Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kons 1-60.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
336.38 Кб
Скачать

1.Конституциялық құқықтың түсінігі, пәні және тәсілі. Конституциялық құқықты 3 тұрғыда қарастырамыз: 1.құқық саласы ретінде; 2.ғылым саласы ретінде; 3. оқу тәртібі ретінде. Құқық саласы ретінде конституциялық құқық – бұл қоғам мен мемлекттің құрылысының негіздерін, атап айтсақ ҚР –ның Конституциялық құрылысының негіздерін, жеке адамның құқық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуымен қызметінің қағидаларын жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардың жиынтығын білдіретін ұлттық құқықтың бір саласы.

Конституциялық құқық саласының пәні болып оның нормаларымен реттелінетін қоғамның қатынастар ұғынылады. Олай болса, конституциялық құқықтың пәні болып келесі қоғамдық қатынастар жиынтығы табылады: 1) ҚР конституциялық құрылысының негіздері; 2)жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері; 3) мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары; 4) сайлау құқығы мен сайлау жүйесі;, 5)жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздері; 6)әкімшілік аумақтық құрылысының негіздері. Конституциялық құқықтың реттеу тәсілдері – бұл конституциялық құқық нормаларының конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін амал, әдістері: тану тәсілі, құқық беру тәсілі, міндеттеу және тыйым салу тәсілдері.

2.Үкіметтің мәртебесі, атқарушы билік органдары жүйесіндегі орны, құрамы және құрылымы, құрылу тәртібі. ҚР Үкіметі – атқару билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын жəне олардың қызметіне басшылық жасайтын алқалы орган болып табылады.

Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер жəне Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi. Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тəртiппен құрады. Нақты қарастырсақ, Конституцияның 44 бабының 3)-тармақшасына сəйкес ол алдымен Премьер- Министрді тағайындайды. Премьер-Министрді тағайындау тəртібіне келсек, Президент Парламент Мəжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мəжілістің

қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді, Парламент Мəжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды. Премьер-Министр өзі тағайындалғаннан кейін 10 күн мерзім ішінде Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсынысенгiзедi. Премьер-Министрдің тиісті ұсынысы негізінде ол Үкіметтің құрылымын айқындайды, мүшелерін қызметке тағайындайды.

Үкiметтiң құрылымын министрлiктер жəне өзге де орталық атқарушы

органдар құрайды.Үкiмет мүшесi Қазақстан халқына жəне Президентiне ант бередi. Үкiмет мүшелерiнiң антын Республика Президентi қабылдайды. Үкімет министрліктердің атқарушы биліктін комитеттері басқа да орталық органдарының жұмысының негізі бағыттарын айқындайды және ұйымдастырады.Атқарушы органдар жүйесін басқара отырып, ҚР Үкіметі онын жүргізуіне ҚР Конс-ясымен, Крнституциялық заңдармен, заңдық күші бар Президент жарлықтарымен жатқызылған мәселелерді өзара-дербес шешіледі

3.Конституциялық құқықтық норма, ерекшеліктері мен түрлері. Конституциялық құқықтық норма-бұл конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін жүріс-тұрыс ережесі. Ол конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылардың жүріс-тұрысын анықтайды. Конс.құқықтық нормалар өзге құқықтық нормалардан бірқатар өзгешеліктер мен ерекшеленеді. Конс. Құқықтық нормалардың ерекшеліктері келесілер болып табылады: а)конс.құқықтық нормалардың негізнде белгілі бір құқықтық қатынастардың түрі пайда болады; б) конс. Құқықтық нормалар реттеу пәні бойынша ерекшеленеді. Яғни, конс.құқықтың нормалары ерекше сипаттағы , негізгі, фундаментальдық қатынастарды реттейді.в) қайнар көздері бойынша ерекшеленеді. Яғни, конс.құқықтық нормалар басқа құқықтық нормаларға қарағанда мемлекеттің негізгі заңы- конс-да көбірек белгіленген . тиісінше заңи күші де көбінесе жоғарырақ болып келеді; г) конс.құқықтық нормалар бірнеше бағытта қамтуға арналған; д)конс. құқықтық нормалар құрлымына қарай ерекшеленіді. Нақты айтсақ конс.құққықтық нормаларда өзге құқықтық нормаларға қарағанда санкция өте сирек кездеседі;е) конс.құқықтық нормалар көбіне нақты реттеушілік емес, жалпы реттеушілік сипатта болады. Мұнда мақсат, міндет, анықтама,мәртебе, яғни қағида нормалары көп болады; и) конституциялық құқықытық нормаларға құрылтайшылық немесе ұйымдастырушылық сипат тән. олардың түрлері: 1) мазмұны немесе реттеу пәні бойынша: а) конс.құрылыс негіздерін бекітетін нормалар.б) жеке адамның құқықытық жағдайының бекітетін нормалар.в) сайлау құқығы мен сайлау жүйесі б.н. д) мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуымен қызметінің қағидаларын б.н. е) жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылу негіздерін б.н. 2) заңи күші бойынша:а)конституциялық- конс-да көрініс тапқан нормалар. Б) субконституциялық-конс-дан өзге актілерде, яғни заңдарда, президенттің жарылықтарында ,парламенттің қауылыларында, үкіметтің актілерінде, орталық және жергілікті атқарушы органдар актілерінде, маслихаттың шешімдерінде, конс-лық кеңестің қаулыларында т.б. актілерде көрініс тапқан нормалардың. Субконституциялық нормалардың заңи күші конституциялық нормалардан төмен болады.3) әрекет ету аумағы бойынша :а) республикалық- республиканың бүкіл аумағында әрекет ететін нормалар; б) жергілікті республиканың белгілі бір аумағының шегінде әрекет ететін нормалар.4) құрамында көрсетілгнен ережелердің сипатына байланысты: а) өкілеттік беруші нормалар- субъектіге (мемлекеттік органға, азаматтарға...)қандайда бір жағымды әрекет жасауға құқық беретін нормалар б) міндет жүктеуші нормалар- адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әркеттер жасау жауапкершілігін, міндеттілігін белгілейтін нормалар.в)тыйым салушы нормалар- қандайда бір әрекеттерді жасауға болмайтындығын белгілейтін нормалар 5)құрамындағы көрсетілген ережелердің анықталдық, нақтылық дәрежесіне байланысты.а)императивтік нормалар. В) диспозетивтік нормалар.

Императивтік нормаларға өте бір қатаңдық, өктемдік тән оның орындалуы бір жақты өктем болып табылады. Ал диспозитивтік нормаларда құқықтық қатынасқа түсушілерге белгілі дәрежеде еркіндіктер беріледі 6)құқық реттеу атқаратын рөлі бойынша: а)жалпы- анықтама, қағида , мақсат,міндет нормалары.б) материалдық- мемлекеттік органдардың және басқада субьектердің қызметтренің негіздері, олардың құқықтық мәртебелерін, құзыреттерін, құқықтарын т.б. жағдайларынайқындайтын нормалар.в) процессуалдық-материалдық норманың жүзеге асырылу процедурасын белгілейтін нормалар.

4.ҚР Парламентiнiң мәртебесi, құрылымы және құрылу тәртібі. Екі палаталы құрылымның қажеттігі.1995 жылғы ҚР Конституциясы мемлекеттік органдардың өкілеттіктерінің жаңа шеңберін бекітіп, олардың мемлекеттік билік жүйесінде алатын орнын анықтап берді. Ерекше мəртебеге жаңа қос палаталы орган – Парламент ие болды. Ол Кеңес заманындағыдай республиканың қарауына жатқызылған кез- келген мəселені шеше алатын мемлекеттік өкіметтің жоғары органы емес, сондай-ақ 1993 жылғы Конституцияда бекітілгендей бірден-бір заң шығарушы орган емес, заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган ретінде бекітілді. ҚР Парламентінің 1993 жылғы үлгідегі Жоғарғы Кеңестен айырмашылығы оның заң шығарушы орган бола отырып заңдар шығаруда монополиялық құқықты иеленбейтіндігінде. Конституцияда қарастырылған жағдайларда заң шығару құқығы Президентке де тəн болады.

Біріншіден, ҚР Парламенті - республика халқының еркін білдіретін,

ұлттық, халықтық жəне мемлекеттік егемендікті байқататын өкілді орган. Парламенттің негізгі бағыты: тұрғылықты халықтың ерік-жігерін, мүдделерін тану, зерттеу жəне оларды заңдарда бейнелеу, өз депутаттары арқылы халықтың мемлекетпен тікелей, тұрақты

байланысын қамтамасыз ету. Парламенттің халық өкілдігі деп аталуының мəні міне осында. Екіншіден, Парламент - бүкіл ҚР аумағында міндетті күші бар заң актілерін қабылдайтын заң шығарушы орган. Парламенттің басты мақсаты – заңдарда халық мүддесін бейнелеу, ерік-жігерін заңи рəсімдеу. Ал, басты міндеті (саяси) - өзінің заң шығарушылық қызметі арқылы елдегі саяси, экономикалық жəне əлеуметтік жағдайды түпкілікті тұрақтандыру үшін қызметету болып табылады. Конституция бойынша Парламент қос палаталы құрылымда құрылды:

Сенат жəне Мəжіліс.

Парламенттің екі палаталық құрылымының қажеттігі:

- біріншіден, екі палаталық құрылым заң жобасын палаталарда екі қайтара талқылаудан өткізуді мүмкін ете отырып қабылданатын заңдардың сапасынжақсартуға мүмкіндік береді.

- екіншіден, Парламенттің екі палаталы құрылымы жалпы мемлекеттік мүдделер шегінде түрлі аймақтардың өзіндік мүдделерін ескеруді қамтамасыз етеді. Сенат конституциялық заңда белгіленген тэртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және КР-ның астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау қүқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жүмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады.

5.Конституциялық құқықтың қайнар көздері - кон-қ нормалардан тұратын актілер. Оның қайнар көздері болып конс-қ құрылыс негіздерін, жеке адамдардың құқықтық жағдайының негіздерін,мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқаруды реттеп, бекітетін нормалардан тұратын актілерден табылады. Олардың екі түрі бар: ішкі қайнар көздері және сыртқы қайнар көздері. Сыртқы қайнар көздеріге конституциялық құқықтық нормалардан тұрататын ҚР бекіткен актілер кіреді яғни халықаралық келісімдер, шарттар, актілер. Ішкі қайнар көздер болып конс-қ құқықтық нормалардан тұратын, ҚР халқымен, мем-к органдармен және лауазымды тұлғаларымен қабылдаған н.қ.а.табылады: ҚР Конс, заңдар, президенттің жарлықтары, парламенттің және оның палаталарының қаулылары, үкімет қаулылары, ҚР Конс-қ Кеңесінің, Жоғарғы сотының және ОСК-ның нормативтік қаулылары, орталық атқарушы органдардың басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік актілері, декларация,регламенттер,ережелер. ҚР конституциясы конституциялық құқықытың негізгі қайнар көзі б.т. себебі: 1)конс-да барлық басқа қайнар көздер үшін бастапқы болып табылатын жалпы сипаттағы құқықтық нормалар бекітіледі. Басқа қайнар көздер конс нормаларыннан туындайды. 2)конс.онда белгіленген нормалардың мазмұнының кеңдігімен сипатталады. Конс.нормалары қоғам өмірінің барлық салаларына әсер етеді. Ал, басқа қайнар көздер қатынастардың қандай да белгілі бір саласын реттейді 3) конс. Басқа қайнар көздерге қарағанда жоғары заңи күшке ие, яғни Қазақстанның бүкіл аумағында тікелей қолданылады. 4) конс-да құқық саласы қайнар көздерінің басқа да көптеген түрлері анықталады. Онда құқықтық актілердің аты, олардың заңдылық күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді. 5) конс-да бекітілген нормалар халықтың мем-к еркін жүзеге асыру нысаны ретінде болады. 6) конс-я жоғары құқықтық мәні, жоғары қоғамдық маңызы бар акт б.т. Оның нормалары әрбір азаматқа, қоғамдық қызметтің барлық субъектілеріне бағытталған.

6. Палаталардың бірлескен отырсында жүзеге асырылатын Парламенттің өкілеттіктері.

Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:

- Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толыктырулар енгізеді;

- Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;

- Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;

- соғыс және бітім мәселелерін шешеді;

- Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;

- Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;

- палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;

- Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

7. Конституциялық құқықтың ӛзге құқық салаларымен арақатынасы. Конституциялық құқықтың жүйесi .

Конституциялық құқық жекелеген институттарға бөлінеді. Конституциялық құқықтық институттар біртекті және өзара байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуші белгілі бір конституциялық құқықтық нормаларын көрсетеді. Сала жүйелері ішкі бірлікпен, сол жүйенің элементтері арасындағы өзара байланыспен сипатталатын белгілі бір құқықтық құрылымдар жиынтығын білдіреді. Конституциялық құқықтық институттарына мынадай институттар жатады: ҚР конс-лық құрылым негіздері, адам және азамат құқықтық мәртебенің негіздері, азаматтық институты, сайлау құқығы институты, президент институты, парламентаризім институты, ҚР-ғы конституциялық бақылау институты, соттың билік онегіздері және жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару институттары. Конституциялық құқық жүйесі мен конституциялық құрылымы өзара тығыз байланыста бола тұра, бір-біріне сәйкес келмейді. Конституциялық құқық жүйесі ҚР конституция жүйесінен анағұрлым кең, соған қарамастан ол Конституция құрылымы негізінде құралған. Құқық ғылымында құқықтың заңдылық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Конституциялық құқықтың бастаулары - ҚР аумағында әрекет ететін, қоғамдық құрылым негіздерін және мемлекеттік билікті ұйымдастыруды реттейтін норм. құқ. акт. ұғынылады. ҚР Конс-лық құқ-ның негізгі бастауы Конституция болып табылады. Конституцияның жоғарғы заң күші бар және республиканың бүкіл аумағында тікелей әрекет етеді. Барлық басқа бастаулар (конс-лық, заңдар, през. жарлықтары, парл. қаул.) конституция нормаларынан шығады және оған қайшы келмеуі тиіс.

8.Парламентпалаталарының депутаттарын сайлау.

9.ҚР конституциялық құқық ғылымының түсінігі, пәні және тәсілі.Конституциялық кұкык құқыктық ғылымның бір саласы ретінде оқытылады. Құқық саласы ретіңде конституциялық құқық белгілі бір қоғамдық қатынастар тобын, накты айтсақ Қазакстан Республикасының конституциялық кұрылысының негіздерін, жеке адамның кұкықтык жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітсе, ғылым ретінде ол сол қатынастарды, олардың реттелу жай-күйін, реттеу тәсілдері мен амалдарын, тарихи даму өзгешеліктерін зерттейді, оларды жетілдіру, дамыту жөнінде ұсыныстар береді.

Ғылым ретінде конституциялық құқыққа өз пәні, өз бастаулары, оны оқып-үйренуге өзіндік бағыт-бағдар тән. Конституциялық кұқық ғылымы конституциялык күқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету зандылығын зерттеуге бағытталған, конституциялық заңдылыққа сүйенетін негізгі ұғымдар мен санаттарды қалыптастырады және конституциялық құқықтың құқықтык ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін анықтайды.

Конституциялық кұкық ғылымы жоғарыда айтылғандай мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу және кызмет ету негіздерін, қағидаларын, мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын, ҚР мемлекеттік тетігін (механизмін), мемлекеттік органдардын өзара қарым-қатынасының нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Мұнымен шектелмей конституциялық құқық ғылымы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдары жүйесін де, сайлау жүйесін де зерделеп, саралайды. Сайлау мен референдум мәселелеріне конституциялық құқық ғылымы демократияның қайнар көзі ретінде ерекше назар аударады.

Жеке адамның конституциялық құқықтық жағдайы конституциялық құқық ғылымының өзекті ауқымды мәселесі болып табылады. Зерттеу нәтижесінде конституциялык құқық ғылымы аталмыш мәселелерді жетілдіру, дамыту, тиімділігін көтеру жөнінде ұсыныстар береді. Конституциялык кұкық ғылымы тиісті қоғамдық қатынастарды зерттеп қана қоймай оларды реттейтін нормалардың жай-күйін, кемшіл тұстары мен олардың тиімділігін де зерделейді. Зерттеу нәтижесі жаңа құқыктык катынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе жойылуына әсер етуі мүмкін. Конституциялық құқық бүкіл қүқық жүйесінің жетекші, фундаменттік саласы болғандықтан жаңа коңституциялық-кұқықтық қатынастардың, жаңа конституциялык-құқыктық нормалардың пайда болуы басқа құқық салаларына да өзгерістер алып келуі ықтимал. Сондықтан конституциялық кұкық ғылымы тиісті мәселелерді басқа құқық салаларымен салыстырмалы, байланысты жағдайда зерттейді деп айтуға болады.

Жоғарыда аталғандарды корыта келе, конституциялық кұқық ғылымының зерттеу пәні болып конституциялық кұкық саласы табылады деп айтуға болады. Олай болса, бір ауыз сөзбен айтқанда ғылым ретіндегі конституциялык құқық - бұл конституциялық құкық саласын зерттейтін ғылыми ережелердің жиынтығы. Ал, конституциялық кұқық ғылымының зерттеу тәсілдері - бұл жоғарыда аталған мәселелерді зерттеудің амал әдістері. Конституциялық құқық ғылымының зерттеу әдістеріне келесі әдістер кіреді: тарихи, қисындық, статистикалык, философиялық, салыстыру, талдау, синтез, анализ, дедукция, индукция, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]