Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3b0f5d41-2ea4-11e3-88ee-f6d299da70eeумм каз.docx
Скачиваний:
60
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.15 Mб
Скачать

1 Сур. Полипропиленді үздіксіз өндірудің технологиялық схемасы: 1-араластырғыш, 2-полимеризатор, 3-газбөлгіш, 4-ыдырату аппараты, 5,7-центрифугалар, 6-шаю аппараты, 8-кептіргіш

Полипропилен – кристалды полимер, оның кристалдану дәрежесі 73—75%, молекулалық массасы 80 000—200000, төмен тығыздықпен, жоғары жылуға тұрақтылықпен және төзімділікпен ерекшеленеді.

Полипропилен қолданылуы.

1. полипропиленнен ыдыс, қабықшалар және талшықтар дайындайды. Полипропилен талшықтарының суға төзімділігі жоғары, олар эластикке және механикалық тұрақтылыққа ие. Полипропиленнің химиялық тұрақтылығы полиэтиленнің химиялық тұрақтылығына жақын. Полипропиленнен жасалған қабықшалар мөлдір, бу және газды өткізбейді.

2. Полипропилен, полиэтиленмен салыстырғанда, жоғары механикалық беріктілігімен және қаттылығымен ерекшеленеді, сондықтан оны агресивті сұйықтарды транспорттау құбырларын, арматура, насостар және химиялық апаратураны дайындау үшін қолдалынады.

3. Коррозияға қарсы және декоративті міндеттері баз сыртқы (облицовочный) материал ретінде қолданылады.

4. жоғары электризоляциялық қабілеттеріне байланысты электр-, радио- және теледидар қондырғыларының бөлшектрін дайындау.

Пропилен кемшіліктері – аязға төзімділігі төмен және жоғары температурада тез оттегімен тотығады.

Полипропилен бүйымдарға полиэтиленге сәйкес қысыммен құю, экструзия, вакуумформолай және престеу әдістермен өнделеді.

2. Изобутилен СН2 = С (СН3)2 – түссіз газ, қайнау температурасы 6,9 °С, балқу температурасы—140,4 °С. Өңдірісте изобутиленді изобутанның дегидрогенизациясымен және біріншілік изобутил спиртінің дегидратациясымен алады.

Изобутилен протонды қышқылдар және кейбір элементтер галогенидтерімен қатысында полимерленеді. Өндірісте жоғарымолекулалық полиизобутиленді алу үшін үшфторлы борды қолданады. Изобутилен үшфторлы бор қатысында полимерлену үшін құрамында протонды сутегі бар активатордың аздаған мөлшері қажет. Мұндай активатор ретінде техникалық изобутилен құрамында болатын изобутил спиртін қолданады. Изобутилен полимерленуінің ингибиторы күкірт пен хлорлы сутегі болады.

Изобутилен полимерленуін сұйық этиленде жүргізеді (температура —100 °С жуық). Этилен мономер үшін еріткіш сонымен қатар хладагент болып табылады.

Процесс таспалы (ленточный) үздіксіз полимеризаторда 5 жүреді (2 сурет).

2 сурет. Полиизобутиленді өндірудің үздіксіз процесінің технологиялық схемасы: 1-жылуалмастырғыш, 2-буландырғыш, 3-изобутилен дозаторы, 4-үшфторлы бор дозаторы, 5-полимеризатор, 6-тұрақтандырғыш дозаторы, 7-араластырғыш, 8-полимерді суыту стеллаждары, 9- орауыш пресс, 10 – этиленді үшфторлы бордан тазарту апараты

Жоғарымолекулалық полиизобутилен каучуктәрізді полимер. Қалыпты жағдайда оның құрылымы аморфты, бірақ созылу кезінде кристаллданады. Өндірісте молекулалық массалары 3000 (марка П-3 —тұтқыр сұйық) 200 000 дейін (марка П-200—қатты өнім) полимер шығарады.

Полиизобутилен жоғары химиялық тұрақтылыққа және суға төзімділікке ие. Ол қалыпты жағдайда сұйытылған және концентрлі қышқылдар мен сілтілер әсеріне тұрақты. Бір мезгілді оттегі мен жарықтының әсерінен полиизобутилен жартылай деструкцияға түседі.

Өндірісте полиизобутиленнің толтырғыштар мен басқа полимерлермен композициялары қолданылады. Мысалы, полиизобутиленнің полиэтиленмен қоспасы су астындағы кабельдер мен проводтардың электризоляциясы ретінде қолданылады. Полиизобутилен композициялары химиялық аппаратураны футеровкалау үшін қолданады. Полиизобути­лен – прокладкалық материал және қабықшалық қаптамалар ретінде қолданылады.

Изобутилен көптеген қанықпаған қосылыстармен жеңіл сополимерленеді. Оның изопрен мен бутадиен сополимерлері резина өндірісінде кең тараған.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Пропилен полимеризациясын қандай жағдайда өткізеді?

  2. Полиизобутилен өндірісінің негізгі стадияларын сипаттаңыздар.

  3. Полипропиленнің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

  4. Полиизобутиленің қолдану аймағын атаңыздар

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Николаев А.Ф., Крыжановский В.К., Бурлов В.В. и др. Технология полимерных материалов. Учебное пособие. – Киев.: Профессия, 2008. -544с.

2 Галыгин В.Е. Технология переработки полимерных материалов.:Лабораторный практикум – М.: Химия, 2001. -132с.

3 Заикин А.Е. Практикум по технологии переработки и испытаниям полимеров и композиционных материалов. Колос, 2011.-191с.

Дәріс 5 - Полистирол (ПС) өндірісі

Мазмұны:

1. Блок әдісімен полистирол өңдірісі

2. Полистирол өңдірісінің суспензиялық әдісі

3. Полистирол өңдірісінің блок-суспензиялық әдісі.

4. Эмульсиялық әдіспен ПС өңдіру.

5. ПС қасиеттері мен қолдануы

1. Өндірісте стиролдың полимерленуінің келесі әдістері тараған: толық конверсиялы блок (массада) әдісі, жарым-жартылай конверсиялы блок (массада) әдісі, суспензиялық, блок-суспензиялық, эмульсиялық әдістер.

. Блок әдісімен полистирол өңдірісі. Схема 1.