Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамены.docx
Скачиваний:
140
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
144.71 Кб
Скачать

51. Жоо оқытушысының кәсіби іс-әрекетіндегі коммуникативті әсер ету тәсілдерін көрсетіңіз

Мектептегi психологиялық қызметтiң мiндеттерiнiң бiрi - педагогикалық қарым-қатынасқа психологиялық көрiнiс беру, қолайлы жағдай тудыру, тиiмдiлiгiн арттыру. Педагогтер мен психологтердің әрекеттерiн бiр арнаға салу осы қарым-қатынастан басталады. Біздің зерттеулер үшін айрықша маңызды жайт, ол жоғарғы қарым-қатынас детерминттілігін (себептілігін), яғни психиканың дамуын дұрыс қалыптастыру, дамуды адекватты ұйымдастыру. Ал бұл дамудың психикалық коррекциялау және реабилитациялау міндеттерін шешуде қарым-қатынастың әрі құралы, әрі мақсаты болады.

Педагогикалық іс-әрекеттің сәттілігі мұғалімнің оқушымен, олардың ата-аналарымен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алуымен анықталатыны психологияда аксиома болып кетті. Ол жоғары техникалық педагогикалық шеберліктің алғы шарты. Қарым-қатынасқа түсу шеберлігінің болуы – тәрбиелеу мен оқытудың сәтті болуының кепілдігі. Жақсы қарым-қатынас болу үшін бірсыпыра психологиялық білім мен психологиялық тренингтер керек.

Қарым-қатынас мәселесін талдауда оның құрылылымдық компонентерін анықтап алу шарт. Бұл мәселені алғашқылардың бірі болып В.В. Давыдов көтерген. Г.М. Андреева, П. Яноушек, М.С. Каган, Д.Б. Парыгин, И.С. Кон зерттеулерінде қарым-қатынас мақсат-бағдарлы, индивидтердің бір-бірін қабылдай алуы, түсіне алуы, өзара бірлесіп іс-әрекет жасауы және ақпарат алмасу процесі деп қарастырылады. Қарым-қатынастың психолингвистикалық жағы Л.А.Леонтьев, әлеуметтік психологиялық жақтары Б.Ф. Поршнев, Г.М. Андреева, жас ерекшелік және балалар психологиясы бойынша В.С. Мухина, Я.Л. Коломинский, педагогикалық психология жағынан В.А. Кан-Калик еңбектерінде зерттеу пәніне айналған. Қарым-қатынас функцияларын: Б.Д. Парыгин, Г.М. Андреев, А.А. Бодалев, А.А. Брудный, А.Н. Леоньтев, Б.Ф. Ломов, Л.А. Карпенко, А.Н. Панферов, Е.Ф. Тарасов, Я. Яноушек және тағы басқалары анықтаған. Г.М. Андреева қарым-қатынасты бір-бірімен өзара байланысты 3 жағынан қарастырады: коммуникативті, интерактивті және перцептивті. Біздің зерттеу жұмысымызда осы теорияны арқалана отырып, психолог пен педагогтің бірлескен іс-әрекетіндегі қарым-қатынасының коммуникация, интеракция және перцепциялық ерекшеліктерін дамытуды мағызды деп санаймыз. Бұл жағдайда қарым-қатынастың теориялық негізінде іс-әрекеттің құрылымы жайлы түсінікті қабылдаймыз. Осы орайда айта кететін жайт, А.Н. Леонтьев, М.И. Лисинаның қарым-қатынасты коммуникативті іс-әрекет деп қарастырған тұжырымдарына сүйенеміз. Сонда, қарым-қатынастың құрылымын анықтайтын коммуникация, интеракция және перцепция коммуникативті іс-әрекет деп қарастырылады. Сонымен қатар, қарым-қатынас бірліктерін талайтын болсақ, Т.В. Драгунов қарым-қатынастың пәні қарым-қатынаста субьект рөлінде болатын адамдар дейді. М.И. Лисина еңбектерінде қарым-қатынас мотиві «затталған қажеттілік» дей отырып, ол қарым-қатынас құралдарының үш тобын экспрессивті мимикалық, заттық әрекеттік және тілдік құралдарына бөліп қарастырған. А.Н. Леонтьев түсіндірмесіне негізделсек, адамның қарым-қатынаста танымдылық іскерлік және тұлғалық мотивтерінің болатындығы, баланың коммуникативтік мотивтерінің топтары мен генезисі арқылы сипатталады. Т.В. Антонова қарым-қатынас тәсілі әрекетік формада «коммуникациялық біліктілік» десе, Е.Г. Макарова әсер ету, реттеу, байланыс жасау, ақпарат беру тәсілдері деген. Ал А.А. Бодалев қарым-қатынаста әсер ету тәсілдерін интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік деп үшке бөледі.

Қарым-қатынас адамның әлеуметтік детерминациясының күрделі процесінің белгілі факторы, тұлға дамуының стимуляторы. В.А. Сухомлинский адамның бірін-бірі қажетсінуін, қарым-қатынасты қажетсуін адамгершілік қасиеті деп айтқан. А.В. Петровский қарым-қатынастың күрделілігінен шыға отырып, психологияда оның функцияларын вербальді, вербальді емес деп бөледі. Қарым-қатынас механизмдерін қарым-қатынастың тиімділігін анықтайтын, өзара түсіністікті сипаттайтын күрделі психологиялық құрылым деп түсінеміз. Осы орайда В.С. Агеев, А.А. Бодалев сияқты ғалымдар топ ішіндегі және өзара қарым-қатынастың механизмдерін көрсетіп, оларға эмпатия, атрибуция, ореол эффектісін жатқызады. Қарым-қатынас бірліктерінің дамуы, өзгерісі нәтижесінде интегралды, тұтас құрылым пайда болды. Ол коммуникативті іс-әрекеттің даму деңгейін анықтайды. А.В.Запорожец, М.И.Лисина бұл ерекше құрылымдарды «қарым-қатынас онтогенезінің сатылары», «қарым-қатынас формалары» деп атаған. Ал М.И. Бобнева қарым-қатынас барысында адамның ішкі жан-дүниесі қалыптасатындығын қарым-қатынас формаларын зерттеу арқылы көз жеткізген. Сонымен, қарым-қатынастың қажеттіліктері, мотивтері, тәсілдері, құралдары, формалары, стилдері психолог пен педагогтің бірлескен іс-әрекетіндегі қарым-қатынастарын жетілдіру, коррекциялау мәселері үшін аса мәнді деп санаймыз. Психологияда қарым-қатынастың деңгейлері де қарастырылады, Б.Ф. Ломов үш макро, мезо және микродеңгейді сипаттайды. Осы көзқарастағы танымдық іс-әрекетті дамытуды С.М. Жақыпов әрі қарай дамытқан. А.Б. Добровия қарым-қатынас бірлескен іс-әрекетті ретейтін, таным мен сананы қалыптастырудың құралы болады деп анықтайды да, қарым-қатынастың конвенционды, қарапайым, манипуляциялық, стандартты, іскерлік, ойын рухани деңгейлерін бөліп көрсетеді. Қарым-қатынастың топтық жағдайдағы әлеуметтік психологиялық эффектілерін, механизмдерін талдау мақсатымен В.С. Агеев теориялық және эмпирикалық зерттеу жүргізген. Алайда, қарым-қатынастың этникалық жақтарын зерттеуде теория мен тәжірибе әлі де болса жеткіліксіз деңгейде. Осы орайда біздің зерттеуіміз қарым-қатынас тренингі арқылы оны дамыту ерекшеліктеріне арналып отыр. А.А. Прудный бойынша қарым-қатынастың оқыту қызметi хабар ақпарат таралуымен сәйкестендiрiлуi де мүмкін. Оқушылармен қарым-қатынас педагог үшін әрқашанда өзiн-өзi айқындау болады деген. Е.А. Климов классификациясы бойынша педагогикалық қарым-қатынас “адам-адам” схемасының әрекеттесу сипатының ерекшелiктерiн көрсетеді. Iс жүзiнде мұғалім қай пәндi берсе де, ол ең алдымен адам санасының қуаттылығына, танып бiлуге деген құштарлығына, шындықты бағалауға бағытталған. К. Роджерс көрсеткен психологиялық қызметтегi қарым-қатынастың фасилитациясы да елеулi жағдайлардың бiрi. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынас мәселесiн зерттеп, психологиялық талдау қажеттiлiгi туындайды. Соңғы жылдары бұл сұрақ В.А. Кан-Калик, Я.Л. Коломинский, С.В. Кондратьева, В.В. Кузьмина, А.А. Леонтьев т.б. басқа еңбектерiнде талқыланған. И.В. Страхов педагогикалық қарым-қатынасты педагогикалық мақсат қойылған және оқу-тәрбие жұмыстарының мiндеттерiмен анықталған педагогтер мен оқушылардың бiрлестiгi деп анықтама бередi. Ол педагогикалық қарым-қатынас процесін иелену педагогикалық шеберлiктiң негiзгi компоненттерiнiң бiрi деп есептейдi. И.В. Страхов педагогикалық қарым-қатынастың келесi түрлерiн көрсетедi: мұғалімнің бiртұтас сыныппен қарым-қатынасы, оқушылар тобымен және нақты бiр оқушымен, эмоциялы, салмақты және елеусiз қарым-қатынастағы белсендi және пассивтi бастау. И.А. Зязюн еңбектерiнде педагогикалық қарым-қатынас бұл мұғалім әрекетiнiң ереше формасы. Педагогикалық қарым-қатынас пәнi кез-келген құбылыс, адам және оның жүрiс-тұрысы. В.А. Кан-Калик “кәсiби педагогикалық қарым-қатынас” деген ұғым енгiздi. Педагогикалық қарым-қатынас педагогикалық әсер етудiң басты құралдарының бiрi ретiнде көрiнедi. И.Д. Багаева, В.А. Кан-Калик, Я.Л. Коломинский, В.В. Кузьминаның еңбектерiнде кәсiби педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы сипатталады. Бұл мәлiметтерден келесi қорытынды шығаруға болады: педагогтің кәсiби әрекетiнде оның оқушылармен қарым-қатынасы елеулi орын алады. Педагогикалық қарым-қатынас А.А. Бодалев, В.А. Кан-Калик, Я.Л. Коломинский, В.А. Петровский, А.А. Леонтьев т.б. еңбектерінде мазмұны, формалары, тәсілдері бойынша сипатталады. Педагогикалық қарым-қатынас педагог пен балалар арасындағы нақты психологиялық контакт деп түсіндіріледі. Х.Т. Шерьязданова бойынша педагогикалық қарым-қатынас дұрыс ұйымдастырылса, білім беру процесі, индивидуалды даму, танып, білу, адамгершіліктік, тұлғалық даму жетіле түседі.

Көп ретте қарым-қатынас жайлы қарастырғанда «қарым-қатынас стилі» деген ұғым да анықталынады, Х.Т. Шерьязданова, Т.Н. Суркова «қарым-қатынас стилі» деп адамдардың байланыс жасау тактикасын, не болмаса позициясын айтады. В.С. Мухина қарым-қатынас стилін «әлеуметтік» психологиялық әсер етудің дара типологиялық ерекшеліктері деп түсіндіреді. 1930 жылдары Р. Липпит, К. Уйтд қарым-қатынас стилінің авторитарлық, демократикалық және либералды деген классификациясын жасаған еді. Бұл зерттеулерді кейіннен Г. Андерсон, А.А. Бодалев, Р.С. Буре, И.М. Юсупова, т.б. ғалымдар жалғастырды. Әрбір қарым-қатынас стилі педагогтің балаларға әсер етуін байқатады. Қарым-қатынастағы стиль педагогтің позициясымен сипатталады, яғни мұғалімнің балалардан бағынуды талап етуі, іс-әрекетті күшпен орындатуы, жазалау тәсілдерін қолдануы, балалардың бастамашылдығын табан асты етуі, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруы, өз міндеттерін түсінбеуі, мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттей алмауы, топтық жағдайға бейімделе алмауы және т.б. арқылы көрінеді. Әдебиеттерге талдау жасағанда педагогтік қарым-қатынас стилінде коммуникациялық тәсіл, қатынас сипаты, даралық, әлеуметтік адамгершілік құндылықтар, әлеуметтік рөлі мен статусы көрінеді. А.В. Мудрик, В.С. Мухина бойынша педагогтің қарым-қатынас сферасында барлық стильдер қолданылғанымен бірі басымдау болады. Педагогтің қарым-қатынас стилі мен балалардың эмоциялық қалпында өзара байланыс болтатынын А.А. Бодалев көрсеткен. В.И. Карикаш экспериментті түрде педагогтер қарым-қатынасының кең тараған бес түрін көрсетті. Олар: тұлғалық іскерлік; таңдаулы іскерлік; формальді іскерлік; басқа түрлердің қосындысынан тұратын іскерлік; оқушылармен аралас қатынастығымен көрінетін іскерлік. Автордың ойынша бірінші түрдің тиімділігі жоғары, 3-4 түрдің тиімділігі төмен, ал 2-5 түр тұрақсыздығымен ерекшеленеді. А.А. Бодалев кейбір адамдардың жағдайға сай қарым-қатынас стилін дұрыс таңдай алмауы, оның оқытушылық қызметке әсерін тиігізбей қоймайтынын айтып өткен.

Н.В. Клюева әрбір адам қарым-қатынасты игере алады дейді. Ол үшін ұзақ, бір мақсатты көздеу, өзімен-өзі жүйелендірілген жұмыс жасау керек. Қарым-қатынастың игерудің басты жолы – өзін-өзі оқыту, үйрету. Бірақ өз-өзіңді дамыту барысында ең бастысы оқышымен, қоршаған адамдармен қатынасты жақсартуды ойлау керек.

Педагогикалық іс-әрекеттің сәттілігі мұғалімнің оқушымен, олардың ата-аналарымен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алуымен анықталатыны психологияда аксиома болып кетті. Ол жоғары техникалық педагогикалық шеберліктің алғы шарты. Қарым-қатынасқа түсу шеберлігінің болуы – тәрбиелеу мен оқытудың сәтті болуының кепілдігі. Жақсы қарым-қатынас болу үшін бірсыпыра психологиялық білім мен психологиялық тренингтер керек.