Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамены.docx
Скачиваний:
140
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
144.71 Кб
Скачать

25, Жоғары мектепте куратор-эдвайзердің қызметі

 Эдвайзер оқу үдерісінде негізгі қатысушылардың бірі, жеке жоспардың қарастырылған өзінің құзыреттілік міндеттері шеңберінде тәрбие қызметін жүзеге асыруға міндетті.  Эдвайзердің тікелей қызметін орындау барысында жоғарғы мектептің маңызды міндеттерінің бірін шешуге бағытталады - азаматтық ұстанымның қалыптасуына ықпал етіп студенттер тұлғаның өзін-өзі анықтауына қызмет етеді.  Осыған байланысты төмендегілерді ескеру қажет:

1.Жоғарғы оқу орнында бірінші курс студенттерін бейімдеуде эдвайзердің рөлін және университеттің корпаративті мәдениетіне бірінші курс студенттерін бейімдеу;

2. эдвайзердің қызметтік міндеттеріне тәрбиелік қызметті енгізу міндетін қарастыру.  

Білім берудің жаңа технологияларын ендіре отырып, тұлғаны дамыту мақсатында тәрбиеге баса назар аударылуда. Тұлғаның рухани тәрбие алуына, адами келбетінің қалыптасуына ерекше мән берілуі тиіс.Өйткені, жоғары оқу орындарына қабылданған шәкірттердің  мектеп қабырғасынан алған тәлім- тәрбиесінің олқы тұстары айқындала бастайды.Осы тұста олардың ата –аналарымен жұмыс істеу қажетілігі туындайды. Яғни, жастардың мінез-құлқы жайлы қосымша ақпараттар алу, олардың мектеп қабырғасындағы атқарған іс –әрекеттерінен хабардар болу куратор –эдвайзердің жұмысының жемісті болуына әсер жасайтын факторлардың бірі.Региондардан келген жастар ата –ана бақылауынан босағанын сезініп, еркіндікке бой алдырып, қаланың  тыныс-тіршілігінің жағымсыз жақтарына еліктеп, адамилықтан аттап кетіп жататындары да аз емес.Осы тұста куратор-эдвайзерлер тек тәртіп бақылаушысы ғана емес, ата-ана,тәрбиеші рөлінде бола алуы қажет. Олардың мінез-құлықтары жайлы, оқу үлгерімі жайында хабарласып жататын ата-аналар қатары өте аз. «Оқуға түсті, ендігі жерде оқу оның міндеті» деп біржақты, салғырт қарау тәрбиелік кемшіліктерге апарып соғады.Сондықтан, шәкірттердің жатақханадағы және одан тыс өмірлерінен, аралық бақылау нәтижелерінен ақпарат беріп, хабарласып отыру- өмір талабы.Сонда білім беру факторларының- мектеп, отбасы, қоғамдық- әлеуметтік ортаның кірігуіне жол ашып,тәрбие жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етері анық .

28. Емтихан сұрақтарына қойылатын талаптар

ЖОО-да емтихан сұрақтарының талаптары:

Емтихан сұрақтары 3 блоктан тұрады. 1-блок жеңіл сұрақтар; 2-блокта орташа сұрақтар; 3-блокта күрделі сұрақтар; бакалавр студенттердің емтихан сұрақтары 3 блок әрқайсысы 20 сұрақтан 60 сұрақтан тұруы қажет, ал магистр мен докторанттардың сұрақтары ең кем дегенде 45 сұрақтан тұруы қажет. Пән бойынша қорытынды (емтихандық) баға аралық бақылау мен қорытынды аттестация үлгерімінің максималды көрсеткіштерінің жиынтығы ретінде анықталады. Мысалы, студенттің 2 аралық бақылау бойынша үлгерімі 98,5% құрайды (7-апта – 97%, 15-апта – 100%), ал қорытынды аттестация үшін – 85%, онда емтихан бойынша баға жиынтығы 90,4%. Әріптік бейнесі – А-, балл бойынша – 3,67, дәстүрлі жүйедегі баға – «өте жақсы». Пайыздық қатынастағы қорытынды баға мына формула бойынша анықталады: И = (Р1 + Р2): 2 х 0,4 +Е х 0,6, мұндағы: Р1 – бірінші рейтинг бағасының пайыздық мәні, Р2 – екінші рейтинг бағасының пайыздық мәні, Е – емтихандық бағаның пайыздық мәні. Қорытынды бақылау нәтижелері электронды емтихандық ведомостке енгізіледі. Оқу пәні бойынша емтиханды қайта тапсыру аппеляцияға өтініш білдірген жағдайда ғана рұқсат етіледі. Емтиханды екінші рет тапсыру кафедра меңгерушісінің, дау тудырған жағдайларда факультет деканының өкімімен комиссия алдында қабылданады. Дау туғызған жағдай көбінесе студенттің емтихан бағасына келіспеушілігінен және білімді обьективті түрде бағаламаған кездері туындайды. Жоғары оқу орнындағы оқытудың соңғы кезеңінде студенттер мемлекеттік бітіру емтихандары немесе бітіру жұмыстарын қорғау түріндегі қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Студенттердің емтиханға дайындалуы да өзіндік оқу іс-әрекетінің маңызды түрін көрсетеді, өйткені ол алған білімдерін, іскерліктерін жүйелеуге мүмкіндік береді. Емтиханға дайындық барысында студенттерге мынандай ақыл-кеңестерді орындауларын ұсынамыз:

-ең алдымен қай бөлімдер қаралып, қайталанатыны туралы жоспар құру керек;

-ең алдымен бөлімнің ең күрделі материалын оқып, қайталаған жөн;

-оқу материалының бір бөлігін оқып біткен соң үзіліс жасап отыру;

-материалды емтихан сұрақтары бойынша қайталап, ең негізгілерін еске ұстап, қысқаша жауабын жазып отыру.