Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен Европейское право.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
24.08.2019
Размер:
23.23 Кб
Скачать

43.Адам құқықтары туралы Еуропалық сот:Жалпы сипаттама.

(англ. European Court of Human Rights, фр. Cour européenne des droits de l’homme) — Адам құқықтары мен негізгі еркіндігін сақтау туралы Еуропалық Конвенцияны ратификациялаған Еуропалық Кеңестің барлық мүше мемлекеттеріне сот жүргізу құқығы таралған Халықаралық сот органы. 1953 ж 3 қыркүйекте күшіне енген адам құқығын қорғау ж/е негізгі бостандық туралы Еуропалық Конвенция тек адам құқықтарының негізін сала қоймай,оларды қорғаудың ерекше механизмін жасады.Басында бұл механизм Конвенцияға мүше мемлекеттердің міндеттемелерінің орындалуын қадағалайтын 3 органнан тұрды:Адам құқықтары бойынша Еуропалық Комиссия,Адам құқықтары бойынша еуропалық сот ж/е Еуропа Кеңесінің министрелер Комитеті.

1998ж 1 қарашасынан бастап,ном 11 Протокол бойынша осы 2 органдар бірігіп Адам құқықтары бойынша Еуропалық сотты құрады.Мекен-жайы Страсбургте.Еуропа Кеңесінің министрлер кабинеті соттың шешімін қадағалау қызетін сақтап қалды.ЕС-ң судьялары.Судьялардың саны Конвенцияға мүше мемлекеттердің санымен тең.Бүгінгі таңда конвенцияны 45 ел ратификациялады.Бұрынғы кезде судьялар 9 жылға сайланатын болса,қазіргі Конвенцияның жаңа редакциясына байланысты 6жылға сайланатын болды.Сонымен қатар Конвенцияда судьялардың қызмет мерзімі олардың жасы 70ке жеткенде бітеді.Судьялар жоғарғы моральдік сапаға ие болу керек ,сонымен қатар міндеттмелрді орындау керек.қызмет бабында жүргенде судьялар өз қызметіне сәйкес келмейтіи ешқандай істермен айналыспауы қажет.Әр мемлекеттің судьясы-Конвенцияға мүше мемлекеттің ұсынған 3 кандидаттың ішінен,сайлау арқылы тағайындалады.Судья өз жұмысынан тек басқа судьялар оның шешімдерінің міндеттемелерге сай емес деп жариялағанда ғана босатылады.

Еуропалық Сот Конвенцияға мүше-мемлекеттердің нормалардың сақтауы мен жүзеге асыруын қадағалауы тиіс.Сот бұл міндетті оған берілген заңды тұлғалардың жеке шағымдарының ,тұлғалар тобы н/е үкіметтік емес ұйымдар тарапынан түскен шағымдарды қарастыру арқылы орындайды.Конвенцияны бұзғаны үшін Еуропа Кеңесінің мүше бір мемлекеттің екінші мемлекетке шағым түсіруі де мүмкін.

Қызметін 1959ж бастаған ЕС 1998ж-ң соңына дейін 837 іс бойынша шешім қабылдады.Олардың көбісі азаматтардың шағымдары бойынша жүргізілген істер.ЕС іс бойынша бірінші шешімін 1960ж қабылдады.Ал,шағымданушының пайдасына шешімді 1968ж қабылдады.1998ж реформадан кейін ,соттың белсенділігі артты.2010жылдың басында сот 120198 шешім қабылдады.Оның ішінде 10 156-сын Конфенцияны ж/ее оның протоколдарын бұзған деп жариялады.

ЕС-ң құзіреті.

ЕС-ң құзіреті тек Еуропалық Конвенцияға негізделген.Сот Конвенциямен протоколдарға сәйкес,оған ұсынылғын мүше мемлекеттердің құқығын бұзғаны үшін мемлекеттің н/е жеке түлғаның барлық шағымдарын қарастыру керек.

Конвенцияда қарастырылған құқықтардың ішінен:қмір сүруге,жеке ж/е отбасылық өміріне денег құрмет құқығы,қз ойын еркін білдіру құқығы ж/е т.б.Еңбектік,пенсиялық ж/е басқа да әлеуметтік құқықтар сот құзыреінен тыс.Себебі олар Еуропалық әлеуметтік хартиямен қорғалады.

ЕС-ң құзіретіне тек қақтығыстарды ғана қарастыру емес,сонымен қатар консультативті шешімдерді шығару да жатады.Бұл шешімдер Конвенциямен пртоколға қатысты заңи мәселелер жөніндегі Министрлер комитетінің ұсынысы бойынша қарастырылады.

ЕС сессиялық емес,тұрақты негізде жұмыс атқарады.Сот қызметін төраға атқарады.Төрағаға көмектң олардың орынбасарлары көрсетеді және қажетті жағдайларда олардың орнын басады.Төрағалар мен олардың орынбасарлары Сот отырысында 3 жылға тағайындалады.Сот төрағасының міндеттемелері бойынша көмекті Бюро көрсетеді.Бюро Сот басқармасынан және Сот секциясының басқармаларына тұрады.Сонымен қатар соттың хатшылығы болады.Олардың міндеттемелері мен құқықтарын сот регламенті атқарады.Сот құқықтық рефереттің қызметін қолданады.

Регламентке сәйкес ,ЕС 3 судьядан тұратын комитетті,7судьядан тұратын палатаны.секцяины,17 судьядан тұратын үлкен палатадан тұрады.