Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
New Microsoft Office Word Document.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.46 Кб
Скачать

Қорытынды

Қазіргі туризм – бұл құлдырауды білмейтін әлемдік экономиканың саласы. Шетелдік экономистердің есептеуінше, қалада екі сағат уақыт өткізген 100 мың турист 350 мың доллар немесе 17,5 доллар әр адам сағатына шығын жұмсайды. Осылайша, шикізатты сату – бұл өз алдына экономикалық тығырыққа тірелу, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімдік, экономикалық пайдалы перспектива.

Туризм, тұтастай ел экономикасына үш жағымды тиімділік әкеледі:

1. Шетелдік валютаның елге келуін туындатады және төлем балансы, жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал етеді.

2. Халықтың жұмысбастылық деңгейін көтеруге көмектеседі. ДТҰ мен Туризм мен саяхаттың дүниежүзілік кеңесінің бағалауы бойынша, туризм индустриясында ашылған әрбір жұмыс орны жалпы салалардың 5-тен 9-ға дейінгі жұмыс орындарын алады. Туризм тікелей немесе жанама экономиканың 32 саласына әсер етеді.

3. Елдің инфрақұрылымдық жүйесін дамытады.

Туризмнің Қазақстанда табысы бойынша үшінші индустриалдық сала болуға нақты мүмкіндіктері бар. Бүгінгі таңда туризм дамуына кедергі келтіретін негізгі факторлардың бірі –Қазақстанның турөнімін алдыға жылжыту бойынша, сондай-ақ елдің туристік имиджін көтеру бойынша жан-жақты ойластырылған маркетингтік стратегияның Қазақстанда жоқ болуы табылады. Орта есеппен әлемде сұралған респонденттердің 42%-ы ғана Қазақстан имиджі туралы түсініктері бар. Қазақстанның Азиядағы танымалдығы бәрінен жоғары. Азиядағы алыс шетел – Жапонияда сұралғандардың 75%-ы Қазақстанды біледі. Еуропада бұл көрсеткіш өте төмен, сұралғандардан ең жақсы нәтиже көрсеткендер ағылшындар - 41% сұралғандар Қазақстаннан хабарлары бар.

Алайда, соңғы жылдары бұл бағытта көптеген шаралар жасалғанын мойындауымыз керек, бірақ туристік саланың дамуы қомақты инвестиция салумен тығыз байланысты. ДТҰ халықаралық сарапшыларының болжамы бойынша 2-3 жыл ішінде туризм қайтадан тұрақты өсім қарқынын алады. 2020 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарды ойдағыдай жүзеге асыру үшін Туризм және спорт министрлігі заманауи туристік орталықтар құрылысына инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Олардың қатарына 2011 жылы Азия ойындарына дайындық барысында салынған бірқатар спорттық құрылымдарды, туристік инфрақұрылым объектілерін айтуға болады. Салыстырмалы түрде, мысалы, Оңтүстік Кореяда өз уақытында 38 таушаңғы орталығы салынған, олардың құрылысын алдымен мемлекет қаржыландырып, содан кейін оны жекеменшікке сатты. Осы жолмен екі мәселе шешілді: демалыс үшін жағдайлар жасалды және осы туристік нысандар пайдасы есебінен экономика көтерілді. Аса көңіл аударуды қажет ететін мәселе – көптеген туристік агенттіктер көбінесе тек бір бағытты – шығу туризмін ғана дамытады. 600-ден аса туркомпаниялардың 14,5 % ғана келу

туризмін ұйымдастыруымен айналысуы сөзсіз ел бюджетіне теріс әсер етеді. Тіпті сол сырттан келгендердің басым бөлігі – іс-сапармен келгендерге жатады.

Ішкі туризм, сарапшылардың мәлімдеуінше, барлық туризм кірісінің 3% -ын құрайды. Салыстыру үшін айтсақ, дамыған елдерде бұл 50%-ға тең. Бұл мәселені шешу үшін Салық кодексіне шетелдік сапарларды ұйымдастыратын туроператорларға өз қызметтерінің кірісінен ҚҚС төлеу белгіленді, әйтпесе шығу туризмін ұйымдастырушылар әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық өмірінде соңғы жылдары орын

алған өзгерістер туризм саласындағы ұсыныстарды, нақты сұранысқа барынша

жақындатып, кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы келбеті және

инфрақұрылымы бар біздің еліміздің жас астанасы ретіндегі қалаға елеулі өсіп келе жатқан қызығушылық туризм саласының көптеген көрсеткіштерімен расталады.

Яғни Қазақстандағы туризмнің рөлін айта кетсек өте зор. Өйткені кез келген мемлекеттiң халықаралық байланыстар мен экономикасын дамыту барысында ұсталар бiрден-бiр жолы-туризм. Туризм мәселелерiне Елiмiз бiздiң Қазақстанда да мейлiнше оңды көзқарас қалыптасып келедi.

Халықаралық туризмнің даму болашағы осы , қазақ жастарының қолында, туризмді дамыта отырып Қазақстанның көркем және әсем жерлерін басқа елге таныта алады деген ойдамыз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Лаппо Г.М. Города по пути будущее.- М.,1987. –10-17 с.

  2. Маергойз И.М. Географическое учение о городах.-М.,1987 –20-39 с.

  3. Перцик Е.Н. География городов.-М.,1991. –45-46 с.

  4. Барансикй Н.Н. Об экономическом изучении городов.-М.,1965. –68-79 с.

  5. Ақмола облысының экономикалық жағдайы http://www.akmu.kz/

  6. Сыздыкова Ш.В., Кожахметова Г.З., Колтубаев Г.Б. Туристский путеводитель.-Алматы, 2007 –108 с.

  7. Қазақстан Республикасының статистика агенттігі http: //www.stat.kz

  8. Нормативтік құқықтық актілер бюллетен-баспасы, 2000.– 2-бөлім.

  9. Азар В.И Экономика и организация туризма. М.,1972. –32-45 с.

  10. ТОО Деловой Мир Астаны – баспасы, 2008. –42-44 с.

  11. Рахимбекова Ж. Теоретические основы туризма и гостеприимства. Журнал Экономика и статистика 2005 - №2.- 122-125 б.

  12. Устенова О. Особенности спроса потребителей на туристские услуги в Казахстане. Журнал Экономика и статистика, 2005 - №2. - 118-121 б.

  13. Кельбуганова Л. Казахстанский туристский продукт в кластерной политике Журнал Экономика и статистика 2005 с. 126-129.

  14. The 2004 Travel & Tourism Economic Research, 2004 Edition, WTTC, с. 4

  15. Уайсова А. Проблемы развития туризма в Казахстане // материалы межд.научно-практической конф. Межд. отношеня: теория – практика - поиск 2001. – 327.

  16. Тынчерова З.В. проблемы туристской индустрии Республики Казахстан в международном общении // материалы межд. научно-практической конф. Межд. отношеня: теория – практика - поиск 2008 с.319

  17. Назарбаев Н.А. Казахстан: Стратегия 2030. – Алматы, 2005.

  18. Квартальнов В. А., Зорин И. В. Экономика туризма. – М.: Финансы и статистика, 2001. – 252с.

  19. Мыңжанова Г.Т. Халықаралық туризмнің Қазақстан экономикасының дамуына әсері //материалы межд. научно-практической конф. 2001. с. 238

  20. Папирян Г.А. Международные экономические отношения: экономика туризма / Папирян Г.А. – М.: Финансы и статистика, 2000. – 208 с.

  21. Пирожник И. И. Международный туризм в мировом хозяйстве: Учеб. пособие. Минск: Белгос университет, 1996. –192 с.

  22. Географиялық орта www.xland – Astana.ru

  23. Астана – жалпы шолу www.showaarticle.kz

  24. Көрмелер мен жәрмеңкелер www.exponet.ru

  25. Туризм және сауда. Бизнес және инвестициялау - Қала экономикасының Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері www.astana-gov.kz

  26. Астана қаласы www.astana_city.kz

  27. TOO «Mega Media Agency». Алматы, 2008. –6-10 c.

  28. Астана қаласының статистикалық агенттігі www.astanastat.kz

  29. National business- журналы. Алматы, 2008.

  30. Басқару құрылымына шолу www.kazembassy.com

39

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]