Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khimia_shpor_Meteo_4gruppa.docx
Скачиваний:
126
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
923.9 Кб
Скачать

СҰРАҚТАР

1.Биосфера деген не? Биосфераның құрылымы қандай?.

2. Биосфераны құрайтын заттарды атаңдар

3.Өмірдің (тіршіліктің) шегі немен анықталады Тірі зат қандай қасиеттермен сипатталады

4.Экзосфера, термосфера, құрылысы туралы түсініктер атмосфераның рөлін сипаттаңыз

5.Биосферада тірі заттың шоғырлануының формалары (түрлері) қандай?

6.Биосфераның космостық рөлі неде?

7.Биосфераны қорғау (сақтау) үшін не себептен биологиялық әр түрлілікті ұстап тұру керек?

8.Жердің негізгі кабаттарының пайда болуы: литосфера, гидросфера, атмосфера

9.Атмосфераның пайда болуын ерекшеліңтері

10.Стратосфера, тропосфера құрылысы туралы түсініктер атмосфераның рөлін сипаттаңыз

11.Тропосферадағы құрғақ ауаның химиялық құрамы

12.Адамның өмір сүруіне қауіп төндіретін табиғи құбылысты атаңыз

13.Жердің тіршілік қабаты – биосфераның тіршілік қызметін қамтамасыз етудегі атмосфераның рөлін сипаттаңыз

14.Қоршаған орта химиясы құрылымы :литосферадағы физика-химиялық процестер

15.Қоршаған орта химиясы құрылымы :гидросферадағы физика-химиялық процестер

16.Қоршаған орта химиясы құрылымы :атмосферадағы физика-химиялық процестер

17.Жасыл химия мен қоршаған орта туралы ғылым арасындағы айырмашылық неде?

18.Биосфера мен адам тіршілік қызметіндегі гидросфераның (Жердің сулы қабаты) рөлі қандай?

19.Табиғаттағы зат айналымы қандай рөл атқарады?

20.Ноосфера-биосфера дамуының жоғарғы сатысы.

21.ҚО химиялық ластануының негізгі факторларын атаңыз.

22.Атмосфераның химиялық ластануының негізгі көздерін атаңыз және олармен күресу жолдарын көрсетіңіз.

23.Су буы, СО2, СО, NxOy, метан, озон газдар атмосферага кандай әсер береді ? Атмосферада ненін себінен түзіледі

24.Бензол – автокөлік жанармайынан бөлінетін ластаушы компонент күрделі экологиялық мәселеге әкеледі

25.Атмофераға газдар мна түрлі табиғи жолдармен түседі: 1) магманың жер тереңдігіндегі балқыған масса гассыздануы; 2)организмдердің тіршілік өмірі; Мысал келтріп түсурдір

26.Атмофераға газдар мна түрлі табиғи жолдармен түседі1) электр разряды әсерінен жүретін химиялық реакциялар; 2)cұйықтардың сәулеленуі және булануы Мысал келтріп түсурдір

27.Аққайын өсетін орманға қарағанда шырша өсетін орманда шөптекті өсімдіктер әлдеқайда аз. Осы құбылысты түсіндіріңіз?

28.Ауаның химиялық құрамы. Атмосфераның фотосинтездің нәтижесі маңызы

29.ҚО жағдайын бақылауда биологиялық мониторинг тиімді әдіс ретінде

30.Табиги жэне антропогенді күкірт косылыстарынын атмосферага түсуінің негізгі көздері

31.Ионосфера деп нені атайды? Сипатта

32.Атмосфераның қазіргі кездегі химиялық компоненттері азот (N2) оттек () түсуінің табиги жэне антропогенд негізгі көздері

33.Атмосфераның қазіргі кездегі химиялық компоненттері озон көмірқышқыл газы (CO2 ) түсуінің негізгі көздері

34.Атмосферадағы су буларының негізгі көздері

35.Күкірт диоксидінің атмосфераға түсуінің негізгі көздері

36.Күкіртсутек (H2S) атмосфераға түсуінің негізгі көздері

37.Атмосфераға микрокомпонеттердің түсу жолдарының биологиялық көздері метан (CH4).инертті газдар т б.

38.Атмосфераға химиялық элементтердің (газ күйінде ) келуінің табиғи жолдары.

39.Атмосфералық озон. Стратосферадағы озон. Озонның ауа райы мен климатқа әсері. “Озон тесіктерінің”пайда болу мәселелері, антропогенді (химиялық) және метеорлогиялық гипотезалар

40.Атмосферадағы газфазалы реакциялар Көмір монооксиды жэне органикалык заттар негізгі ауаны ластаушилар Мысал келтріп түсурдір

41.Қышқылдық жаңбырлар және фотохимиялық түтінді-тұман түзілуі

42.Атмосферадағы физика-химиялық процесстері , Атмосфераның ластануымен байланысты жаһандық экологиялық проблемалар

43.Көмірқышқыл газы (CO2 )жэне баска парник газдары Парниктік эффек дегеніміз не? Оның табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі қандай?

44.Қышқыл жаңбыр қандай қауіптілік туғызады? Ауа газдарды катты заттардан тазалау процессы

45.Қалалық аймақта неліктен ылғалды тұманша (смог) пайда болады? КО күкірт косылыстарынын антропогенді әсері.

46.Лос-Анджелеса және Лондона тұманшасы (смог) арасындағы негізгі ерекшеліктерді атаңыздар.

47.Автотранспорт және телеэнергетика атмосфераның ластануының көзі

48.Қышқылды жауынмен күресу шаралары.

49.Атмосферадағы химиялық элементтердің тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері

50.Атмосфераның химиялық құрамын анықтау Ауа газдарды күкірт диоксидінең тазалау схемасы

51.Ауа тозаңдануын анықтау Ауаны тау- химиялык өнеркасіп газдарынан коргау

52.Атмосферадағы ауыр металдарды анықтау

53.Атмосфераны химиялық ластанудан қорғау. ШРК түсінігі, ластанған атмосфералық ауаны тазарту түрлері және тиімділігі

54.Атмосферадағы газфазалы реакциялар Атмосфераны металлургияда коргау Ластангыштарды анықтау әдістері..

55.Автотранспорттан ауаға бөлінетін зиянды заттар мөлшерін есептік бағалау Оларды анықтау әдістері..

56.Атмосферадағы фотохимиялық процесстің адамзатка әсері.Озон азот тотыктары күкірт төменгі атмосферада

57.Қышқыл жаңбырдың тірі ағзаларға әсерін зерттеу

58.Атмосфера құрамы биіктікке байланысты едәуір өзгереді Мысал келтріп түсурдір

59.Ластанбаған ауаның жалпы құрамы кандай: әдістермен анықтауга болады азотпен оттекті салыстыр

60.Фотохимиялық процестің нәтижесінде түзілген озон (O3) арман карай ыдырау реакциясына тусеме сол процестің реакциясын жаз

1.Биосфера деген не? Биосфераның құрылымы қандай?

Биосфера деген түсінік грекше” bios”- тіршілік, ” sfaira”-шар деген мағына береді,яғни Жер шарындағы тіршілік аймағы ретінде ғылымға енгізген австриялық геолог Зюсс болды. Ол 1875 жылы “географиялық қабық “ деген терминді ғылымға енгізгенімен биосфера туралы көп дерек бермеген,тек қана бұл қабықты “тіршілік қабығы ” деп. атаған.Ал биосфераны ғылымға толық енгізген орыс академигі В.И.Вернадский болды.Ол өзінің “Биосфера” деген еңбегінде биосфераны планетаның ең маңызды қабықтарының бірі деп. қарастырып, биосфераның сандық көрсеткіштері аз болса да ,Жер бетіндегі барлық процес тер тіршілікке байланысты деп. атап көрсетті. Биосфераның жоғарғы қабаты 25 км.де шоғырланған - “озон” қабатына дейін, ал биосфераның төменгі шекарасы литосфераны қамтыған.Төменгі шекарасын түрлі ғалымдар әр-түрлі пікір айтады. Кейбір ғалымдар бұл қабатының шекарасын бірнеше метр тереңдікке дейін деп. жорамалдаса, кейбір ғалымдар бірнеше жүздеген километрге дейін шоғырланған деген пікір айтады.Өйткені бұл тереңдікте кейбір тереңдіктегі бактериялар өмір середі.Биосфераға гидросфераның барлық аймақтары кіреді. Биосфера концентрикалық қабықашалардан (геосфералардан) құралады, олар ішкі және сыртқы болып жіктеледі. Ішкі концентрикалық қабықшаға ядро, мантия жатады. Сыртқы қабықшаларды литосфера (жердің қатты қабығы), гидросфера (су қабаты), атмосфера (ауа қабаты) және жердің күрделі қабығыбиосфера.  Литосфера (грек. литос- тас)- Жердің тас қабаты. Оның қалыңдығы теңіз астында 6 км тау жүйелерін қосқанда 80 км қалыңдықты құрайды. Жердің бұл қабаты адам үшін маңызды ресурстардың бірі болып саналады: жанар-жағар және энергетикалық шикізат көзі, рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар кені, табиғи құрылыс материалдар қоры болып табылады.  Гидросфера (грек. гидора- су) - Жердің сулы қабаты. Оны жер асты және жер үсті деп жіктейді. Әлемдік мұхит гидросфераның жалпы көлемінің 96,53 % құрайды, жер асты суларының қоры – 1,69%, қалған су мөлшері өзендер мен көлдер үлесіне тиеді. Жер бетіндегі барлық сулардың 98% тұзды сулар құрайды, ал қалған 2 % тұшы сулар, олар негізінен мұздықтар мен солтүстік және оңтүстік полюстерде шоғырланған. Гидросфера біздің планетамыздың климатының қалыптасуында маңызы зор.  Атмосфера (грек. атмос - бу) – Жердің газды қабаты, әр түрлі булар мен газдар қоспасынан тұрады. 20-25 км биіктікте озон қабаты орналасқан, озон қабаты жер бетіндегі барлық тіршілікті күннің ультракүлгін сәулесінен қорғайды. Атмосфераның төменгі қабаты тропосфера деп аталады оның қалыңдығы 8-10 км полюстарда, 10-12 орташа зоналарда, 16-18 км тропикалық аймақтарда. 

2.Биосфераны құрайтын заттарды атаңдар

Жер биосферасын құрайтын 6 типі белгілі:

1.Жер планетасындағы барлық организмдер жиынтығын Вернадский тірі зат деп аталады, оның басты сипаттамасы ретінде толық массасын, химиялық құрамын және энергиясын қарастырды.Тірі заттың жалпы массасы 1,8-2,5.1012т. (құрғақ салмағы) бағаланып, ол биосфера массасының (3.1012т.) тек болмашы бөлігін ғана құрайды. Егер тірі затты планета бетімен біртегіс етіп орналастырсақ оның қалындығы, бар болғаны 2см болады.

Жердің тірі ағзаларының биомассасы

Орта

Ағзалар тобы

Масса (10 )

Қатынасы (%)

Континенттер

Жасыл өсімдіктер

2,40

99,2

Жануарлар мен микроағзалар

0,020,8

Барлығы

2,42

100

Мұхиттар

Жасыл өсімдіктер

0,0002

6,3

Жануарлар мен микроағзалар

0,0030

93,7

Барлығы

0,0032

100

Жердегі ағзалардың биомассасы

2,4232

-

(Н.И.Бразилевич бойынша)

2.Биогенді зат-тірі организмердің тіршілік әрекеттері нәтижесінде түзілген заттар. Бұл заттар энергияның күшті көзері (тас көмір, битумдар, әк тасы, мұнай). Биогенді заттар түзіліп біткеннен кейін, олардың тірі организмдердің тіршілік әрекеті азаяды.

3.Сірескен зат (косное вещество) деп Вернадский биосферада пайда болу процесіне тірі организмдер қатыспайтын заттарды айтады.

4.Биосірескен заттарда организмдер шешуші рөл атқарады. Жер планетасындағы биосірескен заттарға, мысалы, жер қыртысы (топырақ), жердің желмен мүжілген жұқа қабыршағы, барлық табиғат сулары жатады. Осылардың барлығының қасиеттері Жердегі тірі затпен байланысты.

5.Радиоктикті ыдыраудағы зат

6.Космостық табиғаты бар зат

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]