Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
New Microsoft Office Word Document.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.46 Кб
Скачать

Потенциалы

    1. Табиғи рекреациялық ресурстары

Астананың қысы қатты, ызғарлы болғанымен, жазы ыстық, мамыражай. Кейде тіпті аүннің қызуы көтерілгенде, оңтүстіктен кем түспесі анық. Жаз шығысымен Есілдің бойы қызу да қым-қиғаш тіршіліктен арылмайды. Бір кездері мұнда одақтың он түкпірінен жиналған тың көтерушілер қыздырынып жатып суға түсетін болса, ана бір ернеуінде үнемі қармаққа қарап, қызыққа батқан балықшылар жүретін еді. Одан бері де жарты ғасыр өтті. Уақыт-төреші өз қолтаңбасын салмай қойсын ба, қаланың аты да, заты да өзгерді. Алайда дәл баяғы ағысынан жаңылмаған Есіл ғана. Тынымсыз желге ырық бергісі келмегендей сыбдырап ақырын ғана ағып жатыр. 50 жыл бұрынғы өзен жағасындағы демалысты бүгінгімен салыстыруғы келмес. Қазір мұнда көп нәрсе өзгерген. Жағажайларға жаңа құм төселіп, биодәретханалар, шешінетін орындар мен арнайы қоқыс салатын жәшіктер пайда болды. Суға шомылу кезеңі алдында коммуналдық қызмет көрсетушілер есілдің маңайына кешенді тазалық жұмыстарын жүргізеді. Үстіміздегі жылы келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында құбыр арқылы келетен сулармен жабдықталған душ кабиналары орнатылған. Келушілер үшін судың құрамы мен оның тазалығы ең басты мәселе. Жыл өткен сайын түрлі аурулардың су бассейндері мен көлдерге шомылу кезінде жұғатыны туралы дәрігерлер үлкен алаңдаушылық білдіреді. Сондықтан да бүгінгі таңда эпидемиологтар Есіл өзеніне арнайы зерттеулер жүргізіп, тазалық деңгейін анықтауды бірнеше кезекке қойып отыр. Әрине, судың лабораториялық бақылауы мұнда ай сайын тұрақты жүргізіліп отырады. Ал, шомылатын кезеңде бұл шаралар екі есеге жиілейді. Мамандардың айтуынша, биылғы жылғы жүргізілген микробиологиялық, санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша ешқандай вирустық қоздырғыштар табылмаған. Бұл еш қорқынышсыз суға түсуге болады деген сөз. Әдетте ағысы жылдам өзендер табиғи жолмен тез тазаланады. Есілдің ағысы төмен, түбі батпақты болғандықтан суы көбіне лайланып, өздігінен тазармайды. Бірақ бұған қарап судың тазалығына күмән келтіруге болмайды.

Есілдің жағажай аймағы таңғы 8:00 ден бастап, кешкі 22:00 сағатқа дейін, мейрам күндері тіпті демалыссыз қызмет көрсетеді. Өзен жағасында демалу үшін төленетін ақы арзан болғанымен, бұлжытпай орындайтын қағидалар бар. Келушілер қатаң сақтауға тиіс қағидалардың негізі – тазалық мәселесіне келіп тіреледі. Күнделікті сағат 6:00 ден бастап арнайы жасақталған бригада жағажайды тазалауға шығады.

Мұнда демалуға келіп, спирттік ішімдіктер ішіп, оның босаған бөтелкелерін қалай болса солай лақтырып кететін мәдениеті төмен жандарды тәртіпке салу үшін әкімшілік те қарап жатқан жоқ. Қазірде жағажай аумағында алкогольді ішімдіктер сатылмайды, тек жемістік астар мен салқын сусындарды ғана алуға болады. Бұл бір жағынан ішіп алған қонақтарды құтқару қызметі болғандықтан да жүзеге асырылып отыр.

Мұндай шаралардың барлығы ең алдымен адамдардың өз қауіпсіздігі үшін жасалатынын әркім де дұрыс түсінуі тиіс. Арнайы дерек көздеріне сүйенсек, жылына Есіл өзені 22-26 адамды өз қойнауына алып кетеді екен. Мұнадй суыт жағдайлардың көбі тұрғындарыдң өз бетінше барып түсетін Вячеславск су қоймасы сынды белгіленбеген орындардасуға шомылатындығынан да болып отырған көрінеді. Ал қалалық құтқарушылар жылына кем дегенде 80 адамды судан аман алып шығады. Өзен аймағында арнайы жасақталған жедел топ тәулік бойы кезекшілік атқарады. Сонымен қатар станциялық мұнаралардан демалушыларды күндіз-түні пост қараушысы бақылап тұрады. Мұнда туристер келгенде катамаран мен қайықтарымен серуендегенді қалайды. Қайықтар мен катамарандар Кенесары хан ескерткішінен бастап автокөлік көпіріне дейін бағытта ғана жылжиды. Осы көрсетілген бағыттан тайғандарға көп мөлшерде айыппұл салынады.

Уақыт өткен сайын қалалық жағажай кеңеіп, заман талабына сай болып келеді. Жағалау бойында еңсе көтеріп келе жатқан қаланың жаңа биік ғимараттары бұл жердің сұлулығын арттыра түсуде. Жанға жайлы қоңыр салқын су мен құмды жағалау, шуағын шашқан алтын күннің қызуы демалушылардың көңіл күйін едәуір көтеретіні анық.

"Атамекен - Қазақстан картасы" этно-мемориалдык кешені.Қазақстан кең байтақ. Бірақ оны алақанда тұрғандай көруге, оның сәулеті мен жерінің тарихымен танысуға болады, балалық арманыңды жерде тұрып этно-мемориалды кешенде өзіңді бейне бір ертегінің алыбындай сезінуге болады. Жоба «Каздизайнда» белгілі сәулетшілер мен дизайнерлерді тартудың арқасында жүзеге асты. Табиғат пен адамның тартуынан тұратын танымал Қазақстанның кішірейтілген нұсқасы 1,7 гектар ауданды – екі футбол алаңын алып жатыр. Мемлекет басшыларының аллеясы таяу жерде орналасқан саяси репрессия құрбандарына арналған монументпен байланысады. Қартада 14 облыс пен бірге республикалық маңызға ие, Астана, Алматы қалалары орналасқан.

Самаладай Астанада айшықты жерлер көп-ақ. Соның бiрегейi – самал желi есiп тұратын саябақ. Кисе Курокава қазақ қаласының сәулеттiк компо­зициясын әзiрлеу кезiнде елорда табиғат пен қаланың симбиозына айналады деп белгiлеген-дi. Соған сәйкес, қала Арқадағы жасыл оазиске айналуы тиiс. 2030 жылға дейiн шаһарда 6 мың гектар жасыл желек болуы керек! Әрине, дiттеген бұл мақсатқа жету үшiн ондаған жылдар керек. Десекте, бұл меженi бағындырудың алғышарттары бар. Соңғы он жылдың iшiнде 7 саябақ пен ондаған скверлер салы­нып, тұрғын­дар­дың тынығатын де­малыс орындарына айналды. Қысы – қытымыр, жазы – қапырық болса да, бұл арадан адам үзiлмейдi. Онысы – заң­дылық. Табиғат – адамымен сұлу. Бiр қарағанда, қала қонақтары сая­бақтарға көп мән бермейтiн сияқты. Айналада зәулiм-заңғар ғимараттар мен ойын-сауық орталықтары самсап тұрғанда саябақты қайтер дейсiң… Бiрақ, олай емес. Қонақтардың, әсiресе, елдiң мәдениетi мен тұрмыс-тiршiлi­гiмен танысуға келген шетелдiк  ту­ристердiң мiндеттi түрде баратын бiрден-бiр жерi – саябақ. Неге?  Өйткенi, саябақ – жергiлiктi тұрғын­дардың сүйiктi же­рiнiң бiрi. Әрi тап осы жерде адамдармен әңгiме-дүкен құрып, достық қарым-қатынас орнатуға, тiптi, қаланың та­рихымен тереңiрек танысуға мүмкiндiк бар. Ең бастысы, боямасыз өмiрге, қара­пайым халықтың тұрмыс-тiршiлiгiне көз жеткiзуге болады [9].

«Астаналық саябақтан». Елордалық саябақтардың  тарихы «Астаналық саябақтан» бастау алады. Себебi, ол – Астана астана болғанға дейiн қалыптасқан демалыс орынының бiрi.30,1 гектаржерге жайылып жатқан саябақта бүгiнде жөндеу жұмыстары жүрiп жатыр. Жөндеудi желеу етiп, саябақты толық жауып тастамас үшiн, жұмыс үш кезең бойынша жүргiзiлуде. Алғашқысы өткен жылы аяқталды. Саябақтың басты аллеясы, мәдени-бұқаралық шаралар өткiзiлетiн алаң мен жағажайдың аумағы жаңарды. Бүгiнде екiншi кезеңi бойынша отбасылық белсендi демалыстың құры­лысы басталып, орталық субұрқақ пен шаңғы-роллерлық жолдарды жөндеу.

Үшiншi кезеңде – бақ iшiндегi аквапарк пен тоғанды қайта қалпына келтiру, сондай-ақ жеке инвестор­лар­дың күшiмен мұнда мультисауықтыру кешенi бар ашық аттракциондар аймағы салыну жоспарда бар.

«Отан қорғаушылар» саябағының ашылғанына биыл – 14 жыл. Ерлiктiң ерен үлгiсiн көрсеткен жауынгерлерге тағзым ететiн бұл жерде 2 мыңға жуық жасыл желек жайқалып тұр. 8 гектар аумаққа жаз айларында күнiне кем дегенде 800-ден астам адамның табаны тиедi.

«Ғашықтар саябағы». Сол жағалаудағы сән-салтанаты артқан «Ханшатыр» мен «Бәйтеректiң» қақ ортасында «Ғашықтар саябағы» тұр менмұндалап. Аумағы16,7 гектаралапта 4488 ағаш тамырын тереңге тартты. Шаңырақ көтерген жас жұбайлардың неке сарайынан кейiнгi аяқ басатын бiрден-бiр жер де осы. Саябақтың орта­сында қол ұстасқан қос ғашықтың мүсiнi алдында суретке түсiп, махаб­баттарының баянды болуынтiлейдi.

«Жерұйық» саябағы. Қала өмiрiндегi жөнi бөлек саябақтың бiрi – «Жерұйық». Халықтың, әсiресе жастардың сүйiктi мекенi бұл. Жоға­рыда айтқандай, бұл саябақ та, шаңырақ көтерген күнi жас жұбайлар мiнген кортеждiң келiп тоқтайтын жерлерiнiң бiрi. Оның iшiнде ұзын-саны 172 сәулеттiк мүсiн бар. Мiне, сол көптiң iшiнде ең рейтингi жоғарысы – мына рояль. Күйеу жiгiттiң тастан қашалған осы аспаптың пернесiн басып, ал қа­лыңдықтың оған сүйсiнiп қарап отырып суретке түсу дәстүрi бар. Күйсандықтан бөлек, басқа аспаптар естелiкке қалатын сурет фонының  қызметiн атқаруда. Себебi, мұндай сәулеттiк мүсiндерi бар саябақты Қазақстанның басқа айма­ғынан кездестiре алмайсыз. Айтпақшы, «Жерұйықтың» тап ортасында 1999 жылы Елбасы отырғызған емен ағашы жайқалып тұр. Идеясы – «елдiң қазығы мен қабырғасы емендей берiк болсын» деген ниет. 2006 жылы ашылған саябақта қайың, қарағай, үйеңкi, мойыл сынды 10  мыңға жуық ағаш отырғызылды.

«Арай» саябағы. Есiлдегi «Арай» саябағы – ерке өзеннiң екi жағы түйiсетiн екi бiрдей көпiрдiң қиылысқан тұсында ор­на­ласқан. 2007 жылы Қала күнi қарса­ңында ашылған бақ 28 гектарды алып жатыр. Басқа жасыл желегiн айтпағанда, 8 мың түп ағашы бар.

«Студенттер» саябағы. Елiмiздегi елеулi оқу орынның бiрi – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң жанында орналасқан «Студенттер» саябағы 2005 жылы ашылды.  Бастапқыда шағын саябақ болған оның бүгiнде аумағы 12 гектарға дейiн жеттi. Әр жаз сайын осы жастар саябағына отырғызылатын гүлдестенiң көлемi 3,5 мың шаршы метрге дейiн барады.

«Президенттiк» саябақ. Алматы ауданындағы тағы бiр айтулы жер – «Президенттiк» саябақ.  Бұл тек аудандағы ғана емес, Астанадағы ең үлкен саябақ. Ақорданың бергi жағындағы аумағының өзi –88 гектар! Саябақтың құрылысы жалғасып жатыр. Ендi рези­денцияның арғы жағы да жасыл желек­пен көмкерiледi. Алдағы 2-3 жылдың iшiнде толығымен аяқ­талуы тиiс. Бүгiннiң өзiнде бұл баққа жан бiтiру үшiн 20 мың ағаш, 6 526 түп бұта отырғызылып, 14 530 шаршы метр гүлтөсем мен 563 764 шаршы метр көгал төселдi. Бұдан бөлек, қаланы жасыл желекке жайқалтып тұрған 62 сквер мен 4 бульвары тағы бар. Жалпы, бас қаланың басты концеп­циясы – табиғат пен адамның үйлесiмi. Ал, бұл ұлы iс шағын скверден бастап үлкен саябақ салудан бастау алады. Тек, өткен жылы елорда жерiне 40 мың ағаш, 72 мың бұта отырғызылды. Бұған қоса 8,4 млн түп гүлдiң тамыры топыраққа тидi. Бұл 2010 жылмен са­лыстырғанда екi есеге көп. Бағбан­дардың айтуынша, биыл Астанада 40 мың ағаш пен 8 млн түп гүлдiң тамыры жерсiндiрiледi.

Тiлге тиек ете кететiн бiр жайт, әлемде саябағымен аты шыққан қалалар жеткiлiктi. Мысалы, Токионың «Мейд­зи», Римнiң «Вилла Боргезе», Нью-Йорктiң «Орталық саябағы», Украина­ның «Никита ботаникалық бағы», Пекиннiң «Ихэюань», Женеваның «Бас­тиондар саябағы», Сиднейдiң «Гайд-паркiн» көру үшiн жылына мил­лион­даған турист аталған елдерге барады екен. Яғни, бұл саябақтар аталған елдiң туризм саласына қан жүгiртiп, ел бюд­жетiн еселеуге септiгiн тигiзiп отыр. Сәулетшiлердiң Астананы салуда кө­галдандыруға осыншалықты мән бе­руiнiң бiр сыры бәлкiм осында болмақ [10].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]