Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамены.docx
Скачиваний:
140
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
144.71 Кб
Скачать

5. Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің құрылымы

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі Жоспар: 1. Білім беру жүйесіне анықтама. Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы. 2. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері. 3. Орта білім беру жүйесі. Мектептің жаңа түрлері, гимназия, лицей. 4. Кәсіптік білім беру жүйесі. Кәсіптік мектеп, лицей, колледждер, институт, университет, академиялар. 1. Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІП ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі. Қазақ қоғамындағы білім беру ісі "қазақтың тұңғыш ұстазы" ретінде танылған Ы.Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып түрпиі кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардың жергілікті саяси күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай, миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады: 1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі: 2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі; 3) білім берудің зайырлы сипаты; 4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту; 5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі; 6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы; 7) білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту; 8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты; 9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы; 10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау; 11) білім беру жүйесін ақпараттандыру; Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардық (бірлестіктердің) ұйымдық құғылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді. Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Зақында тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп,оның мәртебесі, құқықтық негізі айқындалды. Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны. Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны. Лицейлердің ең басты ерекшелігі - ақыл-ой (интеллектуалдық) қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында. Лицейге жастарды қабылдау ең алдымен олардың табиғи мүмкіндіктерін, интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде жүргізіледі, кейін де бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу сатыларынан өткізеді. Ал оны аяқтаған жастар жоғары оқу орнында білім алу құқығына ие болады. Бұл оқу орындарының басты принципі баланы дәл болашақ мамандығына сәйкес қабілетіне қарай іріктеу және сол мамандықты жоғары деңгейде меңгеруіне көмектесетіндей бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан өткізу болып табылады."Мирас" халықаралық мектебінің білім беру қызметінде Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы ұлттық стандарт пен халықаралық бакалавриат бағдарламасының талаптары орынды үйлесім тапқан. Көптеген пәндер ағылшын тілінде оқытылады. "Арман" оқыту-тәрбиелеу кешені 1997 жылы ашылды. Оның оқыту-тәрбиелеу тұжырымы негізінде "Оқу дегеніміз - әлемді ашу" тезисі жатыр. Педагогикалық кешеннің мақсаты: өзіндік жіне шығармашылық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі іске асыра алатын тұлғаны тәрбиелеу. "Болашақ" арнаулы орта мектебінде оқушылар екінші шетел тілі ретінде 3-сыныптан бастап (ағылшыннан басқа) қытай және араб тілдерін оқиды. "Болашақ" - оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жеке меншік мектептердің бірі. Оқытудық негізгі бағыттары - информатика және экономика. Сонымен бірге мектеп оқушыларға барлық пәндер бойынша жоғары деңгейлі жалпы білім беруге бағытталған. Оқу үрдісінде электронды оқулықтар қолданылады. "Болашақ" мектебінің түлектері орта білімі туралы аттестатпен бірге экономикалық білім алғаны туралы сертификат алады. "Дәулет" мектебінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға байланысты бірнеше бастамалар бар, олар - " Лингвоелтану" оқулығы бойынша қазақ және ағылшын халықтарының тарихын, мәдениетін, білім беру құндылықтарын, рухани мұраларын зерттеу және олардың ерекшеліктерін мәдениеттанымдық тұрғыдан салыстыру. Оқушылардың ағылшын тілі грамматикасын меңгеруі мен тіл дамытуы компьютерлік бағдарлама бойынша беріліп, тексеріледі. "Ақ жол" - оқу-әдістемелік орталық. Мақсаты - білім және тәрбие беру үрдісінде балалардың дүниеге өзіндік жеке көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілетін, логикасын, коммуникативтік қасиеттерін дамыту. Қосымша білім беруде театр, хореография, қазіргі би, ырғақты гимнастика, сурет-кескіндеме өнері, бағдарламалау, психология пәндері және дене тәрбиесі қамтылған. "Келешек" – республикалық физика-математикалық дарынды балаларға арналған мектеп. Негізгі пәндер: физика, математика, информатика, ағылшын және қазақ тілдері. "Стандартты емес олимпиадалық есептерді шешу" және "Бағдарламалау негіздері" арнайы курстары бар. Орал қаласындағы "Талап" акционерлік қоғамы жанындағы бірінші мектеп-гимназия 1995 жылы құрылды. Гимназия жұмыс істейтін ата-аналарға ыңғайлы, балаларға барлық жағдай жасалған. Әрбір сыныпта 5-8 оқушыдан білім алады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ұзартылған күн топтары ұйымдастырылған. 4. Кәсіптік бастауыш білім беру Кәсіптік мектепте оқу мерзімі - 2-3 жыл, кәсіптік лицейде -3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін - 4 жылға дейін болады. Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған. Кәсіптік орта білім беру Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады. Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Кәсіптік жоғары білім беру Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім беру Жұмысшылар мен мамандардық басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім асыру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.  Қосымша білім беру үшін денешынықтыру - сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару органдары бекітеді. Сонымен, білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады