Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3b0f5d41-2ea4-11e3-88ee-f6d299da70eeумм каз.docx
Скачиваний:
60
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.15 Mб
Скачать

4 Сурет. Көбіктеген пс блок суспензиялық әдіспен өндірудің технологиялық схемасы: 1-реактор, 2-араластырғыш, 3-автоклав, 4-елеуіш, 5-аралық ыдыс, 6-центрифуга, 7-кептіргіш

4. Эмульгаторлар ретінде сабындарды, органикалық сульфоқосылыстарды қолданады. Инициаторлар ретінде суда ерігіш тотықтар, сонымен қатар калий және аммоний персульфаттары болады.

Полимеризаторға су, олеин қышқылын және күйдіргіш натр ерітінділерін жібереді. Полимеризатор бұл шойыннан жасалған, көлемі 10-15 м3, қоршамамен және кері тоңазытқышпен жабдықталған аппарат. Жартысағаттай араластырудан кейін реакторға стиролды жібереді және 15 мин тағы да араластырып, инициатор қосады да реакциялық қоспаны қыздырады. Полимерлену температурасы 70 0С жуық, процесс сонында 90 0С дейн көтеріледі. Полимерленуді мономердің қалдық мөлшері 0,5% дейін жүргізеді.

Алынған латексті күкірт қышқылы немесе алюмо-калийлі ашудастар әсерінен коагуляциялайды. Коагуляция араластырғышпен барботермен жабдықталған эмалданған немесе болаттан жасалған аппаратта жүреді. Латексті коагулент ерітіндісіне жуқа ағыммен, араластырып енгізеді, содан кейін аммиак суын қосады. Барботер арқылы су буын жібереді, нәтижесінде қоспаны коагуляцияға қажетті 800С қыздырып, полимерленбеген мономерді бөліп алады. Екі сағатты коагуляция сонынан полистирол ұнтағы тұнбаға түседі, оны тұндырып ыстық сумен шаяды. Шайылған полистиролды центрифугада сығып, судың мөлшері 60% полистиролды кептіргішке, содан соң елеуге жібереді.

Кемшіліктері: 1. Төмен диэлектрлік қасиеттері, 2. Полимер эмульгатор қалдықтарымен ластану нәтижесінде оның мөлдірлігі төмен болады. Бұл әдіс АБС-пластиктерін және көбіктеген полистиролды алу үшін қолданады.

5. Өндірісте шығарылған полистирол – аморфті полимер, молекулалық массасы 50 000 – 200 000. Қасиетері: 1. ПС суға тұрақтылығы және диэлектрлік қасеттері жоғары, 2. Жоғары мөлдірлік пен сыну коэффициенті, 3. Физиологиялық қауыпсыздық, 4. Азот қышқылынан басқа қышқылдырдың және сілтілердің концентрлі ерітінділерінің әсеріне тұрақты, 5. Спирттерде, қаныққан көмірсутектерде және өсімдік майларда ерімейді. Ароматты көмірсутектерде, күрделі эфирдерде, хлорланған көмірсутектерде, кетондарда ериді. Кемшіліктер: 1. Ескіруге бейім, 2. Жылуға төзімділігі төмен, 3. Соққыға төзімділігі төмен.

Қолдануы: 1. Диэлектрик ретінде радио және электраппаратураларын, есептеу машиналарының детальдарын дайындау үшін.

2. оптикалық шыныларды дайындау үшін

3. Санитар-гигиеналық бұйымдарды, қораптарды дайындау үшін

4. полистирол лактар электризоляциялық және коррозияға қарсы қаптамаларды дайындау үшін.

5. Соққыға төзімді ПС радио- және электроаппаратураның детальдарын, тоңазытқыштардың камерларын және есіктерін дайындау үшін.

ПС 300 0С қыздырғанда ол деполимерленеді. ПС жаңғыш. ПС бұйымдарға өндеу әдістері – қысыммен құю.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Блок әдісімен полистирол өңдірісінің қандай кемшіліктері бар?

  2. Суспензиялық әдіспен полистирол өндірісінің артықшылықтары.

  3. Полистирол қолдауының аймақтарын атаныздар

  4. Полистиролдың комбинирленген полимеризациясы қандай жағдайда қолданылады?

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Николаев А.Ф., Крыжановский В.К., Бурлов В.В. и др. Технология полимерных материалов. Учебное пособие. – Киев.: Профессия, 2008. -544с.

2 Галыгин В.Е. Технология переработки полимерных материалов.:Лабораторный практикум – М.: Химия, 2001. -132с.

3 Заикин А.Е. Практикум по технологии переработки и испытаниям полимеров и композиционных материалов. Колос, 2011.-191с.

Дәріс 6 - Поливинилхлорид (ПВХ) өңдірісі

Мазмұны:

1. Блок әдісімен ПВХ өңдірісі

2. Суспензиялық әдіспен ПВХ өңдірісі.

3. Эмульсиялық әдіспен ПВХ өңдірісі.

4. ПВХ қасиеттері

1. Ерекшелік – түзілген ПВХ мономерде ерімейді. Бұл реакция жылуы берілуін күрделі қылады. Полимерленудің мерзімді екістадиялық процесің қолданады (1 сур).