Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
New Microsoft Office Word Document (2).docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
48.13 Кб
Скачать

Талайдың қарсылығына тап болып, алғашқы Президентіміздің табандылығы арқасында бой көтерген Астана аз уақыт ішінде көрсе көз тоймас сұлу мекенге айналып қана қоймай, Қазақстанның басты брендіне айналып үлгерді. Бұл Елбасының салиқалы саясатының арқасында елордамыздың әлемдік аренаға айналуының нәтижесінде іске асып жатқаны сөзсіз. Астананың әлемге танылуының бір ұшы сындарлы саясатта, елорда төсінде талай халықаралық маңыз­да­ғы үлкен жиындардың жиі өткізілуінде жатыр. Соң­ғы жылдары Астана әлемдік мәселелерді талқылайтын саяси сахнаға айналды. Ал халықаралық деңгейдегі жиындар сол деңгейге лайық деп танылған елдің, лайық­ты деп табылған қаласында өтетіні белгілі. Демек, бүгінгі күні Астана әлемнің айтулы ірі қала­ла­ры­мен деңгейлес болып келе жатыр деген сөз. Аста­наның әлемге әйгілі бола бастауына себеп болып отыр­ған тағы бір жайт – қаланың бір-бірін қайта­ла­май­тын ерекше архитектурасы. Бүгінгі Астана архи­тектурасынан ұлттық орнаментті те, классикалық үлгіні де, модерн стилін де көруге болады.  Астана бүгінде дүниежүзіне белгілі қалалардың біріне айналды. Әлемдегі болашағы мол жедел да­му­шы қалалардың қатарына енді.  Бұл – халықаралық сарап­шылардың бағасы. Брюссельде Астана әкімдігінің басқару жүйесі жоғары бағаланып, Еуропалық сапа менеджменті қорының сер­тификаты табысталды. Бұл мәрте­белі атақты осы күнге дейін ТМД кеңіс­тігіндегі бірде-бір ел иеленген емес. Сон­дай-ақ британиялық «Экономикс» журналының рейтинг агенттігі 140 қала­ның арасында Астанаға «Өмір сүрудің қолайлы деңгейі» мәртебесін берді. 

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық өмірінде соңғы жылдары орын

алған өзгерістер туризм саласындағы ұсыныстарды, нақты сұранысқа барынша

жақындатып, кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы келбеті және

инфрақұрылымы бар біздің еліміздің жас астанасы ретіндегі қалаға елеулі өсіп

келе жатқан қызығушылық туризм саласының көптеген көрсеткіштерімен

расталады.

2013 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша Астана қаласында қала

қонақтары мен тұрғындарына қызмет көрсеткен 478 туристік фирма және 135

қонақ үйі (жеке кәсіпкерлердің қызметін қосқанда) жұмыс істеді. 2012 жылы

қаланың туристік фирмаларымен және қонақ үйлерімен 637,4 мың туристке

қызмет көрсетілді, оның ішінде келу туризмі 104,1 мың адам, шығу – 55,2 мың

адамды құрады. Ең үлкен үлес салмақ ішкі туризмге тиесілі – 478,1 мың адам

(75%). Қызмет көрсетілген туристер саны 2011 жылмен салыстырғанда 13,6%-

ға немесе 76,5 мың адамға көбейді.

Есепті кезеңде туристік қызметпен айналысатын 221 туристік фирмалар және 42 жеке кәсіпкерлер 25 728 келушілерге қызмет көрсетті, бұл 2012 жылғы қаңтар - маусымға қарағанда 10,7% - ға артты.

2012 Жылғы қаңтар-маусымдағы туризмнің және қонақ үй шаруашылығының дамуы

2012 жылғы қаңтар – маусымда қызмет көрсетiлген келушiлердiң саны 270232 адамды құрады. Туристер көбінесе iскерлік мақсаттармен (72,0%) және демалу мақсатында (21,9% туристердің жалпы санынан) саяхаттаған.

Туризм түрлері бойынша 2008-2012 жылдары туристерге қызмет көрсету

Барлық туристік фирмалармен және туристік қызметпен шұғылданатын

жеке кәсіпкерлермен 80,8 мың адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде туристік

фирмалармен – 74,8 мың адамға, жеке кәсіпкерлермен -

6,0 мың адамға қызмет көрсетілді.

Туристік фирмалармен және туристік қызметпен шұғылданатын жеке

кәсіпкерлермен, сондай-ақ қонақ үйлермен ұсынылған жұмыстар, қызметтер

көлемі 2012 жылы 15688,4 млн. теңге құрады. Туристік фирмалармен және

туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлермен ұсынылған жұмыстар,

қызметтер көлемі 619,9 млн теңге, оның ішінде визалық және экскурсиялық

қызмет көрсету көлемі 29,7 млн. теңге, орындарды сақтап қою бойынша қызмет

көрсету көлемі 532,4 млн. теңге, басқалары – 57,8 млн. теңге құрады.

2012 Жылы Қызмет көрсетілген келушілердің саны

Қызмет көрсетілген келушілер

Барлығы

оның ішінде

туристік фирмалармен

туристік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлермен

тұруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді ұсынатын кәсіпорындар

мен

тұруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді ұсынатын жеке кәсіпкерлермен

Астана қ.

270 232

21 451

1 516

199 211

48 054

Алматы ауданы

106 524

9 490

124

77 052

19 858

Есіл ауданы

64 476

406

46

61 480

2 544

Сарыарқа ауданы

99 232

11 555

1346

60 679

25 652

Өткен жылы халықаралық туризм 159331 келу көрсеткішін, ұлттық - 533263

келу көрсеткішін, ел ішіндегі туризм - 478079 келу көрсеткішін құрады.

Талдау жүргізілген кезеңде Астанаға 104147 шетел азаматы келгендігін

атап өткен жөн. Туристік фирмалар мен қонақ үйлер қызмет көрсеткен шетел

азаматтарының арасында ТМД елдерінен келген азаматтар 37,6%-ды құрайды.

ТМД елдерінен келген азаматтар саны алдындағы жылмен салыстырғанда

33,6%-ға артты. Келгендердің едәуір үлес салмағын Ресейден (80,6%),

Украинадан (7,5%), Беларусь (3,1%), Өзбекстаннан (1,9%) келген азаматтар

құрайды.

ТМД елдерінен келген туристер саны

адам

2012 жыл

2012 жыл

Пайызбен

2011 жылға

ТМД елдерінен

келгендердің жалпы

көлеміндегі үлесі,

пайызбен

2011 жыл

2012 жыл

Барлығы

36761

87.7

100

100

Әзірбайжан

466

35.7

3.1

1.3

Армения

199

74.3

0.6

0.5

Беларурия

1088

84.8

3.1

3.0

Қызғызстан

690

98.2

1.7

1.9

Молдова

125

96.2

0.3

0.3

Ресей

28757

85.1

80.6

78.2

Тәжікістан

240

59.9

1.0

0.7

Түркіменстан

130

131.3

0.2

0.3

Украина

4036

129.1

72.5

11.0

Өзбекстан

1030

28.9

1.9

2.8

Туристік фирмалар мен қонақ үйлер ТМД-дан тыс елдерден келген 99948

адамға немесе шетел туристерінің жалпы санының 63,2%-ына қызмет көрсетті.

Алдындағы жылдардағыдай, өткен жылы да келушілер саны бойынша АҚШ,

Түркия, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия елдері алдыңғы

орындарда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]