Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khimia_shpor_Meteo_4gruppa.docx
Скачиваний:
127
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
923.9 Кб
Скачать

14.Қоршаған орта химиясы құрылымы :литосферадағы физика-химиялық процестер

Қоршаған орта химиясы химиялық процестерді кешенді түрде қарастырады, айталық, химиялық заттардың жер қабаттарында пайда болуын, миграциясын,жер қабаттарындағы ағыстарын («глобалды циклдер»), қосылыстар мен элементтердің өзара әрекеттесулерін зерттейді, сонымен қатар, қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың тәсілдерін, оларды жетілдірудің әдістерін жасаудың негізін құрайды.

Қоршаған орта химиясы құрылымы :

Литосферадағы физика-химиялық процестер;

Гидросферадағы физика-химиялық процестер;

Атмосферадағы физика-химиялық процестер;

Ластандырушы заттар химиясы, ондай заттарға табиғи және жасанды заттар (бұндай заттардың пайда болуы, тасымалдануы, миграциясы, геосферадан шығарылуы) жатады. Литосфера - Жер планетасыныңбіршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантиядеп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіредіЛитосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.

. Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық. Физикалық ластану – радиактивті заттармен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәуленетін сұйық және қатты қалдықтар алады. Биологиялық ластану – ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретінмикроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқа да ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойы сақталса, ластанғыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аймаққа таралады. Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіпті кәсіпорындардың шығарымдары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шапжойғыштар мен минералды тыңйтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешендері, атмосфералық жауын-шашын апатты жағдайда тасталатын шығарындылар әскери өндірістік кешендері жатады. Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдерден және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе алып отырған жерлері белгілі.

15.Қоршаған орта химиясы құрылымы :гидросферадағы физика-химиялық процестер

Қоршаған орта химиясы химиялық процестерді кешенді түрде қарастырады, айталық, химиялық заттардың жер қабаттарында пайда болуын, миграциясын,жер қабаттарындағы ағыстарын («глобалды циклдер»), қосылыстар мен элементтердің өзара әрекеттесулерін зерттейді, сонымен қатар, қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың тәсілдерін, оларды жетілдірудің әдістерін жасаудың негізін құрайды.

Қоршаған орта химиясы құрылымы :

Литосферадағы физика-химиялық процестер;

Гидросферадағы физика-химиялық процестер;

Атмосферадағы физика-химиялық процестер;Жердің ең үстіңгі бетіндегі сұйық суқабатыгидросферадеп аталады. Дүниені қоршап жатқанмұхитсуының ең терең, жері 10,8 километрдей, меншікті салмағы 1-ден сәл артықтау. Су — сутегіменоттегініңқалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайымхимиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.Жер бетіндетіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік жәнежылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кездемұздыңкөлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Су айдауыш мұнара- елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі су өтімі (шығыны) мен қысымын реттеп отыруға арналған құрылыс.Шан ішіндегі судың қыста катып қалмауы және ластанбауы үшін ол жылу өткізгіштігі төмен жеңіл материалдармен қапталып, үсті шатырмен жабылады.құрамы сутек пен оттектен тұратыны, ал сандық құрамы екі сутек атомы мен бір оттек атомынан тұратындығы мәлім.Судың айырылуы электр тогының әсерінен жүреді, бұл реакциямен сендер сутекті алу әдісі бойынша таныссыңдар:2H2O→2H2↑+O2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]