Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
New Microsoft Office Word Document.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.46 Кб
Скачать
    1. Астана қаласының географиялық орны.

Қаланың географиялық орны және табиғи ресурстары. Астана – Қазақстан Республикасының астанасы. Қазақстанның солтүстік аумағында орналасқан, Есіл өзенінің бойына орналасқан. Оның географиялық координатасы 510 11”с.б 71025” ш.е. Климаты – шұғыл континеталды, оңтүстік жаққа қарай құрғақтай бастайды. Қаңтар айында желдің бағыты негізінен солтүстікке қарай бағытталады. Қысына келетін болсақ, қысы суық, ұзақ уақытқа созылады, қар аз болады, кей жылдары өте қатты суық болады. Қыстың суық кезінің созылу мерзімі 245 күн, ал қыстың 5-5,5 ай. Қардың жамылғысы негізінен қараша айының ортасынан басталады, 130-140 күнге созылады. Қаңтар айының орташа температурасы -17С, шілде айының орташа температурасы - 20-24С. Жазы ыстық, көбіне қоңыр салқын ауа температурасы тән. Ең жоғарғы температура 35С. Құрғақ және желді болып келеді. Астана қаласындағы желдің орташа жылдамдығы 5 м/сек. Ең қатты жылдамдықты наурыз айында 6 м/сек, ал ең аз жылдамдығы тамыз айында 4 м/сек. Қатты желдер соғатын (15 м/сек) күндер саны – 40 кейде 87 күнге дейін созылады. Астана қаласында 36 м/сек жел әрбір 20жыл сайын болып тұрады. Жаңбыр жауынының орташа жылдық жамылғысы 200-300 мм. Ең ірі өзендері – Есіл, Нұра, Теңіз, Қарасор, Қорғалжын, Балықтыкөл, Қыпшақ және т.б. Астана қаласы Қазақстанның солтүстігінде, Ақмола облысынң жерінде орналасқан.

Астана 5-ші уақыт белдігінде тұр. Нөлдік меридианға қатысты жергілікті уақыттың есептелуі GMT+06.00. Астана аумағы үш әкімшілік аймаққа бөлінеген: Сарыарқа ауданы, Алматы ауданы және Есіл ауданы.

Қазақстанның астанасы Еуразияның қақ ортасынан орын тепкен. Мұның өзі мемлекетіміздің әлемдегі елдердің басшысымен ашық та достық қарым-қатынасты қалайтындығының символы іспетті. Және бұл сонымен қатар мемлекеттің шет елдермен әр түрлі мақсатта байланыс жасауына жақсы әсерін тигізеді.

Жануарлар әлеміне келетін болсақ, сүтқоректілердің – 55 түрі бар, құстардың түрлері – 180, балық түрлері – 30. Солардың ішіндегі аз кездесетіні: архар, балобан, бүркіт, дроф, тырна, шөлдік бүркіттер, пеликандар, фламинго; бұлар қызыл кітапқа енгізілген. Осы сире кездесетін жануарлар мен құстарды сақтау мақсатында территорияда мемлекеттік қорық Қорғалжын құрылған.

Ауданда өсімдіктер түрлерінің – 66 түрі өседі. Территорияның өсімдіктер жамылғысы 4391,6 га созылған.

Кей жерлерде, алтын, уран, боксит, мыс, көмір, кварц құмы және т.б. пайдалы қазбаларды шығарады [5].

    1. Елорданың қалыптасу тарихы

Ежелгі Сарыарқа. Бір кездері Қараөткел арқылы аққан Есілдің суы сарқырап жататын. Ұзақ жол жүріп келе жатқан керуен өзеннің жағасына тоқтап, тыныстап алатын еді. Ал кесененің күнмен шағылысқан ақ күмбезі жолаушыларға ақ сапар тілеп тұрғандай. Міне, осындай ежелгі Сарыарқаның төсінде қала бой көтерді. Басында қала емес, жай ғана қорған сияқты болатын. Бұо төңірекке қоныстынған қазақтар жылдың қай мезгілі болса да Қараөткелдің тайыздау жерімен жылқы, түйе малын пайдаланып, жаз жайлауға, ал қыста қыстауға көшіп-қонып жүретін. Өзеннің осы тұстағы өзен арнасын жабатын қара түсті құмнан Қараөткел пайда болған. Ал одан Нұра өзеніне қарай он сегіз шақырым жерді Ақмола деп атап кеткен. Күмбезі алыстан көз тартатын кесене Есілдің жағалауында тұр.Ол жерде бір кездері өзінің даналығы мен әділдігімен бүкіл сахараға танымал болған Нияз би жерленген. Оның әкесі Тілеулі батыр қазақ-жоңғар ұлт-азаттық тарихында өзіндік орны бар адам. Аты аңызға айналған қолбасша, сардарлар Есет епн Жәнібектің үзеңгілесі ол Аңырақай, Қалмаққырған мен Қарақұмда 1710-1729 жылдары болған жоңғар соғысында қыпшақтың 92 руының әскерін басқарған. Сонымен қатар, лайықты ұлды тәрбиелей білді. Кейінірек, Нияз би Абылай ханның беделді кеңесшілерінің бірі болды. Ал күмбезі киіз үйдің шаңырағына ұқсайтын, ақ кірпіштен тұрғызылған кесене осы өңірдің атына айналды.

Арқа қорғаны. Қаланы тұрғызу құрылыс материалдарының жетіспеушілігімен біраз қиынға соқты. Оларды Петропавл мен Омбыдан жеткізді. Шубиннің тобы 1832 жылдың 22-тамызында орталық үшін аса қажетті объектілердің құрылысы біткеннен кейін, ресии түрде Ақмола приказы мен ішкі округ ашылды. 1835 жылы округте 71 262 адамнан тұратын он бес болыс пен тоғыз ағаш үйлі бір орыс поселкесі болды. 1840 жылы бес мұнаралы көп қырлы формалы қабысқан далалық қорған салынды. Онық төменгі жағы балшықтан оқшашарға лайықтап салынған. Бүгінгі ьаңда бұл қару Президенттің мәдени орталығында сақталуда. Оң жағынан Есіл ағып жатты, батысы мен солтүстігінде қамысты батпақ, ал шығысынды созылған сардала еді. Басынан бастап батыс жағына отставкадағы солдаттар, ұсақ саудагерлер, қолөнершілер орналасты. Олар «Слободка» елді мекенін құрды.

Ақмола қалашығы. Жылдар өтіп жатты. Ақмола Ресей мен Шығыстың сауда қатынасының көпірі іспеттес Сібір, орал, Орта Азия көпестері қоныс аудара бастады. Кішкене ғана қорған біртіндеп қалаға айнала бастады. Бұндай мәртебе Ақмола станциясында Ресейдің ішкі істер Министрлігінің 1862 жылдың жетінші мамырындағы шешіміне байланысты берілді. Қазіргі заманның тілімен айтқанда, Астана сол кездің өзінде инвесторлардың назарын аударатын еді. 1863 жылдың өзінде Ақмола қаласында 51 Ресейлік, 340 шетелдік көпестер тұрақты өмір сүргетін. Саудагерлердің жалпы саны 1236 адамды құрады.

1897 жылдың өзінде қала онша үлкен емес еді. Қалада 9707 адам тұрды. Олардың 5105-і ер, 4602-сі әйел. 3020 қазақ, 4619 орыс, 1035 татар, 223 мордва, 205 неміс, 173 еврей, 101 украин болды. Қала тұрғындарының тек жетеуі ғана жоғары білімді, ал оның тек біреуі ғана әйел адам еді. Негізінен Ақмола тұрғындарының 22,5 пайызы сауатты болып саналады. Анық емес мәліметтер бойынша 1882-1906 жылдары бұл жерге 45 адам жер аударылған. Олардың білім деңгейі қаланың түрлі мекемелерінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін.

1939 жылдың қазан айынды Ақмоланы облыс орталығы етіп бекітті. Бұл да негізсіз емес еді. Себебі, Ұлы Отан соғысы басталған кезде индустриясы жақсы дамыған үлкен қала болатын. Бұл жерде алты өнеркәсіп, оның үшеуі – республикалық, тағы да үшеуі жергілікті және кооперативті өнеркәсіп болды. Олардың жалпы жұмыс орны 801 адамды құрайтын. Ал негізінен қалада 32,5 мың тұрғын өмір сүрді. Ақмолаға жаңа мәртебе бергеннен кейін, қаланың болашағы да үлкен үміт арттырды.

Ақмола қалашығы, Целиноград, Ақмола, Астана. Бір кездерде айтылған Хрущевтің ойы, яғни, тың игеру өлкесінің ресмии астанасы болу бұл аймақтың маңдайына жазылмапты. Бірақ жаңа мәртебе де ұзақ күттірмеді. 1992 жылы Целиноград қайтадан Ақмола болып өзгертілді.

1997 жылдың алтыншы шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Қаулы шығарды. Бұған қаланың геосаяси жағдайы, көлік және телекоммуникация құрылымы, астана өркендеуі үшін жеткілікті бос жердің болуы себеп болды. Қазақстанның 319 мың тұрғыны бар қаласы елдің елордасына айналды. 1997 жылы қаланың ауданы 258 шаршы шақырым болса, бүгінді Астана 722 шаршы шақырым ауданды алып жатыр.

1998 жылдың алтыншы мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы бойынша Ақмола атауы Астана болып өзгерді. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Қазақстанға медаль және «Әлем қаласы» жоғары атағы берілді. Бүгінді Астана – саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша түрлі кездесулер өтететін еуразия кеңістігінің орталығы болып саналады.

10-желтоқсан 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен 1997 жылдың 27 қазанынан бастап Қазақстан Республикасының қолдауымен Астана қаласы ел орда болды. Қазақстанның жаңа ел ордасы болған Астананың халықаралық ашылуы 1998 жылдың 10-маусымында болды. 1997 жыл, негізінен, астана өмірінде атаулы күндерге толы жыл. Әйткенімен, Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңесінің «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» қаулыны қабылдаған 1994 жылы алтыншы шілденің орны бір бөлек. Бұл құжаттың тағдыры ерекше. Астанаты көшіру туралы ұсыныс дау тудырған. Елбасы талай рет халық қалаулыларымен кездесіп, мән-жайды бірнеше рет түсіндірген. Елорданың ел орталығында болуы керек екенін, Алматыда халықтың тығыз орналасқанын, сондықтан да, елді-мекендерді кеңейтуге қиындықтардың туатындығын және де экологияның мәз еместігін талай алға тартқан. Барлық ірі қалаларда тәртіп бойынша өз символдары болады. Мәскеуде – Кремль, Парижде – Эйфель мұнарасы, Нью-Йоркте – Бостандық мүсіні... Ал Астанада 2001 жылы қазақты сәулетті құрылыстар салынды.

Нұрсұлтан Назарбаев бас қаланың бас символын ойлап тапты. Елорданың символы «Астана-Бәйтерек» монументі болып қалыптасты, оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр.

2003 жыл тұрақты даму жолын таңдап, қазақстан бұрынғы Кеңес одағы кеңістігінде дамыған мемлекет атағына ие болды. Бұл тек экономиканың арқасында емес. Жалпы, 2003 жылы Астанаға шетелдік қонақтар көп келді. Елордамыз әр келген қонаққа өзінің бас символы – «Бәйтерек» монументі арқылы «Бейбітшілік қаласы» деген құрметті атағының шын мәнін көрсетуде.

2004 жылы Астана өзінің туған күнін жаңа саябақтармен, субұрқақтармен және алаңдармен толыққан сол жағалауда атап өтті. Осының барлығы өзінің болашағына үлкен сенім артқан қазақстандықтардың еңбегінің арқасында жүзеге асты. Егерде еліміздің тәуелсіздік алған жылдары қаланың көптеген тұрғындары Ресей шекараларына, Томскіге дейінгі жалақысы жоғары жұмыс іздеп кетіп жатса, қазіргі таңда өзіміздің елден де жалақысы жоғары жұмыс табуға мүмкіндік туындады. 2004 жылдың 24 желтоқсанында Астанада еліміздің басты ғимараты – «Ақорда» атауына ие болған Президенті резиденциясының ашылу салтанаты болды. Ол қазақстандық ақ мәрмәр мен малтатасты пайдаланып, озық құрылыс әдістерімен соғылған [6].

2013 жылы 12 сәуірде Астана Бүкіләлемдік туристік қалалар  федерациясының  (World Tourism Cities Federation  (WTCF) құрамына енуге шақыру алды.

Аталмыш федерация Лос-Анджелес, Рим, Берлин, Макао, Бейжің, Лондон, Вена және тағы басқа да 50-ден астам мегаполис пен туристік орталықтарды біріктіретін көлемі жағынан 4-ші туристік бірлестік болып табылады. Бір айта кетерлігі, бұрынғы кеңестік елдері қалалары ішінде WTCF қатысушылары тек Мәскеу мен  Минск қана болса, енді оған Астана да еніп отыр. Бұл туралы Бәйтерек халықаралық баспасөз орталығынан хабарланды.

Тоқтала кететін жайт, Қазақстан астанасы Бүкіләлемдік туристік қалалар федерациясына Бейжің мэрі Уонг Аншунгтың шақыруы бойынша еніп отыр. «Бүкіләлемдік туристік қалалар федерациясы Кеңесінің  төрағасы ретінде мен Астананы WTCF құрамына қуана ұсындым. Федерацияға қосыла отырып, сіздің қала ұйымдағы басқа қалалармен бірге сәтті тәжірибесімен, туризмді дамыту мүмкіндіктерімен бөлісетіндігіне сенімім зор», - деп атап көрсетті өз сөзінде Бейжің мэрі, Федерациялар Кеңесінің төрағасы Уонг Аншун. 

Тоқтала кететін жайт, Астана WTCF-қа кірген әлемнің 56-шы, ал кеңестік елдер арасындағы 3-ші қала болып табылады. Бүгінгі күні Бүкіләлемдік туристік қалалар федерациясына қатысушы ең көрікті 55 қала бар. Олардың қатарында: Амстердам (Голландия), Буэнос-Айрес (Аргентина), Гонконг (Китай), Дубай (ОАЭ), Лондон (Ұлыбритания), Лос-Анджелес (АҚШ), Мәскеу (Ресей), Минк (Беларусь), Оттава (Канада), Рим (Италия), Сеул (Корея), София (Болгария), Тель-Авив (Израиль) тағы басқалары бар [7].

  1. ҚАЛАНЫҢ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚ РЕТІНДЕ ДАМУЫНЫҢ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]