Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамены.docx
Скачиваний:
140
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
144.71 Кб
Скачать

3. Жоғары білімнің мақсаты мен міндеттерін атаңыз

Жоғары білімнің мынандай басты мақсаттары мен міндеттері бар:

- ол адам құқықтарын, демократия, бейбітшілікті нығайту мақсатында барлық адамдардың бүкіл өмір бойы дара дамуы мен әлеуметтік әрекетіне қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс.

- ғылым мен технологияны дамыту жолымен қоғамның мәдени, әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосу;

- өзі үшін жауап бере алатын жоғары білікті мамандарды, азаматтарды даярлауды бір мезгілде жүзеге асыру;

- тұтас алғанда қоғамның, оның ішінде білім жүйесінің дамуы мен жақсаруына үлес қосу.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында «жоғары білім берудің мақсаты-қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру»-деп атап көрсетілген.

Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.

ҚР-ң жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасында «Болашақ маман тек өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай педагогикалық процеске қатысушының әрқайсының орнын көре біліп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра білуі, оның нәтижелеріне көз жеткізіп, ауытқушылықтарын реттей білуі тиіс. Мұндай нәтижеге жету үшін жоғары оқу орындарындағы мұғалім даярлау сатылы түрде жеке тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында жүргізілуі керек» деп атап көрсетілген.

Педагогикалық ғылымның жаңа бағытта өрбуі, білім беру жүйесінде жоғары дәрежелі, жан-жақты сапалы біліммен қамтамасыз ету арқылы ұлттық, мемлекеттік саяси, экономикалық және ел мүддесі тұрғысынан туындаған мәселелерді шеше алатын жоғары дәрежелі мамандарды даярлауды талап етеді.

4. Болон үдерісіне және академиялық мобилдікке сипаттама беріңіз

2010 жылғы науырыз айында  Қазақстан Республикасының Болон декларациясына қосылуы білім  мен ғылымның ұлтаралық қатынасы жолында өте маңызды кадам болды.

Болон үдерісіне Қазақстанның қатысуы жоғары білімдер аумағында салыстырмалы жүйені қабылдау арқылы Еуропалық білімге қол-жетерлік жағдай туғызуға, білім сапасын арттыруға және студенттер мен  профессор-оқутышылар құрамының мобильдік деңгейін көтеруге мүмкіншілік туғызады. Болон үдерісі – жоғарғы білімнің біртұтас еуропалық кеңістік құру мақсатымен Болон келісім-шарты шеңберінде білім жүйелерін үндестіру және жақындастыру үдерісі. Сонымен бірге білім және ғылымның ұлтаралық қатынасы әлемде қазақстандық білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, еуропалық өңірде отандық дипломдардың еркін конверсиялануын, бітірушілердің кез-келген елде жұмысқа орналасу құқығын мойындауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Орталық Азия мемлекеттерінің арасында Болон декларациясының мүшесі  және  еуропалық білім беру кеңістігіне толық құқықты қатысушы болған тұңғыш мемлекет болып табылады. Болон үдерісіне қосылғаннан кейін, қатысушы елдер оның негізгі қағидаларын  орындау міндеттемелерін қабылдады.

2010 жылғы қыркүйек айында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Болон декларациясының қатысушы университеттерінің Ұлы Хартиясына қол қойды. ШҚМТУ-дің халықаралық ынтымақтастығы университеттің халықаралық білім және ғылым  интеграциясының ажырамас бөлігі болып табылады. Болон үдерісінің негізгі қағидалары.

Міндетті қағидалар Еуропалық жоғары білім  аймағын құру және еуропалық жоғары білім жүйесін әлемге тарату үшін    аса маңызды деп қарастырылады.

Болон үдерісінің міндетті қағидалары:

  • Жоғары білімнің үш деңгейлі жүйесі;

  • ECTS академмиялық несиелер;

  • Жоғары оқу орны студенттерінің, оқытушыларының, және әкімшілік қызметкерлерінің академиялық мобильдігі;

  • Дипломға берілген еуропалық қосымша;

  • Жоғары білімнің сапасын бақылау;

  • Біртұтас еуропалық зерттеу кеңістігін құру.

Ұсынымдық шамалардың ұсынымдық сипаты бар және де Болон үдерісі қағидаларын таратуда бұлар маңызды болып табылады.

Болон үдерісінің ұсынымдық қағидаларына:

  • Біртұтас еуропалық бағалаулар;

  • Студенттердің белсенді қатысуы;

  • Аз қамтылған студенттерді әлеуметтік қолдау;

  • Өмір бойы білім алу.

Факультативтік қағидалар жұмыс берушілердің  мүдделері және  қоғам талаптарын есепке алынып  оқу үдерісін  жоспарлауда және ұйымдастыруда аса маңызды болып келеді.

Болон үдерісінің факультативтік қағидаларын:

  • Дайындау бығыттары бойынша білім беру  мазмұнын үндестіру;

  • Студентердің дәстүрлі емес оқу траекториясы, таңдау бойынша курстар;

  • Модульдік жүйе;

  • Қашықтықтан оқыту, электрондық курстар;

  • Оқытушылар мен  студенттердің академиялық рейтингтері.