Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
New Microsoft Office Word Document.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.46 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Ұлытаудан басталар ұлы көшіміздің кеңес дәуірі кезінде Астана қазығын бірде Орынбор, бірде Қызылордаға қадап, одан жасыл желекті, түсті кілем Алматыға тұрақтауы Мәскеудің пәрменімен болған еді. Еліміздің тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана елорданың қай жерде болуын таңдау мүмкіншілігіне Елбасымыз ие болды. Астанамыздың Қазақстанның орталығында болуы қай жағынан алып қарасаң да дұрыс шешім еді. Себебі, Сарыарқа талайды көрді, талайға төзді. Бағзы бабаларымыздың ақ найзаларын аспанға атқан айбарлы жеңістерінің куәгері болды.

Астана – бүгін өскелең қала. Кемел де келісімді ойлардың, ізгі ниет пен игі тілеудің қаласы. Айталық, қаланы қақ жарған Есіл өзенінің жағалауын кезінде басқан қамыс –құрақ қаба сақалдан арылып, бетон тақтайшалармен төселген. Есілдің мәрмәр жағалауынан зәулім ғимараттар салуға да, қаланың орталық бөлігінде Еуропалық үлгідегішағын орамдар тұрғызуға орын жетерлік. Ендеше, шаһардың кейбір кең де түзу көшелері дәстүрлі шығыс байтақтарын, мәселен, көргендерге Каир мен Делиді елестетіні сөзсіз.

Еліміздің жаңадан орын тепкен ордасын көркейту мақсатына орай президентіміз 2001 жылы «Астана жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құрған болатын. Бұл шара Есілдің сол жағалауына инвестициялар тарту, сондай-ақ қазіргі заманғы инфрақұрылым арқылы құрылысты қарқынды түрде дамыту еді. Сол себепті Астанадағы үкімет сарайлары, құрметті орындар, министірліктер мен қоғамдық ғимараттар аса көрнекті сәулеттік бейнеге ие болып келеді.

Уақыт өткен сайын қалалық жағажай кеңейіп, заман талабына сай өзгеріп келеді. Коммуналдық қызметкерлер үшін шомылатын аймақтың жоғрғы деңгейде халыққа қызмет көрсетуі мен Есілдің түбін тазарту мәселесі – жұмыс жоспарындағы ең салмақты мәселелер болып қала бермек. Әйтсе де бұның барлығы да рет-ретімен жүзеге асатын күн алыс емес.

Қазіргі кезде Астана қаласы Қазақстан Республикасының ірі туристік орталықтарының бірі болып табылады. Оның осындай жетістіктерге жетуіне әртүрлі экономикалық, саяси, қаржы және тағы басқа шаралардың орындалуына байланысты. Қалада туризмді дамыту мақсатында әртүрлі шаралар жүргізілуде және болашақта орындалатын жоспарлар бар.

Сонымен қатар жұмыс толық қанды болуы үшін әртүрлі әдебиеттер пайдаланылған. Университет кітапханасынан кітаптарды қолдана отырып, журналдар мен газеттерден қосымша материалдар алынған. Интернет жүйесінен көптеген ақпарат көздерін қосқан.

Курстық жұмыстың мақсаты:

- Астана қаласының туризм дамуының негізгі алғышарттарына талдау жасау, туристік рекреациялық ресурстарын сипаттау;

- Қаланың туризм саласында Қазақстан Республикасы бойынша алатын үлесін анықтау;

- Қаланың үш ауданы бойынша туристік рекреациялық мүмкіншіліктерін салыстыру және талдау;

- Астана қаласының туризм саласына қатысты қолданылатын үкімет шараларға, бағдарламаларға талдау жасау;

- Туризм саласының дамуына байланысчты жаңалықтар енгізу.

Жұмыстың міндеті – Астана қаласының қалыптасуын, оның географиялық орнын, тарихын талдау. Қаланың туристік орталық ретінде дамуының қандай потенциалы бар екеніне талдау жасау. Сонымен қатар Астана қаласының туризм даму жағдайы мен болашақтағы шараларын ашып көрсету.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  • Астана 0аласындағы қазіргі таңдағы даму деңгейінде нақты жоспарланған шараларын ашып көрсету;

  • Қала аймағында рекреациялық ресуртардың мүмкіншіліктерін жетілдіру жолдарын қарастыру;

  • Астана қаласында туризмді дамыту перспективаларының негізгі бағыттарын анықтау;

  • Астана қаласының туризмінің даму қарқынын, іскерлік туризмін қалыптастыратын жағдайларын көрсету.

Өзектілігі – туризмді дамытуды тежейтін факторларды шешу жолдарын қарасиыру, туризм саласының қарқынды даму жолдарын қарастыру шараларына бағдарламаларына талдау жасау, басқа аудандармен салыстыру.

  1. АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

    1. Қала – географиялық нысан ретінде

Қалалық туризм, қалалық – туристік орталықтар: түрлері, функциялары, қазіргі бағыттары.

Қала – бұл күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза, көп салалы шаруашылық кешен, мәдени –тарихи құрылым, мәдениет жинақтауының белгісі және адамзат тарихындағы ұлы оқиғалардың алаңы.

Қалалық туризм жайлы әңніме қозғағанда – туристік мақсатта ірі елдімекендерге барғанда еріксіз оәға әртүрлі қалалардың бейнесі елестейді. Олардың әрқайсысының тек өзіне ғана тән ерекшелігі бар - бұл оның силуэты: шатырлар, құбырлар, күмбездер, тіке және бұралыңқы көшелер, үйдің фасады, ескерткіщтер, мұнаралар, ғибадатханалар, вокзалдар мен ратуштар, қала маңы.

Барлық қалалардың формалары қала мен оның құрғындарының тағдырын бейнелейді. Көптеген өалалар туралы әңгіме жүрсе, бірден көз алдымызға міндетті түрде қалалармен байланысы бар тұлғалар бейнесі көз алдымызға елестейді де тұрады. Мәселен, Зальцбург – Моцарт, Веймар – Гете, Копенгаген –Андерсен, Санк-Петербург – I Петр, Витебск – Шагал, Севилья – Фигаро, Дон Жуан, Кармен, Верона – Ромео мен Джульетта, Лондон, Париж, Рим қалалары да мыңдаған танымал әдеби кейіпкерлерге толып жатыр.

География әдебиеттерінде «туристік аудан» мен «туризм ауданы» деген тусінікті жиі шатастырады. Туристік аудан дегеніміз белгілі бір территорияда жұмыс істеп тұрған бір туристік объект, ал туризм ауданы – туризмнің жайылу шеңберін көрсетеді. Туристік аудан экономикалық-географиялық зерттеу объектісіне жатады. Туризм ауданы – сәулеткерлер мен жоспарлаушылардың зерттеу объектісі болып табылады. Туристік аудан – туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік экономикалық жағдайлары бар экономикалық салалы аудан.

Туристік орталық – бұл бөлінген жер, табиғи объект немесе халық тұратын мекендер. Бұнда туристік рекреациялық ресурстарға байланысты туристік экскурсиялық қызмет көрсету кешендері құрылады. Оған туристерді орналастыру, тамақтандыру, туристік – экскурсиялық қызмет көрсеу мекемелері кіреді.

Қалалар адам санасына өзінің қайталанбас қасиетімен ерекше әсер қалдырады. Венецияға ағылып келіп жатқан сансыз туристер ағымы оның тарихи құндылығымен емес, қаланың бірегей орналасуына байланысты.

Қала кейпін түйсікте қабылдауда басты назар оның реңкіне, ғимараттарда қандай түс басым келгеніне аударылады. Парижде жасыл бульварлармен, жағажайлармен ерекше үндестік тапқан қоның, сұр-шоколадты реңдер басым келген. Көпшіліктің пайымдуынша сыртқы сападан басқа қалалардың тек өзіне ғана тән дыбыстары мен иістері болады. Рим үшін ол – фонтандар сыбдыры. Флоренцияға сырдың жаңа иісі мен өте ескі суреттердің бояуларымен араласқан ирис секілді ылғалды шыңның иісі тән.

Қалалық орта өзінің әлеуметтік дүниесімен қоршайды, оған адамдардың матриалдық және рухани шарттар, тіршілік етуі, дамуы, іс-әрекеті кіреді. Қалалық орта – бір сөзбен айтқанда адамзатты бірнеше ғасырлар бойы өзіне еліктіріп, келе жатқан нысандар әрі адамдар және олардың бірі-бірімен қарым-қатынасы, олардың әлеуметтік ортаға деген қатынасы.

Бүгінгі таңда қалалық туризм мәселесін туристік саланың перспективті бағыты ретінде халықаралық, аймақтық, ұлыттық деңгейде көңіл бөлініп келеді. Соңғы он жылда оның көлемі біршама ұлғайды. Туризмді дамытуда қалаларың рөлі мен мәні күн санап артып келеді. Қалалр адамдардың мәдени-тарихи құндылықтарға қызығушылығын арттыруға, бизнеспен айналысуына, демалуына, емделуіне, білім алуына қажетті алғышарттар жасай отырып, саяхаттаушыларды көптеп тартуда. Осылайша туристік ағымдар қалалық ортаға бәлгілі бір шамада әсерін тигізуде.

Туризм қаланы дамыту стратегиясының негізіг элементтерінің бірі ретінде қарастырылады, өйткені ол өз кезегінде қаланың гүлденуіне үлесін қосуда. 2005 жылы маусым айында Стамбул қалалық туризмді басқарудың жаңа бағыттарына арналған форум өткізілді, оған 42 ел қатысты.

Қалалар – туристік орталықтар алуан түрлі болып келеді. Туристік орталықтардың жіктемелері өте көп. Географилық тұрғыдан нысандарды морфология бойынша (алаңды, тіке, нүктелі); орналасуы бойынша (орталық, перифериялық, эксорталықтық); туристік ағымның масшатбы бойынша (ең ірі, ірі, орташа, шағын); оның бағыты бойынша (жіберуші, қабылдаушы, кешенді); маманы бойынша (полифункционалды, бифункционалды, монофункционалды).

Қалалық туристік орталықтарды екі негізгі топқа бөлуге болады:

  1. Туристік индустрия қалақұру қызметін атқаратын қалалар. Белгіленгі тәртіп

бойынша бұл категорияға шағын қалалар жатады, ал орташа қалалар сирек кездеседі. Кез келген мамандануы тар және экономикасы диверфикацияланбаған қала секілді олар туристік нарықта болып жатқан жағдайларға толығымен бағынышты болады, туристік сұраныстың икемділігі мен өзге де факторлардың әсеріне бейімделгіш келеді. Мұндай туристік орталықтарға табыс деңгейі мен саяхаттау мақсаты сәйкес келетін бағыт тән. Осындай қаланың экономикасы бүтіндей туристік нарықтың конъюктурасына ғана емес, сондай-ақ тәуелді болуымен қатар, тұтынушылар нарығының нақты сегментінің туристік сұраныс жағдайына тәуелді болады, бұл өз кезегінде қала жүйесін тұрақсыз етеді. Мұнадй қалаларға экономикалық жағдай нарығында үздіксіз мониторинг пен туристік өнім бәсекелестікке төтеп бере алатындай ұзақ мерзімді бағдарламаны жетілдіретінмаркетингтік зерттеулер жүргізу қажет.

  1. Туристік индустрия қалақұру қызметін атқаратын қалалар, бірақ олар

қалалық экономиканың ажырамас бөлігі болып табылады. Аталмыш категорияға орташа қалалар, барлық ірі қалалар мен мегаполистер кіреді. Бірінші топпен салыстарғанда бұл қалалардың бірқатар маңызды артықшылықтары бар: кері әсер салдарына туристік нарықта диверфикацияланбаған экономика дағдарыс жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді немесе оның салдарын азайтуға тырысады. Олар әр түрлі категориядағы туристерді тартады (олар жасы, табыс деңгейі мен мақсаттары бойынша бір-бірінен ерекшеленді) және әртүрлі туристік өнімді ұсына алады.

Туристік мамандануға байланысты қалалық туристік орталықтарды келесідей түрлерге бөлеміз: мәден-танымдық туризм орталықтары, іскерлік туризм орталықтары, шаралық туризм орталықтары, қала-курорттар, емдік орталықтар мен діни орталықтар. Ірі қалалар мен мегаполистер полифункционалды болып есептелінеді. Ондай жерде туризмнің біредн бірнеше түрі дамиды, көьіне мәдени-танымдық, іскерлік шаралық. Мәселен, Париж, Лондон, Рим, Берлин қалалары әлемдік мәдени танымдық туризм орталығы әрі бір уақытта іскерлік туризм сегментінде көшбасшы болып келеді. Соңғы уақытта мәдени танымдық мақсатпен келуші туристер архитектуралық ғимарттар, мұражайлар, театрлар, көрме залдарына қызығушылық танытумен қатар, қала атмосферасына, қала халқының өмір сүру кейпіне , қазіргі заманға сай дизайнға ерекше көңіл бөледі. Соңғысы ианымдық туризмі дамыту үшін тарихи потенциалы жоқ қалаларға аса маңызды жағдай. Көп жағдайда үкімет дизайнарлар мен архитекторларды қалаға өз жобаларын жасауға шақырады және оларға қаржылық қолдау көрсетеді. Ал, біздің Елордамыз Астана қаласында туризмнің барлық түрі бар, бірақ ерекше тоқталатыны іскерлік туризм болып табалды [1].

Қалалар – мәдени-танымдақ туризм орталығы – тарихи қалаларды туристік көрсету нысандарын, қызмет көрсету мекемелерін (орналастыру құралдары, тамақтандыру орындары, ойын-сауық, анықтама-ақпараттық орталықтар) біріктіретін мәдени-туристік зоанлар құрылады. Мұндай зоаналарды құру – кешендік мәселе, ол келесі мәселелердің шешімін қажет етеді:

- Қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу, туристік-экскурсиялық көрсетілімге тарихи және мәдени ескерткіштерді дайындау, тарихи маңызы бар ғимарттарды қайта құру, саябақтар мен табиғи ландшафты қалпына келтіру;

- Ірі габаритту туристік автобустардың өту есебінен жол-көлік торларын қайта құру, автотұрақ торларын дамыту, туристер көп шоғырланған жерлерде көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

- Туристер мен жкскурсанттар шамадан тыс шоғырланған жерлерде жүргінші зонаны құру, қызмет көрсету нысандарының тығыздығын ұлғайту, көгалдандыру, аумақты гүлмен безендіру;

- Қоғамдық қызмет көрсету жүйесін жетілдіре түсу, оның ішіне медициналық қызмет көрсету де кіреді;

- Қаланың тұрмыстық шаруашылығын, қоғамыдқ көлігін, телебайланыс жүйесін дамыту;

Қалалар – іскерлік туризм орталығы, бизнес-туристер қала инфрақұрылымының жағдайына, кездесулер мен жиындар үшін (медиаторлық, конгресс-холл т.б) арнайы нысандардың болуына, техникалық құрал жабдықтарымен қамтамасыздандыруына (аудиовизуалды құрылғы, байланыс құралдары, интернетке жоғар жылдамдықпен ену мүмкіндігі), қызмет көрсетуші персоналдың кәсіптік деңгейіне, көліктің болуына міндетті талаптар өояды. Басты назар қауіпсіздік пен саяси тұрақтылық. Іскер туристер саяхаттың басты түпкі мақсатына қатысы жоқ қосымша туристік қызметке сұраныс білдіріп отырады. Олар туристік іс –әрекетін бір уақытта мәдени-танымдық және белсенді демалыспен үйлестіре алады.

Қалалар – оқиғалы туризм орталығы – қазіргі заманғы туристік орталықтарында әртүрлі масштабпен тақырыпқа әрдайым мәдени және спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Олар әлемдік «Олимпиада ойындары, «Әлем аруы» сұлулық байқауы), аймақтық (футбол бойынша Европа чемпионаты), ұлттық (ән немесе кинофестивалі, бір елдің спроттық жарыстары), жергілікті (тарихи шайқастарды жасау, Орта ғасырдағы мәдениет күні) бар сипатқа ие. Мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды туристік индустрияда маусымдылықпен күресудің бір жолы болып табылады.

Қалалар – курорттар мен емдік туризм орталықтары – нақты түр мен сапаға негізделген табиғи ресурсы бар аудандарда шоғырланады. Соңғы уақытта олар бірталай өзгерістерге ұшырады әрі олардың дамуында да жаңа бағыттар пайда болды.

Қала-курорттар әдетте теңіздер, көлдер мен өзге де су нысандарының жағадағы сызығына байланысты болады. Олар курортқа шомылу, жағажай демалысы мақсатымен жаппай туристерді тартады. Даму барысындағы негізгі мәселе – туристік белсенділіктің маусымдылық тербелісі.

Дубровник қала-курорты туристерді Батыс және Шығыс Еуропа елдерінен қабылдайды. Ол өмір сүру деңгейі орташа және төмен адамдар тобына арналған. Туристік нарықта курорт «Дубровник – тәуелсіздік қаласы» деген слоганмен жылжытылады. Бүгінгі таңда онда туристік инфрақұрылым жаңартылып жатыр, жаңа 4-5* қонақ үйлер пайда болуда [3].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]