Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
New Microsoft Office Word Document.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.46 Кб
Скачать

2.4 Астана қаласындағы туризмнің қазіргі даму жағдайы

Талайдың қарсылығына тап болып, алғашқы Президентіміздің табандылығы арқасында бой көтерген Астана аз уақыт ішінде көрсе көз тоймас сұлу мекенге айналып қана қоймай, Қазақстанның басты брендіне айналып үлгерді. Бұл Елбасының салиқалы саясатының арқасында елордамыздың әлемдік аренаға айналуының нәтижесінде іске асып жатқаны сөзсіз.

Астананың әлемге танылуының бір ұшы сындарлы саясатта, елорда төсінде талай халықаралық маңыз­да­ғы үлкен жиындардың жиі өткізілуінде жатыр. Соң­ғы жылдары Астана әлемдік мәселелерді талқылайтын саяси сахнаға айналды. Ал халықаралық деңгейдегі жиындар сол деңгейге лайық деп танылған елдің, лайық­ты деп табылған қаласында өтетіні белгілі. Демек, бүгінгі күні Астана әлемнің айтулы ірі қала­ла­ры­мен деңгейлес болып келе жатыр деген сөз. Аста­наның әлемге әйгілі бола бастауына себеп болып отыр­ған тағы бір жайт – қаланың бір-бірін қайта­ла­май­тын ерекше архитектурасы. Бүгінгі Астана архи­тектурасынан ұлттық орнаментті те, классикалық үлгіні де, модерн стилін де көруге болады. Астана бүгінде дүниежүзіне белгілі қалалардың біріне айналды. Әлемдегі болашағы мол жедел да­му­шы қалалардың қатарына енді. 

Халықаралық сарап­шылардың бағасы бойынша Брюссельде Астана әкімдігінің басқару жүйесі жоғары бағаланып, Еуропалық сапа менеджменті қорының сер­тификаты табысталды. Мәрте­белі атақты осы күнге дейін ТМД кеңіс­тігіндегі бірде-бір ел иеленбеген. Сон­дай-ақ британиялық «Экономикс» журналының рейтинг агенттігі 140 қала­ның арасында Астанаға «Өмір сүрудің қолайлы деңгейі» мәртебесі көрсетілді. 

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық өмірінде соңғы жылдары орын

алған өзгерістер туризм саласындағы ұсыныстарды, нақты сұранысқа барынша

жақындатып, кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы келбеті және

инфрақұрылымы бар біздің еліміздің жас астанасы ретіндегі қалаға елеулі өсіп келе жатқан қызығушылық туризм саласының көптеген көрсеткіштерімен расталады.

Қазіргі туризм – бұл құлдырауды білмейтін әлемдік экономиканың саласы. Шетелдік экономистердің есептеуінше, қалада екі сағат уақыт өткізген 100 мың турист 350 мың доллар немесе 17,5 доллар әр адам сағатына шығын жұмсайды. Осылайша, шикізатты сату – бұл өз алдына экономикалық тығырыққа тірелу, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімдік, экономикалық пайдалы перспектива.

Туризм, тұтастай ел экономикасына үш жағымды тиімділік әкеледі:

1. Шетелдік валютаның елге келуін туындатады және төлем балансы, жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал етеді.

2. Халықтың жұмысбастылық деңгейін көтеруге көмектеседі. ДТҰ мен Туризм мен саяхаттың дүниежүзілік кеңесінің бағалауы бойынша, туризм индустриясында ашылған әрбір жұмыс орны жалпы салалардың 5-тен 9-ға дейінгі жұмыс орындарын алады. Туризм тікелей немесе жанама экономиканың 32 саласына әсер етеді.

3. Елдің инфрақұрылымдық жүйесін дамытады.

2013 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша Астана қаласында қала қонақтары мен тұрғындарына қызмет көрсеткен 478 туристік фирма және 135 қонақ үйі (жеке кәсіпкерлердің қызметін қосқанда) жұмыс істеді. 2012 жылы қаланың туристік фирмаларымен және қонақ үйлерімен 637,4 мың туристке қызмет көрсетілді, оның ішінде келу туризмі 104,1 мың адам, шығу – 55,2 мың адамды құрады. Ең үлкен үлес салмақ ішкі туризмге тиесілі – 478,1 мың адам (75%). Қызмет көрсетілген туристер саны 2011 жылмен салыстырғанда 13,6%- ға немесе 76,5 мың адамға көбейді.

Есепті кезеңде туристік қызметпен айналысатын 221 туристік фирмалар және 42 жеке кәсіпкерлер 25 728 келушілерге қызмет көрсетті, бұл 2012 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 10,7% - ға артты.

2012 жылғы қаңтар-маусымдағы туризмнің және қонақ үй шаруашылығының дамуы. 2012 жылғы қаңтар – маусымда қызмет көрсетiлген келушiлердiң саны 270232 адамды құрады. Туристер көбінесе iскерлік мақсаттармен (72,0%) және демалу мақсатында (21,9% туристердің жалпы санынан) саяхаттаған [13].

Кесте 1

Туризм түрлері бойынша 2008-2012 жылдары туристерге қызмет көрсету

Барлық туристік фирмалармен және туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлермен 80,8 мың адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде туристік фирмалармен – 74,8 мың адамға, жеке кәсіпкерлермен - 6,0 мың адамға қызмет көрсетілді.

Туристік фирмалармен және туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлермен, сондай-ақ қонақ үйлермен ұсынылған жұмыстар, қызметтер көлемі 2012 жылы 15688,4 млн. теңге құрады. Туристік фирмалармен және туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлермен ұсынылған жұмыстар, қызметтер көлемі 619,9 млн теңге, оның ішінде визалық және экскурсиялық қызмет көрсету көлемі 29,7 млн. теңге, орындарды сақтап қою бойынша қызмет көрсету көлемі 532,4 млн. теңге, басқалары – 57,8 млн. теңге құрады.

Кесте 2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]