дәріс оқу

1

Активті тасымалдану. Электрқозушылық түсінігі. Тыныштық потенциалы.

Презентация түрінде дәріс оқу

1

Нерв талшықтары мен басқа да қозушы ұлпалардың әсер потенциалдары. Молекулалық механизмдері

Презентация түрінде дәріс оқу

1

Қанның қан тамырларымен қозғалысының гемодинамикалық заңдылықтары. Қанның реологиялық қасиеттері

Презентация түрінде дәріс оқу

1

Биологиялық жүйелердің жарықты жұту заңдылықтары. Биологиялық жүйелер люминесценциясы

Презентация түрінде дәріс оқу

1

Барлығы

5 с.

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары.

Тақырыптар

Өткізу формасы

Сағат саны

Биофизиканың заманауи бағыттары және медико-биологиялық зерттеулерді өңдеудің әдістері

Тест, ауызша сұрау. Есептер шығару

1

Биологиялық мембраналардың құрылымы мен функциясын оқытудың әдістері

Тест, ауызша сұрау. Есептер шығару

1

Биологиялық мембраналар арқылы заттардың тасымалдануы. Пассивті тасымалдану.

Тест, ауызша сұрау. Есептер шығару

1

Биоэлектрлік потенциалдар.

Тест, ауызша сұрау. Есептер шығару

1

Биологиялық (электрлік емес) сигналдардың электрлік сигналдарға түрленуі. Датчиктер мен электродтардың конструкциялары, олардың негізгі сипаттамалары

Тест, ауызша сұрау. Зертханалық жұмыс

1

Электрокардиографияның физикалық негіздері. ЭКГ-ні тіркеу және сараптау принциптері

Тест, ауызша сұрау. Зертханалық жұмыс

2

№1-ші аралық бақылау

Тест, ауызша сұрау.

2

Электроэнцефалография. ЭЭГ-нің негізгі ритмдері. ЭЭГ-ны тіркеу және сараптау принциптері

Тест, ауызша сұрау. Есептер шығару

2

ЖЖ, АЖЖ және УЖЖ токтарды қолдануға негізделген терапевтік техника. Тұрақты токты қолдануға негізделген терапевтік техника

Тест, ауызша сұрау. Зертханалық жұмыс

2

Қан айналуды зерттеу әдістері. Интегралдық және аймақтық реография

Тест, ауызша сұрау. Есептер шығару

2

Гемодинамиканың физикалық негіздері. Артерия мен венадағы қан қозғалысының заңдылықтары.

Тест, ауызша сұрау. Зертханалық жұмыс

2

12.

Фотоэлектрлік түрлендіргіштер. Спектрлік сараптамма арқылы биологиялық объектілерді зерттеу әдістері

Тест, ауызша сұрау. Зертханалық жұмыс

2

13.

№2-ші аралық бақылау

Тест, ауызша сұрау.

2

14.

Биологиялық объектілер микроскопиясының арнайы тәсілдері

Тест, ауызша сұрау. Зертханалық жұмыс

2

15.

Иондалған сәуле шығару дозиметриясы

Ауызша сұрау. Тест. Есептер шығару.

2

Барлығы

СОБЖӨЖ -ның тақырыптық жоспары.

Тақырыптар

Өткізу формасы

Сағат саны

Дыбыс пен биологиялық ұлпалар өзара әсерлесуінің физикалық негіздері. Ультрадыбыстық зерттеудің медицинада қолданылуы.

Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау. Презентация.

2

2.

Биологиялық мембрананың моделдері

Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау. Презентация.

2

3.

Иондардың тасымалдануы. Активті тасымалдану.

Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау.

2

4.

Әсер потенциалы. Нерв импульстарының қозған талшықтар бойымен таралуы

Тест, ауызша сұрау.

2

5.

Ходжкин – Хаксли моделіндегі иондық токтардың формальды жазылуы. Жеке арналар жұмысының тәуелсіздігі

Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау. Презентация.

2

6.

Кардиомиоциттердің әсер потенциалы. Әсер потенциалдарының жүрек ұлпалары арқылы өткізілуі

Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау. Презентация.

2

7.

Ауыспалы жіптер моделі. Бұлшық ет биомеханикасы. Хилл теңдеуі. Бұлшық ет жиырылуын моделдеу. Электромеханикалық түйіндер

Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау. Презентация

2

8.

Биопотенциалдарды тіркейтін құралдардың жұмыс істеу принципі

Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау. Демонстрация.

2

9.

Терапиядағы электрфизикалық әдістер.

Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау. Демонстрация.

2

10.

Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары

Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау. Презентация

2

11.

Капилярлық құбылыстар және олардың биологиядағы, медицинадағы маңызы. Газдық эмболия.

Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау.

2

12.

Спектроскопия (Лазерлік спектроскопия, атомдық спектроскопия және т.б.)

Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау. Презентация.

2

13

Фотореактивация мен фотоқорғаныш. Ультракүлгін жарықтың биологиялық мембраналарға әсері

Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау. Презентация

2

14.

Микроскоптың түрлері (электрондық, люминесценттік және т.б.)

Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау. Презентация.

2

15.

Сыртқы тыныс алу биомеханикасы. Сыртқы тыныс алу функцияларын өлшеуге арналған құралдар

Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау.

2

Барлығы

30 с.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары.

Тақырыптар

Өткізу формасы

Сағат саны

Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизмі. Иондық каналдардың және тасымалдаушылардың құрылысы мен функциясы.Электрогенез механизмі.

Сауалнамалық тапсырма

5

Әртүрлі мүшелердің электрлік белсенділігін зерттеу әдістері.

Сауалнамалық тапсырма

5

Медико-биологиялық ақпараттарды алу, тасымалдау және тіркеудің құрылымдық схемасы.

Презентация дайындау және оны қорғау.

5

Лазерлік сәуле шығару және оның медицинада қолданылуы.

Презентация дайындау және оны қорғау.

Люминесценция. Люминесценция түрлері және оның медицинада қолданылуы.

Сауалнамалық тапсырма

Рентген сәуле шығару және оның медицинада қолданылуы.

Презентация дайындау және оны қорғау.

5

Барлығы

30 с.

Барлығы 6 СӨЖ. СӨЖ-дің барлық тақырыптары аралық және қорытынды бақылаудың сұрақтарына енеді. Пәнді оқу кезінде студент оқытушының тексеруіне екі тақырыптағы СӨЖ-ын тапсыруы қажет. Баға критериясы СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқауда көрсетілген.

Ұсынылатын әдебиет: негізгі және қосымша

Негізгі:

  1. Ремизов А.Н., Максина А.Г., ПотапенкоА.Я. Медицинская и биологическая физика :учебник. – 9-е изд., стереотип. – М. : Дрофа, 2010 ж. – 558 б. : ил.

  2. Антонов В.Ф., Коржуев А.В. Физика и биофизика : курс лекций для студентов медицинских вузов : учебное пособие. – 3-е изд., перераб. и доп. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2010 ж. –

  3. Ремизов А.Н., Максина А.Г., ПотапенкоА.Я. Сборник задач по медицинской и биологической физике : учеб. пособие – 4-е изд., стереотип. – М. : Дрофа, 2010 ж. – 189 б.

  4. Антонов В.Ф. Физика и биофизика : учебник. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2008. – 480 б.

  5. Антонов В.Ф., Черныш А.М., Козлова Е.К., Коржуев А.В. Практикум : учебное пособие.– 3-е изд., перераб. и доп. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2008 ж . – 336 б.

  6. Самойлов В.О. Медицинская биофизика. СПб.: СпецЛит, 2007ж . –496 б

Қосымша:

  1. Антонов В.Ф. Физика и биофизика : учебник. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2008 ж. – 480 б.

  2. Антонов В.Ф., Черныш А.М., Козлова Е.К., Коржуев А.В. Практикум : учебное пособие.– 3-е изд., перераб. и доп. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2008 ж. – 336 б.

  3. Антонов В.Ф., Коржуев А.В. Физика и биофизика : курс лекций для студентов медицинских вузов : учебное пособие. – 3-е изд., перераб. и доп. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2007 ж. – 240 б.

  4. Рубин А.Б. «Биофизика». изд.МГУ, 2006 ж.- 435 б.

  5. В.А.Тиманюк, Е.Н.Животова. Биофизика. М., 2004 ж. – 703 б.

  6. А.Н.Ремизов, А.Г.Максина, А.Я.Потапенко. Медицинская и биологическая физика, М."Высшая школа".2004ж– 560б

  7. Оразақынов К.Б., «Физика және биофизика пәндеріне арналған оқу құралы», Алматы, 2011 ж. - 242 бет.

  8. www. Sciencedirect.com.

  9. www.thecochranelibrary.com.

  10. www.springerlink.com.

  11. www.webofknowledge.com.

  12. http://dlib.eastview.com.

Оқыту мен үйретудің әдістері:

  • Дәрістер: шолу

  • Практикалық сабақтар: семинарлар, ситуациялық есептер шығару, зертханалық жұмыстарды орындау, іскерлік ойындар, дебаттар, бақылау сұрақтарын талдау және талқылау

  • Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары:

ситуациялық және кәдімгі есептерді шешу, тақырып бойынша консультации, дискуссиялар, электрондық презентация, жеке және топтық тапсырмалардың орындалу нәтижелерін талдау, берілген тақырып бойынша түскен хабарламаларды талдау.

  • Студенттердің өзіндік жұмыстары: әдебиетпен, ғаламтормен жеке жұмыс жасау, ситуациялық есептер шығару; презентация дайындау, тест тапсырмаларын орындау, рефераттар мен эсселерді дайындау және қорғау.

Білімді бағалау критерилері мен ережелері:

Ағымдағы бақылау t – құзыреттіліктің қалыптасу деңгейін бағалау

t= (Z+N+K+P+S)/n

мұндағы

n – барлық құзыреттіліктер бойынша тапсырмалар саны

Z: z1+z2+…+zn - Білім үшін баға (тестлеу, ауызша сұрау)

N: n1+n2+…+nn - Дағдылар үшін баға (есептер шығару, зерт. жұмыс)

K: k1+k2+…+kn - Коммуникативті дағды үшін баға (тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша пікір алмасу)

P: p1+p2+…+pn - Құқықтық компетенция үшін баға (құралдармен жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігін сақтау, иондаушы сәуле шығарудың салдарлары және т.б.)

S: s1+ s2+…+sn - СӨЖ үшін баға (әдебиетпен, ғаламтормен жеке жұмыс жасау, ситуациялық есептер шығару; презентация дайындау, тест тапсырмаларын орындау, рефераттар мен эсселерді дайындау және қорғау)

Әр құзіреттіліктер 100 балдық шкаламен есептелінеді.