Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

4 сыныпа арналан тапсырмалар

.docx
Скачиваний:
113
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
16.73 Кб
Скачать

І деңгейлік тапсырма

Сөздерді жуан жіңішкелігіне қарай бөліп, көптік жалғауларын жалғаңдар.  Бала, етік, қаз, кеме, тас, мұғалім, өзен, көпір, шаңырақ, сырға, қоржын, көзілдірік, кебеже, сиыр, ешкі, ағаш.

ІІ деңгейлік тапсырма

Көп нүктенің орнына көрсетілген қосымшалардың тиістісін қойып, олардың түрліше жалғау себебін түсіндір (дан, - нан, - ден,-тен).  ата ... үйрен..., гүл... жаса, төсек... тұрды, ағам... сұра.

ІІІ деңгейлік тапсырма

«Менің анам», «Менің әжем», «Менің әкем», «Менің ағам» деген тақырыптардың біріне шығарма жаз.

І деңгейлік тапсырма  Берілген сөздерді буынға бөліп жаз, қандай буын екенін анықта (ашық, тұйық, бітеу)  Ақын, алмас, сен, ерте, жұрт  Алатау, құмырсқа, жапырақ

ІІ деңгейлік тапсырма  Кестені толтыр. Берілген сөздерді қалай тасымалдауға болатынын дефиспен көрсет.  Мектеп, әже, қант оқушы, мұғалім, бозторғай, ата, дәптер, кітапхана, дәрігер, балмұздақ, әңгіме

ІІІ деңгейлік тапсырма  Дауыссыз дыбыстан басталатын екі мақал жаз, мәнін аш.

І деңгейлік тапсырма  Дауысты дыбыстан басталған сөздерді теріп жаз.  Отан, таң, ыдыс, қызыл, халық, жауын, ірімшік, жел, сөз, дала, үй, өрік, ел, әріп

ІІ деңгейлік тапсырма 

Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз. Жасыл, бала, үлгілі, мектеп, оқушы, үлкен, көк, нан, жалау, тәтті, сүйкімді, жақсы, қыз, шөп 

ІІІ деңгейлік тапсырма  Сөздерді сөз таптарына ажыратып, тиісті бағанға жаз  Ән, екі, кіші, жүр, бар, жасыл, өзен, гүл, жиырма, ақ, ащы, отыр, сұлу, төрт, дәптер, домбары, бес, тұр, күл, үш

Зат есім Сан есім Сын есім Етістік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]