Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khimia_shpor_Meteo_4gruppa.docx
Скачиваний:
127
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
923.9 Кб
Скачать

3.Өмірдің шегі немен анықталады? Тірі зат қандай қасиеттермен сипатталады?

Экологиялық тоқыраудан шығудың жолы - Жерде ноосфераны қалыптастыру. В.И. Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі оның ғылыми еңбектерінң нәтижесі. Ол былай деп жазған:«бір кезде биосфера ақыл-ой сферарасы - ноосфераға ауысады». Ұлы бірлестік болады, соның нәтижесінде планетаның дамуы ақыл-ойдың күшіне бағынады. Жерде ноосфераның қалыптасуы туралы өзінің аяқталған « Научная мысль как планетная явление» деген еңбегінде жан-жақты көрсеткен. Биосфераның ноосфераға (ақыл-ой сферасына) ауысуын қарастыра отырып, И.В. Вернадский ноосфераның қалыптасуының нақты шарттарын көрсетті. Олар:

  • Адамдар планетаға қоныстанып және оны жаңғыртып біртұтас болулары керек;

  • Байланыс құралдары, елдер бір-бірімен ақпарат алмасуы көкейкестілік тездетілуі керек;

  • Жер бетіндегі барлық елдердің арасындағы байланыстар, оның ішінде саяси байланыстар күшейтілуі керек;

  • Биосфераның шегі кеңейіп, космосқа ұшу керек;

  • Энергияның жаңа көздері ашылып, оларды пайдаланып, энергияның дамуы керек;

  • Адамдар арасында нәсіліне, дініне қарамай нақты теңдік орнауы керек;

  • Жердің алғашқы табиғатын халықтың санының өсуіне байланысты олардың материалдық, эстетикалық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ететіндей етіп ақылмен көркейту керек;

  • Қоғам өмірінде ешқандай соғыс болмауы керек.

Өмір сүрудың жалпы деңгейі өсіп, аштықты және ауруларды олдырмау керек

Тірі ағзалар биосферада маңызды химиялық көптүрлілікпен сипатталады, Тірі зат бірқатар өзіне тән қасиеттерге ие бола отырып, биосферада белгілі бір биогеохимиялық функциялар атқарады.Тірі затқа тән қасиеттер: - биосфераның тірі заты энергияның үлкен қорымен сипатталады.

- тірі және өлі заттың айырмашылығы химиялық реакциялардың жылдам дығынан көрінеді.

- тірі затты құрайтын химиялық қосылыстар ақуыздар, ферменттер және т. б. – тек тірі ағзаларда ғана тұрақты болады.

- ерікті қозғалу биосферадағы кез-келген биосфераға тән белгі.

- тірі зат өлі затқа қарағанда біршама жоғары морфологиялық және химиялық көптүрлілікпен сипатталады, - тірі заттың құрамына кіретін 2 млн-нан астам органикалық қосылыстар белгілі, ал өлі табиғаттың табиғи қосылыстарының саны шамамен 2 мың. - биосферадағы тірі зат мөлшері әр түрлі жеке ағзалар түрінде болады.

- Ең ұсақ вирустардың мөлшері 20 нм-ден (1 нм.=109 м) аспаса, ірі жануар киттердің ұзындығы 33 м-ге, ең биік ағаш секвойя 100 м-ге жетеді

4.Экзосфера, термосфера, құрылысы туралы түсініктер. Атмосфераның рөлін сипаттаңыз

Атмосфера массасы жердің массасының 9·10-5% -ын құрайды. Атмосфера құрылысы:

  • Экзосфера, 100-1000км,

  • Термосфера (85-100 км),

  • Мезосфера (50-85 км),

  • Стратосфера (10-50 км),

Тропосфера (10 км дейін

Экзосфера (грек. ехо – сыртқы және sphaіra – шар) – Жер атмосферасының шеткі, ең жоғары қабаты. Ең төмен шегі Жер бетінен 500 – 1000 км биіктіктен өтеді, жоғарышегі айқын анықталмаған. Экзосферада ауа тығыздығы өте төмен, себебі мұндағы газ бөлшектерінің (атом немесе молекула) орташа еркін жолының ұзындығы салыстырмалы тік бағытына байланысты; ал бойымен жоғары тік қозғалатын бөлшектер үшін ауа тығыздығы өте жоғары. Атмосфера газ бөлшектері, әсіресе олардың неғұрлым жеңілдері Экзосферадан ғарышкеңістігіне еркін ұшып өте алады.Термосфера(термо... және сфера) – атмосфераның 80–85 км-ден 500 – 600 км-ге дейінгі молекулалық, атомдық иондардың және еркін электрондардың мол қабаты. Т-да темп-ра биіктікке қарай жүздеген, тіпті мыңдаған градусқа өсіп отырады.Атмосфера – ауа қабаты деп аталады. Атмосфера гректің «атмос» және «сфера» дейтін сөздерінен құралған қазақша «ауа қабаты» деген мағынаны білдіреді. Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр. Ол жердің ішкі қабығы. Ауа дегенеміз әр түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішіндегі ең көбі азот – N 78 % . Оттегі - O 21 % құрайды. Ауада азот көп болғанымен, тіршілік үшін ең маңыздысы -оттегі. Адам мен жануарлар оттегімен тыныстайды. Ол – кез келген организмнің тіршілігі үшін қажетті зат. Өсімдік те, жануарлар да оны ауадан алады. Бұдан басқа ауа құрамында көмірқышқыл газы бар. Ол жанудан және жануарлардың тыныс алуынан түзеледі. Бұл газдың ауа құрамындағы үлесі аз болғанмен (0,03 %), жердегі тіршілік үшін маңызы зор. Өсімдіктердің өсіп жетілуі (тіршілік) үшін қажет. Ауаның құрамына газдардан басқа су буы, түрлі шаң – тозаңдар кіреді. Атмосфераның төменгі шекарасы айқын, ол жер немесе су беті. Биіктік артқан сайын ауа сирей береді де, ақыр соңында ғаламдық кеңістікке ұласып кетеді. Ең ықтимал болжамдар бойынша , тіршілік (өмір) 4,2-3,8 млд. жылдай бұрын мұхиттарда басталған. Қазып алыған организмдердің ең көнесі –жасы 3,5 мың жылға тең жыныстарда болатын бактериялар. Жасы осындай жыныстарда жеткілікті түрде метаболизмнің болғаны туралы айғақтар бар, бұл метаболизмдерде орагикалық заттардың синтезделуіне күн энергиясы пайдаланылған. Ең алғашқы реакциялар вулканнан пайда болған күкіртке негізделген: СО2+2Н2S→СН2О+2S2О

Ең ақырында табиғатта судың фотохимиялық ыдырауы немесе фотосинтез жүре бастады. Н2О+ СО2 →СН2О+ О

Фотосинтез нәтижесінде түзілген оттектің маңызы зор болды. Алғашында оттек тотықсызданған заттар мен минералдарды тотықтыру үшін жұмсалады. Бір кезде оттектің мөлшері оның жұмсалған мөлшерінен артық болып, оттек бірте-бірте атмосфераға жинала басталады. Алғашқы биосфера өзі түзген уландырғыш өнімі –оттектің жаппай тотықтырғыш әсеріне бейімделуге мәжбүр болды. Бейімделуді биосфера биогеохимиялық метаболизмнің жаңа типтерін дамытумен іске асырды, сөйтіп жерде тіршілік өмірдің әр түрі пайда бола бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]