Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамены.docx
Скачиваний:
140
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
144.71 Кб
Скачать

20 Сұрақ. Жоғарғы оқу орыңда оқыту жүйесін жетілдірудің бағыттарын атаңыз

Білім мазмұнын жетілдірудің негізгі бағыттары:

• мектептегі білім мазмұнын қоғамның жылдам өзгермелі сұраныстарына

сәйкестендіру;

• сұранысты қанағаттандыруға үйрету, өздігінше білім алуға және оны

іс жүзінде пайдалана білуге, оқушыны іс-әрекет субьектісі ретінде нақты,

үздіксіз дамуға жағдай жасау;

• білім мазмұнын білім алушылардың жеке дамуындағы білім беру

ортасы ретінде қарастыру;

• білім мазмұнының білім берушілік компоненетін жетілдіру, яғни білім

мазмұнына білім алушылардың игеруі қажет негізгі /компетенцияларды,

технологияларды енгізу;

• білім алушыларды жүйелі түрде бағытталған ғылыми таным

әрекеттерімен таныстырып, ақпараттық технология негізінде жетекші

мотивацияны қалыптастыратын оқу ситуацияларын кеңінен қолдану;

• білім мазмұнын гуманизациялауды қамтамасыз ету және білім

алушының білім алудағы талғамын ескеру.

Жалпы орта білім беру деңгейінің негізгі мақсаты – бейіндік оқытуды

іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық

өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін

қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Бейіндік оқыту: жаратылыстану-математика, әлеуметтік-гуманитарлық,

технологиялық бағыттар және оларға сәйкес келетін типтік оқу жоспары

бойынша жүзеге асыру жоспарлануда.

Орта білім беру оқу бағдарламалары бейіндік оқытудың (базалық

пәндер) барлық бағыттарында оқып үйрену үшін міндетті және техникалық

және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру оқу бағдарламаларының

мазмұнына кіреді.

Күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғысынан келуді жүзеге

асыратын білім беру жүйесінің жаңа үлгісі келесілерді қамтамасыз етеді:

- білім алушының «дайын білімдерді алушы» ретіндегі енжар қалыптан

танымдық үрдістің белсенді субъектісі бола алатын білім алушыға айналуын

қамтамасыз ететін мектеп қызметінің маңызды процесі ретіндегі оқудың

ролін көтеруді;

- оқу пәндері арқылы білім беру процесінде білім алушылардың

құзіреттілігін қалыптастыру мен дамытуды;

- білім берудің әрбір деңгейінде орта білім берудің құрылымы

мен мазмұнының білім алушылардың психофизиологиялық және жас

ерекшеліктеріне, олардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес келуін;

- білім берудің әртүрлі деңгейлерінде тұлғаның дамуының бірізділігін

сипаттайтын күтілетін оқыту нәтижелерінің әрдеңгейлі жүйесін құруда

сабақтастықтың сақталуын;

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында: «Адам – елдің басты байлығы» — деп атап көрсетілген. Әлемдік білім кеңістігіне ену бәсекеге қабілеттілік ұғымымен байланыстырылады. Қажеттілік, қабілет, мүмкіндіктен туындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары бекітілгені белгілі. Осы құжат  еліміздің экономикалық өрлеу мүмкіндіктерін есепке ала отырып, білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын былай айқындайды:

Жалпылық: білім беру жүйесін қаржыландыру, педагог статусы, білім берудегі менеджмент, электрондық оқыту («е-learning»).

Деңгейлер бойынша: мектепке дейінгі оқу және тәрбие, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім. Олай болса, осы бағыттар төмендегідей жоспармен жүзеге асырылады: