Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
New Microsoft Office Word Document (2).docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
48.13 Кб
Скачать

Туристер өте жиі баратын елдерге шыққан туристер саны

2012

2011

адам

Шығатындардың жалпы санына пайызбен

адам

Шығатындардың жалпы санына пайызбен

Барлығы

55 184

100

31 008

100

олардан:

Германия

1954

3.5

1400

4.5

Тайланд

2822

5.1

1484

4.8

ОАЭ

6917

12.5

3006

9.7

Туркия

32 782

59.4

19 165

61.8

Кытай

1518

2.8

1100

3.5

Баска елдер

9191

16.7

4853

15.7

Келушiлердiң саны 2011 жылғы қаңтар-маусым кезеңімен салыстырғанда 98,5%-ға азайды. Туристiк салада көрсетілген қызметтердiң жалпы көлемi 7236069,4 мың теңгені құрады, сатылған жолдамалар құны 840708,9 мың теңге құрады. 2011 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда шығу туризмінің туристiк ағыны 18,3%-ға артты, 15569 адамды құрады.

Ал 2013 жылы Астана қаласында келушiлерді орналастырумен шұғылданатын 136 кәсіпорын және жеке кәсiпкерлер 273 383 адамға қызмет ұсынып, 6 371 896,6 мың теңгеге қызмет көрсетті. Орналастыру нысандарында 5 150 нөмір бар, олардың біржолғы сыйымдылығы 8 747 төсек-орынды құрады. Орналастыру нысандары қызметтерінің көлемi есептi кезеңде 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 11% - ға артты.

Туризмді дамыту жоспары

Р/с

Индикаторлар, көрсеткіштер атауы

1-кезең

2-кезең

Жауап

тылар

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Мақсатты индикаторлар:

Туристік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық кірісін ұлғайту, млн. теңге

14 216,0

10 693,9

11 273,0

11 981,4

12 041,1

ТДШжСБ

Негізгі міндеттер:

Р/с

Индикаторлар, көрсеткіштер атауы

1-кезең

2-кезең

Жауап-

тылар

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1- міндет. Халықаралық және ішкі нарықта астаналық туристік өнімді жылжыту

 

Көрсеткіштер:

Ішкі туризм қатысушыларының санын арттыру, мың адам

409,5

450,5

486,5

530,3

562,1

ТДШжСБ

Кіру туризмі қатысушыларының санын арттыру, мың адам

120,4

132,4

143,0

155,9

165,2

ТДШжСБ

Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары

Туризм саласын дамыту келу туризмінің үлес салмағын ұлғайтуға, қызметтер сапасын арттыруға және туристік инфрақұрылым нысандарын көбейтуге шоғырландырылатын болады.

Қойылған міндеттерге қол жеткізу келесі шараларды іске асыру жолымен жүзеге асырылатын болады:

көліктік қамтамасыз етуді, жайлы қонақ үйлерді, ойын-сауық индустриясын қоса алғанда, қазіргі заманғы туристік инфрақұрылымды құру;

Астана қаласында «Абу Даби Плаза» көпсалалық кешенін (тартылған қаражаттар) салу;

туристік деңгейдегі 2, 3 жұлдызды қонақ үйлер желісін құру.

Астана қаласы өкілдерінің «FITUR», Мадрид қаласы (Испания), «TOP Resa» Париж қаласы (Франция), «WTM» Лондон қаласы, «ITB», Берлин қаласы (Германия), «JATA 2010», Токио қаласы (Жапония), «ВIТE» Пекин қаласы (Қытай) халықаралық туристік көрмелеріне қатысуы;

республикалық және өңірлік туристік көрмелерге қатысуы - KITF «Туризм және саяхат» Алматы қаласы, «Астана - Демалыс», Астана қаласы, (көшпелі), «Сарқылмас саяхат», «Демалыс, Туризм, Саяхат», Көкшетау қаласы.

Бүгінгі таңда Астана қаласы экономи­калық тұрғыдан да қарыштап дамып келеді. 2011 жылғы қала бюджеті 353 миллиард теңгені құрады. Ол жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша Прага қаласымен теңесті. Астана бюджеті Киев қаласынан –1,5, Минскіден 2,5 еседей артық.  Салық пен түсім жыл сайын 40-50 пайызға өсіп отыр. Өткен жылы Париж қаласында Қазақ елі әлемнің алпауыт елдерімен аламан бәйгеге түсіп, озып шықты. Әлемдегі белді де беделді ұйымдардың бірі Халықаралық көрмелер бюросының шеші­мімен Астанада Бүкіләлемдік ЕХРО-2017 көрмесі өтетін болып шешілді. ЕХРО-2017 халық­аралық көрмесі қатардағы көп шараның бірі емес. Оны өткізуге ынталы азулы елдер қарасы да көп болды. Бірақ Астана жеңімпаз атанды. Бұл халықаралық айтулы шараның еліміз үшін берері мол. Соның ішінде ЕХРО-2017 көрмесі елі­міздегі туризм саласын дамы­туға тың серпін берері сөзсіз.  – Әлемдік аренада Астананың беделі артқанын басқасын айтпағанда, бір ғана аса маңызды халықаралық ЕХРО-2017 көрмесін өткізуді жеңіп алуды айтсақ та жеткілікті сияқты. Бұл – Қазақстанның беделінің одан әрі арта түсуіне, Астана қаласының одан әрі көркейіп, дамуына септігін тигізері сөзсіз.  Астана қаласының туризм, дене тәр­биесі және спорт басқармасының дерегі бойынша, 2012 жылы Астана қаласына 522,9 мың турист келген. Олардың 117,5 мыңы алыс шетелдерден келген қонақтар болса, қалған 405,4  мың адам еліміздің басқа өңірлерінен келген. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2011 жылы бұл көр­сеткіш тиісінше 105,9 мың және 373,1 мың адам болған. Яғни Астанаға келетін туристер саны 9,2 пайызға артқан екен. Туристерді өз дәрежесінде қарсы алу үшін бас қаламызда жоғары инфра­құры­лым­дық нысандардың болуы аса маңызды. Бүгінде Астанада 172 қонақүй жұмыс істейді және олар бір мезгілде 7162 адамға қызмет көрсете алады. Соңғы жылдары Астана қаласында қонақүйлерге деген сұраныс деңгейі де артып келеді, өйткені жыл сайын жан-жақтан келетін қонақтар қатары көбеюде. Мәселен, 2009 жылы қонақүй нөмірлерінің адамдармен қамтылуы 28,5 пайыз болса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 42 пайыз, ал 2012 жылы 49 пайызды құраған.  Сондай-ақ бүгінгі таңда Астанада 169 туристік фирма қала тұрғындары мен қонақтарына өз қызметін ұсынып отыр. Елорданың халықаралық деңгейде бе­делінің одан әрі артуы үшін оларға жүктелер міндет те ауыр. Алайда туристік бизнес саласында отандық фирмалардың беделі әлі де жоғары дәрежеде емес. Сондықтан да туристік фирмалар 2017 жылы төрткіл дүниеден келетін қонақтарға жоғары сервистік қызмет көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, қажетті іс-шаралардың барлығын атқаруы тиіс.

Қазіргі туризм – бұл құлдырауды білмейтін әлемдік экономиканың саласы. Шетелдік экономистердің есептеуінше, қалада екі сағат уақыт өткізген 100 мың турист 350 мың доллар немесе 17,5 доллар әр адам сағатына шығын жұмсайды. Осылайша, шикізатты сату – бұл өз алдына экономикалық тығырыққа тірелу, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімдік, экономикалық пайдалы перспектива.

Туризм, тұтастай ел экономикасына үш жағымды тиімділік әкеледі:

1. Шетелдік валютаның елге келуін туындатады және төлем балансы, жиынтық экспорт

сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал етеді.

2. Халықтың жұмысбастылық деңгейін көтеруге көмектеседі. ДТҰ мен Туризм мен

саяхаттың дүниежүзілік кеңесінің бағалауы бойынша, туризм индустриясында ашылған әрбір

жұмыс орны жалпы салалардың 5-тен 9-ға дейінгі жұмыс орындарын алады. Туризм тікелей

немесе жанама экономиканың 32 саласына әсер етеді.

3. Елдің инфрақұрылымдық жүйесін дамытады.

Туризмнің Қазақстанда табысы бойынша үшінші индустриалдық сала болуға нақты

мүмкіндіктері бар. Бүгінгі таңда туризм дамуына кедергі келтіретін негізгі факторлардың бірі –Қазақстанның турөнімін алдыға жылжыту бойынша, сондай-ақ елдің туристік имиджін көтеру бойынша жан-жақты ойластырылған маркетингтік стратегияның Қазақстанда жоқ болуы табылады. Орта есеппен әлемде сұралған респонденттердің 42%-ы ғана Қазақстан имиджі туралы түсініктері бар. Қазақстанның Азиядағы танымалдығы бәрінен жоғары. Азиядағы алыс шетел – Жапонияда сұралғандардың 75%-ы Қазақстанды біледі. Еуропада бұл көрсеткіш өте төмен, сұралғандардан ең жақсы нәтиже көрсеткендер ағылшындар - 41% сұралғандар Қазақстаннан хабарлары бар.

Алайда, соңғы жылдары бұл бағытта көптеген шаралар жасалғанын мойындауымыз керек, бірақ туристік саланың дамуы қомақты инвестиция салумен тығыз байланысты. ДТҰ халықаралық сарапшыларының болжамы бойынша 2-3 жыл ішінде туризм қайтадан тұрақты өсім қарқынын алады. 2020 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарды ойдағыдай жүзеге асыру үшін Туризм және спорт министрлігі заманауи туристік орталықтар құрылысына инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Олардың қатарына 2011 жылы Азия ойындарына дайындық барысында салынған бірқатар спорттық құрылымдарды, туристік инфрақұрылым объектілерін айтуға болады. Салыстырмалы түрде, мысалы, Оңтүстік Кореяда өз уақытында 38 таушаңғы орталығы салынған, олардың құрылысын алдымен мемлекет қаржыландырып, содан кейін оны жекеменшікке сатты. Осы жолмен екі мәселе шешілді: демалыс үшін жағдайлар жасалды және осы туристік нысандар пайдасы есебінен экономика көтерілді. Аса көңіл аударуды қажет ететін мәселе – көптеген туристік агенттіктер көбінесе тек бір бағытты – шығу туризмін ғана дамытады. 600-ден аса туркомпаниялардың 14,5 % ғана келу

туризмін ұйымдастыруымен айналысуы сөзсіз ел бюджетіне теріс әсер етеді. Тіпті сол сырттан келгендердің басым бөлігі – іс-сапармен келгендерге жатады.

Ішкі туризм, сарапшылардың мәлімдеуінше, барлық туризм кірісінің 3% -ын құрайды. Салыстыру үшін айтсақ, дамыған елдерде бұл 50%-ға тең. Бұл мәселені шешу үшін Салық кодексіне шетелдік сапарларды ұйымдастыратын туроператорларға өз қызметтерінің кірісінен ҚҚС төлеу белгіленді, әйтпесе шығу туризмін ұйымдастырушылар әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]